СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика п?нінен шы?армашылы? ж?мыс

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін логикалы? тапсырмалар ар?ылы дамыту.  

  «Ел болам десе?,  бесігі?ді  т?зе» -деп  М?хтар ?уезов а?амыз айт?андай, елімізді? бесігі ол - мектеп.    Ал мектеп білім ордасы. Жа?сылы??а бастайтын жары? ж?лдыз-білім. «Надан ж?ртты? к?ні –?ара?, келешегі т?ман»-деп М.Дулатов айт?андай, егеменді елімізді? тірегі-білімді ?рпа?. Сусыз, ??р?а?, таса к?ле?ке жерге д?н ексе? ?нбейтіні сия?ты, жас ?рпа?тарымызды т?рбиелемесек ?спейді, ?нбейді. ?азіргі мектеп м??алімдеріні? алдында т?р?ан басты міндет - о?ушыларды? шы?армашылы? білім да?дыларын ?алыптастыру. Міне, ?з ?рпа?ыны? ?негелі, ?нерлі, е?бекс?йгіш, абзал азамат болып ?суі ?шін халы? педагогикасыны? негізгі ма?сатын шы?армашылы? пен о?у-т?рбие ?рдісіне тиімді пайдалану ?рбір ?стазды? міндеті болып табылады. Информатика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту т?р?ысынан тиімділігін арттыру б?гінгі орта мектепте информатиканы о?ыту теориясы мен ?дістемесіні? педагогикалы? м?селелеріні? бірі. 

Просмотр содержимого документа
«Информатика п?нінен шы?армашылы? ж?мыс»

Информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту.

«Ел болам десең,  бесігіңді  түзе» -деп  Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай, еліміздің бесігі ол - мектеп.    Ал мектеп білім ордасы. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-білім. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.   «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.   Қазіргі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз.   Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру.  Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды  (ЖАТ) информатика пәнін  оқытуда төмендегідей шығармашылық тақырыпты таңдап алдым:

Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту”, - деп атап көрсетілген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға ақпарат ағыны өміріндегі жол сілтеушісі, бағыттаушысы болу керек. Сондықтан да өзінің ісіне берілген және пәнге деген қызығушылығы зор мұғалім, келешекте оның шәкірттерінен бәсекеге қабілетті, білімді, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына өз үлесін қосуды армандайды. «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әр сыныптың мүшесіне үлгілі қасиеттерді дарытып, бойына сініру арқасында болашақ тұлғаны жасайтын жоғары деңгейде маманданған кəсіпқой мұғалім.
Мектеп әрқашанда оқушыларға терең де, нақты білім беруге тырысады. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық қабілеттерін қалыптастыру мәселесі – қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілет әрдайым қолдау тауып, ынталандырылып отыруы керек. Сондықтан менің өзіндік тақырыбым – информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өзіндік ұмтылуы, ізденісі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам өз бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жоғалып кетуіне жол бермеуі керек, себебі бұл қабілеттер өмірден өз орнын табуға септігін тигізеді.
Шығармашылық қабілетті дер кезінде дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда ол шектеліп, тоқырап қалуы мүмкін.
Осыған байланысты шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – өзіне өзі сенбеу, екіншісі – өз ісіне риза болмау, ал үшіншісі - жалқаулық. Осындай жағдайға жол бермеу үшін мына шарттарды орындау керек.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
3. Оқушы қабілеті мен жас ерекшелігіне сай әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау.
4. Кездесетін қиындықтар мен сұрақтарды шешуге көмек көрсету.
5. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу кезінде теория мен практика әрдайым кезектесіп жүру керек.
Шығармашылық жұмыстардың арқасында оқушылар өздерін еркін ұстап, әр түрлі жұмыс түрлерін өздері жасайды. Оқытушы өз шығармашылығы, тапқырлығы негізінде оқушының шығармашылығын қалыптастырады, оны дамыту жолдарын қарастырады.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктері ашып көрсету. Кез келген оқушы менің басшылығымен немесе арнайы берілген шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Балалардың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылу мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетін мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмалар қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.
Мысалы: 10 сыныбында Ms Power Point бағдарламасын оқыту кезінде, оқушыларға әр түрлі («Семей полигоны», «Павлодардың көрікті орындары», «Қазақстан жерінің табиғаты», «Өзім жайлы») тақырыптарында презентация жасап келу тапсырмасы берілді. Ал 8-сыныпта MS Word тақырыбын оқыту кезінде MS Word бағдарламасының буклет, құттықтау қағазын жасау шаблондарын қолдануға арналған тапсырмалар берілді.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз :
- барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру ;
- ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
- трансформация әрекетін, яғни, объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.
Ұсынылып отырған анықтаманың негізінде бастауыш сыныптарда логикалық ойлауды дамыту жүйесі анықталды.Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады.
1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру:
-талдау;
-жинақтау;
-салыстыру;
-жалпылау;
-саралау.
2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту:
- әртүрлі болжам, пікір айта білу;
- мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.
3.Трансформация әрекеттін жетілдіру:
- заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
- объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары:
- заттардың, сөздердің, сандардың қасиеттерін сипаттау.
- берілген қасиеттерге сай заттарды тану;
-заттардың, сөздердің, сандардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау;
- заттардың мәнді қасиеттерін белгілеу;
- заттарды, сөздерді, сандарды өзара салыстыра білуге үйрету;
- заттарды, сөздерді, сандарды топтау;
- оқиғаның тізбектілігін анықтау;
- қарама-қарсы құбылыстар жайлы пайымдау;
- әртүрлі ұғымдарға анықтама беру.
2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту жолдары:
- проблемалық жағдайлар тұрғызу;
- проблемалық сұрақ қою;
- шағын пікірталас өткізу;
- табиғат құбылыстарын, әртүрлі адамдардың іс-әрекетін, көңіл- күйлерін бақылау, қорытынды шығару.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
Ата-аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
Оқушылардың қаблеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Шығармашылыққа бағытталған практикалық және лабороториялық жұмыстар беру.

4. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
5. Сабақты түрлендіріп өткізу;
6. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
7. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
8. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;
2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;
3. Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.
Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.


Қолданылған әдебиеттер

1. Н.В. Занков. «Развиваюшее обучение» - М.,1999 ж.
2. Т.Жұманов «Игры – как форма активизации познавательной деятельности учащегося», 2005 ж.
3. «Информатика негіздері», ғылыми-әдістемелік журналы, № 5, 2006 ж
4. «Информатика негіздері», ғылыми-әдістемелік журналы, № 1, 2007 ж
5. Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М. «Педагогика негіздері» Алматы 2006
6. Керімбаева «Дидактикалық ойындар түрлері», 2005ж.
7. Эльконин «Психология игры», 1999ж.