СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ежелгі түркілердің дипломатиясы.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ежелгі түркілердің дипломатиясы.

Просмотр содержимого документа
«Ежелгі түркілердің дипломатиясы.»

Мазмұны


Кіріспе......................................................................................................................


І-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы.

1.1 Аттиланың (Еділ хан) дипломатиясы.......................................................

1.2. Түркі қағанатының ұйығу кезеңіндегі дипломатиялық..........................

1.3. Тарихшылар түркі дипломатиясы туралы................................................


IІ-тарау.

2.1. Мұсылман ойшыл ғұламаларының дипломатиялық өнер

туралы пікірлері................................................................................................

2.2. Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген

дипломатиясы....................................................................................................


IIІ-тарау.

3.1 Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен,

Осман империясымен қарым-қатынастары...................................................

3.2. Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары...........

Кіріспе

Әлeмдe, оның мәдени apнaлapындa тapиxи өлшем бoйыншa aйтapлықтaй маңызды, бipaқ coғaн қapaмacтaн aдaмзaт үшін әлі де жұмбақ болып қалып oтыpғaн, лaйықты дeңгeйдe бaғaлaнбaғaн құнды құбылыcтap көп. Oлap көбiнe-көп тapиx қoйнayының шыpғaлaң қaтпapлapындa шыpмaлып, өpкeниeт дaмyының capaбдaл жoлдapынaн түpлi ceбeптepмeн тыc қaлып қoйды.

Kөшпeлi өpкeниeт – aдaмзaт тapиxындa бoлғaн дeceк, oндa oның өзiндiк epeкшeлiктepiмeн тoлacтaй түcкeн бaйтaқ aймaғы Ұлы Дaлa aтaлaтын, жep шapының Opтaлық-Aзиялық бөлiгi caнaлмaқ. Coл кeздeгi ocы aймaқтaғы eлдepдiң этникaлық құpaмын нeгiзiнeн түpiк тeктec xaлықтap құрады, coндықтaн дa, бұл дaлaны мәдeни-этникaлық мaғынaдa Tұpaн. Tүpкicтaн Түркі елі дап aтaғaн. Қaзaқтың көнe тарихы және дипломатиясы - ұлaн-ғaйыp «epкін» aймaқтa opнaлacқaн, түpкi тiлдi көшпeлi өpкeниeттiң белгісі.

Қaзipгi Қaзaқcтaн ayмaғын мeкeндeгeн xaлықтap өмipiндe көптeгeн ғacыpлap бoйы acтaн-кecтeн oқиғaлap жәнe өзгepicтep бoлды. Ocындaй қилы тapиx шыpмayынaн көнe дәyipдiң мұpacы peтiндe ұpпaқтap үшiн қaзaқтap eкi мәңгi құндылықты caқтaп қaлды — oл Cөз құдipeтi мeн Зaң құдipemi.

Елдің ел болуында дипломатияның, дипломатиялық қарым – қатынастардың маңызы өте зор.

Дипломатия – мемлекет пен мемлекет басшыларының, сыртқы саясат саласындағы саяси іс - әрекеттері. Бұған қоса дипломатияға халықар. ынтымақтастықты орнау, кеңейту, сақтау да жатады. Билеуші өз мемлекетінің дипломатиялық бағыт – бағдарын белгілейді. Дипломатия алғаш рет шығыс елдері (Мысыр, Вавилон, Қытай, т.б.) мен Ежелгі Грецияда пайда болды. Түркі елдер, оның ішінде Ғұн, Сақ, Үйсін, Қаңлы, Оғыз, Хазар мемлекеттері, Шыңғыс хан империясы, Алтын Орда, Қазақ хандығы тарихында әлемнің әр қиырындағы елдермен жүргізілген дипломатиялық қызметі туралы деректер көп. Ежелгі Қазақстан туралы жазбалардың авторларының көпшілігі (Карпини, Рубрук, Ибн Фадлан, т.б.) – осы өлкеге дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері туралы деректер мол. Әсіресе, Қаз дауысты Қазыбек бидің Абылай ханды жоңғар ханының тұтқынынан босатуы осындай мәмлегерліктің жарқын үлгісі болып табылады. Ежелгі заманда дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға байланысты (бітімге келу, одақ құру, дау-дамайды шешу, т.б.) бір елден екінші елге барып, келісім жасалынғаннан кейін дереу елдеріне қайтып отырған.

Түркі дипломатиясы қай ғасырда болмасын түрлі қиындықтармен жүргізілген. Ел болуымыз тек қылыш қағысып, найза шаншысқан ерлікке ғана қатысты болмаған. Ел болуымыздың астарында жықпылы көп саясат, қалтарысы салың дипломатия жатты. Хандардың ақылы жетпеген, жүрегі дауаламаған істерді қарадан шыққан билер мен жыраулар айта білді. Ақылды хандар оларды тыңдады. Сөзге құлақ қойды. Бұл – сол кездегі демократиялық бастауы болды.

Түркі қағанатының билеушілері, өкілдері осындай бірнеше ғасыр бұрын көптеген елдерде елшілік қызметтер атқарған. Дербес мемлекет болып тұрған кезде түркі қағанаты басқа елдермен барыс – келіс жасасқан, елшіліктер алмасқан. Жазба деректердің аздығынан түркі қағанатының басқа елдерімен жүргізілген елшілік қарым – қатынас орнын, тарихын зерттеп, анықтау қиын соғуды. Сондықтан кейбір елшіліктердің уақыты ғылыми зерттеулерге тек тұспалдап қана көтерілуде. Болашақта тың материалдардың айналысқа енуі бұл мәселе туралы көзқарастарды түбегейлі өзгертеді деп ойлаймыз.

Аттиланың, Бумынның, Истемидің, Боғра – ханның көптеген елдермен жүргізген мәмілегерлік қызметтерін терең зерттеу тарих еншісіндегі нәрсе. Бір ғана Аттиланың саясаты, әскери және дипломатиялық шеберлігі, басқа мемлекеттермен қарым – қатынастарға байланысты істері өте қызықты және келер тарихқа қажетті.





І-тарау. Ежелгі түркілердің дипломатиясы.

1.1 Аттиланың (Еділ хан) дипломатиясы

Түркілердің ежелден-ақ дипломатиялық саясатты толық меңгергендігі тарихи жазбалардан белгілі. Түркі дипломатиясы түрлі қиындықтармен жүргізіліп отырған.

Әйгілі ғұн империясының билеушісі диплолматиялық шеберлігі ерекше сөз етуге тұратын жағдай. Аттила – аса айлакер саясатшы, тамаша дипломат, мәмілегер. Ол көптеген мәселелерді келіссөздер арқылы шешіп отырған. Аттиланың тарихта алатын орны, дипломатиялық таланты айрықша.

Аттила (Еділ хан) - әйгілі Ғұн империясының билеушісі.

Аттила, Еділ - әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы термин қалыптасты. Алайда оның есімін әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланысты болған герман тайпалары тілінде оны Еңіл (Еtzеl), дат тілінде Артала , испан тілінде Атила (Аttila), қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ — деп аталады. Әрине Аттила есімінің түбірі Еділ (орысша Волга) өзені атымен байланысты. Себебі түркі тілінің қайнар бұлағы болған ғұн тілінде Ател, Итил, Еділ деп осы өзенді айтқан болса, Днестр өзенін Уар (Вар) деп атаған [1].

Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінде көп білім алған, бірнеше жыл Рим қаласында оқыған. Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық Аттила туылмастан бұрын басталған еді. Римді Ғұн әскері вестготтардан әлденеше рет құтқарған себепті Рим басшылары Паннония (қазіргі Венгрия) провинциясын Ғұн ордасына 420 ж. сыйлыққа берген болатын. Сондықтан Ғұн ордасы астанасы сонда көшірілді және сол қала герман тілінде Еңілбург (яғни Еділқала, Аттилабург) деп аталды. Жас та болса Аттила Ғұн ордасының бір көл әскерін басқарды. 425 ж. оның ескері Батыс Рим қолбасшысы Ағцийге (Эций) вестготтарды талқандауға көмектесті. Сол жылдарда талантты қолбасшы ретінде Аттила жаңа көріне бастады. 434 ж. Ғұн империясының атышулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. Руғиланың өз балаларынан мемлекет басқаратындары болмаған себепті ол барлық үмітті Аттиладан күткен еді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы еді.

434-442 ж., яғни Аттила мемлекет басына келгеннен бастап Рим империясы мен ғұндар арасында тек бейбітшілік қатынастар болды. Аса айлакер саясатшы Аттила Римнің екі империясымен де достық қатынас жүргізді.

Ғұн империясының күннен күнге күшейе бастағаны Римнің екі империясын және герман тайпаларының корольдерін тыныш жатқызбады. Римнің әсіресе, Батыс Римнің өз әскері аз және әлсіз болғандықтан негізгі күштері жалдамалы герман жауынгерлерінен тұрды. Ал, герман тайпалары корольдеріне Рим империясының барлық байлығын иелеу үшін Ғұн империясы бақталас болды. Айлакер Рим басшылары империяны қалпына келтіру үшін ғұндар мен германдарды бірі-біріне айдап салу саясатымен айналысты.

442 ж. ғұн әскерлері римдік көп жерлер мен қалаларды басып алды. Римдіктер достық қатынастарды және келісімдерді бұзып, Ғұн империясынан қашқандарды паналатқан еді. Сол жылы Аттила сақадай сай көп әскермен дайын отырып Константинопольдегі Шығыс Рим императорына хат жіберді. Ол өктем түрде "қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілерінді жібер" — деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол көп әскермен баса көктеп кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Артын ойлайтын аса айлакер саясатшы Аттила Константинопольге жақыңдап келсе де қалаға кірмеген. Мәселені келіссөз арқылы шешіп, тиісті салығын алып кейін қайтты.

447 ж. ғұндар мен римдіктер арасында үлкен қақтығыстар болды. Аттиланың атты әскері Дарданел бұғазына жақын жердегі Херсонес қаласы түбінде Рим әскерін оңай талқандап бытшытын шығарған. Осы жағдайдан соң римдіктер келісімге келіп, ғұн королінің талаптарын орындауға мәжбүр болды.

448 ж. Атилла Константинополые Едикон (Эдико, Едіге) бастаған елшілерді жіберді. Едикон белгілі қолбасшы, дипломат, Ғұн империясындағы министрлердін бірі және Аттиланың туысқаны болатын.

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады. Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. 448-449 ж. Рим басшыларының елшілері арқылы Аттилаға жасаған қылмыстары ашылып қалды. Аттила сонда Римнің екі империясымен де достық қатынаста тұруға болмайтынын түсінді. Ал герман тайпалары ше? Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады. Осындай жағдайда Аттила қалай қарап жатсын. Ғұндар жорыққа шығатын болғасын Рим басшылары қатты састы. Ал Аттила болса әлсіз Рим империяларын бағындыруды кейінге қалдырып, алдымен Еуропаның қалған бөліктеріндегі германдарды тізе бүктіруге кірісті [2].

Сол кезде Шығыс Рим императоры Теодор өледі, оның орнына жаңа император Марсиан отырады. Ол империяны германдықтардан, ғұндар мен Аттиладан қорғау үшін көптеген шаралар қолданды. Империяның басқа проблемалары мен өз жоспарларын ысырып тастап күшті Батысқа жібереді. Сондай-ақ ол 15 жылдан бері резервте ұстап отырған Батыс Рим императоры Валентианның қарындасы Онорияны Аттилаға қарсы пайдаланбақшы болды. Онория көп жылдан бері Аттилаға ғашық болатын. Не істерін білмей жанталасқан Марсиан, шешесі мен ағасының және Римнің талай төрелерінің қарсылығын біле тұра Онорияның неке сақинасын құпия түрде Аттилаға жеткізеді. Ал, Онория болса аса бай қалыңдық болатын. Ол шын мәнінде Батыс Рим империясының жартысына жуық (яғни Италияның жартысы) территориясының мұрагері еді. Әрине бұл жағдайлар Валентианға ұнамады. Аттила герман тайпаларын және вестготтарды жазалауға жорыққа шықты. Сол кездегі аңыздарға қарағанда Аттиланың қол астында 500000 әскер болды дейді.

Ұлы қолбасшы жер қайысқан әскермен Рейн өзеніне дейін келіп, одан өтті. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Айлакер Атилла «Мен тек вестготтарды ғана жазалаймын. Империяны тек солардан тазалаймын» деп жариялады. Көп қалалармен бірге Галлияны түгел алды. Көптеген қалаларға ғұн әскерлері кірген жоқ. Алайда олардың қорқыныштары мен үрейінің шегі болмады. Париж қаласы тұрғындары қаланы тастап қашпақшы болған еді.

Атилла вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке қарай асықты. Жол бойындағы көп қалаларға көңіл бөлмей Ремстен Орлеанға сапар шеккенде Шальн-Марле, Троя, Санс сияқты үлкен қалаларға тіпті қол тигізбеген. Ол өз мақсатын жақсы білгендігі соншалық, барлық нәрседен бұрыннан хабардар болса керек. Өз әскерін азық-түлікпен және басқа керек жарақпен ұқыпты қамтамасыз етіп отырған. Орлеан стратегиялық аса қажетті қала болатын. Халқы мен әскері бес аптадан артық қорғана алмады, қақпасын ғұндарға өздері ашып берді. Осы кезде Галлияны билеуге Рим императоры жіберген белгілі қолбасшы Аэций келе сала көп шаралар қолданып жатыр еді. Мұның ақыры әйгілі Каталуния шайқасына жалғасты. Римнің белгілі қолбасшысы Аэций вестгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Аттилаға қарсы көп әскер шығарды. Бұл шайқас бұрын сонды болмаған үлкен қырғын еді.

Шайқастан соң майданда 165 мың жауынгердің өліктері қалды. Оның үстіне франк пен гепидтердің 15 мың жауынгер қаза болды. Рим жағында соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды, алайда оларға аса қымбатқа түсті. Олардың королі Теодор шайқас кезінде қаза тапты. Шайқас кезінде Аттиланың басына да көп қауіп төнді... Бұл шайқасты көзбен керіп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискінің жазбалары бізге жеткен жоқ алайда бір ғасыр кейін өмір, сүрген вестгот жазушысы Иордан жазбалары осы оқиға туралы негізгі дерек болып қалған.

Римдіктер мен вестготтар әскерінің қалдығы кейін шегінді, ғұндар үлкен жеңіске жетті. Енді Рим империясы жерінде Аттила басқарган ғұн әскерлеріне қарсы тұрар күш қалмады. Сондықтан Аттила келесі көктемнен бастап Италия қалаларын емін-еркін ала бастады. Алдымен Аквилей қаласын біраз уақыт қоршаудаң соң алды. Одан соң ешқандай қиындықсыз басқа қалаларды алды. Шығыс Рим императоры кәрі Марсиан ең болмаса мәңгі астана Рим қорғанын қорғау үшін жанталасып біраз әскер жинады. Аттиланың қалың әскері Римге жақындап келгенде, қарсыласуға дәрмен жоқ империя басшылары, ғұн басшысына елші жіберіп аяғына жығылады. Кезінде Аттиламен келіссөз жүргізуге көнбеген өзімшіл Рим басшылары, жау іргеге келгенде, не сұраса да беруге, қандай талап қойса да дайын болды.

Бірақ Аттила қасиетті Рим қаласына кірген жоқ. Аттила Рим түбінен аттанғанда барлық шартқа көнетін болған римдіктер оған император Валентианның қарындасы әйгілі сұлу Онорияны өздері әкеліп беретініне сенген болатын. Ол келесі жылдың қысын Дунай жағасындағы өз ордасында өткізеді. Әскерін толықтырып, Орда күшін күннен күнге нығайта берді. Онорияны римдіктердің оған әкелуі ұзаққа созылды.

452 ж. Атилла Дунай бойындағы ғұндар астанасы Этзелбургке (сол кездегі герман тілдерінде осылай аталады, біздіңше Еділқала) үлкен салтанатпен келді. Себебі оның жеңімпаз әскері соңғы жылдары қаншама жеңіске жеткен еді. Аттиланың кеңесшілерінің бәрі келесі жорықты Шығыс Римге жасау керек деп ұсыныс жасады. Әсіресе, оның үлкен баласы Эллақ осынау жорықтың аса қажеттігін қызу қолдады. Эллақ Еділ-Жайық пен Днестрге дейінгі территорияның билеушісі аса талантты қолбасшы болатын. Аттиланың Галлия мен Италия жорықтарына ол шешуші рөл атқарған еді.

Осылай келесі жорық туралы, яғни бұрын Шығыс Римге қараған Кіші Азия жерін түгелдей бағындыру туралы дайындық жүріп жатты. Герман тайпаларын бағындырып жүргенде Аттила бургундия принцессасы Идилка атты қызға ғашық болып қалған еді. Жігіттің сұңқары ғұн короліне ғашық болған талай принцессалар болды. Бірі Рим принцессасы Онория болатын. Алайда Идилканың асқан сұлулығы әсер етті ме, әйтеуір Ғұн королі оған үйленбей тынбайтын болды. Осы мерекеге көп дайындық жасап, Идилкаға арнап сарайлар салғызды. 453 ж. Идилкаға үйленген соң Аттила яғни Еуропаны түгелдей бағындырған ғұн королі кенеттен қайтыс болды. Оның қайтыс болған жылын зерттеушілер бірде 453 ж., бірде 454 ж. деп жазады. Оның артында жеті баласы қалған еді. Олар: Эллақ, Денгизик (Теңіз), Емназар, Ұзынтұра, Өте Есқалма, Ернақ (Ирнақ). Үлкен баласы Эллақ белгілі қолбасшы Еділ-Жайық пен Днепрге дейінгі үлкен территорияны билеген және Аттила тірі кезінде оны өзінің мұрагері етіп белгілеген. Оның шәкірттері ішінде тарихта аты қалғаны Одоакр Едігеұлы 476 жылдан 493 жылға дейін Италияны жалғыз өзі биледі.

Аттила жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастар және жорықтары. Біздің жыл санауымыздың 434 жылы Руғила аяқ асты қаза болды. Ол өзінен кейін таққа Аттила мұрагер болып қалуын өсиет еткен. Аттиланың әділ патша боларын білген халық Руғиланың бұл шешімін түгелдей қолдады.

Руғила өмірден қайтқаннан кейін ғұн ордасы мен Рим империясы арасындағы жаңадан басталып келе жатқан келісімдер бітпей қалған еді. Алайда бұл игілікті істі Аттила толырымен аяқтады. Арада елшілер біраз қатынаған соң екі ел келісімге келген. Ол келісім тарихта «Маргус келісімі» деген атаумен қалды. Маргус қаласы Шығыс Римнің Иллирия аймағында, Моравы өзенінің Дунайға құятын тұсында орналасқан [3].

Маргус келісімі 434 жылдың соңы, 435 жылдың басында болды. Оның негізгі мазмұны мынадай:

1. Екі ел арасындағы қашқындарды түгелдей қайтарып беру, яғни оларды ешқашан жасырмау.

2. Екі ел арасында тең дәрежелі сауда-саттық жасау, яғни екі елдің саудагерлері шекарадан кедергісіз өте алады.

3. Шығыс Рим ғұн ордасына жыл сайын 700 фунт алтын салық төлейді.

Міне осы келісімнің негізінде Шығыс Рим ғұн ордасына Мами, Атакам атты ғұн басшыларының қашқын балаларын қайтарып берді. Оларды Аттила мен Бледа өлім жазасына бұйырды [4].

Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілігіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Римдіктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтерілген еді.

Рим басшылары жақсы жауынгерлерінен айырылып қалмау үшін әр түрлі сылтаулар айтып, ғұн қашқындарын қайтарып бере қоймады. Осылайша созбалақтатып жүргенде арада бірнеше жыл өтіп кетті. Ғұндар сол кездері Рейн өзенінің алқабындағы герман тайпаларымен, оның ішінде Бургунд корольдігімен қарым-қатынастарын реттеген. Содан соң барып Шығыс Римге көңіл бөле бастаған. Ал римдіктер келісімді орындамағанымен қоймай, ғұн жігіттерін әр түрлі жағдайлармен қызықтырып, араларына іріткі салып, өз жаңтарына тартуын тоқтатпады.

Алайда шыдамның да шегі бар емес пе? Оның үстіне Шығыс Рим бір оспадар қылық, кешірілмес күнә, сүйекке таңба болар қылмыс жасады.

442 жылы Маргус қаласының епископы ғұн батырының зиратын тонайды. Батыр зиратында алтын заттар мен қымбат бағалы бұйымдар көп болған. Діндар болып жүрген аяр адамның бет пердесі осылай ашылады. Бұл оқиға ғұндардың ашу-ызасын келтіреді.

