Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет | Күлкі деген бір керемет, Бәрімізге өте керек. Жақсылық пен қуаныштың, Белгісі болып есептеледі | Балалар бір-біріне күлімдеп қарайды, бір-біріне жақсы тілектер айтады |
Ұйымдастыру-ізденушілік | Балалар тыңдаңдаршы! Бір дыбыс естіледі? Бірдеңе ысылдап жатыр. -Бұл не? Қызық қой олар бірдеңе айтып жатыр. Сіріңке бізге оларды жағуларын ұсынуда. Балалар сіріңке жанады ма? Қане сіріңкені жағайын.(жағу) Қараңдаршы қалай сіріңке тез лапылдайды. -Ой балалар қараңдаршы от менің саусақтарыма жақындап келеді. Мені күйдіргісі келеді, не істеу керек? -Рахмет балалар саусағым күйеді ме деп қорқып кеттім. -Ал егер жанып тұрған еденге тастағанда не болар еді? -Көрдіңдер ме кішкентай сіріңкеде үлкен қауіп бар. -Балалар бізге хат келді. Мұнда қасқыр мен түлкіден балаларға деп жазылған, олардың не жазғанын тыңдаңдар. Хат оқу. -Балалар түлкі мен қасқыр қалай ауруханаға түсті? -Қасқыр мен түлкінің орнында болсаңдар не ісер едіңдер? ТСО. Өрт қауіпсіздігі Ойын. «Телефон» -Егерде өрт болған жағдайда қайдан көмек сұрауға болады? -Егер дәрігердің көмегі қажет болса, қандай нөмірді тереміз? -Қасқыр мен түлкінің үйін не істейміз? Оларға көмектесеміз бе? Орындарыңа отырыңдар. Стөлде не жатқанын қараңдар? -таяқшалардан нені құрастыруға болады? Осы таяқшалардан үй құрастыру керек. Енді түлкі мен қасқырда бір ғана үй емес көп үй болатын болды. Алтын ақыл: Қолыңа сіріңке алма, өрт шығуы мүмкін. Газдан абай бол! Ол тез тұтанып жарылады. Электр құралдарын тоққа қосуға болмайды. | Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды -сіріңке -үрлеңіз, еденге тастаңыз. Балалар үрлейді. -кілем жанып, жиһаз, шымылдық біз жанып кетер едік. -газ плитасын жағуға, май шамды жағуға қажет. -сіріңкемен ойнамайтын едім. -өрт сөндірушілерді шақырар едім. -егер өрт болса 101-ге телефон шалу керек. -103 нөмірін теріп дәрігерді көмекке шақырамыз. -ағаш таяқшалар бар. Балалар қасқыр мен түлкіге үй құрастырады. Балалар алтын ақылды қайталайды Балалар өз ойын ортаға салады |