СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Есімдіктердің түрленуін қайталау сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу,  бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Есімдіктердің түрленуін қайталау сабағы»

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу,  бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар есімдіктің түрленуін толық меңгереді, сөйлемдегі атқаратын қызметін сұрақ қою арқылы анықтай алады.

 

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Ақпараттық технология, СТО технологиясының элементтері, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап әдістері.

Көрнекілік:интерактивті тақтадағы слайдтар, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, кезекшінің мәліметін тыңдау.

 

Психологиялық дайындық /хормен айтылады/

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Өткен тақырыптарға шолу, үй тапсырмаларын тексеру.

Зымыран сұрақтар:

  • Есімдік дегеніміз не?

  • Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.

  • Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

  • Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

  • Сұрау есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

  • Өздік есімдігі ше? Қалай түрленеді?

 

ІІІ. Есімдіктің мағыналық  топтарының тапсырмалары

  1. Жіктеу есімдігінің тапсырмасы:

   Әбу Сәрсенбаевтың “Сен құрметте оны” өлеңін жатқа айту,

Есімдіктерді тауып, қалай түрленген талда. /бір оқушы жатқа айтады, бір оқушы тақтадан есімдіктерді талдайды/

 

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне алды.

 

2.Сілтеу есімдігінің тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

   Сіз.....     айтып тұрған қасиеттер    .... осы     баладан табылмасына    ... кім   кепіл?  

..Бұлар...      ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.   

...Мына    - Күршім өзені.

...Мынау   - Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.

 ...Өз  елің  -  алтын бесік.

                  Есімдіктер: сіз, осы, кім, бұлар, мына, мынау, өз.

 

Сергіту сәті. /2 минут/ оқушылар көздеріне демалыс жаттығуларын жасайды.

     

1 бет

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектеп. Математика пәнінің мұғалімі: Сералиева Райхан Ерқазықызы


2 бет

а)
Үстеу туралы білімдерін кеңейту
ә)
Ойлау қабілеттерін, ынта – ықыласын, танымдық әрекеттерін, қызығушылықтарын дамыту
Тиянақтылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Cабақтың тақырыбы:
Cабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Дамытушылық мақсаты:
б)
Тәрбиелік мақсаты:
І
ІІ
521-525 жаттығу


3 бет

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын дайындау.2. Психологиялық дайындықҚазақ тілім – бал тілімӨзің барда шалқыдым.Тіліммен нәр алармынҚазақ тілі – сабағын бастаймыз3. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау
Сабақтың барысы:


4 бет

Етістік
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Үстеу
Шылау
Одағай
ІІІ
Жаңа сабақ:
Сөз таптары


5 бет

ҮСТЕУ
Іс әрекеттің мезгілін, мекенін, сын–қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз. Үстеулер Қашан? Қайда? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келді. Түнде қар жауды.


6 бет

Қашан? Сұрағына жауап болатын үстеулерді мезгіл үстеулер дейміз; қазір барамын, ертең келемін.
Қайда? Сұрағына жауап болатын үстеулерді мекен үстеулер дейміз; жоғары көтерілді, ілгері жүрді.
Қалай? Сұрағына жауап болатын үстеулерді сын - қимыл үстеулер дейміз; тез оқиды, ақырын сөйлейді.


7 бет

Ерте тұрды. Ілгері жүрді. Алда келеді. Таңертең барады. Осында отыр. Оңға бұрылды. Тез жазды.
521 – жаттығу
Кітаппен жұмыс
Үстеулердің орныны қарсы мәндес үстеулер қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үлгі: Ерте тұрды. Кеш тұрды.
Сөйлемдерді оқып, үстеулерді тап.


8 бет

522 – жаттығу
Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Бүгін-ертең, түсте, тез, орын-орнына, бүрсігүні, кысы-жазы, окта-текте, сыртта.
Қарамен жазылған үстеулерді қатыстырып құраған сөйлемдеріңді сөйлем мүшелеріне талда.Олардағы үстеулер сөйлемнің қай мүшесі екенін және қай сөзбен (сөйлемнің қай мүшесімен) байланысып тұрғанын айт.


Топпен жұмыс. Сурет бойынша


9 бет

Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді етістіктермен бай-ланыстырып сүрақ қой.
523 – жаттығу
Әдемі жазды. Жақсы окыды. Қатты жығылды. Тез жазды. Баяу окыды. Етпетінен жығылды.Бірінші жолдағы етістіктердің орнына зат есім сөз қойып айт. Қарамен жазылған сөздерді зат есіммен байланыстырып сұрақ қой. Сонда не байқадың?



10 бет

Үстеулерді оқы.
524 – жаттығу
Биыл, жол-жөнекей, жылда, мұнда, казір, күні бойы, орысша, тез арада, акырын, сонда, кезек-кезек, әдепкіде, өздігінен, сөзбе-сөз, одан-бұдан, зорға, кейін, өрең, ертең.Сұрақ қою арқылы үстеулердің түрін ажырат.Мезгіл, мекен, сын-қимыл үстеулерін қатыстырып үш сөйлем қүрап жаз. Үстеу мен етістіктің байланысын үлгі арқылы көрсет.Үлгі: биыл келді.


11 бет

525 – жаттығу
Әңгімені тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Асан мен Үсен қыстауға кайтып келе жатқан. Алдарынан бір шелек су көтерген әжей шықты. Әлсін-әлсін тоқтап, демін алады. Тұра тұршы, - деді Асан Үсенге, - суын апарысып берейік.Сөйтті де, әжейге қарай жүгіре жөнелді.Қайда барасың? - деп айғайлады Үсен. – Жұрттың қайбіріне көмектесерсің?Бірақ Асан жолдасының тілін алған жоқ, әжейдің шелегін үйіне дейін жеткізіп берді.


12 бет

Содан бірнеше ай өткеннен кейін Үсен орман ішінде жалғыз келе жатты. Қаталап шөлдегені соншалық, аяғын зорға басады. Үй кездессе болды, су сұрап ішкісі келіп барады... Алдынан бір лашық шықты. Есікті ашып еді, әлгі қыстауға бара жатқанда кездескен әжейді көрді. Әжей мейірман үнмен:Мә, балам, іше ғой, - деп, су алып берді.Үсеннің жүзі ду ете түсті, тез сіміре салып, алғыс айтты да, сыртқа атып шықты. Су оған кермек татыды.Әңгіменің соңындағы Су оған кермек татыды, Жүзі ду ете тусті деген сөйлемдерді қалай түсінгеніңді айт.


13 бет

Қайталау
Сабақты қорытындау
Үстеу дегеніміз не?Үстеу нешеге бөлінеді?Мезгіл үстеу дегеніміз не?Мысал келтір.Мекен үстеу дегеніміз не?Мысал келтір.Сын қимыл үстеу дегеніміз не?Мысал келтір.
Үйге тапсырма
Бағалау




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!