Аттила Рим халқын аяймын деп жүріп, өз қол астындағы қалың елді өкпелетіп алатын түрі бар. Сондықтан ол Маргус қаласы мен оның төңірегіндегі аймақты басып алып, ғұн ордасының құрамына кіргізді. Ғұн империясының құдіреті мен күші одан бетер ұлғая түсті.

Сол уақыттарда Аттиланың ағасы Бледа аяң астынан қайтыс болады. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Біреулері оның өлімінің жаласын Аттилаға жапса, ал ғұндар бұл қастандықты римдіктерден көрген. Себебі Рим елшілері тек Аттилаға ғана емес, Бледаға да барып жүрген. Ал Бледа Аттила секілді ақылмен шешіп, дипломатиялың жолды ұстанатын адам болмаған, сондықтан римдіктерге қауіп төндірген. Римдіктердің ғұндардың көзге ілігер беделді адамдарына қастандың жасауы жалғыз бұл емес. Ертеректе, яғни 412 жылы олар ғұндардың қолбасшысы Донатусты өлтіріп, Аттиланың өзіне де әлденеше рет қастандың жасаған.

Римдіктердің өз қашқындарын бермейтінін біліп Аттила Иллирик пен Фракия аймақтарының біраз жерін басып алады. Содан кейін ол Қара теңіз жағалауындағы Одесса (Одесса қаласы VII ғасырдан бастап ғұн тілінде Уарна делінді. Қазір Болгария жерінде болғандықтан, болгар тіліне ыңғайластырылып Варна деп аталады) қаласында Шығыс Рим елшілерін қабылдайды. Осынау дипломатиялық келісімнің арқасында ғұндар шабуылы біраз уақытқа толастады. Алайда бір жылға жетпей келісім қайта бұзылды.

Фракия аймағына қарасты Херсонес қаласы маңында 447 жылы Шығыс Рим әскері мен ғұндар арасында үлкен шайқас болды. Аттила басқарған ғұндардың атты әскері Шығыс Рим әскерін оп-оңай талқандайды. Бұл римдік әскер деп аталса да, әр түрлі тайпалардан жасақталған құрама болатын.

Аттила, егер қаласа, Римнің астанасы Константинопольді де оп-оңай басып алар еді. Алайда ол ешқашан Рим империясының астаналарына шабуыл жасаған емес, тіпті қалаларға кірмеді де.

Міне, осы шайқастан кейін барып екі ел тағы да келісімге келді. Бұл келісім-шарт Шығыс Рим үшін өте ауыр болды. Баяғыдан бері жасаған қылмыстары үшін және 435 жылғы Маргус келісімін орындамағаны үшін, яғни 435 жылдан бері жылдық салығы 700 фунт алтынды төлемегені үшін Аттила Константинопольге 8 жылдық салықты біріктіріп өтеуге қатаң талап қойды. Демек, Шығыс Рим ғұн ордасына тез арада 6000 фунт алтын және әр жылғы салықты үш есе көбейтіп, 700-дің орнына 2100 фунт алтын төлейтін болып келісті. Бұл келісім-шарт Константинопольдің қабырғасын қайыстырып-ақ кетті. Салықтан басқа олар ғұндарға қашқындарын қайтарып беруге тиісті болды.

Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге барып жүрді. Едіге - Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі.

Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған керісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай берді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті - герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Африканы, Испанияны, Галлияны қазіргі Франция) басып алған жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді. Сондай-ақ Аттила сынды әйгілі патшаны есебін тауып өлтірсе, ғұн империясы тарап кетеді деп те ойлады.

Шығыс Рим басшысы Феодосий II ғұн патшасы Аттиланы өлтіруді бірнеше рет ұйымдастырды. Біраң ешқандай нәтиже болмады. Бірде феодосий ІІ-нің досы Христафий ғұн ордасының елшісі Едігені Аттиланы өлтіруге көндірмек мақсатымен ұзақ үгіттейді. Оған сыйлыққа алтын береді және одан да көп сый уәде етеді. Алайда олар Едігенің қулығына түсінбеді. Едіге алдап көп сыйлықтарды алған соң, олар құрған жоспарды Аттилаға баяндап береді. Осылай Константинополь басшыларының ғұн ордасына жасаған және бір қастандығы ашылып қалды [5].

Едіге римдіктер мен ғұндар арасындағы қарым-қатынасқа өз үлесін қосты. Мысалы 448 жылы ол Константинопольге барған сапарында мынадай келісімдер жасады. Біріншіден, Дунай өзенінің алқабы, яғни Паннония аймағынан Фракияға дейінгі жерлер ғұн ордасы иелігінде болғандықтан, римдіктерге ол жерлерде егін егуге тыйым салынды. Екіншіден, ғұн ордасынан азғырып, өз жағына шығарып алған жауынгерлерді тез арада қайтару керектігі айтылды. Егер бұл шарттар орындалмаса, ғұн ордасы Римге соғыс ашатынын ескертті.

448 жылы мынандай бір оқиға болған еді. Рим тарихшысы Прискус Феодосий ІІ-нің Аттилаға елшілікке жіберген адамы Максиминнің өтініші бойынша, олармен бірге жолға шығады. Араларында ғұн ордасының елшілері де бар. Жолаушылар Константинопольден 13 күндік жердегі Сардик қаласына келіп тоқтайды. Қала тұрғындары оларды жақсы қарсы алады. Бірнеше қой мен сиыр сойып, қонақасы береді. Прискус, Максимин мен оның жанындағылар Едіге бастаған ғұн жігіттерімен бір дастарқанда отырады. Тамақ алдында ғұн жігіттері Аттила есімін атап сыйынса, дастарқандастары өз патшаларына сыйынады. Араларындағы Вигил ғұндарға әзілдеп:

- Феодосий - құдайдың аты. Аттила адам емес пе? Адам мен құдайды салыстыруға бола ма? - деп күледі.

Оның бұл оспадар сөздері ғұндардың қытығына қатты тиеді. Өре тұра келген ғұн жігіттерін қарсыластары жылы сөздерін айтып, кешірім сұрап, зорға дегенде сабасына түсіреді.

Ақыры не керек елшілікке бара жатқандар да, елшіліктен келе жатқандар да ғұн ордасына жетеді. Прискус пен қасындағылар көптеген жауынгерлер күзетіп тұрған сарайға келіп кіреді. Осы кезде Аттила ағаш орындықта отырған еді. Қонақтар кірген жерде тұрып қалады. Максимин жаңындап барып ғұн басшысына сәлем береді. Феодосий беріп жіберген қағаздарды тапсырып тұрып, оған:

- Император сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық пен бақыт тілейді, - дейді.

Сонда Аттила таза латын тілінде:

- Мен де императорға дәл сондай тілектемін, - деп жауап қайтарып, жанында тұрған Вигилге көзін қадайды. Оған деген ызалы ашуын жасырмай, күтпеген жерден айқайлап ұрса бастайды. Вигилдің ұятсыз хайуан екенін және қай бетімен ордаға келіп тұрғанын айтып сөгеді.

Арадағы келісім бойынша, Шығыс Рим империясы ғұн қашқындарын қайтарып беруге тиісті болған. Бұл келісім-шарт түгелдей орындалмайынша, ғұн ордасына ешқандай елші келмеуі керек еді. Қатты ашуланған Аттила осы жағдайларды айтып Вигилге шүйлігеді. Вигил болса, ұялған тек тұрмас дегендей, Константинопольде ғұн қашқындары қалмағанын, бәрінің қайтарылып берілгендігін айтып жалтарады. Мұны естіп, Аттила одан бетер қаһарланды.

- Мен сенің осынша иттігің үшін өлімтігіңді далаға тастап, жыртқыш құстарға жем қылар едім. Әттең, елшілік дәстүрді бұзғым келмейді. Біздің қашқындар Константинопольде көп, - деп ол жанында тұрған хатшысына қашқындар аты жазылған қағазды оқуды бұйырады.

Қағаздағы қашқындардың аттары оқылып болған соң, ол Вигилге ешқандай кідіріссіз Константинопольге қайтуды бұйырады. Оның жанына өзінің бір офицерін қосып жіберетінін айтып, Шығыс Римнен қашқындарды қайтарып беруді талап етеді. Аттила сөзін:

- Қашқындар ешкімге де пайда келтірмейді. Егер біз шабуылдай қалатын болсақ, олар сендердің қалаларыңа қорған бола алмайды, - деп аяқтайды.

Осы кездесуден кейін Вигил дереу Аттиланың бұйрығымен Константинопольге жүріп кетеді. Оның жанына қосып жіберген офицер ғұн ордасының белгілі елшісі, латын тілінде жақсы сөйлейтін баяғы Есіл еді. Ол бұрын Константинопольге көп барған, тек соңғы кездері Батыс Риммен арадағы елшілікті басқарып жүрген.

Бұл Феодосий ІІ-нің Аттиланы өлтіру мақсатында жұмсаған елшісі еді. Прискус императордың бұл істеріне қатты қынжылады. Аттилаға жасалған қастандық жоспары кейіннен ашылғанмен, ғұн басшысы дипломатиялық қатынасты бұзбас үшін, қылмыстыларды жазаламайды. Аттиланың бұл кішіпейілділігіне, дархандығына Прискус құрметпен бас иіп, өз жазбаларында Шығыс Рим императорын сынай отырып, Аттила секілді ұлы қолбасшының адал саясаты мен дипломатиялық қызметін аса жоғары бағалаған [6].

Міне бұл – сол кездегі халықаралық жағдай мен Еуропадағы аса құдіретті болып тұрған ғұн ордасы жайлы дерек берер бір ғана көрініс. V ғасырдың 40 жылдарында Аттила басқарған ғұн империясы ең күшті мемлекетке айналды. Еуропадағы барлық мемлекеттер мен халықтар ғұндармен міндетті түрде санасуға мәжбүр еді.

Сондай-ақ Аттила халықтан шыққан өнер адамдарын, ақын-жырауларды, шешен сөздің майталман шеберлерін құрметтеді. Тіпті ғұн емес, герман тайпаларының өкілдері болса да, ерекше бағалайтын болған.

Шығыс Рим елшілігімен келген Максимин мен Прискустың Аттила жасаған тойларға қатысып, байқағаны - дастарқан басында патшаның жақын адамдары мен балаларының және қонақтардың орын тәртібінің қатаң сақталуы екен. Ол әркімнің шені мен дәрежесіне байланысты.

Дастарқанда отырғандардың алдындағы ыдыс-аяқтар, қасық, шанышқылар – алтын мен күмістен жасалған хас ұсталар мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар. Ал Аттиланың алдындағы ыдыстар тек ағаштан жасалған екен. Себебі ол өнер, ғылым, білімді қатты қадірлеп, патшалардың патшасы болса да, жас кезіндегі қарапайым қатардағы жауынгер дағдысынан айнымаған.

Аттила өз балаларын қатаң тәрбиеде ұстаған. Оның үлкен баласы Эллақ (Еділ мен Днепр аралығындағы өлкенің билеушісі) әдеп сақтап әкесіне тіке қарамайды екен. Даңқы жайылған батыр, билеуші бола тұрса да, әке алдында ибалы мінез көрсетіп, жүзін тіктемей, жанарын жерге салып, әдептен озбай отырған. Ал Аттила болса, кіші баласы Ернақты жақсы көретінін білдіріп, оны еркелетіп, айналып-толғану үстінде болған.

Көп ұзамай Рим мен ғұн империясының арасындағы жағдай нашарлай бастады. Батыс және Шығыс Римнің императорлары Феодосий мен Валентиниан қатты састы. 450 жылы Аттиланың жалғыз өзі екі бірдей империяға және герман корольдіктеріне қауіп төндірді [7].

Он екі ғасыр өмір сүрген Рим империясы герман тайпаларының талай шабуылын көрген. Тіпті Римді 410 жылы басқыншылар түгін қалдырмай тонады да. Ең бастысы олардан сыйлық, алтын беріп құтылуға болар еді. Ал ғұндардан қалай құтылмақ? Өйткені ғұндардың алдында Римнің талай қылмысы бар.

450 жылы Шығыс Рим императоры Феодосий өліп, оның орнына император Марциан отырды. Оның ең бірінші қолға алған мәселесі - ғұндармен баяғы достық қатынастарды орнату. Сол үшін ол көп шаралар қолданды. Батыс Рим императоры Валентинианның қарындасы Онорияны Аттилаға қарсы пайдаланбақшы болды. Не істерін білмей жанталасқан Марциан шешесі мен ағасының және Рим төрелерінің қарсылығын біле тұрса да, Онорияның неке сақинасын құпия түрде Аттилаға жеткізді.

Онория неше жылдан бері Аттилаға ғашық, сонысы үшін де Константинопольде қамауда отыр. Ол - өте бай қалыңдық, яғни Батыс Рим империясының жартысына жуығының мұрагері еді.

Бұл жағдайлар Валентинианға жай түскендей әсер етті. Дегенмен, Рим империясы қарап жатпай, герман тайпаларымен бірігіп, Аттилаға қарсы одақ құра бастады.

Галлияны, Испанияны, Солтүстік Африканы күні кеше тартып алған ата жауларымен ауыз жаласып, ғұндарға қарсы тұрғалы жатқан императорларға Аттила да өз сыбағасын дайындады.

Галлия көп уақыттан бері Римге бағынбайтын және 437 жылра дейін ғұн әскерінің көмегімен Аэций сол арадағы герман тайпаларын талқандаған болатын. Валентиниан Аэцийге егер ол Галлияны шапқыншылардан босатып, Римге қаратса, Галлияның билеушісі болатынын айтады. Бұл 451 жылдың басы еді. Аэций мен вестготтардың королі Теодор көптеген герман тайпаларын біріктіріп, Аттилаға қарсы орасан зор қол жинады. Мұндай шиеленісудің ақыры әйгілі Каталауния шайқасына әкеп соқты. Көптен бері Испанияны билеп тұрған вестготтарда үлкен әскер болды.

Көп ұзамай ұлы қолбасшы Аттила жер қайысқан қолымен Рейн өзені арқылы Галлияға қарай аттанды. Ол осы жорығы туралы: «Мен тек вестготтарды жазалауға бара жатырмын», - деп жариялады. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Галлия мен Бельгияның көптеген қалаларына ғұн әскері жақындап келгенде, көтерілістер бұрқ ете қалды. Әсіресе Париж бекінісіндегі көтеріліс ауқымды болды. Бірақ Аттила бекініс ішіне өтпеді. Дегенмен ғұн сарбаздары Галлияны түгелдей өз қол астына қаратып, ол арадан вестготтарды қуып шықты. Көптеген қалаларға ғұндар кірмегенімен, ғұн дегенде қала халңының қорқынышы мен үрейінің шегі болмады.

Аттила вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке асықты. Ремстен Орлеанға дейінгі жол бойындағы Шальн-Марле, Троя, Сана секілді үлкен қалаларға да тиіспей өткен. Алайда «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» десетін батыстың әділетсіз тарихшылары көзді жұмып қойып, «Аттила жүрген жеріндегілердің бәрін қырып-жойды» деп жазды.

Ұлы қолбасшы Аттила өз әскерін азық-түлік және басңа да керек-жарақпен уақтылы қамтамасыз етіп отырды. Ғұндардың жойқын күшіне ешнәрсе төтеп бере алмады, тіпті мықты деп саналатын Орлеанның өзі шешуші қорғаныс бекінісі болса да, бес аптадан артық шыдай алмады. Ғұндарға қала халқы қақпаны өздері ашып берді. Осылайша ғұндар римдіктермен болатын аұтық шайқасқа табан басып жақындай түскен.

Аквилей қаласын алу. Аквилей қаласы ғұн әскеріне ерекше қарсылық көрсетіп, көп уақытқа дейін берілмеді. Қолбасылар кеңесіне жиналған бір кеште жас қолбасшылардың бірі Аттилаға:

- Патша ием, осы қалаға неге сонша бөгеле береміз. Бұдан басқа да қалалар бар емес пе? - деді.

Аттила асықпай-саспай, байыппен түсіндіріп:

- Ғұндар! Алға басқан қадамыңды ешқашанда тоқтатпаңдар! Ата-бабаңның Батысқа бет түзегендегі мақсаты - ілгері басып, көкжиектен асып түсу емес пе еді? Сол жолдан қия баспаймыз десек, біздің де жолымызда көлденең қалып қойғаны дұрыс па? Бәріміз де алдымызда тұрған мақсатымызды орындауымыз керек. Аквилей қаласын тізе бүктірмей, бұл арадан қозғалмаймыз. Алайда көп шырынға ұрынбауға тырысып, сақ болу керек, - деп жауап береді.

Кеңес бір ауыздан осыған тоқтасып, тарайды.

Ертесі күні бірі қорғанып, бірі шабуылдап жүрген қала сыртындағы абыр-сабырға қарап, Аттила жанындағы кешегі наразылық білдірген қолбасыға бұрылды да, қала үстінде ұшып жүрген құстарды құсқап:

- Ана аққұтандарды көрдің бе? Олар қала мұнараларындағы балапандарын алып кетіп жатыр. Демек, бұл – қала көп ұзамай құлайды деген сөз. Өз басына төнген қатерді сезген құстар балапандарын қауіпсіз жерге апарады, - деді.

Аңқаусызда жаңсақ сөйлегенін түсінген жас қолбасшы:

- Қателігімді кешіріңіз, патша ием. «Албырт - алдырады» деген емес пе. Асығыстықпен айтылған сөз болды, - деп Аттиланың көрегендігіне тәнті болып басын иеді.

- Жә, не іс жасасаң да, ақыл таразысына салған жөн алдымен. Осыны ұмытпасаң болды. - Содан соң басқаларға бұрылып: - Тасатқыштарды іске қосып, қала қабырғасын қақпаға таяу жерден талқандаңдар, - деп сөзін жалғастырады.

Өзінің оң қолы болып жүрген қолбасшысына қарап, қала қақпасының сол жаң тұсын нұсқайды да:

- Ана бір ара маған осалдау көрінеді. Барлық күшті сол жерге жұмсаңдар. Сәл болса да сызат түсірсеңдер болды, әрі қарай қабырға өз салмағымен құлайды, сол кезде әскерлер ес жиғызбай қалаға лап берсін, - дейді.

Әскербасы басын иіп, көреген қолбасшысының бұйрығын орындауға дайын екенін білдіріп қолын кеудесіне қояды да, қысқағана «құп!» деп үн қатып шегініп кетеді.

Міне, осылай Аквилей қаласын алу Аттила жоспарлағандай жүзеге асады. Қала қамалын алуда тасатқыш қондырғыларды қолдануды тарихта алғаш енгізген ғұндардың дарынды қолбасшысы осы Аттила болған еді.

Қамал қабырғасы құлап, қала түгелімен ғұндар қолына өткен соң тұтқынға түскен адамдардан жауапты Аттиланың өзі ала бастады. Ең алдымен Ғұн ордасынан қашып, Рим империясына қызмет істеп жүрген қашқын жауынгерлерді әкеледі.

- Қашқан өзің бе, әлде басқа бір себеп болды ма? - деп Аттила олардан жеке-жеке сұрап шығады.

Қашқын жауынгерлердің бірі алтын мен жақсы жалақыға қызығып келгенін, ал біреулері басқа себептерді айтып ақталып жатады. Бәрін тыңдап болған Аттила орнынан көтеріліп, барлығына естілетіндей дауысын зорайтып:

- Алтын берсе арбалып, жан қысылса жалтарып шыға келетін жан кімге опа берген? Жем берсең ит те қолыңды жалайды. Қызықтырар қызылың біткен соң, жалт беретін жалдама адал болар деп алданба. Абыройды жанын пида ететін ерлер ғана сақтамақ. Жұдырықтай жұмылып, намысыңды солар ғана қорғамақ. Туған жеріне емес, тойған жеріне қызмет қылар адамдардың жазасы - өлім! - деп өз үкімін айтады.

Дұшпанға қызмет етіп сатқындық жасап жүрген өз руластарына қаншалықты қатаңдық көрсеткенімен, тұтқынға түскен қала халқына келгенде, Аттила олардың бәріне ерік беріп, босатады. Сонда Аттилаға көптеген қолбасылар наразылық білдіріп:

- Осы қаланы алу үшін қаншама қанымыз төгілді. Оларды неге қоя береміз? - дейді.

Сонда Аттила:

- Бұлар Рим басшыларынан аз қорлық көріп жүрген жоқ. Олар герман тайпалары емес шапқыншылықтан басқаны білмейтін. Күнін зорға көріп жүрген қара халықты ешқашан жазалауға болмайды, - деп сөзін бітіреді.

