СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Географиядан №2 практикалық жұмыс (11сынып)

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Географиядан №2 практикалық жұмыс (11сынып)

Просмотр содержимого документа
«Географиядан №2 практикалық жұмыс (11сынып)»

Сынып: 11 «А»

Пән: география

Күні:

Тақырыбы: №2 практикалық жұмыс «Елге кешенді сипаттама беру»

Мақсаты: а) оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін бекіту;

ә)тақырыптық әдебиеттермен жұмыс жасау біліктілігін арттыру;

б) елдерге экономикалық- географиялық салыстырма сипаттама беру дағдыларын жетілдіру;

в) статистикалық және картографиялық материалдармен жұмыс жасау әдістері мен біліктілік деңгейін арттыру.

Көрнекі құралдар:

Мектеп атласы, оқулық мәтіні мен ондағы кестелер, сызбалар, оқулықтың қосымша материалдары, анықтамалық деректер, күнделікті баспасөз материалдары


Жұмыстың орындалу барысы:

1.Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Еуропа елдері арасынан а)аумағы жөнінен ең ірі бес елді;

ә)халқының саны жөнінен ірі бес елді ; жиынтық ішкі өнімнің жалпы мөлшері ең жоғары бес елді;

в) урбандалу деңгейі жоғары бес елді;

г) халық тығыз орналасқан (тығыздықты есептеп шығару қажет) бес елді анықтап, дәптерге жазып алу.


2.Тақырыптық карталар мен оқулық мәтінін пайдаланып, «Еуропаның минералды ресурстары» атты кесте құрастыру: кестенің бірінші бөлігінде –пайдалы қазбалардың негізгі түрлері; екінші бөлігінде таралған елдері.


3.Оқулық мәтіні мен экономикалық карталардың деректері негізінде Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап , оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.


4.Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның өздерің таңдап алған екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипаттама оқулық қосымшасында берілген жоспарға негізделуі тиіс.

Қортындылау. Бағалау.

Үйге Еуропа елдерін қайталау



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!