СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Использование ИКТ на уроках английского языка

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной статье рассматривается использование ИКТ на уроках английского языка. Подробно описывается работа с икт с учебниками издательства Макмиллан.

Просмотр содержимого документа
«Использование ИКТ на уроках английского языка»

Ағылшын тілі сабағын ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев


Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне үлкен талап қояды.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.


Ақпараттық –коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық –зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

  • қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.


Мектебіміз үштілдік оқытуға енді. Осыған орай ағылшын тілі пәнін меңгертуде өзгешеліктер пайда болды. Британдық “Macmillan” баспасынан шыққан «Way Ahead», « Move Ahead», « Rising Star» оқулығы ұсынылып, оқушылар тегіс оқулықпен қамтамасыз етілді.

Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияны, оның ішінде компьютерлік технолгияны біз жиі қолданамыз. Әрбір сабақта 15-20 минуттық практикалық жұмыс компьютерлерге енгізілген электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асады.

Бұл электрондық оқулықтарды біз үнемі 2-7 зерттеу сыныптарында қолданамыз. Ал базалық сыныптарда оқулықта берілген тақырып пен электрондық оқулық тақырыбының сәйкестігіне қарай грамматика-лексикалық жатығуларды орындаймыз. 10-сыныпқа арналған «АВС» электронды оқулығын, 11-сыныпқа арналған «Ағылшын тілі» электрондық оқулығын пайдаланамыз.

Бұл электрондық оқулықтарда оқушылардың өз білімдерін толықтыруларына және өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған қосымша теориялық материалдар, сонымен бірге әр түрлі тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары мен үлгілері берілген. Электрондық тәсіл сапалы және жоғары деңгейде білім беру мүмкіндігін, оқытудың автоматтандырылған жүйесін туғызады.

Merits бағдарламасы бойынша 7-11 сыныптарға арналған электрондық оқулықтар бар. Бұл оқулықтармен біз жұмыс істеп келеміз.

Ағылшын тілі мұғалімдері сабақтарында АКТ-ны, оның ішінде компьютерлік технологияны жиі қолданады. Бұл сабақтар Way Ahead оқулығы бойынша практикалық жұмыс ретінде компьютерлерге енгізілген электрондық оқулықтар арқылы жүзеге асады. Олар 2А, 3А сыныптарында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға ағылшын тілі сабағында мұғалім түсіндіру кезеңін оқушыларға алфавитті таныстыру, әр дыбысты айтуға арналған жаттығулар жүйесінен бастайды; оқушылар әуелі тыңдап алады, әуелі дыбысты хормен айтады, сосын жеке - жеке айтады. Одан кейін осы дыбыстарды жаттықтыру, автоматтандыру, дағдыны қалыптастыру басталады. 10 сыныптарға арналған ABC электрондық оқулығында елтану тақырыбына байланысты мәтіндер тобы берілген. Жаңа сөзбен таныстыру, оның мағынасын түсіндіру және оны алғаш бекіту сабақтарында оқушыларды сөздің дыбыстық бейнесімен таныстырып, оның қалай айтылатынын оқушыларға тыңдату, дұрыс айтуға үйрету мақсаты көзделеді, оны мұғалім белгілі бір контекст құрамында енгізуі керек, бұдан кейін әр түрлі жаттығулармен бекітуі керек. 11 сыныпқа арналған English for 11th class электрондық оқулығы бар. Бұл оқулықтарды жиі қолданамыз.

9,11 сыныптарда МАБ-қа және ҰБТ-ға дайындық ретінде аптасына 1 рет ФИНИСТ бағдарламасы бойынша компьютердегі тестілерді орындайды.

Мұғалімдер интерактивті тақтаны сабақ барысында пайдаланады.

7 сыныптарда қазақстандық оқулық бойынша интернетпен жұмыс сабақ үстінде жүзеге асырылады. Тақырыптары: “Wild animals” және “Spacemen”. Бұл жұмыстар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне және шығармашылық жұмыстарын дамытуға бағытталады.

Грамматикалық материалды ұйымдастыруда нұсқа ережелерді қолдану, сөз үлгілерін қолдануға арналған грамматикалық материалдарды бекітетін жаттығулар сабақтарын тест жұмыстарымен жүргізеді.

Сабақ барысында PowerPoint бағдарламасы бойынша слайдтар жасау арқылы тақырыпты түсіндіреміз, бекітеміз, қорытындылаймыз. Word бағдарламасын қолданып, тест тапсырмаларын орындаймыз. Excel бағдарламасын пайдаланып, ағылшын тіліндегі бұрыс етістіктердің 3 негізгі формаларын кесте толтыру, кроссвордтар шешу арқылы оқушыларға орындатамыз.

Ақпараттық–коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.


Мысалы, мектебіміздің 7 А сыныбының үшжылдық сапа көрсеткішінің

салыстырмалы мониторингісінен көрініп отырғандай, сыныптың сапа көрсеткіші жыл сайын сәл де болса жоғарылап отыр.

Сабақ барысында АКТ-ның барлық түрлерін қолдануды одан әрі дамытуды көздеп, біз алдағы уақытқа мынандай жұмыстарды жоспарлап отырмыз:

  1. Интерактивті тақтаны қолдануды меңгеру және пайдалану.

  2. АКТ-ны базалық сыныптарда мүмкіндігінше көбірек қолдану.

  3. Merits бағдарламасы бойынша 7-11 сыныптарға арналған электрондық оқулықтарды сабақта қолдану.


Мұғалімдердің интернет жүйесінде қолданатын саиттары:
1.www.MACMILLANENGLISH.com.
2.Homeenglishguide
3. 7B.Edu.site.ru.
4. Students guide.ru
5. GOOGLE
6. YANDEX


ӘДЕБИЕТТЕР

1.Қалиева М. «Білім беру технологиялары және оларды оқу- тәрбие үрдісіне ендіру жолдары.» Алматы.2002жыл

2. К.Ж. Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар.» Алматы,2003

3. Интернет қоры