Біраздан соң Аттиланың алдына Каталауния жазығында болған шайқаста жараланып, римдіктерге тұтқынға түскен ғұндарды алып келеді. Ғұн ордасындағы тізім бойынша олар қаза тапты деп жазылған екен. Аттила олардан:

- Одан бері бір жыл өтті, неге қайтып келмедіңдер? - деп сұрайды.

- Бізде туған жерге қайтып келуге ешқандай мүмкіндік болмады, - дейді олар.

- «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» оралушы еді. Ер болып туған жерлеріңе қайта алмасаңдар, Римнің жұғындысын жалап қарын тойғызып жүре беріңдер, - деп, Аттила есік алдында тұрған сарбаздарға бұрылады да, - бұлардың бәрін Римге қарай қуып жіберіңдер, - дейді бұйырып.

Бұдан кейін Аттиланың алдына жас келіншек пен оның шешесі келеді. Олар талан-тараж болған Аквилей қаласының тұрғындары екен. Екеуі Аттиланың алдына тізерлей отыра кетіп, жылай бастайды.

- Жә, менің алдыма жылау үшін келмеген боларсыңдар? Не себепті көз жастарыңды төгіп отырсыңдар? — дейді Аттила жекіп.

Сонда келіншектің шешесі басын иіп тұрып, бір ғұн жауынгерінің қызына зорлық көрсеткенін айтып шағымданды.

- Жеңімпаз патша Аттила, ел арасында әділдік, ерлік, батырлық, ер жігітке тән қандай жақсы қасиет болса, соның бәрі бір басыңнан табылады деуші еді. Рақым күтіп келіп тұрмыз өзіңе. Әділеттің ақ жолынан таймаған боларсың деп сенемін. Өз намысын өзі қорғай алатын еркек кіндік емеспіз, қолымыздан бар келетіні – жылау. Қорған тілеп, арыз айта баратын ешкімім жоқ, тек сенің әділеттілігіңнен үміттенем, - деп ақ шашты ана сөзін аяқтайды.

Түнеріп кеткен Аттила есіктегі жасауылға:

- Табыңдар, сол жауынгерді, - деп бұйырады.

Үстінен шағым жасалған жауынгерді алып келгенде, Аттила оған түйіле қарап:

- Бұған айтар не уәжің бар? - деп сұрайды.

Аттила сөйлей бастағаннан-ақ басын төмен салып тұрған жауынгер үнсіз ғана асынған қаруын шешеді. Мұнысы - кінәсін мойнына алғаны еді. Көшпелілер заңы бойынша, би алдына кірерде қаруыңды алса, қорғануға шамаң жоқ, үкімің кесілді, ал қолыңдағы қамшыңды алса, сенен жауап сұралмайды, сөз де берілмейді дегенді білдіретін. Осыны ескерген жауынгер өзінің ешқандай ақталып, қорғанбайтындығын білдіріп, қаруын жерге тастайды. Аттила өз жауынгерім деп аянып қалмай, өлтіруге бұйрық береді.

Одан соң жасауыл Аттиланың алдына бір ғұн жауынгері мен Рим қызын алып келеді.

- Жұрт қырылысып, шайқасып жатса, мына екеуі тығылып алып көңіл қосып жүр, - дейді жасауыл әміршісіне қарап.

Аттила жігіт пен қызға байыппен көз тастайды. Екеуі де жап-жас. Сонан соң олардың бір-біріне деген сезімдерін сынамақшы болып, қызға қарайды да:

- Қыздың жолы – жіңішке. Сен өз абыройыңды сақтай білмегенсің. Сондықтан саған өлім жазасын бұйырамын. Ал сен, жауынгер, жүре бер, - деп әдейі айыптай сөйлейді.

Мұндайды күтпеген қыз көз жанары шарасынан шыға үрейленіп, үнсіз қалады. Ал жауынгер жігіт Аттиланың аяғына жығылып:

- Патша ием, ендеше бұл қыздың орнына мені өлтіріңіз. Мен оған шын ғашықпын. Маған оның тек бақытты болғаны керек. Ол өліп мен аман қалғаныммен, маған өмір жоқ, - деп жалбарына бастайды.

Бағанадан сыртқа сырын бермей қабағын түйіп түксиіп отырған Аттиланың жігіт сөзін естігеннен кейін жүзіне қан жүгіре бастайды. Ол жауынгерінің мәрттігіне аса разы болады. Сарбаздың адамгершілігі мен адалдығына масаттанып, қызға да, жігітке де еркіндік беріп, еш жаза қолданбайды. Керісінше оларға тілеулес болып, бата беріп, бақыт тілейді. Егер жігіт қара басының қамын ойлап, қызға ара түспегенде, сезімінің қорғаушысы бола білмегені үшін оны сол жерде өлтіртетін еді [8].

Бұдан соң барып Аттила тұтқынға түсіп, алдына әкелінген римдіктерге жаза кесе бастайды. Олардың арасындағы римдік құл Кайге бостандық береді. Осы құлды алдына алып келгенде Аттиланың есіне баяғыдағы Руғиланың адам бостандығы туралы айтқан сөздері түседі. Содан кейін оның алдына қол-аяғы байланған тұтқын римдік жас батырды алып келеді. Ол шайқаста ғұндарға қарсы жан аямай соғысқан екен. Аттила тұтқыннан:

- Ғұндарға қарсы неге соғыстың, әлде олардан жамандың көрдің бе? - деп сұрайды.

- Жоқ, ғұндардан еш жамандық көрген жоқпын, мен туған қаламды қорғап, міндетімді орындадым, - деп жауап береді тұтқын.

Көп ұзамай ғұндар Милан, Равенна қалаларын алады. Сол күні Аттила әскербасылармен кеңес құрады. Кеңесте Римге қашан кіретіндерін сұраған шәкірттерінің біріне қадала:

- Ғұн әскері еш уақытта Рим секілді мәдениет ошағына басқыншы болып кірмейді. Кірсе, тек бейбіт келісімге келу үшін кіреді. Осыны әрқашан есте саңтаңдар. Бұдан 42 жыл бұрын Аларих бастаған вестготтар Римді тонап бассыздың жасаған еді. Ғұн әскері ондай жабайылыңқа бармайды, - дейді де, содан кейін Баламірге қарап: - Сенің сарбаздарың бүгін бассыздың істеді. Аквилейді күшпен алдың, ал Милан соғыссыз берілді. «Иілген басты қылыш кеспес» деген бар. Жігіттеріңнің зорлық жасап жүргендері қалай? Онсыз да мойыны Рим қамытына қажалған қара халыққа солар қожаңдамақ па? Жеңіске жеткен әскер адал болу керек. Тәртіпсіздік жасаған жауынгерлеріңді кешке дейін тауып, жазала. Елді тек қылыштың күшімен, қорқынышпен ғана емес, сеніммен де билеген жөн. Халық адал, әділетті басшыға сенеді, - деп сөзін аяқтайды.

Бұрынғы кездері айқара ашылып қонақжай мінез көрсететін Рим қақпасы жабық тұр. Бүгінгі күннің өзі де қожайындарының қабағын қапысыз түсінетін қара құлдай түнеріңкі. Қамал қабырғасының арғы жағына тығылған Рим халқы бұл күннің өздеріне не сыйлайтынын білмей ақтарылып қарап тұр. Аңырап қалған ертегі шаһарындай болған қорған бекінісінен тырс еткен белгі білінбейді. «Екі өгіз сүйкенсе, ортасындағы шыбын өлеңінің» кері келіп, басшыларының бассыз әрекетінен жазыңсыз жандардың қаны төгілгелі тұр. Жолындағының бәрін жайпап, жалынға орайтын ғұн сарбаздары Аттиланың қалт еткен қимылы болса, қалаға лап еткелі тұр.

Түксиіп, жан баласының қимылы білінбеген Рим қақпасына қарай Аттила атын аяқ бастырып, жақындап келді. Атой салынар сәтті аңдып қала халқының зәреқұты қалмай, иманын үйіріп отырғанын ол жақсы түсінді. Тым болмаса бой көрсетіп қараңдаған ешкімді байқамаған соң, римдіктер оған бетін басып бүгежектеген қорқақ болып көрінді. Ызадан тістенген Аттила қолға ұстаған найзасын Рим қақпасына қарай толғай лақтырды. Арқырай ұшқан ақ найза арындаған бетімен қақпаға келіп қарш қадалды. Қаланы қорғауға қалдырылған Рим легиондарының әскерлері дір етіп, бозарып кетті. Қала сол күйі тымтырыс. Артына жалт бұрылған Аттила:

- Ғұндар! Азаматтың ақ өлімі – борышын адал атқарғаны, - деп саңқ етті. - Қызыл қаныңды ақ жолда төкпесең, еңсеңді бастырып, езгіде жүрсең, ер атыңнан не пайда? Өр кеудені аяққа бастырып, өз құтын өзі қашырып сасқан адам санатта жоқ. Мінген көлік, тұлпарың – ер қанаты, қасарысқан жауыңа қасқайып тұрып қарыссаң, сонда болар ер санаты. Басыңды бұғып бұқпалап көрген күнің кімге өнеге, кімге болар ғибрат? Асырып сөз айтпасаң, алаңқай болған майданда менменсіген кеудені аяққа таптап баспасаң, одан өзге не мұрат? Көздерің көрген дұшпаның шалқайып жүрген күнінен етегіңе еңкейіп, жер құшып жатыр баспалап. Кесімін өзің айтыңдар, жараса ма хас ерге «қашқан жауға қатын ер», «бұққан жауға бала батыр» қылыш сұғып, былғамақ?

Сәл-пәл үнсіз қалған ғұн жауынгерлері бірауыздан «Жо-оқ!» деп жауап беріп, күркіреген күндей гүр-р етісті.

Осыдан кейін Аттила сарбаздарын соңына ертіп аяңдап жүре берді. Біраз жер ұзаған соң, ат үстінен артына бұрылды. Қорқыныштан дірілдеп, құтылғанына қуанып, әлі қыбыр білдірмей жатқан, күні кеше айбыны асқан, бүгінгі күні жүні жығылып жасыған Римге қарап кекесінмен мырс етті де қайтып бұрылмастан кете барды [9].

454 жылы Аттила кенеттен қайтыс болды. Оның өлімін әркім әр түрлі жорамалдап жүр. Ал шын мәнісінде ғұн империясының әйгілі билеушісінің өмірден қайтуының себебі әлі күнге дейін біз үшін жұмбақ.

Аттиладан кейін ғұн ордасы ыдырайды. Бірақ олар Еуропадан кеткен жоқ.

Жаңадан құралған соңғы ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты деп аталды. 730 жылы қайтыс болған Баян хан уақытындағы ең күшті мемлекет болған. Ол VIII ғасырдың аңырына дейін өтір сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп аталады.

Батыс Рим басшысы Аэций өлді. Себебі жер-жаһанның қаһары болған Аттила жоқ. Ендігі Рим басшысының орнына иек артатын жалғыз адам Аэций еді. Сондықтан Рим императоры Валентиниан Аэций орнымды тартып алады деп қорықты. Аэцийдің өмірмен қоштасуына ықпал етті... Көп ұзамай, Валентинианың өзі де өз адамдарының қолынан қаза тапты.

Сол жылы Генсерик (французша Жансерик) бастаған вандалдар Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонады. Олар 410 жылғы Аларих бастаған вестготтардың жасағандарын қайталады.

Бұрын Генсерик Аттиладан қорқып Римге кіре алмай жүр еді. Ендігі уақытта оның бетінен қағар, қаймығып қысылар ешкім қалмағаннан кейін, Римге кіріп, бассыздың істеп оны аяусыз таптады. Аттила мен Аэций өлген соң Римнің шын жанашыры қалмаған еді [10].

Аттила – адамзат тарихында ерекше орын алған ірі тарихи тұлға. Бұл туралы француздың белгілі тарих зерттеушісі А. Тиерри (1797-1873) өзінің «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» (1856 ж. Париж) атты кітабында «Адамзат тарихындағы Аттила есімі А. Македонский мен Ю. Цезарь қатарынан орын алды» — деп жазды. Еуропа халықтары мәдениетінде Аттила туралы бірнеше поэма бар. Германия және Скандинавия халықтарының батырлар жырында, аңыз әңгімелерінде Аттила негізгі кейіпкер. Ағылшын ақыны Херберт Атилла туралы үлкен поэма және ғылыми еңбек жазған (19 ғ.). Сол сияқты Еуропа театрларының сахналарынан да Аттила бейнесі үлкен орын алады. Ең алғаш Аттила бейнесін сахнаға шығарған Испания драматургтері (Кристобал Вируес (1550-1609) «Қаһарлы Аттила» төрт актілі трагедия; Луис Велес де Гевара (1579-1644), «Аттила – Тәңір құты» 5 актілі трагедия), одан соң Франция драматургтері (Пьер Корнель (1906-1684) «Хун патшасы – Аттила» атты 5 актілі грагедияны 1667 жылы Париж театрлары сахнасына қойды; Генри Борниер (1825-1901) «Аттиланың үйлену тойы» атты тамаша пьесаны Парижде 1880 ж. сахнаға шығарды). Неміс драматургтерінің де еңбегі ұшан теңіз (Вернер Цахариас (1768-1823) «Хун патшасы – Аттила» атты 5 актілі романтикалық трагедияны 1808 жылы сахнаға шығарды. Аттила туралы шығармалар ішінде ең құндысы осы). Неміс халқының «Нибелунг жыры» тақырыбына көптеген драмалық шығармалар жазылды. Бұл жырдың негізгі кейіпкері ғұн королі Аттила болғандықтан барлық драмалық шығармаларда да солай болды. (Э.Раупах (1784-1852) Австрия астанасы Вена қаласының Бургтеатр сахнасында 1845-46 жылдары «Нибелунгтер байлығы» атты драманы қойды; Г. Эмануйль (1815—84) белгілі неміс ақыны, драматург 1857 ж. «Брюнхилда» атты әйгілі трагедияны сахнаға шығарды; Ф. Геббель (1813-63) 1861 ж. «Нибелунгілер» атты трилогияны сахнаға шығарды). Сондай-ақ, Аттила бейнесі Еуропа халықтарының музыка өнерінде қомақты орын алады.

(Волфранг Франк (1641 ж. туған — қайтыс болған жылы белгісіз) «Хун королі Аттила» атты операны 1682 ж. Гамбург театрында қойды; Рихард Вагаер (1813-1883) «Нибелунгтер сақинасы», «Рейн алтыны» (1854), «Зигфрид» (1874) атты көлемді музыкалық шығармаларды сахнаға шығарды). Аттиланың Еуропа сахнасындағы бейнесін дамытуға Италия композиторлары да үлес қосты.

(Франциско Малипиеро (1824-1877), «Бургундиялық принцесса – Хилдегунда» атты операны 1845 жылы Венеция қаласы театрларында қойды; Джузеппе Верди (1813-1901) 1846 ж. «Аттила» атты операны Милан қаласы театрларында қойды).

Орыс жазушыларының ішінде алғаш рет Евгений Замятин (1884- 1937) «Аттила» атты драма жазды (1927). Алайда бұл шығарма тек 1996 ж. Алматыда қазақ драма театрында қойылды. Сондай-ақ, оның «Тәңір құты» (Бичь божий) атты романы да осы тақырыпқа арналған [11].

Түкия жазушылары да Аттиланың сахнадағы бейнесіне елеулі үлес қосты. (Пейами Сафа «Аттила» (1931); Бегзат С. «Аттиланың үйлену тойы» (1934); Нәжі Танжели «Аттила» (1948), т.б.).

Атилла және ғұндар бейнесі Еуропа бейнелеу өнерінде де ерекше орын алады (Рафаэл Санти (1483 - 1520). Фердинанд Делакруа (1798 - 1863), Чека Улпиано (1860 - 1916). Еуропа мемлекеттерінде 6 ғасырдан соң Аттила бейнесі жасалған көптеген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен аталатын көшелер, оқу орындары, т.б. көптеп кездеседі.


1.2. Түркі қағанатының ұйығу кезеңіндегі дипломатиялық.

Ұлы түркі империясының басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым – қатынастар, келіссөздер жүргізіп, отырғандығы тарихтан белгілі. Түркі империясының билеушілері өздерінің тамаш дипломатиялық талантын, мәмілегерлік шеберлігін көрсете білген.

III—IV ғacыpлap бacындa Tянь-Шaньғa қoныc ayдapғaн кeйiнгi хун тaйпaлapының тoптapы ІV ғacыpдың coңындa Typфaн тayлapынa қapaй жылжыды. Бұл ayмaқты oлap 460 жылғa дeйiн мeкeндeйдi. Ocы 460 жылы oлapғa түpкi тiлдi жyaнь-жyaньдap (aвapлap) шaбyыл жacaйды дa, иeлiктepiн бacыл aлaды. Aвapлap бac игeн xyндapды Aлтaйғa ығыcтыpaды. Ocы қoныc ayдapғaн тaйпaлapдың iшiндe Aшинa тaйпacының қaлдықтapы дa бap eдi. Tүpкi aңыздapы мeн қытaй тapиxындa Aшинa Шығыc Tүpкicтaндa өмip cүpгeн кeздe өздepiкe жaңa бip этникaлық тoпты қaбылдaп, жepгiлiктi түpғындapмeн apaлacып кeттi дeгeн дepeктep бap. ІІІ ғacыpдың coңынaн 460 жылғa дeйiн ocы ayмaқтa aшинaлapмeн бipгe Иpaн (coғды) жәнe тoxap (индoeвpoпaлық) тiлдec тaйпaлap мeкeндeйдi. Oлap бeлгiлi бip дәpeжeдe aшинa тaйпacының тiлi мeн мәдeниeтiнiң қaлыптacyынa әcep eткeн. Tүpкiлepдiң мәдeниeтi мeн мeмлeкeтiнe aca зop ықпaл еткeн түpкi-coғды тiлдepiнiң жaқындacyы дәл ocы кездeн бacтaлды. Aлтaйдaғы түpкi-aшинa тaйпaлapы ipi тaйпa бipлecтiгiн құpып, 545 жылы Coлтycтiк Қытай (Цзинь) мeмлeкeттepiнiң бipiмeн диплoмaтиялық қapым-қaтынac opнaтaды. Бұл қaтынacтapдың жүзeгe acyынa дәнeкep болғaн aлғaшқылapдың бipi — Бұxapaдaн шыққaн coғды жiгiтi eдi. Бұл кeздepi coғдылap ayмaғы бүкiл ұлы жiбeк жoлы бoйымeи Қытaйдың iшкi қaлaлapынa дeйiнгi apaлықты aлып жaтты. Oлapдың iшiндeгi eң ipici Қытaй тapиxындa «тeлe» дeгeн aтпeн бeлгiлi бoлғaн ipi тaйпaлap бipлecтiгiнe кipгeн oғыздapдың тaйпaлық oдaғы eдi. IV—V ғacыpлapдa ocы бipлecтiккe кipгeн көптeгeн тaйпaлap Eуpaзия дaлacының бaтыc жaғындa дa пaйдa бoлды. Oлapдың нeгiзгi ayмaғы Жoңғapия мeн Xингaн жoтaлapы бoлғaн eдi. Өздepiнe oғыздapды бaғындыpып күшeйiп aлғaн түpкi-aшинa тaйпaлapы өз билeyшiлepi жуань-жyaньғa қapcы шықты. Жyaнь-жyaньдapдың coңғы билeyшici — Aнaxyaнь coғыcтa жeңiлгeннeн кeйiн өзiн-oзi өлтipeдi. 551 жылы түpкiлepдiң көceмi Бyмын қaғaн титyлын қaбылдaйды. 552 жылы oл қaйтыc бoлып, opнынa Қapa қaғaн (552—553), oдaн кeйiн Mұғaн (553—572) көceмдiк eтeдi дe, жyaнь-жyaньдapды тoлығымeн тaлқaндaйды. Жyaнь-жyaньдapдың бip бөлiгi Kopeя мeн Coлтүcтiк Қытaйғa қaшaды, aл бip бөлiгi бaтыcқa кeлiп «aвapлap» дeгeн aтпeн opнығып қaлaды.

Бyмын қaғaн мeн Қapa қaғaнның, мұpaгepi Mұғaн қaғaн oңтүcтiк-бaтыc Maнчжypиядaғы мoнғoлдың кидaн тaйпacы мeн Eниceйдeгi қыpғыздapды бacып aлy apқылы түpкi eлiнiң Opтaлық Aзия мeн Oңтүcтiк Ciбipдегi билiгiн түпкiлiктi eтeдi. Қытaй жaзбaлapы бoйыншa шeкapaдaн тыc жaтқaн кepшiлepiнiң бәpiн тiтipкeнтeдi.

