Назарова Шынар Талғатқызы
Атырау қаласы. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің билогия және химия пәні оқытушысы
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елдің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата-бабамыз туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы діріптеу. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
(Сабақты бастамас бұрын оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Шеңбер жасап тұрғаннан кейін, сағат тілімен айнала бір- бір ауыз сәттілік тілегін айтады.)
І. Кіріспе: Тақырып ашу (Б. Тілеуқановтың «Елім менің» әні)
Елім менің әнінен үзінді тыңдатып, өлең кімдікі екенін және не туралы айтылғанын оқушылардан сұрақ-жауап арқылы тақырып ашу.
Топқа бөлу (оқушыларды түстерге байланысты үш топқа бөліп отырғызу)
Мұғалім сөзі: Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
ІІ. Бейнежазба көру
Ал балалар біз қандай түсті партада отырмыз? Бұл түстер нені білдіреді ?
Балалар өз жауаптарын айтады.
Балалардың жауаптарынан кейін қызыл түсте отырған балалар қазақ елінің өткенін, сары түсте отырғандар бүгінін, жасыл түсте отырғандар еліміздің болашағын айқындайтындай, бейнежазбадан не түсінгендерін қағаз бетіне бейнелеп өз қиялымен ұштастырады. (постер қорғайды)
ІІІ. постер қорғау. (Постер жасауға 5 минут уақыт беріледі)
Оқушылар жасаған постерлерін таныстырады және басқа топтар бағалау ретінде өз пікірлерін айтады.
ІV. «Бәйтерек белестері» ойыны
1. Біз қай мемлекеттің азаматымыз ?
2. Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ?
3. Туымызда не бейнеленген?
4. Тудың авторы кім?
5. Елтаңбаның авторын ата.
6. Елтаңбамызда не бейнеленген?
7. Тіліміз қандай ?
8. Әнұранның авторы кім?
9. Ұлтымыз кім?
10. Бәйтеректің биіктігі қанша?
V. Қорытынды
Елбасының сөзімен қорытындылау
"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!"
Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін, -дей келе әр бір таңымыз арайлы, күніміз шуақты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген оймен тақтада тұрған күнге сәулесін шашып шуақ берердей тілегімізді жазып әсемдейік.
«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!