СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Кальций және оның қосылыстары" 10 Ә сыныбы

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып  тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып  тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
«"Кальций және оның қосылыстары" 10 Ә сыныбы»

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Сыныбы: 10 Ә

Пән мұғалімі: М.Бамуратов






2017-2018 оқу жыл

Пәні

Химия

Сыныбы 10 Ә

Күні: 16.02.2018ж

Сабақтың тақырыбы

Кальций және оның қосылыстары


Сілтеме

10 сынып оқулық. Н.Нұрахметов


Жалпы мақсаты

Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы еркін сөйлейді,

өз ойларын ортаға салады


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

"Көрші", "Кір жуу", Джиксо, "Сұрақты қағып ал", "Жетістік ағашы" СТО

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук


Ұйымдастыру кезеңі



Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

1. Натрий

2. Калий

3. Кальций


Психологиялық ахуал қалыптастыру

"Көрші" әдісі


Үш тұғырлы тіл

Ауа Воздух Air

Зат Вещь Thing

Дене Тело Body

Қоспа Смесь Mixture

Құбылыс Явление Phenom


Үй тапсырмасын сұрау



"Кубизм" әдісі

Оқушылар металдар тақырыбы туралы берілген сұрақтарға жауап беріп үй тапсырмасын пысықтайды


Жаңа сабақ



Кальций және оның қосылыстары

Джиксо әдісі

Тақырыпты үш топқа бөліп беріледі

1-топ: Кальцидің периодтық кестедегі орны, табиғатта таралуы

2-топ: Физикалық және химиялық қасиеттері

3-топ: Кальцидің алынуы және қосылыстары


1-топ: Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті

Табиғи қосылыстары:

Табиғатта таралуы

  • сульфаттар CaS04• 2Н20 ғаныш,

  • карбонаттар - СаС03, доломит СаС03 • 2MgC03;

  • фосфаттары - фосфорит Са3(Р04)2, апатит Са5(Р04)30Н, фторапатит Са5(Р04)3Ғ, флюорит СаҒ2.

2-топ:

Физикалық қасиеттері

Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.

Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.

Химиялық қасиеттері:

Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.

Жай заттармен
  1. Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді

  2. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

  3. 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді

  4. 6Са + 2N2СаN кальций нитриді

  5. Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

Күрделі заттармен
  1. Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2

  2. Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.

Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:

  1. электролиз әдісімен алу үшін балқыған Калций хлориді (CaCl2) арқылы тұрақты ток жіберіп, катодта таза Калций металын алады;

  2. екінші әдіс Al не Mg ұнтағының әктаспен аралас қоспасын вакумда 1100 – 1200°С-та қыздыру арқылы алады. Калций көмегімен уран, торий, ванадий, хром, цирконий, бериллий, тантал сияқты қиын балқитын, сирек те шашыранды, ілеспе металдарды тотықсыздандырып өндіреді.

3-топ: Кальцийдің қосылыстары

Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:

СаС03 =t= СаО + СО2↑- 180кДж

Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж

Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:

Са(ОН)2 = Са+2 + 2ОН

Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңқурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакцияны зертханада көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әқ суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:

Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О

Газды одан өрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:

СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2

Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Са(ОН), судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк суті деп аталады. Сөндірілген өк құрылыста кеңінен қолданылады. Әк сүтін құрылыста әктеу үшін пайдаланады, ал сөндірілген өктің күммен қоспасын кірпіш қалаганда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жүмсайды. Бүл коспа ауада біртіндеп "ұстасып" қатая бастайды, себебі көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, қатты карбонат (бор) түзеді.

Кальций тұздарының құрылыста үлкен маңызы бар. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мәселен, табиғи гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:

CaS04 • 2НгО = CaS04 • 0,5Н20 + 1,5Н20

Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіп катаяды. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып коймайды, оны өшекейлік бедер, статуэткалар жасағанда және медицинада пайдаланады.

Көпшілікке белгілі цементтің күрамында кальцийдің силикаттары мен алюминаттары жүреді. Бұл тұздарды күммен қосып араластырғанда қатая бастайды, ейткені түзілетін кристалдар өзара ұстасып, берік материалға айналады.


Сабақты бекіту



"Сұрақты қағып ал" әдісі

Бағалау



Бағалау парағы

Өзін-өзі бағалайды,

топ-топтарды бағалайды


Кері байланыс



"Білім ағашы" әдісі

Үйге тапсырма



Кальций туралы есептерді шығарым келу





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!