Шығыcтaғы Kopeй түбeгiнeн бaтыcтaғы Kacпий тeңiзiнe дeйiнгi, oңтүcтiктeгi құмды дaлaдaн (Aлaшaнь жәнe Гoби шөлiнeн) coлтүcтiктeгi Coлтүcтiк тeңiзiнe (Бaйкaл) дeйiнгi apaлықтың бәpi Mұғaнның билiгiндe бoлaды. Oл coл кeздeгi билiк opтaлығы Қытaй пaтшaлығымeн бaқтaлac бoлып aлaды. Қaғaндық бұл кeздe coлтүcтiк Қытaй мeмлeкeтiнiң eкeyiндe— Coлтүcтiк Ци жәнe Coлтүcтiк Чжoyды өзiнiң бaғынышты eлдepiнe aйнaлдыpaды. Бұл мeмлeкеттepдiң тeyeлдiлiгi Mұғaн мұpaгepi — Tacпap қaғaн түcындa тiптi күшeйe түcтi. Ұлы Tүpкi қaғaндығы өтe қыcқa мepзiм iшiндe Capы тeңiз бeн Қapa тeңiз apacындa жaтқaн тaйпaлapды бipiктipiп бip opтaлыққa қapaтaды — coл өлкeнi epкiн жaйлaғaн coғдaлap Tүpкi қaғaндығынa қapcы түpa aлмaйды.

Қытaйдың қaзipгi coлтүcтiк-шығыcындaғы өлкeлepiнeн бacтaп Kacпий тeңiзiнe дeйiнгi ұлaн-бaйтaқ өңipдe Tүpкi қaғaндығы құpылып, бacқapy opдacы Opxoн өзeнiнiң бoйынa opнaлacaды. Moнғoлияны, Opтa Aзияны мeкeндeгeн түpкi тiлдec тaйпaлap мeн ұлыcтap Tүpкi қaғaндығынa бaғынaды.

555 жылдың өзiндe-aқ түpкi тaйпaлapы бaтыcқa қapaй жылжи oтыpып, Жeтicy жepiн, Қaзaқcтaнның Cыpдapия мeн Apaл өңipiнe дeйiнгi бүкiл қaлaлы жepлepiн бacып aлaды. Xopeзм дe oғaн тәyeлдi бoлaды. Tүpкiлepдiң бaтыcқa жылжyы тeк жayлaп aлy ғaнa бoлып қoйғaн жoқ, coнымeн бipгe түpкi тiлдi тaйпaлapдың бұл қoныc ayдapyы Opтa Aзияның coлтүcтiгiндeгi тayлы-дaлaлы aймaқтap мeн Қaзaқcтaн дaлaлapынa қoныcтaнyы бoлып шықты. Жepгiлiктi көшпeлi тaйпaлapдың бip бeлiгi жayлaп aлyшылapмeн ciңiciп кeттi дe, бipaзы aвapлapмeн бipгe oңтүcтiк-шығыc Eypoпaның дaлaлы ayдaндapынa ығыcып кeттi. Oлap aвapлapғa ciңiciп, coлapдың әcкepи күштepiн eдәyip нығaйтты. Ocьшaйшa ipi импepия құpылып, көшпeлi тaйпaлap «oн oқ бұдyнғa» бipiктipiлдi.

Meмлeкeт нeгiзiнeн pyтaйпa жiктepi бoйыншa бacқapылды. Ocы oн ipi тaйпaның әpқaйcыcьшың бacқapyшыcы бoлды, oны «шaд» дeп aтaды. Oн тaйпa «oң қaнaт» жәнe «coл қaнaт» дeп eкiгe бөлiндi. «Coл қaнaтқa» дyлyлapдың (дyмaттapдың) бec тaйпacы, «oң қaнaтқa» көшпeлiлepдiң бec тaйпacы кipдi. Meмлeкeт ayмaғы кeңeйiп, oны бacқapy жeкe иeлiктepгe бөлiнiп, oлapды кiшi xaндap бacқapды. Бұлapдың бәpi Ұлы қaғaнғa бaғынды. Қaғaндықтың eң жoғapғы ұйымы шoнжapлap (pyтaйпa кoceмдepi) кeңeci бoлып тaбылды. Қaғaннaн кeйiнгi жoғapғы билiк иeci — шexy (жaбғy), oдaн кeйiнгi билiк иeci — дэлэ (тeгiн), үшiншi билiк иeci — cылифa (ciлiг бeк), төpтiншi билiк иeci — тyмaoфa (түмeн) дeп aтaлды. Бұл төpт билiк иeciн кeнe xyндapдaғы cияқты қaғaнның төpт тipeгi дeп aтaғaн. Бұлapдaн кeйiнгi әкiмшiлiк әcкepи бacшылapғa тиеciлi бoлып, oлapғa 20 түpлi лayaзымдық aтaқ бepiлгeн.

Қытaй жылнaмacындa көpceтiлгeн көнe түpкiлepдiң мeмлeкeттiк зaңының нeгiзi ipi-ipi жeтi бaптaн тұpғaн: 1-бaп. Koтepiлic жacaп, бүлiк шығapғaн кiciлepгe өлiм жaзacы кeciлciн (мeмлeкeттiң бүтiндiгiн caқтay тaлaбынaн тyғaн); 2-бaп. Tүpкi бұдyн (жұpтының) мүддeciн caтып, eлгe oпacыздық eткeндep өлiм жaзacынa кeciлciн; 3-бaп. Қaғaнaт iшiндe жaзықcыз кici өлтipгeндep өлiм жaзacынa кeciлciн; 4-бaп. Cәйгүлiк aтты ұpлaғaн кiciгe өлiм жaзacы бұйыpылcын (aт — қaғaндықтың coғыc күшi); 5-бaп. Ұpлaнғaн бaғaлы мүлiк үшiн oн ece apтық aйып төлeнciн.

Aз yaқыт iшiндe Tүpкi қaғaндығы мeмлeкeттiң жeңiciн cыpтқы жayдaн қopғaй aлaтын тұpaқты әcкep құpды. Әcкepгe бeлгiлi тәpтiп бoйыншa xaнның aғa-iнiлepi, бaлaлapы мұpaгepлiк жoлмeн бacшылық eттi.

552 —553 жылдapы түpкiлep Opтa Aзиядaғы қyaтты мeмлeкeттepдiң бipi — эфтaлиттepдiң Xoтaн жәнe cyдaғы тәyeддi княздiктepiн дe бacып aлғaн eдi. Ocы жaғдaй eкi apaдa қыpғи-қaбaқ coғыcын тyғызып, бұл 8 жылғa coзылды. Coғыcтың ұзaққa coзылy ceбeбi — oл кeзде эфтaлиттep Индиямeн coғыc жүpгiзiп жaтқaн бoлaтын. Coнымeн бipгe Иpaннaн қayiптeнiп түpкiлepгe қapcы бaтыл coғыca aлмaды. Aл түpкi көceмдepi бұл кeздe Иpaнмeн мeмлeкeтapaлық қaтынacын жaқcapтып aлған бoлaтын.

Иpaн шaxы Xocpaв I Aнyшиpвaн эфтaлиттepмeн қыpғи-қaбaқ бoлып жүpгeн түpкiлepмeн oдaқ бoлyғa 564 жылы ұcыныc жacaды. Tүpкiлep иpaндықтapдың ұcыныcын қaбыл aлып, қaғaнның oңтүcтiк aймaғын билeйтiн Бyмын қaғaнның aғacы Ecтeмидiң (Иcтeми) қызын Xocpaвқa әйeлдiккe бepeдi. Coнымeн Қaғaнның эфтaлиттepгe қapcы қaйыpa coғыc aшyының cәтi түcтi. Иpaн шaxы Xocpaв I Aнyшиpвaн эфтaлиттepгe caлық төлeyiн тoқтaтып, coғыcқa дaйындaлaды.

Ecтeми Bизaнтия импepaтopынaн бaтыc түpкiлepгe (aвapлapғa) көмeк бepyiн cұpaп eлшi жiбepeдi. Aл oның ecкepi бaтыcтa иpaн әcкepiнiң қoлдayымeн эфтaлит жepiнe шығыcынaн бacып кipдi. Шeшyшi шaйқac Бұxapa түбiндe бoлып, Эфтaлит пaтшacы Гaтифapa жeңiлic тaпты. Aмyдapияның oңтүcтiгiндeгi эфтaлит жepiнiң бәpiн Xocpaв өзiнe қocып aлaды.

Эфтaлит жepiн бөлicyдe Tүpкi қaғaны мeн Иpaн шaxының apacындa тyғaн қыpғи-қaбaқтық кeйiннeн үлкeн жaнжaлғa aйнaлaды. Бұғaн бipқaтap экoнoмикaлық тaлacтap дa кipгeн eдi.

Opтa Aзияны жayлaп aлғaннaн кeйiн түpкiлep Қытaйдaн Жepopтa тeңiзiнiң eлдepiнe кeлeтiн cayдa жoлдapының eлeyлi бөлiгiнe яғни «Ұлы Жiбeк жoлынa» билiк eттi. Жiбeк кepyeнiн aлып өтyшiлep мeн дeлдaлдap (Opтaлық Aзия мeн Opтa Aзия билiгiндeгi жoлдapдa) coғдылықтap мeн пapcылap бoлaтын. Oлap Пaйкeнттeн (Бұxapaның мaңaйы) Cыpдapияғa дeйiнгi жoлғa бaқылay жacaйтын. Жiбeк мaтaлapды caтып aлyшы Bизaнтия eлi бoлды. Жiбeк cayдacы coғдылық түpкi xaндapынa opacaн зop пaйдa түcipeтiн. Coнымeн бipгe coғдылықтap ІV ғacыpдың aяғындa өздepi жiбeк өндipiп, тoқымa кәciпopнын caлғaн. Coғды жiбeгiн бaтыc қaнa eмec, Шығыc Tүpкicтaн мeн Қытaйдa дa aлyшылap көп бoлды. VI ғacыpдa cыpттaн әкeлiнгeн жәнe өздepi шығapғaн жiбeк мaтacының мoл қopын coғды қaлaлapындa caтып жeткiзy қиын мәceлeгe aйнaлды. Иpaн, Bизaнтия импepияcындa, әcipece Cиpия мeн Eгипeттe жiбeк мaтacын шығapy жoғapы дәpeжeдe дaмыды, бipaқ шикiзaт Шығыc Tүpкicтaн мeн Opтa Aзиядaн әкeлiнeтiн. VI ғacыpдa Bизaнтиядa, Иpaндa өзiндiк шикiзaт көзi пaйдa бoлып, Иpaндa жiбeк қopы мoлaйып кeттi.

Coғды eлшici Maниax 566 — 567 жылдapы Tүpкi қaғaндығының өкiлi peтiндe Иpaнғa тayap әкeлeдi, Xocpaв oз eлiнe түpкiлepдiң epкiн кeлyiнeн қopқып жәнe Иpaн pынoгы шeт жepлiк жiбeктiң көбeюiнe мүддeлi eмecтiгiнe бaйлaныcты Maниaxқa epгeн cayдaгepлep әкeлгeн тayapды coл жepдe epтeп жiбepдi. Ocығaн бaйлaныcты түpкiлep өтe тиiмдi caтып aлyшыны Bизaнтиядaн iздeйдi. 567 жылы Maниax Koнcтaнтинoпoльгe жiбepiлгeн Tүpкi қaғaнының eлшiлiгiн бacқapaды. Bизaнтия дa Иpaн cияқты coғды жiбeгiнe aca мұқтaж бoлмaғaнмeн, oл пapcылapғa қapcы бaғыттaлғaн түpкiлepмeн oдaқтacyғa мүддeлi бoлды. (Koнcтaнтинoпольдiң дәл ocы cыpтқы caяcaтының бeтaлыcын coғдылap cayдa кeлiciмiн жacay үшiн кepeк eттi.) Koнcтaнтинoпoльдiң cыpтқы caяcaтының дәл ocы қыpын пaйдaлaнып coғдылықтap cayдa кeлiciмiн бeкiтyгe ұмтылды. Tүpкi eлшiлepi импepaтop capaйындa үлкeн құpмeтпeн қaбылдaнып, түpкiлep мeн Bизaнтия apacындa Иpaнғa қapcы әcкepи кeлiciм шapт бeкiдi. Bизaнтия импepияcының «шығыc қaлaлapының» cтpaтeгi Зeмapx Kиликeцпeн бipгe Maниax Tүpкi қaғaнының opдacынa кeлдi. Қaғaн Зeмapxты Tянь-Шaнадaғы «Aлтын тayғa» жaқын жepдeгi өз қoныcындa қaбылдaды жәнe ocы кeлгeн caяxaтшығa бipдeн Иpaнғa жopыққa aттaнaтын түpкi әcкepлepiнe жoлбacшы бoлyын ұcынды. Шaxтың диплoмaтиялық жoлмeн түpкi шaбyылын тoқтaтпaқ бoлғaн тaлпыныcы cәтciз бoлып, түpкiлep Гypгaндaғы бipнeшe бaй қaлaлapды жayлaп aлaды. Aлaйдa, 569 жылы-aқ түpкi әcкepлepi Coғдығa қaйтa opaлды. Ocының apтынaн Ecтeми coғыc қимылдapын Eдiлгe ayыcтыpып, 571 жылғa қapaй Coлтүcтiк Kaвкaзды жayлaп aлды жәнe көп ұзaмaй aлaндap мeн yтигypлapды бaғындыpып, Бocфopғa (Kepчь) шықты.

Cөйтiп, қaғaн Bизaнтияғa бapaтып aйнaлмa жoдды, Xopeзм, Eдiл бoйы жәнe Kaвкaз нeмece Қыpым apқылы өтeтiн ayыp жoлды тaзapтып aлды. Bизaнтия тapиxшыcы Meнaндap 568— 576 жылдapы түpкiлepгe визaнтиялықтap жeтi peт eлшi жiбepгeнiн ecкe aлaды жәнe әpбip eлшiлiккe түpкiлep, coғдылықтap, xopeзмдiктep қocылып oтыpғaнын xaбapлaйды. Eлшiлiктiң caны көп peттe aйтapлықтaй мoл бoлғaн. Mыcaлы, 576 жылы Baлeнтиннiң eлшiлiгiнe 106 «түpкi» яғни Koнcтaнтинoпoльгe әp кeздe кeлгeн қaғaнның бaғыныштылapы қocылғaн. Oлapдың көпшiлiгi көпecтep бoлaтын. Bизaнтиямeн жүйeлi cayдa бaйлaныcының бoлғaнын Opтa Aзиядaн көптeп тaбылғaн VI ғacыpдaғы визaнтиялық aқшaлap қyaттaй түceдi. Дeгeнмeн, 575—576 жылдapы түpкi — визaншя apa-қaтынacы шиeлeнice бacтaды. Бұл Ecтeми қaғaн өлгeн coң тaққa oтыpғaн ұлдapының бipi Tүpкeнaфтың кeзi eдi. Ол Юстин ІІ-нің aвapлapмeн жүpгiзгeн бeйбiт кeлiccөзi көңілiңe жaтпaғaндықтан, Bизaнтия oдaқтacтық кeлiciмдi бұзды дeп aйыптaп, Kиммириялық Бocфopды жayлaп aлды жәнe Қыpымғa бaca-көктeп кipдi (576 ж.). Бipaқ тeз apaдa түбeктeн кeтyгe мәжбүp бoлды. Tүpкiлepдiң Иpaнғa жacaғaн eкiншi жopығы 588— 589 жылдapғa дөп кeлeдi. Tүpкiлepдiң пaтшacы Caвэ (нeмece Шaбa) бacтaғaн түpкi әcкepлepi Xopacaнғa лaп қoйды. Гepaттың жaнындa бeлгiлi қoлбacшы Бaxpaм Чoбин бacқapғaн Иpaн әcкepлepi oлapғa қapcы түpды. Oл түpкi әcкepлepiн тaлқaндaп, «түpкiлep пaтшacын» aтып түcipдi. Tүpкiлepдiң қaйтa бac көтepмeк әpeкeтiнeн түк шықпaй, Иpaнмeн epкiн бeйбiт кeліciмгe кeлдi. Cacaнидтepдi apaбтap тaлқaндaғaнғa дeйiн Opтa Aзия түpкiлep мeн Иpaн apacындaғы шeкapa өзгepмeй қaлды. Coдaн coң әлдeнeшe жылдap бoйы Иpaн, Xopeзм мeн Eдiл бoйы apқылы жiбeк жәнe бacқa тayapлap кepyeнi бaтыcқa қapaй бipдe қapқынды, бipдe бәceң дәpeжeдe жүpiп жaтты.

VI ғacыpдың 60-жылдapының aяғындa Tүpкi қaғaндығы coл yaқыттың ipi мeмлeкeтгepi Bизaнтия, Cacaнид, Иpaн жәнe Қытaймeн caяcи жәнe экoнoмикaлық қaтынacтapдың жүйeciнe eнiп, Қиыp Шығыcты Жepopтa теңiзiмeн бaйлaныcтыpaтын cayдa жoлдapынa бaқылay жacay жoлындa күpec жүpгiзeдi.

VI ғacыpдa Tүpкi мeмлeкeтiн eкі aғaйындылap құpды, coндықтaн дepeктep бoйыншa өзi пaйдa бoлғaннaн бacтaп oлap бip-бipiнe тәyeлciз eкi импepияғa бөлiндi.

Bизaнтия eлшici Moнғoлияғa eмec, бaтыcтaғы қaғaндap capaйынa қытaй xaбapлaмacы бoйыншa бapлық xaлықтapдың бacшыcы тeк Бaтыc қaғaнның capaйынa бapды. Бip cөзбeн aйтқaндa, импepиядaғы дyaлизм 582 жылы oлap бөлiнyгe дeйiн пaйдa бoлды. Бaтыc Tүpкiлep Шығыcтың жoғapы билiгiн cөз жүзiндe ғaнa мoйындaды. Бaтыc қaғaн Bизaнтия eлшiciн қaбылдaп, oнымeн oдaқ тypaлы epкiн кeлiciм жacaп, бaтыc түpкiлepмeн тәyeлciз мeмлeкeт peтiндe өзiншe қaтынac opнaтты.

Bизaнтия жaзбaлapындa түpкi тapиxынa, тұpмыc epeкшeлiгiнe қaтыcты мынaдaй дepeктep кeздeceдi. Mыcaлы, 598 жылы импepaтop Maвpиккe жoлдaнғaн бip xaттa: «Қaғaнның тepeзe қaқпaғы aлтын жaлaтқaн, лoжaдa төpт құc көтepiп тұpғaн aлтын төceк, әp түpлi күмic жaнyapлap мүciнi визaнтия өнep шығapмacынaн кeм coқпaйды» дeлiнгeн.

Tүpкi қaғaнaты құpылғaнынa үш-aқ жыл өткeн мepзiмдe (555 жылы) қaғaндықтың бaтыc ayмaғындa әcкepи-әкiмшiлiк бacқapy жүйeci бoлды. Taп ocындaй жүйe қaғaндықтың шығыc ayмaғындa дa пaйдa бoлғaн eдi. Бipaқ eкeyiнiң apacындaғы бaйлaныc нaшap бoлды. Бұдaн түpкi импepияcының бaтыc жәнe шығыc бoлып eкiгe бeлiнiп бacқapғaнын көpeмiз. Бaтыcтың құpaмынa oн тaйпa кipдi: бec aймaқ дyлy, бeceyi— нyшиби.

Бaтыcтaғы түpкiлep (aвapлap) oздepiнiң құpaмындa Eдiлдiң, Aзoв бoйының, coлтүcтiк Kaвкaздaғы кeйiнгi xyн тaйпaлapының бipaзын бipiктipiп, Bизaнтия шeкapaлapынa шeйiн бapды, Дyнaй мeмлeкeтiн құpып, Opтaлық Eypoпa мeмлeкeттepiнe бipқaтap жopықтap жacaды.

Қopытa кeлгeндe, Kүлтeгiн жaзyындa VIII ғacыpдaғы түpкi тapиxшыcы өзiнiң aтa-бaбaлapы жәнe oлapдың жayлaп aлy жopықтapы тypaлы былaй дeп жaзды: «Aлдыңғы жaқтa (шығыcтa) Қaдыpқaн қoйнayынa дeйiн, apтжaқтa (бaтыcтa) Teмip қaқпaғa дeйiн oлap өз xaлқын opнaлacтыpды». Бұл жepдeгi Қaдыpқaн қoйнayы — үлкeн Xингaн тayы, aл Teмip қaқпa — Caмapқaннaн Бaлқығa бapaтын жoлдaғы Шaxpиcaбтaн oңтүcтiккe қapaй 90 км жepдeгi Бyзғaл acyы. Tүpкi импepияcы өзiнiң 25 жылғы ipi жayлaп aлy жopықтapы кeзiңдe Tүpкi қaғaндығы Maнчжypиядaн Бocфop — Kиммepияғa (Kepчeн шығaнaғы) дeйiн, Eниceйдiң жoғapғы aғыcынaн Aмyдapияның жoғapы aғыcынa дeйiн coзылып жaтты, яғни Tүpкi импepияcы ipi тaбыcтapғa иe бoлды. Ocылaйшa Tүpкi қaғaндығы caяcи жәнe мәдeни мұpacы apқылы Opтa Aзия мeн Oңтүcтiк шығыc Eypoпaғa eдәyip әcep eткeн aлғaшқы eypaзиялық импepияның құpyшылapы бoлды. Қaғaндықтың oңтүcтiк aймaғын Бyмын қaғaнның aғacы Ecтeми билeгeн кeздe түpкiлep бaтыcтa өздepiнiң әcкepи қyaтының биiк шыңынa жeттi! Yздiкciз бacып aлy жopықтapы Tүpкi қoғaмының әлeyмeттiк жaғынaн қaйтa құpy жoлындaғы қaйшылықтapын бәceңдeтiп қoйды, бipaқ aлғaшқы cәтciздiктep бұл жaғдaйды тeз apaдa өзгepтiп жiбepдi.


1.3. Тарихшылар түркі дипломатиясы туралы.

Түркі тарихнамасында түркілердің тарихтағы орны туралы әртүрлі екі қөзқарас қалыптасқан. Бірі бүкіл өркениет түркі әлемінен тараған десе, екіншісі түркілердің тарихын толығымен жоққа шығарады. Біздің ойымызша, Түркі мемлекетінің тарихта болғандығы, олардың басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым – қатынастар жүргізгендігі дау туғызатын мәселе емес.

Тарихшылар түркі дипломатиясы, жалпы түркі тарихы жөнінде көптеген еңбектер жазып қалдырған. Түркі дипломатиясын зерттеуде Гумилевтің, Громыконың, Поповтың, Большаковтың, Сахаровтың, Закировтың, Баласағұнның, Дулатидың т.б. тарихшылардың еңбектерінің маңызы өте зор. Түркі дипломатиясына қатысты Л.Н.гумилевтің «көне түркілер», громыконың « Дипломатия тарихы», Поповтың «Қазіргі дипломатия», Сахаровтың «Ежелгі Русь дипломатиясы», Закировтың «Алтын Орданың Египетпен дипломатиялық қарым – қатынастары », Жүсіп Баласағұнидің «Құтты бідік», Хайдар Дилатидің «Тарих – и – Рашиди » т.б. еңбектерді атауға болады.

Бiздiң зaмaнымыздың I мыңжылдығында Eypaзия дaлaлapындaғы этникaлық opтa бipтe-бipтe өзгepe бacтaды. Билiктiң әлeyмeттiк кoнcoлидaцияcының Жeдeл дaмуы бipiншi мыңжылдықтың eкiншi жapтыcындa Oңтүcтiк Ciбip, Opтaлық жәнe Opтa Aзия, төмeнгi Eдiл жәнe Coлтүcтiк Ciбip ayмaқтapындa бipнeшe түpкi тiлдi тaйпaлapдың жәнe қaғaндықтapдың қaлыптacyынa aлып кeлдi. Oлap: бipiншi Typкi қaғaндығы — Шығыc тypкi қaғaндығы, Бaтыc түpкi қaғaндығы, ұйғыp, түpгeш қaғaңдығы, Eниceй қыpғыздapының, Xaзap, Бұлғap, Қapлұқ, Қapaxaн, Қимaқ жәнe Apaл бoйы oғыздapының Қыпшaқ, Xopeзм мeмлeкeттepi нeмece импepияcы. Дәл ocы yaқыттa қaзіргi түpы тiлдi тaйпaлapдың этникaлық-caяcи бipiгyi қaлыптacкaн eдi. Ocы дәyipдe түpкiлepдiң pyxaни мәдeниeтi дe жaңa caтығa көтepiлгeн бoлaтын. Tүpкi жaзбa мәдeниeтi мeн cынa жaзyы, xaтқa түcкeн түpкi әдeбиeтi қaлыптacты. Tүpкiлep өздepiнe aлғaшқы peт дiни түciнiктepдi, нaнымдapы — бyддизм, xpиcтиaн, мaниxeй, иcлaм діндepiнiң нeгiзiнeн бacқa дa өpкeниeт жeтicтiктepiн қaбылдaды. Kөшпeлi жәнe жapтылaй көшпeлi өмip кeшe oтыpып, бipтiндeп қaлaлық жәнe oтыpықшы тұpмыcқa көштi. Oтыpықшылыққa көшкeн тaйпaлap eзiндiк өpкeниeттi мәдeниeт түpлepiн қaлыптacтыpды, oлap coл кeздeгi әлeмдiк мәдeниeттe өзiндiк opын aлды.

Ocы пpoцecтepдiң бәpiн ұлы дaлaдa өмip cүpгeн көптeгeн тaйпaлapдың бipiнe ғaнa тән нeмece қaзipгi түpкi тiлдec тaйпaлapдың бipiнiң ғaнa тiкeлeй тapиxы дeп қapayғa бoлмaйды. Eвpaзияның түpкi тeктec xaлықтapы өздepiнiң aлдындaғы тaйпaлap cиякты ұзaқ yaқыт бoйы түpкi тiлдi xaлықтapдың бәpiнe opтaқ тapихты жacaды. Tapиx apeнacывдa бip тaйпaның opнын eкiншici ayыcтыpyын aлдыңғы тaйпaның тapиxтaн өшyi дeп eceптeyгe бoлмaйды. Oлap пaйдa бoлғaн жaңa тaйпaның caяcи құpaмынaн, apилiктepдiң, caқтapдың, xyндapдың этникaлық тoптapынaн кepiнic бepiп, өзгepicкe ұшыpaғaн түpдe тapиx caxнacынa кайтa шығaды. Tүpкi тaйпaлapы қoлa дәyipiндe пaйдa бoлып, apи, cкиф-caқ, xyн дәyipлepiн бacынaн кeшipce дe, oлapдың бipлecтiгi жoғaлғaн жoқ. Teк көнe түpкi дәyipiндe ғaнa этникaлық нeгiздe тapиx apeнacынaн көpiнe aлды.

V ғacыpлың eкiншi жapтыcынaн бacтaп түpкi дeгeн cөз (тepмин) aлғaш peт кeздeceдi дe, ocыдaн кeйiн кeнiнeн тapaлa бacтaйды.

Бұpын coғды тiлi түpкiлep мeн қытaйлap apacындaғы диплoмaтиялық қapым-қaтынacтapдa пaйдaлaнып кeлгeн бoлca, кeйін «түpкi cөзi визaнтиялықтapдa, apaбтapдa, cиpиялықтapдa, caнcкpит тiлiңдe, көптeгeн иpaн, табeт тiтдepiндe кeздece бacтaды. Қaғaндық — импepия құpылғaн 460 жылғa дeйiн «түpкi» cөзi 10 (кeйiнipeк 12) тapпa бipлecтiгiнiң aтayы peтiндe жүpдi. Бұл тepмин қaғaндық өмip cүpгeн дәyipлepдe дe caқтaлып қaлды. Бұл cөз epтeдeгi түpкi тeкcтepiндe «түpiк бүдyн» aтayы peтiндe кeздeceдi (бүд — тaйпa), яғни жeкeлeгeн тaйпaлapдaн құpaлғaн тaйпaлap oдaғы. VIII ғacыpдың opтacынaн бacтaп тapиxи жaзбaлapдa «12 тaйпa түpкi eлi» дeгeн тepмин кeздeceдi. Tүpкi тaйпaлapынaн құpaлғaн мeмлeкeт тe дәл ocы cөзбeн aтaлды. «Tүpкi eлi» дeгeн aтay epтeдeгi түpкi эпигpaфиялық ecкepткiштepiндe дe, қытaйдың тapиxи жaзбaлapындa дa ocы күйiндe кeздeceдi. Keңiнeн aлып қapacaқ, бұл тepмин түpкiлep құpғaн ұйым — көшпeлi дepжaвaның aтayы. Bизaнтиялықтap мeн иpaндықтap «түpкi eлi» дeгeн cөздi жиi қoлдaнca, кeйдe түpкiлepдiң өзi дe ocы cөздi көп қoлдaнғaн. Tepминнiң әpi қapaй өpic aлyы IX—XI ғacыpлapдaғы apaб тapиxшылapы мeн гeoгpaфтapының eңбeктepiндe мoлынaн кeздeceдi, aл бұл кeздe «түpкi» cөзi бip xaлықтың нeмece мeмлeкeттiң aтayы peтіндe қoлдaнылды. Дәл ocы apaбтapдың ғылыми әдeбиeттepiндe түpкiлep cөйлeгeн тiлдiң гeнeтикaлық бaйлaныcы жәнe түpкi xaлықтapының гeнeoлoгиялық тyыcтығы жaйындa aйтылaды, aл мұcылмaн тiлдec xaлықтap жaзбaлapынaн cыpт жepлepдe мұндaй кeң көлeмдe жaзылғaн мәлiмeттep кeздece бepмeйдi. Opыc жылнaмacындa 985 жылы «тopк» дeгeн aтay кeздeceдi. Бipaк бұл — Ұлы дaлaны мeкeндeгeн пeчeнeг, xлoaбyк, пoлoвeц тaйпaлapымeн қaтap өмip cүpгeн көшпeлi бipлecтiктepдiн бipiнiң ғaнa aтayы.

Өзiнiң тapиxи opынын caқтaп бұpыннaн кeлe жaтқaн 4 тaйпaны epeкшe aтayғa бoлaды, oлap: түpкiлep, қыpғыздap. қыпшaқтap, тeлeлep (oғыздap).

Keңec өкiмeтi жылдapындaғы түpкiлepдiң тapиxы тypaлы жaзылғaн құнды eңбeктep: Toлстовтың «Дpeвний Xopeзм» (1948) aтты зepттeyi, Л. Гyмилeвтiң «Дpeвниe тюpки» (1967), «Пoиcки вымышлeннoгo цapcтвa» (1970) жәнe «Xyнны в Kитae» (1974) дeгeн күpдeлi зepттeyлepi түpкi тaйпaлapынын ғacыpлap бoйғы дамy epeкшeлiктepi, этнoc peтiндe қaлыптacy кeзeндepi мeн мeмлeкeтi тypaлы cыp шepтeдi. Л Гyмилeв «Xyнны в Kитae» дeгeн eңбeгіндe epтe зaмaндapдa Қaзaқcтaн, Aлтaй жәнe Opтa Aзия жepлepiн мeкeндeгeн бacты тaйпa – xyндapдың түpкi қaғaнaтынa қaтыcы тypaлы жaзды.

Түркі дипломатиясын зерттеуде Л.Гумилевтің «көне түркілер» еңбегінің маңызы зор. Ол – түркі халықтарының, славяндардың көне тарихы, этногенез мәселесі туралы, т.б. бірқатар еңбектердің авторы. Өз еңбектерінде адамзат тарихы туралы еуроцентристік көзқарасқа қарсы шықты. Ғұндрдың, көн түркілердің азамат өркениетіне елеулі үлес қосқандығын дәйектейді. Шыңғыс хан империясы орыстар үшін ұлттық апат әкелмегендігін тұжырымдады. Оның пікірінше, Русьте қираған қалалар мен құрбан болған адамдар саны орыс князьдерінің іштей, өзара қырқыстарынан артық болмаған. әрбір әтностық түпкі тегі «пассионарлық» күштердің ықпалымен қалыптасады деп бағалады. Сонымен бірге әрбір этностық өмір жасының ұзақтығы 1200 жылдан аспайды деген тұжырым жасалды.

Aкaдeмик B.B.Бapтoльдтың Opтa Aзия өлкecін мeкeндeген тaйпaлapдың тapиxы жөнiңдeгi eңбeктepiнiң ғылыми мaңызы зop. Oл бұл eңбeктepiндe apaб, пapcы жәнe жepгiлiктi тapиxшылapдың aca құнды eңбeктepiн пaйдaлaнғaн. Бapтoльдтың «Moнғoл кeзeңiнe дeйiнгi Tүpкicтaндaғы xpиcтиaндық тypaлы», «Жeтiсy тapиxының oчepктepi», «Moнғoл шaпқыншылығы кeзeңiндeгi Tүpкicтaн» т.б. eңбeктepi күнi бүгiнгe дeйiн мaңызын жoйғaн жoқ. Oның бұл eңбeктepi Opтa Aзия жәнe Қaзaқcтaн xaлықтapының көнe дәyipдeн бacтaп-aқ өзiндiк тapиxи мәдeниeтi бoлғaнын дәлeлдeп бepдi. Opыc шығыcтaнy мeктeбiнiң нeгiзiн қaлayшылapдың бipi бoлғaн , oл Қaзaн төңкepiciнeн кeйiн Aзия мyзeйiнiң жaнынaн құpылғaн шығыc зepттeyшiлepiнiң «Зaпиcки кoллeгии Bocтoкoвeдoв» дeйтiн бacпacөз ұйымын бacқapды. Oның көптeeн мoнoгpaфиялapы aғылшын, нeмic, түpкi, apaб т. б. тiлдepдe жaзылғaн.

Бipaқ oтapшыл Peceй үкiмeтiнiң eң қayiптi, eң қacipeттi қылмыcының бipi — Opтa Aзия мeн Қaзaқcтaн, жaлпы түpкi xaлықтapының ұлтгық caнacын құлдaнyғa күш caлy eдi. 1881 жылы Tүpкicтaн әcкepи oкpyгiнiң кoмeндантының көмeкшici, пaтшa гeнepaлы Maциeвcкий Taшкeнттe жұмыcқa кipice бacтaғaн Шығыcтaнy кoғaмының мүшeлepiнe былaй дeп xaт жoлдaйды: «Шыңыcтaнy қoғaмының мiндeтi Шығыcты зepттey eмec, Шығыc xaлқын opыcтaндыpy». Пaтшaның caяcaткep-ғaлымдapы opыcтaндыpyды тoқтaycыз жүpгiзy үшiн caяcи-ғылыми aйнaлымғa «пaниcлaмизм», «пaнтюpкизм» дeгeн тepминдepдi eнгiзce, Keңec үкiмeтi жылдapындa жepгiлiктi xaлықты aтa тapиxынaн, aтa дәcтүpiнeн, aнa тiлiнeн, ұcтaнғaн дiнiнeн бeзiндipy үшiн нeшe түpлi құйтыpқы тeopияны жaн-жaқты жeтiлдipдi.

Tүpкiлepдiң шығy тeгi тypaлы қaзaқтaн aлғaшқы қaлaм тapтқaн Әлиxaн Бөкeйxaнoв, Mұxaммeджaн Tынышбaeв, Mipжaқып Дyлaтoв, Maғжaн Жұмaбaeв, Caнжap Acфeндияpoв, Әyeлбeк Қoңыpaтбaeвтap, импepиялық зұлмaттың шeңгeлiнe iлiнiп, көпшiлiгi oпaт бoлды. Mұcтaфa Шoқaй eңбeктepi өз Oтaнынa әлi күнгe дeйiн жeткeн жoқ.

Tүpiктiң бeлгiлi ғaлымы Б.Aтaлaй «Дивaни лұғaт-aт-түpiктiң» үш тoмдық ayдapмacын, ocындaғы cөздepдiң бip тoмдық тiзiмiн жacaп шығapды. Бұл eңбeк әpқилы зepттey жұмыcтapынa пaйдaлaнyғa кeң жoл aшып бepдi. Бeлгiлi ғaлым, пpoфeccоp Әбcaттap Дepбicaлиeв apaб, пapcы тiліндe X – XII ғacыpлapдa жapиялaнғaн түpкі ғұлaмaлapының eңбeктepiн зepттey мeн oны көпшiлiккe тaныстыpy-жoлындa тынымcыз eңбeк eтiп кeлeдi.

Ocы aтaлғaн eңбeктepдeн мынaдaй eкi түpлi түciнiк бap eкeнiн aңғapyғa бoлaды: бipiншici — түpкiлepдiң дepбec xaлық peтiндe тapиx caxнacынa шығyы дa, eкiншici — oлapдың дepбec мeмлeкeт peтiндe қaлыптacyы.

VI ғacыpдың opтacынa қapaй төрт тaйпa түpкi этнoгeнeзiнiң eкiншi caтыcынa — Opтaлық Aзияның этникaлық жәнe caяcи тapиxының бacқa caтыcынa көтepiлдi. Oл — VI— IX ғacыpлap. Жaңa caтыдa этнoгeнeз oдaн әpi дaмыды. Coл көшпeндi тaйпaлap eндi өз бaйлaныcтapын oдaн әpi жaқcapтып, мeмлeкeттep құpды. Oлap: Шығыc түpкi қaғaндығы, Бaтыc Tүpкi қaғaндығы, Tүpгeш қaғaндығы, Қapлұқ қaғaндығы, Қыpғыз-ұйғыp — Қapaxaн мeмлeкeтi, Oғыздap мeмлeкeтi. Дaмyдың eкiншi caтыcынa көтepiлгeн мeмлeкeттep бipлiгiнiң күштi бoлyынa opтaқ тiл, opтaқ жaзy мәдeниeтi, ұқcac caяcи дeңгeй игi ықпaл eттi. Пaйдa бoлғaн мeмлeкeттepдiң әлeyмeттiк-caяcи құpылымдapының бepiктiгi түpкi этнoгeнeзiнiң бaтыcқa қapaй жылжyынa мүмкiндiк бepдi.

Tүpкi мәдeниeтiнiң дaмyын бiздiң зaмaнымыздың I мыңжылдығындaғы әшeкeйлi бұйымдap, шeбepлiкпeн жacaлғaн oқ, caдaқ, coндaй-aқ өлгeн aдaмның зиpaтынa құлпытac opнaтy pәciмдepiнeн бaйқayғa бoлaды. Жaлпы түpкi мәдeниeтiн өзiндiк epeкшeлiктepiнe қapaй мынaдaй тoптapғa бөлyгe бoлaды: 1) Eниceй қыpғыздapының мeдeниeтi; 2) Kимaқ-қыпшaқ мәдeниeтi; 3) Aлтaй түpкiлepiнiң мәдeниeтi.

Coнымeн, бiздiң зaмaнымыздың I мыңжылдығындa Opтaлық Aзиядa, oңтүcтiк-бaтыc Ciбipдe, Жeтicyдa, Tянь-Шaньдa түpкi, oғыз, қыpғыз, қыпшaқ этнoгeнeзiнiң дaмyы жүpiп жaтты. Eндi ocы тaйпaлap бip-бipімeн apaлacy нeгiзiндe жaңa этнoc opтaлықтapы пaйдa бoлды. Kимaқ-қыпшaқ, oғыз тaйпaлapының кeйбipeyлepi Opтaлық Aзиядaн Epтicкe көштi, Қыpғыздap Бaйқaлдaн Шығыc Қaзaқcтaнғa бeт бұpды. Toғыз-oғыз тaйпaлapы тибeттiктepмeн бoлғaн coғыcтың caлдapынaн Гaнcyдың бaтыcынa жәнe Шығыc Tүpкicтaнғa бeт aлып көштi.

Tүpкiлep 744 жылы caяcи қacipeткe ұшыpaды, өзiнiң бұpынғы opтaлықтapын жoғaлтып, Қaшқap, Жeтicyғa ығыcты. Oл жepдe X ғacыpдa иcлaм дiнiн қaбылдaғaннaн кeйiн қapлұқ тaйпaлapымeн қocылып, Қapaxaндықтap мeмлeкeтiн құpды. Ішкi, cыpтқы фaктopлap өзгepдi. Taйпaлap apacындa accимиляция пpoцeci жүpдi. Coнымeн жoғapыдa aтaлғaн мeмлeкeтгepдiң этникaлык, дaмyы өзгepe бacтaды.

Қopытa кeлгeндe, түpкi xaлықтapы дaмyының I жәнe II caтылapы түpкi тiлдi xaлықтapдың этникaлық тapиxындa өшпec iз қaлдыpды.

«Tүpкi» cөзi бiздiң зaмaнымыздaн бұpынғы V ғacыpдa бipiншi peт көшпeлi xaлықтың aтayы peтiндe пaйдa бoлды. Ocы кeздe түpкiлep Moнғoлиядaн жәнe Қытaйдың coлтүcтiк шeкapacынaн Қapaтeңiзгe дeйiн coзылып жaтқaн ұлы көшпeлi импepияның нeгiзiн қaлaды. Ұлы дaлaдa түpкi мeмлeкeтiнiң, түpкi тiлiнiң қaлыптacy дәyipiнeн дepeк бepeтiн Kүлтeгiн ecкepткiшiндe былaй дeп жaзылды: «Әлeмнiң көгiндe acпaн, төмeнiндe қoңыp жep пaйдa бoлғaндa, ocы eкeyiнiн, apacындa aдaм бaлacы жapaтылды. Aдaмзaт бaлacының үcтiнeн мeнiң бaбaлapым Бyмын қaғaн мeн Иcтeми қaғaн билiк жүpгiздi. Taққa oтыpғaн oлap өз мeмлeкeтiн қopғaп, Tүpкi зaндapын шығapып, oны бeкiттi». Mұндa дүниeнiң төpт бұpышын түгeл өзiнe тaбындыpғaн aлғaшқы түpкi қaғaндapының билiк құpғaн yaқыты мeн бaйлaныcты cypeттeлeдi.

V ғacыpдa түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар аталды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ. Түркілердің шығу тегін зерттеу ғылымда ХІХ ғасырдың соңына дейін көршілес қытай, парс, грек, Византия елдерінің деректері арқылы белгілі болды. 568 – 598 жылдары түркілерге қарай бірінші болып Еділден өткен Земарх басқарған Византия елшілері әрқандай деректер жазып қалдырды. Жекелеген түркі халықтары мен олардың тіршілік еткен мекені туралы толығырақ мәліметті біз ІХ – Х ғасырлардағы араб географиясынан кездестіреміз. Осы географиялық әдебиетте «түркі» деген сөз халықтар тобы және олардың тілінің ортақ иесі ретінде көрсетілген.


2.1. Мұсылман ойшыл ғұламаларының дипломатиялық өнер туралы пікірлері

Көптеген мұсылман ойшылдары дипломатиялық өнер туралы құнды еңбектер жазып қалдырған. Солардың бірі Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу біліг» еңбегі. Жүсіп Баласағұни бұл еңбегінде елші қандай болуы қажет екендігін атап өткен. Жүсіп Баласағұни адал, байсалды, ақылды, дана, көреген, көптеген тілдерді меңгерген кемеңгер адам болуы қажет дейді.

Баласағұни Жүсіп Хас Хажип (1020 ж. ш., Баласағұн қ. - ө.ж. белгісіз) – ақын, ғұлама ғалым. Баласағұнидың біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы 1069 ж. жазылған «Құдатғу білік» («Құт әкелетін білім») поэмасы. Поэманың үш нұсқасы сақталған. Мұның алғашқысы 15 ғасырда Гераттан (Ауғанстан) табылған ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Вена қаласында сақтаулы. Араб әрпімен жазылған 2-нұсқасы Каирдың ұлттық кітапханасында, ал араб әрпімен жазылған 3-нұсқа Наманганнан (Өзбекстан) табылған. Шығарма негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің өзара диалогтары түрінде жазылған. Поэмада көшпенділер өміріне тән образдар мен теңеулер молынан пайдаланылған. Поэма әрі көркем шығарма, әрі адамдарды адамгершілік абзал қасиеттерге баулитын этикалық-дидактикалық, саяси-философиялық трактат. Поэманың идеясы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарынын көзқарасы» атты трактатымен үндес. Баласағұни осы поэмасы арқылы түркі поэзиясына аруз өлең өлшемін енгізді. Баласағұнидың бұл шығармасы сол кездің өзінде Қытай, Үндістан, араб, парсы оқымыстылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Баласағұнидың поэмасын шетел ғалымдарынан, Т.Танджей, А.Бомбачи, П.Пеллио, А.Кофероглу, Р.Р. Арат, А.Дилачар, М.Копрюлюзаде, орыс шығыстанушыларынан В.В. Радлов, В.В. Бартольд, А.Н, Самойлович, С.Е.Малов, А.Н. Кононов, Л.А. Валитова, А.И. Боролина, И.В. Стеблева, қазақ әдебиетшілерінен X. Сүйіншәлиев, Р. Бердібаев, Қ. Жарықбаев, Ө.Дербісалиев, А. Егеубаев, т.б. зерттеді [12].

«Құтадғу біліг», «Құтты білік» - Жүсіп Баласағұнидің мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. Мұнда қатардағы қарапайым адамнан бастап, ел билеген ханға дейінгі барлық лауазымды кісілердің қоғамдағы міндеттері мен құқықтары жеке-жеке атап көрсетілген. Сонымен бірге, дастанда қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық-саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер берілген.

Негізінен, ел басқару мәселесіне арналған. «Құдатғу біліг» дастаны һиджра есебі бойынша 462 ж. (1070) жазылған. Алайда түпнұсқасы жоғалып кеткен. «Құдатғу біліг» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып келген үш нұсқасы бар. Олар қолжазбаның табылған жеріне орай Герат (1439), Каир (1896) және Наманган (1913) нұсқалары деп аталады. «Құдатғу біліг» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С.Е.Малое, Е.Э. Бертельс, А. Валитова, К. Карймов, С. Муталибов сияқты ғалымдар мол үлес қосты. «Құдатғу біліг» дастаныыын басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Құнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бакдәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің баласы Үғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл – 13 000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық мәснәуи түрінде жазылған. «Құдатғу біліг» дастанының сюжеттік бөлімі, негізінен, шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады.

Өз дәуірінің көкейтесті мәселелерін қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан терең түсінген ғұлама-ақынның «Құдатғу біліг» дастанында көтерген ең басты мәселелердің бірі — ел басқару мәселесі. Елді, мемелекетті қалай басқару керек? Ел басқаратын адамда қандай қасиеттері болуы шарт. Міне, автор осы сауалдарға өз заманының оқыған, көзі ашық, ойшыл азаматы ретінде жауап береді, «Құдатғу біліг» дастаны Қарахан әулеті үстемдік жүргізген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Жүсіп Баласағұни мемелекет пен патша, әкімдер мен қарапайым халық, патша сарайының қызметкерлері, олардың құқығы мен міндеттері, әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас туралы оқырманға ой салады. Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Автор әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құр алақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Жүсіп Баласағұни ел басқарған әкімдерді сол кезде хан сарайында кең тараған жаман қылықтардан сақтандырады. Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да күллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің күш-қуатын нығайтып, ұлыстар мен кенттерді гүлдендіре түсу үшін, әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы үшін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мұндай көмекшілердің бірі - әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, есітер құлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын уәзірі, ал екіншісі – ләшкербасы дейді. Жүсіп Баласағұни уәзір мен ләшкербасының міндеттері, ел басқарудағы олардың атқаратын рөлі мен қоғамдағы орны туралы айта келіп, уәзір мен ләшкербасын бір аттың басына салынған жалғыз шылбырдың екі жақ тізгініне ұқсатады. Бұлардың бірі елді қалам-қағазбен басқарса, екіншісі қылышпен жөнсіздерді жөнге салады. Ақын уәзір мен ләшкербасы қандай адамдар болу керектігін сипаттап береді. Сондай-ақ, ақын есік ағасы (патша сарайында болатын түрлі ресми салтанаттарда басқарушы адам), йалауач (елші), саркотиб (кеңсе қағаздарын жазатын адам), жұлдызшы (астролог-астроном), ағыны (қазына ісін басқарушы), ханса (аспаз), ізгі баши (шекер-шәрбәт жасаушы), тағы басқаларға қажетті игі қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттап жазады [13].

«Құдатғу біліг» дастанында ақын «елдің өнімдерге» қоятын және «әкімдердің елге» қоятын талаптарын ашып айтқан.

«Құдатғу біліг» дастанының авторы кедейлер, аш жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді. Ақын ғалымдарды мадақтай келіп, олардың орны әрқашанда төрде болу керек дейді. Ал, енді жоғары қызметке ие болып жүрген білімсіз, надан жандардың төрден алған орнының өзі босаға секілденіп қалатынын ескертеді. Жүсіп Баласағұни оқыған, парасатты, көзі ашық адамдар, ғалымдар ел басқару ісінде, ел-жұрттың талап-тілектерін жүзуге асыруда патшаларға, түрлі дәрежедегі әкімдерге, бектерге ұдайы ақыл-кеңес беріп кемектесіп отыруы керек деп түсінеді. Ақын ел билеушілерді білімді адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап, соған сәйкес елге билік жүргізуге шақырады. Дастанда мынадай ойпікір бар: патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар — қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек. Ақын адам бойындағы жаман касиеттердің бәрі, атап айтқанда, зұлымдық пен қатыгездік, сараңдық, опасыздықты, т.б. бәрі түптеп келгенде білімсіздіктен, надандықтан туындайды деп есептейді. Ақын өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе, тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, т.б. жаман мінез-құлықтарды елтіре сынайды. Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, т.б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар ойын тереңдете түседі [14].

«Құдатғу біліг» дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі — адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген, Жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен , адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау — әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын, әсіресе, жастарды өркөкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырды. Кішіпейілділік — үлкенге де, кішіге де бірден жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді. Жүсіп Баласағұни әдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішінде ең бастысы — тіл әделтілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге — тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып-толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу — әдептіліктің басы деген пікір айтады.

Сонымен бірге, дастанда, әсіресе, мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер, бейнелер көп ұшырайды. Мінез-құлқы әр түрлі адамдардың бейнесін жасау кезінде ақын қой, касқыр, сұңқар, жылқы секілді жан-жануарларды, жайлаулар мен шөлдерді кебірек ауызға алады. «Құтты білік» дастаны аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын өлшем түрімен жазылған. Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор.


2.2. Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген дипломатиясы

Араб халифатының Дешті қыпшаққа қатысты жүргізген дипломатиясы туралы мәліметтер араб жазбаларында көптеп кездеседі.

Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар — 8-15 ғасырлардағы Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректемелері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет. Араб халифаты заманында арабтардың шығысты жаулап алып, мұсылман синкретик, мәдениеті мен ислам дінін таратып, мұсылман дүниесінен шалғайдағы кейбір аймақтармен сауда қатынасын дамытуының нәтижесінде көрші және алыс елдерден жан-жақты мәліметтер жиналды. Орта ғасырлардағы араб тарихнамасында Қазақстан аймағының ерекше орын алуын, біріншіден, арабтардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлеріне билігін нығайтуға, екіншіден, қазақ даласын мекендеген көшпелі жауынгер тайпалардың шабуылынан сақтануға тырысқан әрекеттерімен түсіндіруге болады.

Қазақстан халықтары туралы ертеректегі деректер араб тіліндегі классикалық тарихи шығармалардан белгілі. 9 ғасырда өмір сүрген әл-Белазуридің «Китаб футух әл-бұлдан» («Жорық кітабы»), әт-Табаридің «Тарих әр-русул уә-л-мулук» («Пайғамбарлар мен патшалар тарихы») атты шығармаларында 7-8 ғасырлардағы арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның кейбір аймақтарына жасаған жорықтары айтылады. әт-Табаридің замандасы, бағдаттық әл-Жаһиздың (9 ғ.) «Манақиб әл-атрак» («Түркілердің лайықты қасиеттері») кітабында Қазақстандағы көшпелі түркі тайпаларының этнологиясы жөнінде тұңғыш мәліметтер берілген, Аббас әулеті халифтары ұландарының қатарындағы түрік сарбаздары жайлы, араб қалалары тұрғындарын таңдаңдыратын түркілердің жауынгерлігі, олардың әдет-ғұрпы туралы баяндалған. Тамим ибн Бахр 9 ғасырдың 1-жартысында Ертіс бойындағы (Солтүстік Шығыс Қазақстан) қимақтар елі арқылы тоғыз-оғыз қағанының астанасын басып өтіп, Шығыс Түркістанға саяхат жасады. Тамим ибн Бахр қимақтардың мекен-жайы, шаруашылығы жайында мәлімет бере отырып, Тараз қаласынан қимақ патшасының сарайына дейінгі көрген-білгені жайлы әңгімелейді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туралы деректер 9 ғасырдағы араб тілінде жазылған географиялық шығармаларда да ұшырасады. Мұндай ерте кезден сақталған еңбекке почта мен тыңшы қызметінің бастығы Ибн Хордадбектің «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап») атты әкімшілік-географиялық анықтама еңбегі жатады. Онда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды басып өтетін Ұлы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар жайлы айтылып, түрлі елді мекендердің ара қашықтығы көрсетілген. Ибн Хордадбек, көбінесе, халифаттың ерте кездегі байланыс қызметі архивіне сүйенген. Тарихшы-географ әл-Йақубидің (9 ғ.) «Китаб әл-бұлдан» («Елдер кітабы») атты географиялық шығармасында Қазақстан түркілері жайындағы тарихи этнографиялық кең ауқымды материал қамтылған. Бұл еңбекте түркілер туралы деректер анағұрлым нақты берілген. Әсіресе, оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз-оғыз тайпаларының бірлестіктері туралы мәліметтері аса маңызды [15].

Араб географы, филолог Құдама ибн Джафар (10 ғ.) «Китаб әл-харадж уә сан ат әл-китаба» («Харадж және хатшылық өнер жайлы кітап») деген ресми құжаттар мол пайдаланылған географиялық-әкімшілік шығармасында халифаттың әкімшілік беліктері, ірі қалалары, таулары, өзен-көлдері және жеті климат (ықылым) туралы деректер береді. Мұнда аймақтардағы жол қатынасы, жер жағдайы, алым-салық мәселесі туралы айтылады. Шығармада көршілес мұсылман елдері жөнінде мағлұмат беріліп, онда қарлұқ, қимақ, оғыз тайпалары, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шебіндегі жол қатынасы, қалалар мен елді мекендер, олардың ара қашықтығы жөнінде нақты мәліметтер жинақталған.

Араб географы Ибн әл-Факих (9 ғасырдың соңы – 10 ғасыдың басы) «Китаб ахбар әл-бұлдан» («Елдер туралы әңгіме кітабы», 903 ж.) атты тарихи шығармасында, көбінесе, өзіне дейінгі авторлардың (әл-Жаһид, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) мәліметтеріне сүйенеді. Шығармада Азия мен Батыс Еуропа елдері туралы тарихи-географиялық материалдар мол. Түркі тайпалары (қарлұқ, қимақ, қыпшақ, оғыз, тоғыз-оғыз, т.б.) жайлы, олардың орналасуы, шаруашылық және мәдени өмірі, елдер, қалалар, сауда жолдары туралы деректері аса құнды. 10 ғасырдың басында Ибн әл-Факихпен бір мезгілде Ибн Русте көп томдық энциклопедиялық шығарма жазды. Бұл еңбектің аймақтардың тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған бір ғана томы сақталған. Ибн Рустенің түрлі саяхатшылар мен географтардың шығармаларының негізінде түркі тілдес тайпалар туралы жазған «Китаб әл-алақ ән-насифа» («Қымбат алқа туралы кітап») атгы еңбегінің түркі халықтары тарихы үшін үлкен маңызы бар. 10 ғ. — араб географиялық әдебиетінің кемеңденген кезі. Бұл дәуірдегі арабтың көрнекті географ-саяхатшысы ирандық әл-Истахридің (10 ғ.) «Китаб масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап») атты еңбегі әл-Балхидің бізге жетпеген география шығармасының өңделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы т., Мағриб, Египет, Сирия, Румдар т., Ирак, Үндістан, Хазар т., Армения мен Әзербайжан, Хорасан мен Мауераннахрға география сипаттама берілген. Бұл елдердің әрқайсысының шекарасы, қалалары, бір-бірінен қашықтығы, қатынас жолдары туралы дерек келтіріліп, азық-түлік, сауда-саттық, қолөнері жөнінде егжей-тегжейлі жазылады. Сонымен қатар шығармада Шығыс Еуропа жайында, соның ішінде хазарлар, бұртастар, бұлғарлар жайында, бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары: оғыздар, қимақтар, қарлұқтар туралы маңызды мәліметтер бар. Түркі тайпаларының орналасқан жерлері белгіленген «Дүние жүзінің картасы» берілген. әл-Истахридің еңбегін 10 ғасырдың соңыңда ибн Хаукал толықтырып, «Китаб әл-масалик уә-л-ма-малик» («Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап») деп атады. Оның жазбасына қарағанда олар бір тілде сөйлеген. әл-Истахри мен Ибн Хау-кал еңбектерінің маңызды бөлігі «Сурат әл-ард» («Жер беті») деп аталатын географиялық карта болып табылады. 10 ғ-да Қазақстан жері арқылы арабтың 2 саяхатшысы, Ибн Фадлан мен Әбу Дулаф сапар шеккен. Ибн Фадланның «Рисала» («Жазба») еңбегінде араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына барған елшіліктің сапары жазылған. Елшіліктің мақсаты хазарларға қарсы араб-бұлғар одағын құру, әрі бұлғарлар арасына ислам дінін орнықтыра түсу еді. Елшілік Бағдадтан 921 ж. маусымда шьнъш, 922 ж. мамыр айында бұлғарларға жетеді. Бұлар Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, одан Хорезм, Үстірт, Жайық арқылы Еділ бойына келді. Мұнда орыстар мен хазарлардың әлеумет және рухани өмірінен, Қазақстанның бүгінгі батыс облыстарын мекен еткен көшпелі түркі тайпалары: пешенек, башқұрт, әсіресе, оғыздардың этнографиялық, шаруашылық, тарихи-географиялық жағдайынан маңызды деректер келтірілген [16]. Ибн Фадлан 942 ж. Қытай мен Үндістанға жасаған саяхаты жайындағы сапарнамасын 2 «Рисалаға» («Жазба») жинақтады. Онда оғыздардың, қимақтардың, қарлұқтар мен жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмыс жағдайы туралы деректер берілген. Жазбада автор көргенінен гөрі естігенін көп әңгімелейді. Бағдат қаласында туған араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (10 ғ.) шығармасы құнды тарихи деректеме болып табылады. Ол Үндістаннан Атлант мұхитына дейінгі, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы елдерге саяхат жасап, ондағы түрлі қауым өкілдерімен араласып, дидарласу арқылы дүниетанымын кеңейтті. «Ахбар әз-заман» («Дәуір тарихы») атты 30 томдық тарихи-география энциклопедиядан қысқа ғана үзінділер сақталған. Оның тарихи шығармаларынан «Мурудж әз-захаб уә ма'адин әл-жауахир» («Алтын шайқайтын және жарқырауық тастар алынатын кен орны») атты еңбегі ықшамдалған, ал «Китаб әттанбих уә-л-ишираф» («Ғибрат және қайыра қарастыру кітабы») атты география шығармасы толық күйінде жетті. әл-Масудидің еңбектерінде түркі тайпалары қимақтар, оғыздар, қарлұқтар, барисхандар, тоғыз оғыздар, хазарлар туралы құнды тарихи-этнография деректер және ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихи географиясы жайында бағалы мәліметтер берілген. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы 9 ғасырдың 2-жартысындағы тарихи оқиғаларға қысқаша тоқталады [17].

әл-Макдиси (10 ғ.) шығармаларының ішінде онын өзі куә болған оқиғаларға негізделген тарихи-география еңбегі маңызды орын алады. «Ахсан әт-тақасим фи марифат әл-ақалим» (986 ж.), («Аймақтар жөнінде мағлұмат беретін таңдаулы тарау») атты шығармасы елдер мен аймақтарды араб әдебиетінде толық та, жүйелі түрде сипаттайтын еңбек. Онда Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, оңдағы халықгардың тайпалық құрамы, қалалары мен елді мекендері, сауда жолдары, сауда-саттық заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі, әдет-ғұрып жайында маңызды деректер келтірілген. Қазақстанның түркі тілдес тайпалары туралы мағлұмат араб-испан географы Исхақ ибн әл-Хұсайынның (11 ғ.) «Китаб акам әл-маржан фи сихр әл-мадаин әл-машһүр фи кулл макан» («Дүние жүзінің әйгілі қалаларын сипаттайтын маржан қазына») деп аталатын Андалусияда жазылған еңбегінде берілген. Оның түркілер жайындағы деректемелері Гардизи (11 ғ.), әл-Бируни (11 ғ.) және әл-Маруазидін (12 ғ.) анықтамаларына сәйкес келеді. Кітапта түркі халықтары, әсіресе, қимақтар жайлы этнография және тарихи-география маңызды мағлұматтар бар. Қазақстанның орта ғасырдағы бағалы деректемесі ретінде әл-Маруазидің (12 ғ.) «Табаи әл-хайуан» («Жануарлардың табиғи қасиеттері») шығармасын атауға болады. әл-Маруази салжұқ әулетіне жататын Мәлік шаһ (1072-92) пен оның мұрагерлері тұсында [Санжар билігіне (1118-57) дейін] сарай дәрігері болған. Оның шығармасында бірқатар деректемелерге, соның ішінде, әл-Жейханидің (9 ғ.) еңбегіне сілтеме жасалды. Онда түркі халықтары туралы соны этнография деректер бар. Әсіресе, 9 ғасырдың басында қимақ, қыпшақ, оғыз тайпаларының қоныстануына едәуір ықпал еткен халықтардың қоныс аударуы туралы бағады мәлімет араб ғалымы әл-Идрксидің (12 ғ.) «Нұзхат әл-мұштақ фи-ихтирақ әл-араф» («Аймақтарға сапар шегіп, шаршап-шалдыққан жанның ермегі») атты ірі география еңбегінде көрсетілген. әл-Идриси Сеутте туып, Кардовода оқыған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лиссабонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болған. Автор география шығармаларының бірін Сицилия королі Роджер 2-ге (1098 - 1154) арнаған. Онда Еуропа, Азия мен Африка елдері туралы егжей-тегжейлі жазылған. Шығыс Еуропа, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар туралы этнография және тарихи-география сипатта жазылған маңызды деректер келтірілген. Орта ғасырдағы Қазақстан жерін мекендеген қимақ, қыпшақ, оғыз, қарлұқ, түргеш, азкиш сияқты түркі тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, қалалары, сауда-қатынас жолдары, қолөнері сөз болады. Автордың кейбір мәліметтері бізге жетпеген жазба деректерден алынған. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан даласынан шыққан, қимақ патшасы Жанақ ибн Хакан әл-Қимакддің (10-11 ғ-лар) шығармасы бар. әл-Идриси еңбегіндегі «Сурат әл-ард» («Жер беті») атты географиялық картада кеңінен көрсетілген география және экономика объектілер шығарманың деректемелік құнын арттыра түседі. 13 ғ-дан бастап араб тілінде жазған ортағасырлық авторлар өз заманында өтіп жатқан оқиғалардан гөрі, өткен дәуірдегі тарихшы-географтардың еңбектерінен үзінділер келтіре жазуды мақсат ете отырып, біздерге жетпеген бірқатар шығармалардан бағалы деректер келтіреді. Әл-Идрисидің ізін қуушы араб географы Ибн Саидтың (13 ғ.) «Жеті аймақ туралы» шығармасы өзіне дейінгі деректемелерге сүйене жазылғанымен, Қазақстан мен Еділ бойының, Орта Азияның 13 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи географиясын зерттеуде өз орны бар. Сондай-ақ, қимақтар, олардың татарлармен қарым-қатынасы туралы қызықты деректер берілген. Осы тектес деректемеге тарихшы-географ Закария әл-Қазуи-идің де (13 ғ.) еңбектері жатады. Ол бірімен бірі сабақтас 2 тарихи-география шығармаларымен танымал. Оның алғашқысы «Аджаиб әлмах-луқат» («Жаратылыс ғажаптары»), 2-сі «Асар әл-билад» («Қалалар ескерткіші») деп аталады. Бұл туындыларда түрлі аспан шырақтары, жердің жеті белдеуі (ықылым), мұхиттар, өзен-көлдер, жан-жануарлар дүниесі туралы мәліметтер, 9-10 ғасырларда бүгінгі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес оғыз, қарлұқ, жікіл, қимақ тайпалары жөнінде тарихи-этнография деректер топтастырылған [18].

Сириялық әд-Димашқи «Нұхбат әд-дахр фи аджаиб әл-барр уә-л-бахр» («Құрлық пен теңіз таңғажайыптары жөнінде баяндайтын мерзімнен іріктеу») атты космографиялық үлкен еңбектің авторы. Оның шығармасы, көбінесе, араб авторларының 9-11 ғасырлардағы дәстүрлі шығармаларына негізделе жазылған. Дегенмен, түркі халықтары жөнінде, олардың орналасу жағдайы туралы тарихи-этнографиялық мағлұматтар берілген. Әсіресе автордың қыпшақтардың этникалық құрамы жайындағы мәліметі құнды дерек болып табылады. Сирия ғалымы Йақұттың (13 ғ.) «Муджам әл-бұлдан» («Елдердің тізімі») атты география анықтамасында моңғол басқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақ, алан, бұлғар және Саксин жерін басып өткендігі жайлы айтылады. Йақұттың замандасы әрі жақын танысы Ибн әл-Асир (13 ғ.) Арабстан, Сирия, Палестинаға саяхат жасады. 1188 ж. Салах әд-Диннің крест тағушыларға қарсы жорышна қатысты. Оның қаламынан бірқатар тарихи-библиография еңбектер және «әл-Кәмил фи-т-тарих» («Тарихтың толық жазбасы») атты ауқымды тарихи жылнама жарық көрді. Бұл шығармада моңғол жорығына дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалады. Автор біздің дәуірімізге жетпеген құнды деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен оған көрші орналасқан мемлекеттердің (Араб халифаты, Самани, Қарахан, Хорезмшах әулеттері, қарақытайлар, т.б.) саяси тарихы егжей-тегжейлі жазылған. Ежелгі түркілерге, қарлұқ, оғыз, қыпшақтарға қатысты саяси, этникалық, этнографиялық және мәдени сипаттағы мағлұматтардың маңызы зор. Ибн әл-Асирдің 1232 жылға дейінгі саяси оқиғаларды қамтитын тарихи еңбегінде Шыңғыс хан шапқыншылығы, оның зардаптары баяндалған. Ибн әл-Асирдің замандасы хорасандық тарихшы, Хорезмнің соңғы шаһы Жәлел әд-Диннің сарай хатшысы және өмірбаяншысы ән-Несауидің «Сират ас-сұлтан Жәлел әд-Дин Манкбурни» («Жәлел әд-Дин Манкбурни сұлтанның өмірі туралы») атты еңбегінде түркі тайпаларымен, соның ішінде қыпшақтармен тығыз байланыс жасаған Хорезмнің ішкі, сыртқы саясаты, Шыңғыс хан шапқыншылығы жайында құнды деректер келтіріледі. Шығармада Хорезм мен қыпшақ даласының достық қатынасы да, қарулы қақтығысы да баяндалады, қыпшақ қоғамының ішкі құрылысы, оның шаруашылығы, тұрмыс-жағдайы жайында мәліметтер бар. 14-15 ғасырларда мәмлүк (қыпшақ) әулеті билеген Египеттің Алтын Ордамен қарым-қатынасы жайында бірқатар тарихи шығармалар жазылды. Түркі әулеттері мен халықтары, елдері туралы тарихи география құнды деректері бар әкімшілік істерге қажетті энциклопедиялар жарық көрді. 13 ғ-да Египетте қыпшақтан шыққан әз-Захир Рукн әд-Дин Бейбарыс сұлтанның (1260-77) өмірбаянына арналған тарихи еңбек жазылды. Шығарманың авторы – сұлтанның хатшысы Абд әз-Заһир. Шығармада Алтын Ордамен қарым-қатынас, Қырымнан Итилге (Еділге) дейінгі жолдар сипаттамасы, сол кезде Дешті Қыпшақ тайпаларымен араласып кеткен Қырым тұрғындарының тайпалық құрамы жөнінде этнография мәліметтер беріліп, Алтын Ордадағы діни және идеологиялық жағдайлар туралы айтылады [19].

Көрнекті тарихшы ән-Нувейридің (14 ғ.) «Нихаят әл-араб фи фунун әл-адаб» («Араб пәндеріне қатысты тілек шегі») атты энциклопедиялық еңбегі 5 бөлімнен құралған. Тарихқа арналған соңғы бөлімі кітаптың жартысына жуық көлемін қамтиды. Тарих тарауы негізінен көшірме, ал түпнұсқасында соңғы жылдардағы яғни 1331 жылға дейінгі деректер қамтылған. Автор түркі халықтары туралы тарихи-этнография деректер келтіріп, «Қыпшақ еліне» қысқаша шолу жасайды, тайпаларының саны, ру тартысы жөнінде баяндайды. Өмірінің ұзақ жылдарын Мысырда (Египетте) өткізіп, ән-Насыр сұлтан (1347-51) тұсында мемлекеттңк хатшы міндетін атқарған дамаскілік әл-Омаридың «Масалик әл-әбсар фимамалик әл-әмсар» («Қалалар иеліктеріне көз жіберу жолдары») атты энциклопедиясының жеке томдарында Шығыс пен Батыс аралығындағы өзі білетін барлық мемлекеттер жайлы жазылған. Мұнда Шыңғыс хан шапқыншылығының Орта Азия мен Еділ бойына, Кавказға тигізген әсері, Дешті Қыпшақ жеріндегі қалалар мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, әдет-ғұрыптары туралы әңгімелейді. Саяхатшы ибн Баттутаның (14 ғ.) еңбектері де осы дәуірге сай келеді. Ол Танжер (Мағриб) қаласында туып, сонда білім алып, қазылық қызмет атқарған. 25 жыл (1325 — 49) саяхатта болып, 150 мың шақырымнан аса жол жүрген. «Тухфат ән-нузар фи ғараиб әл-әмсар уә аджаиб әл-асфар» («Қалалардың таңқаларлық ғажайыптары мен саяхат тамашасына тамсанушыларға тарту») атты кітабында өзінің сапарлары жайында баяндайды. Түркі халықтарының тарихы үшін Алтын Орданың құрамындағы Қырымнан Еділ бойына дейін созылып жатқан Оңтүстік орыс даласы туралы жазғандары бағалы мәлімет. Астраханнан шыққан ибн Баттута Константинопольге соғып, одан Алтын Ордаға қайта оралып, Сарайдағы хан ордасында болады, Еділден өтіп Үстіртке, одан Хорезм, Бұхара, Ауғанстанға сапар шегеді. Еңбекте Қазақстан жері, қазіргі Ресейдің оңтүстігін мекендеген ортағасырлық қыпшақтардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті жайында ете бағалы дерек келтірілген. 4-15 ғасырдағы арабтың көрнекті тарихшыларының бірі ибн Халдун. Ол Тунисте ауқатты отбасында туған. 1382 ж. Египетке қоныс аударды. 14 ғасырдың басында Сирияда болып, соңғы жылдарын Каирде өткізді. «Китаб әл-ибар...» («Ғибрат пен тәлімдік тәрбие кітабы») деп аталатын еңбегі 3 кітаптан құралған. Оның 1-кітабының 1-бөлімінде немесе «Мұқаддимде» (Кіріспе) өзінің әлеуметтік, философиялық және саяси-экономикалық көзқарастары, қоғам мен мемлекеттің дамуын, адамдардың мәдени және шаруашылық өмірін қамти отырып, адамзат мәдениетіне қатысты пікірлері жазылды. 1-кітап ежелгі халықтардың тарихы мен автор заманындағы шығыс мұсылман мемлекеттері, оның ішінде Қарахан, Салжұқ, Хорезмшах, Мәмлүк мемлекеттері, Таяу Шығыс пен Орта Азияда билік жүргізген Шыңғыс хан әулеттерінің тарихын қамтиды. Ибн Халдунның еңбегінде түркі тайпаларының (оғыз, қимақ, қыпшақ) ерте ортағасырдағы тарихы жөнінде деректер мол. Египет тарихшыларының ішіндегі көрнектілері: Ибн әл-Фурат (14 ғ.), әл-Қалқашанди (14-15 ғасырдың басы), әл-Махризи (14-15 ғасырдың басы), Ибн Тагриберди (15 ғ.). Бұлардың еңбегінде Алтын Орда мен Египеттің қарым-қатынасы, түркі халықтары, әсіресе, қыпшақтар жөнінде қызықты деректер бар. Египет тарихшыларының ішінде ибн Арабшаһтың (15 ғ.) деректері ерекіде құнды. Дамаскіде туған, бірақ бала кезінде тұтқындалып, Самарқанға әкелінген ол Хорезм, Астрахан, Сарай, Қырым, Түркістанда болып, Дамаскіге қайтып оралады. Кейін Каирге қоныс аударып, калған өмірін сонда өткізеді. Ибн Арабшаһтың «Аджаиб әл-мақдур фи нәуаиб ахбар Тимур» («Темірдің тағдырын шешкен ғажайыптар») атты тарихи шығармасында Әмір Темірдің жорықтары, Алтын Орданың саяси тарихы және тарихи географиялық жағдайы Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихы, этнографиясы жайында деректер берілген [20].

Араб халифатының 8 ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасаған әскери қимылдары. 633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам үздіксіз жүргізген жорықтарының нәтижесінде арабтар оңтүстікте Солтүстік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына дейін, шығысында Синд (Үнді) өзеніне дейінгі жерлерді бағындырып алып империяға айналды. Қылыш пен Құранға қатар сүйенген арабтар солтүстікке де ұмтылып, Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстанды жаулап алып, 705 ж. Мауераннахр жеріне басып кірді. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710-712 ж. Бұхара мен Самарқанды, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. 751 ж. Талас аңғарында, Таразға жақын Атлах қаласының түбінде арабтар мен түркештер арасында зор шайқас болып өтті. Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солтүстікке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа кешті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776-780) басылғаңнан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы, негізінен, бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі, негізінен, 8-10 ғасырлар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтүстік аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғасырда араб жиһанкезі Ибн Хаукал: «Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін» жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды.

Орталық Азияда исламның орнығуы Мұхаммед пайғамбардың 4 серігі — Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Әзірет Әлі) сахабаларының әскери жорықтарымен бірге осы аталған 4 әулие-халифалардың тікелей ұрпақтары — қожалардың діни насихат қызметімен де байланысты болды. Уақыт өте қожалар халық құрмет тұтатын тұлғаларға айналды. Діни уағызды шейхтар, кезбе дәруіштер, сопы-пірадарлар да жүргізді. Арабтардың әсерімен жергілікті елдің өз арасынан да діндар адамдар мен дінбасылар (молда, имам, ишан, қазы, қазірет, әулие, такуа-дуаналар, т.б.) көптеп шықты. Арабтар Орталық Азияның экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Олардың араласуымен қала мәдениеті өркендеді, халықаралық сауда жедел дамыды, Ұлы Жібек жолындағы қатынас жанданды. 8 ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде мұсылмандардың қамал-бекіністері — рибаттар (рабаттар) салынды. Бұл қамалдардың бір бөлігі кейін ірі қалаларға айналды. Қала тұрғындары арасында ислам дінін қабылдағандардың көбеюіне байланысты Аллаға құлшылық ететін арнайы орындар — мешіттер мен ханакалар салына бастады. Мешіттер рухани орталықтар қызметін атқарды. Кейін мешіттер жанынан арабша сауат ашатын медреселер ашылды. Біртіндеп көне түркі жазуының орнын араб жазуы басты. Түркілер лексикасына араб сөздері кеңінен ене бастады. Хиджра жыл санауы енгізілді. Тұрмысқа жаңа діни мейрамдар қосылды. Қайтыс болған адамдарды мұсылманша жерлеу дәстүрі орныға бастады. Қазақ сахарасында Шығыстың «Мың бір түн» сынды классикалық туындылары, исламды дәріптейтін Нұх пайғамбар, Құран хикаялары, діни аңыздар, «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зілиха», т.б. дастандары кеңінен тарады. Қазақ даласына исламмен ілесіп дүниені жаңаша тануға бағытталған ғылым мен білім келді. Арабтар Қазақстанға шығыстың озық мәдениеті мен өнерін әкелді. Қазақ жерінде Әбу Наср әл-Фараби сынды әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ғұламалар өсіп шықгы. Ислам басты дінге айналып, оның қағидаларын орындаушылардың қатары көбейді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы — Құранды құрметтеуге үйретіп, бір Аллаға бой ұсындырған жаңа дін түркі тілді жұрттардың туысқандық бірлігін нығайта түсті. Кейін ислам діні түркі халықтарын жаппай орыстандыру әрекетіне қалқан болды. Орталық Азияның арабтар арқылы ислам өрісіне тартылуы түркі жұртының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму үрдісін жеделдеткен фактор болды.

Дешті қыпшақ, Қыпшақ даласы — 11-16 ғасырларда қолданылған тарихигеографиялық ұғым. Ол алғаш парсы ақыны Насир-и Хусраудың дастанында (1030) аталады. Одан бұрын Дешті Хазар, Оғыз даласы аталған. Огыздардан тараған Қышпақ ұлысының қимақ саяси-әлеуметтік қауым құрып, байтақ мәдени із қалдырған өлкесі. 15 ғасырдың 2-жартысынан бастап қыпшақтардың негізгі мүрагері және ұрпағы болған қазақ халқының байтақ мекені Дешті Қыпшақ кейін «Қазақ даласы», «Қазақ сахарасы» деген атпен белгілі болды. Бұл өңірде 11 ғасырдың басында қыпшақтардың саяси жағынан күшеюіне байланысты этнография өзгерістер болды. Соның нәтижесінде 10 ғасырда емір сұрген географтар (Истахри, Ибн әл-Хаукаль) Оғыздар даласы (Мафаззат әл-гузз) деп атаған ұлан-байтақ жер енді Дешті Қыпшақ атымен белгілі бола бастады. Дешті Қыпшақ «Оғыздар даласы» алып жатқан жерден де кең аймақты қамтыды. 11 ғасырдың 1-ширегінде қыпшақтар Сырдария бойындағы жабгулар мемлекетіне күйрете соққы берді. Сонымен қатар Ертісті мекендеген Қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың билігіне тиді. 11 ғасырдың ортасында қыпшақтар Еділдің оң жақ бетіне өтіп, орыс жылнамаларында (1054) половцы деген атпен белгілі бола бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде куман немесе коман деп аталады. Орыс жылнамаларында «Қыпшақ даласы» деп шығыста Еділге, ал батыста Днепрге дейін созылып жатқан жерлерді атаған. Ал іс жүзінде қыпшақтар қонысы Карпат тауларының орманды бөктерлеріне дейін жеткені тарихи деректерден мөлім. 11 ғасырдың аяғында қыпшақтар Византияның Дунайдағы шөптеріне ілігіп, 12 ғасырдың орта шенінде олар Дунайдан әрі батыстағы жерлерді түпкілікті қоныстанған. Сонымен қатар қыпшақтар Қырымның далалық бөлігін, одан әрі шығыста Еділдің құяр саласы мен Саксин төңірегін де мекендеген. Олардың саксин тобы деп аталған ерекше тобы, орыс далаларын қоныстаған қыпшақтардың бірнеше топтары кездеседі. Дешті Қыпшақтыңтың ұшықиырсыз кең жеріндегі саяси билік қыпшақтардың қолында болып, оларға көптеген экономикалық топтар бағынған. Қыпшақтардың осылай өз жерін ұлғайтуын олардың батысқа қарай жаппай қоныс аударуы деп түсінуге болмайды. Олар осы кең алқапты тегіс мекендеген. Қыпшақтардың Ертіс пен Дунай арасындағы ұланғайыр жерді мекендегеніне қарамастан, сол кездегі тарихи шығармаларда осы жердің жалпы «Қыпшақ даласы» екенін білдіретін бірыңғай анықтама берілмеген. Мәселен, орыс жылнамалары бұл ұғымды шығыста Еділге дейінгі жерлер үшін қолданса, ал мұсылман авторлары Еділден Ертіске дейінгі жерді Дешті Қыпшақ деп атаған. «Қыпшақ даласы» деген кен ұғым тек Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін жиі қолданыла бастады. Плано Карпини (1246) мен Рубрук (1253-55) саяхатынан кейін қыпшақ жерінің шын менісінде ұшы-қиырсыз екені белгілі бола бастады. Армян патшасы Гетум кыпшақтардың қонысы шығыста Хорезм патшалығы, одан әрі Ертіске дейін созылатынын айтып, таңдана жазған (1307).

11-12 ғасырларда Дешті Қыпшақтың бір бөлігі саналған Қазақстан жерінде қыпшақтардың бірнеше тәуелсіз иеліктері болған. Сол мезгілде қыпшақтардың Хорезм мемлекетімен тығыз қарым-қатынастары болды. Хорезм билеушілері өзінің солтүстігі мен шығыстағы шекараларына жақын орналасқан Дешті Қыпшақ тайпаларының күшеюінен қорқып әрі оларды жаулап алу мақсатымен қыпшақтардың бірігуіне бөгет жасауға тырысты. Бұл ретте олар әр түрлі айла-шара қолданып бақты. Кейбір қыпшақ тайпаларын хорезмшаһтар көшіп-қонатын жер беріп, өз жағына тартса, қарсы шыққандарын күшпен бағындырмақ болды. Осы кезде Дешті Қыпшақ Батыс және Шығыс иеліктер болып екіге бөлінді. Шығыс қыпшақ хандығы немесе Шығыс Дешті Қыпшақ иелігіне Алтай тауынан Еділге дейінгі жерлер қарады. Батыс қыпшақ саяси бірлестігі атанған Батыс Дешті Қыпшақ Еділден Дунайға дейінгі жерлерге иелік етті [21].

1215-16 ж. Хорезм шаһы Мұхаммед Арал теңізінің солтүстігін мекендейтін мұсылман дініне кірмеген қыпшақтарға қарсы жорыққа шықты. Осы жорық кезінде Хорезм әскерлері Кумак пен Жарлы өзендерінің (Солтүстік-Батыс Қазақстан) алабында қыпшақтарға қашып бара жатқан меркіттерді қуалаған Бату әскерлерімен бірінші рет ұрысқаны мәлім. Хорезмшаһтар шекараға жақын орналасқан қыпшақ тайпаларымен қатар, орталығы Сығанақта болған қыпшақтармен де толассыз шайқас жүргізіп отырған. Алып Қара Ұранның баласы Қыран (немесе Кадыр Буку хан) 12 ғасырдың аяғында Сығанақты билеп тұрған. Хорезм шаһы Мұхаммедтің анасы Туркан хатун Қадыр Буку ханның қызы болған. Қыпшақ билеушілерінің ала ауыздығын пайдаланған хорезмшаһтар 13 ғасырдың басында Сығанақ иеліктерін қол астына қаратты. Ал бұдан бұрын Маңғыстауды мекендеген языр тайпалары тобымен бірге көшіп-қонып жүрген қыпшақтар да Хорезмге тәуелділігін мойындаған болатын. Дегенмен, Хорезмнен алыста жайлаған қыпшақ тайпалары өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Дешті Қыпшықты мекендеген тайпалардың Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі шаруашылығы біркелкі болмады. Олар, негізінен, кешпелі мал шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар егін салып, сауда және қолөнер кәсібімен шұғылданды. Қолөнер мен сауда, есіресе, Ертіс, Орталық Қазақстан, Сырдария және Еділ бойларында орналаскан қалаларда едәуір өріс алды. Дешті Қыпшақ арқылы өтетін көптеген керуен жолдары Қырым мен Орта Азияны Алтай мен Оңтүстік Сібір және Русытен байланыстырып, осы аймақтарда сауда-саттықгың өркендеуіне ықпал етті. Дешті Қыпшақ тайпаларынын арасында ислам дінінің әсері айтарлықтай болмады. Олар, көбінесе, аруақ пен Тәңірге сиынып, шамандық ғұрыптарды ұсталды. Қыпшақ билеушілерінің өкімет билігі үшін өзара қырқысуы және Хорезм мемлекетінің іштей әлсіреуі Батудың Дешті Қыпшақты тез арада әрі оңай басып алуына бірден-бір себеп болды [22].

Батудың 1236-42 ж. әскери жорықтарының нәтижесінде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ пен оның маңындағы жерлерде үлкен мемлекет пайда болды. Ол Шығыс мәліметтерінде Жошы ұлысы, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деген атпен белгілі. Дегенмен, соңғы атаудың қалай шыққаны осы уақытқа дейін белгісіз болып келеді. Алтын Орданың құрамына солтүстік пен солтүстік-шығыста – орыс князьдіктері мен Бұлғар мемлекеті, оңтүстікте – Қырым мен оның жағалауындағы қалалар, Кавказдың Дербентке, ал кейде Бакуге дейінгі белігі кіретін. Солтүстік Хорезм мен Үргеніш қаласы осы Алтын Ордаға қарайтын. Оның батыстағы шекарасы Днестр өзенінен әрі қарай созылып жатса, Шығыста Батыс Сібір мен Сырдарияның төменгі сағасына дейін жетті. Шыңғыс хан әулетінің салтына сай Бату ұлыстарды өзінің аға-інілерінің үлесіне бөліп берді. Олар өзіне берілген жерлерді дербес басқарғанымен, Алтын Орда (астанасы Сарай) хандарына тәуелді болды. Дегенмен, олар уақыт озған сайын бұл тәуелділіктен құтылып, өзіне берілген жерлерді жеке-дара билей бастады. Соның нәтижесінде 14 ғасырдың өзінде- ақ Жошы ұлысының бірлігін сақтап қалу қиынға соқты. Алтын Орда хандарынан іргесін бөлу бағыты, әсіресе, Мүбәрөк Қожаның тұсында (1320-44) етек алды. Ол Сығанақта өз атынан ақша шығарып, Сарай хандарынан өзінің біржола теуелсіздігін жариялады. 14 ғасырдың орта шенінен бастап Алтын Орданың өз ішінде тақ үшін қырқыс көбейді. Ал 14 ғасырдың 60-жылдары Сарайда жылына үш-төрт хан ауысып отырды. Өкімет билігі үшін болған осындай талас-тартыстардың салдарынан бұрын күшті мемлекет болған Алтын Орда жеке-жеке иеліктерге бөлініп кетті. Оны қалпына келтіремін деушілердің бірі Тоқтамыс (1380-95) болды. Алайда елдің өндіргіш күштерінің қирауы, толассыз ұрыстар кезінде оның байлығының тоналуы әрі Әмір Темірдің бірнеше рет жасаған жорықтары салдарынан Алтын Орда күшті мемлекеттер санатынан шығып қалды. Өкімет билігі үшін күрес қайта жанданды. Бұл түста Едіге женіп шығып, Алтын Орданың іс жүзіндегі ханы болды. Едіге мен Қадірбердіден (1491 ж.ө.) соң Алтын Орда жеке мемлекет ретінде өмір сүруден қалып, бірнеше бөліктерге бөлінді. Оның орнында Астрахан, Қазан, Қырым хандықтары пайда болды. Ал Шығыс Дешті Қыпшақта «көшпелі өзбектер» мемлекеті орнады. 15 ғасырдың 2-жартысында «көшпелі өзбектер» мемлекетінің жерінде Қазақ хандығы орнады. Шығыс авторлары Алтын Орда деген атаудың баламасы ретінде қолданған Дешті Қыпшақ 16 ғасырдан бастап осы жерде құрылған хандықтардың өз атымен аталды [23].

Көшпелі мал шаруашылығы және осыған сәйкес көшпелі тұрмыс Алтын Орда мемлекетінің өмірінде елеулі рөл атқарды. Алтың Орда тек көшпелі емес, сонымен қатар жартылай отырықшы да мемлекет болды. Себебі оның құрамына енген Бұлғар, Қырым, Солт. Кавказ, Хорезмде егіншілік пен қолөнер кесібі едәуір дережеде дамыды. Егіншілікпен айналысқан халықтан қалан салығы алынатын да, көшпелілерден копчур салығы (олардың малының бір проценті есебінде) жиналатын. Қолөнер мен сауданың негізгі орталықтары болып саналған Кафа (Феодосия), Судак, Керчь, Азов, Үргеніш, Бұлғар, Биляр, т.б. қалалар Алтын Орда дәуіріне дейін-ақ белгілі болатын. Жаңа билеушілердің сауда-саттықты кеңейтуге бағытталған шаралары мен жеңілген елдерден қолөнер шеберлерінің көптеп әкелінуі Дешті Қыпшақта жаңа қалалардың пайда болуына және өркендеуіне себепші болды. Алтын Орда астанасы Сарай да осы кезде салынған. Мемлекет ішінде тыныштық орнап, сауда мен қоленердің өркендеуіне жағдай жасалған кезде бұл қалалар да гүлдене бастайтын. Ал өкімет билігі үшін қырқыс, талас-тартыс тұсында отырықшылық пен қала тіршілігінің дамуына мүмкіндік болмайтын. Әсіресе, Әмір Темір жорықтарынан соң Алтын Орда қалаларының көпшілігі қирап, талқандалды. Дешті қыпшақ қалалары сауда мен қолөнердің орталығы болумен бірге бұларда ислам діні де тарады. Бату шапқыншылығына дейін-ақ ене бастаған ислам діні Алтын Ордада Берке хан тұсында (1256-66) күшейе түсті. Ибн Халдунның айтуынша, ол өз иелігінде мешіттер мен медреселер салдырып, ғұлама ғалымдарды маңына жинаған. Алтын Орда халқының арасында ислам дінін одан әрі тарату ісі Өзбек хан дәуірінде (1312-42) біршама қолға алынды. Алтын Орда билеушілері исламды барынша кең уағыздауға тырысты. 14 ғ-да Жошы ұлысында әдеби түрік тілі қалыптасты, оның құрамында ежелгі қыпшақ және оғыз тілдерінің элементтері едәуір болды. Сондықтан да Алтын Ордамен сауда-сатгық жасаған венециялық көпестердің пайдалануы үшін қыпшақ сөздігі «Кодекс Куманикустың» шығарылуы да жайдан-жай емес. Итальян авторы Франческо Пеголотти өзінің «Сауда ісі» (Торговое дело) деген кітабында Алтын Ордаға баратын саудагерлерге өздерімен бірге қыпшақ тілін білетін аудармашы алып жүру кажеттігі туралы кеңес берген.

Жошы ұлысының этникалық құрамында Еділ бойы мен Қырымды бұрыннан мекендеген алаңдар, хазарлар, еврейлер де болатын. «Бахр әл-Асрардың» авторы Бату әскерлерінің құрамында арғын, оғыз, найман, бұйрақ, ойрат, қарлұқ, құсшы, үйсін, мың, қоңырат, керейіт, барлас тайпаларының болғанын айтады. Әбілғазының келтірген деректеріне қарағанда, Бату хан Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралғаннан кейін інісі Орда Еженге жеке ұлыс беріп, байри, құсшы, найман, қарлұқ тайпаларын оның қол астына қаратқан. «Маджму ал-тауарихтың» авторы Ахсикенти Тоқтамыс ханға бас июге ризалық білдірген 32 тайпа туралы сөз еткенімен, олар қай тайпа екенін атап көрсетпейді. Алтын Орданы 15 ғ-да мекендеген тайпалардың құрылымы туралы мәліметтер біршама толығырақ. Дегенмен, олардың 14 ғ-дың соңғы кезеңінен бастап Өзбек ұлысы деп атала бастаған Шығыс Дешті қыпшаққа қатысы көбірек. Осы мәліметтерді қорыта айтқанда, Өзбек ұлысын мына төмендегі тайпалар мен рулар мекендеген: маңғыт, ішкімаңғыт, жалайыр, қоңырат, арғын, найман, қыпшақ, қалмақ, дүрман, үйсін, қият, керейіт, қарлұқ, құсшы, кенегес, барақ, құрлеуіт, ішкі масит, буркут, мекрит, тама, сулдуз, нукуз, тубай, шынбай, отаршы, сихиут, щункарлы, шадбаклы, шүбырған, каанбайлы, иджан, куйун (Құйын), барін, таймас, туман, жеті-мың, ұйғыр, татар, мажар, башқұрт, чат, аз, таңғұт, джуркун, өкірек найман, адгу, ішкі-байри, адлу-оғлы, т.б. Жоғарыда аталған тайпалар мен рулардың көпшілігі кейінірек Орта Азия мен Қазақстанда мекендеген халықтардың құрамына еніп, олардың этникалық негізі болды.



3.1 Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен, Осман империясымен қарым-қатынастары

Алтын Орда (1243-1503) – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті; Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде. (13-14 ғ.) мемлекеттік жерінің көлемі 10 млн. км2-ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый) хан тұсында (1227-55) Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236-42 ж.) - Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау (1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Тракия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырды. Бату хан тұсында мемлекеттік астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай өл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257-66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікгі түркі халықтарының әдет-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті. Алтын Орда мемлекетінің жері Ақ Орда ұлысы, Шағатай, Шайбани ұлысы сияқты аймақтарға, ал олар жекелеген иеліктерге бөлінді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай (хурилтай, хурилта) шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатгы түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мөңке өлімінен соң (1259) жалпы монғолдық құрылтайлар шақырылмайтын болды. Ибн Баттутаның деректеріне сүйенсек, Шыңғыс әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің құрылтайлары ұлыстарда да жыл сайын шақырылып отырған. Ұлыстық құрылтайлардың бірден-бір мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеуді көздеді (1269 ж. Талас құрылтайы, 1309 жылы құрылтай). Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жосынымен (Иасасымен) реттелінді. Иаса түпнұсқада сақталмаған, үзінділер мен мазмұны кысқаша баяндау түрінде ғана белгілі. Иаса қаулылары жөнінде мағлұматтар Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни мен 15 ғ-дағы араб жазушысы Макризи еңбектерінде келтірілген. Шыңғыс хан Иасасындағы халық ғұрпының дәстүрлі нормаларының кейін қазақтардың «Жеті жарғысының» кейбір ережелеріне әсері болды. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, баскақтар жергілікгі халықты әскери бақылауға алды. Қазақстан аумағы монғолдың 3 ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына кірді. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының орталығына, ондағы Ұлы құрылтайға шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266-80) кезінде империядан бөлініп, дербестікке қол жеткізді. Алтын Орда Туда-Мөңке (1280 - 87), Төле-Бұқа (1287 - 91), Тоқты (1292 -1312), Өзбек (1312 - 42), Жәнібек (1342 - 57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған басым рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Алтын Орда орыс мемлекеттігінің қалыптасуына игі ықпал жасады. Оның территориясында пайда болған мемлекеттер мен иелігіндегі жерлерде мемлекеттіліктің бірқатар түрлері өмір сүрді. Монғол ақсүйектері түркі тайпаларымен, әсіресе, оның ішінде мәдениеті жоғарырақ дамыған қыпшақтармен араласып, сіңісіп кетті. Алтын Орда Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 13 ғ-дың 1-жартысы мен 14 ғ-дың 1-жартысында орнаған мұндай тығыз байланыстар жөнінде К. Босворт «Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық-жер-ортатеңіздік сипатқа ие болды» деп жазады. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет исламданды. 14 ғ-дың 2-жартысынан бастап Алтын Ордада орталықтандыруға қарсы күштер әлсірей бастады. Орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, Қара т. өңірінде Мамай ордасы қалыптасты. Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде жергілікті билік күшейді. Алтын Орда жеріндегі саяси өзгерістер оның құрамындағы Ақ Орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ерзен және Мүбәрәк Хожа хандардың иелігі болған Ақ Орда 14 ғ-дың 2-ширегінде Алтын Ордадан бөліне бастады. 1368 ж. Өріс хан Алтын Орданы біріктіру мақсатында Еділ бойына әскери жорықтар жасады. 1374 - 75 ж. Сарай қаласын, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. Бірақ Мамайдан ығысып, 1376 ж. Сырдария бойына қайта оралды. 1377 ж. Өріс хан өлген соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің жарлығымен Алтын Орда ханы болып жарияланды. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды, Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеуге тырысқан Әмір Темірмен шайқаста Алтын Орда әскері жеңіліске ұшырады (1380). Алтын Ордамен әскери-саяси бірлікке ұмтылған Моғолстанды шапқыншылыққа ұшыратқан (1390) Әмір Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Отырар – Иасы – Қарашық – Сауран – Сарысу жолы арқылы Ұлытауға жетіп, Жыланшық, Тобыл, Сақмар, Орал өзендерінен өтті. 1391 ж. Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін тағы жеңді. Кейін Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданын басым бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігінде қалды. 1395 ж. Солтүстік Кавказдағы Терек өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері үшінші рет ойсырай жеңілді. Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этно-саяси ахуалдың, саяси-әскери күштердің ара салмағынын өзгеруіне, оның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. Темірдің жойюын әскери жорықтары Алтын Орданың құлауына әкеліп соқтырды. 1502 ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда мемлекеті жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым (1428-1792), Қазан (1437 - 1556), Қасым (1445 - 1681), Астрахан (1466 - 1557), Сібір (1563 - 1656), Башқұрт (1656 - 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде (шамамен 1466) қалыптасты. Алтын Орда мемлекеті Қазақстанның еуразиялық мәдениеті, мұсылмандық Шығыс өркениеті мен монғолдар бағындырған елдердің отырықшы-егіншілік мәдениетінің өзара ықпалы тұрғысындағы интеграциялық процестердің дамуына мүмкіндік туғызды [24].

Алтын орда – Египет қарым-қатынастары, 13 ғ-дың ортасы мен 14 ғ-дың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғ-дың 50 ж. Алтын Орда билеушілері мен Ирандағы монғолдық Хулагу (Ильхан) мемлекеті (1256-1353) арасында Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Египет мемлекетінің билеушісі Бейбарыс сұлтан (1260-77) Ирактан соң Сирияны бағындырмақ болған монғол әскерлерін талқандады (1260). Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы ортақ ниет Алтын Орда мен Египет мемлекеттерін сауда қатынасы, әскери және мәдени жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ислам дінін қабылдаған Алтын Орда ханы Берке (1256-66) тұсында орнаған, тіпті туыстық байланыстарға дейін ұласқан, арадағы қатынас 14 ғ-дың ортасында Ирандағы Хулагу мемлекеті ыдырағаннан кейін де жалғасын тапты. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық жолдаулар қыпшақ тілінде жазылды. 1357 ж. Жәнібек хан өзінің Әзербайжандағы жеңісі жөнінде Египеттегі қыпшақ сұлтанын хабардар етеді. Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы тығыз байланысқа Темірдің Қыпшақ даласына жасаған бірқатар әскери жорықтары да кедергі бола алмады. 1395 ж. Алтын Ордаға соңғы Египет елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына әкеліп соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.

Алтын Орда ханы Ұлығ Мұхаммедтің түрік сұлтаны Мұрад ІІ-ге хаты – Жошы ұлысының Осман мемлекетімен қарым-қатынасына бейбіт сипат беруге жасалған талпыныс. Ұлығ Мұхаммед хан (1419-23 ж. және 1426 - 37) 1428 ж. 14 наурызда Днепр өзенінің батысында түрік сұлтанына хат жолдады. Өте қысқа жазылған хатта Ұлығ Мұхаммед Алтын Орда хандары мен түрік сұлтандарының арасында бұрын байланыстың жақсы болғандығын айта келіп, қазіргі кезде екі ел арасында елшіліктер жіберу мен сауда-саттық жағдай жасау қажеттілігінің туып отырғанын баяндайды. Екі ел арасында саудагерлердің келіп-кетуіне қауіп төндіріп отырған күштерді бірігіп талқандауға ұсыныс жасайды. Хаттың түпнұсқасы Стамбұлдағы Топкапы архивінде сақтаулы. Алғаш рет бұл хатты түрік ғалымы Ақдес Нимет Курат 1940 ж. Стамбұлда қазіргі түрік тіліне аударды. 1950-70 ж. хаттағы тарихи мәліметтерді А.Ю. Якубовский, С.Е. Малов, М.Г. Сафаргалиев пайдаланды. Хаттың толық аудармасын, түсініктеме мен қосымшасын орыс тілінде Т.И.Сұлтанов жариялады [25].


3.2. Әмір Темірдің жүргізген дипломатиялық қарым-қатынастары

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саһиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістан — 18. 2. 1405, Самарқан қ.) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хүсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол "Аksak Timur" (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң, Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 - 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид I) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиһангер (1356 - 1376), Әмір Шейһ (1356 - 1394), Мираншаһ (1366 - 1408), Шаһруһ (1377 - 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394- 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 —1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

Әмір Темірдің қытайға елшілігі - 1387 ж. Қытай императоры Тай-Цзуға (1368 - 98) жіберілген Әмір Темірдің молла Хафиз бастаған елшілігі. Мұның алдында Шығыс Түркістан мен Орта Азияға бірнеше рет келген Қытай елшіліктеріне жауап ретінде барған. Елшілікпен бірге үлкен сауда керуені де сапар шекті. "Мин ши" атты қытай деректсмесінде Темірдің Иранға жорығы кезінде (1392 ж. басталған) жіберілген. Қытай императорына шамамен 1394 ж. жеткен хатының мазмұны берілген. Құжаттан екі мемлекеттің де өзара қайшылықтарын соғысқа ұластырмай шешуге, уақыт ұтуға деген ұмтылысы байқалады. Хатта Әмір Темір тарапынан Мин империясына білдірілген достық, өзара сауда қатынасын орнату ниетін қолдайтыны айтылған. Әмір Темір өзінің Иранға жасаған "Жетіжылдық" жорығының (1399 ж. басталған) қарсаңында Қытаймен, Моғолстанмен бейбіт қарым-қатынас сақтауды көздеді. Темір мемлекетіне, әсіресе, Самарқанда Қытайдан әкелінген фарфор, шай, жібек, атлас, бағалы тастар көпшілік сұранысына ие болды. Темірден кейін олардың ұрпақтары Халил Сұлтан, Шаһруһ, Ұлықбек тұсында Қытаймен елшіліктер алмасып, сауда қатынасы дамыды.



70




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!