СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік бағдарламалардың рөлі мен орны және олардың шет тілі сабақтарында қолдану

Категория: Немецкий язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2. — 34-б.
  2. Modern information technologies in education. Robert IV -Moscow School Press, 1994.-215.
  3. The use of electronic information and educational resources to support scientific research of young scientists.// Vestn. Tomsk State. Ped. Zap (Tomsk State Pedagogical University Bulletin). Galtsova NP, Mezentsev TI, IA Shvadlenko B.10. Series: Pedagogy 2006. — 13 to -18.
  4. Baytak, A., Tarman, B., & Ayas, C. (2011). Experiencing technology integration in education: children’s perceptions.
  5. International Electronic Journal of Elementary Education, 3(2), 139-151.
  6. https://www.iejee.com/index.php/IEJEE/article/view/233. Date accessed: 17 June 2018.
  7. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 3.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік бағдарламалардың рөлі мен орны және олардың шет тілі сабақтарында қолдану»

Әлденбай Жанерке Кенжебайқызы

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт студенті

Ғылыми жетекшісі: Б. Ж. Жумановна

Компьютерлік бағдарламалардың рөлі мен орны және олардың шет тілі

сабақтарында қолдану

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгеруі жеңілдей түседі.

Компьютерлік бағдарламаларды көптеген мұғалімдер әлемді танудың құралы ретінде пайдалануда. Бұл құрал мектепте оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, жаһандық ойлаудың жаңа идеологиясын ұсынуда. Ақпараттық технологияларды дамытудың және оларды оқу үдерісіне енгізудің қазіргі заманғы жағдайында компьютерді пайдалану – шетел тілін оқытудың тиімділігін арттырады және шет тілінде мәдениетаралық қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектесетіні анық. Компьютерлік бағдарламалар оқытушылар тарапынан көбірек танылуда, өйткені олар:

  • кез-келген пәнді оқуға ынталандырады және әр түрлі пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуға жағдай жасайды;

  • оқушылардың білім беру үдерісінде, атап айтқанда, шет тілі сабағында шет тілінің сөйлеу әрекетін меңгеруге деген қызығушылығын едәуір арттырады;

  • оқушылардың коммуникативті практикасын кеңейтеді;

Заманға сай озық білім алу үшін әлем ғалымдары компьютерлік бағдарламаларды жетілдіруді және оларды сапалы етуді зерттеп, оқыту компьютерлік бағдарламасына баса назар аударуда. Компьютерлік бағдарламалардың айқындалған қызмет көрсету түрлеріне қарай : оқыту, жүйе, аспаптық, қолдану, арнаулы болып бөлуге болады, бұл аталған компьютерлік бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері бар. Білім беру жүйесінде оқыту,арнаулы және қолдану компьютерлік бағдарламаларын қолдана аламыз. Мәселен қазіргі таңда сабақты түснікті әрі көрнеклік ретінде қолданып жүрген Microsoft Office бүкіл пакеті ( яғни Microsoft Office Excell, Microsoft Office PowerPoint, Microsoft Office Word, Microsoft Office Outlook) бұлардың барлығы қолдану компьютерлік бағдарламасына кіреді. Білімді салыстыра бағалайтын, технологиялар дамып тұрған заманда компьютерлік бағдарламардыңда жұмыс жасау технологиясы күрделеніп оқытушы мен оқушының сауаттылықтығын талап етуде. Интернет қол жетімді және жыламдығын жақсы дамытқан мемлекеттер компьютерлік технологияларды ұтымды пайдалануға көшкен. Кез- келген компьютерлік бағдарламаларды ғаламтор арқылы оны сапалы түрге аустыруға және мүмкіндіктерін кеңейтуге болады. Google компаниясы бізге керемет, қол жетімді бағдарламаларды ұсынады, бұл қосымшалар білім алуды жетілдіруге өз үлесін қосады. Мәселен Google Презентация бізге қол жетімді бағдарламаларға қарағанда сапалы қызмет атқарады, мұнда сабақта оқушыларға қызықты болу үшін тақырыптық слайд ішіне видео немесе аудио қосымшалары арқылы виртуальды сынып құрып бағытқа алған біліміңізді білім алушыға толыққанды жеткізуге мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар алған білімді сараптап бағалау, білім алушының білім деңгейін тексеру мақсатында тест құрастыруға болады, бұлда Google ұсынған компьютерлік бағдарлама арқылы жүзеге асады. Шет елде дуалды оқуға арналған түрлі компьютерлік бағдарламалар бар, барлығы білімді жеткізуге бағытталған. Оқушының деңгейін анықтайтын немесе аралық бақылауды қашықтықтан алуға болады, ол Plickers компьютерлік бағдарламасы арқылы жүзеге асады . Оқушылрға арнайы карталар жіберіліп, өздеріне тиесілі сұрақтарды алады. Бұл бағдарлама оқушылардың қаншалықты білім алғанын және қандай тақырыптардан көп қате жібергенін жүйелі түрде есептеп экран бетіне шығара алады, ал оқушылар бақылауды тапсырғаннан кейін ұзақ уақыт күтпей, өз жұмысының нәтижесін оңай біледі, өзінің қандай тақырыптарға көбірек дайындалу қажеттігін түсінеді. Сонымен компьютерлік бағдарламалардың маңызы ол білім алуды сапалы және оқытушы мен оқушының жұмысын жылдам әрі нақты ету болып табылады. Қашықтықтан оқытуда білімнің қайнар көзін берудің негізі осы компьютерлік бағдарламада болып табылады. Дәстүрлі оқытуда көп мұғалімдер компьютерлік бағдарламаларды оқытумен жиі қолданысқа алмайтын және бұл жағынан сауаттылқты да қадағаламайтын еді, осының нәтижесінде қашықтықтан оқытуда берілетін ақпараттар түсніксіз, әрі білім алушыға жеткен ақпарат өз сапасын жоғалтуда. Мұғалім кез-келген компьютерлік бағдарламаларды сабақ беру бағдарламасына енгізе алады, бастысы оқушының сапалы білім алғаны және оған түснікті болғаны. Компьютерлік бағдарламалардың негізгі рөлі - белгілі бір анықталған міндеттермен, функцияларды іске асыру немесе автоматтандырумен айналысады және пайдаланушының қызметін жеңілдетуі мүмкін.

Компьютерлік технологиялық бағдарламалардың негізгі қолданылатын бағыты:

  1. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;

  2. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;

  3. Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;

  4. Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;

  5. Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасыу;

  6. Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;

  7. Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.


Компьютерлік технологияны білім беру жүйесіне енгізу, шетел тілдерін оқытуда компьютерлік ойындарды қолдануға мүмкіндік береді, бұл шет тілі сабақтарында тіл мен сөйлеу материалын сәтті игеруге ықпал етеді. Шетел тілдерін оқыту әдістемесімен айналысқан көптеген ғалымдар ойын әдісі арқылы компьютердің қолданудың тиімділігіне баса назар аударды. Бұл ойын танымдық қызығушылықтың шешуші рөлін атқара алады, оқытудың күрделі процесін жеңілдетеді, оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайды, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шет тілдерін оқыту үдерісін жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі - білім беру жүйесіндегі компьютерлік технологиялық бағдарлама Web- cайт арқылы оқыту, бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Мұнда оқушы дүние жүзілік әдістемелік жүйелермен танысады. Сайтты аша отырп жұмыс істеу өте қызықты, толып жатқан тақырыптарды қамтиды, және мұнда тақырыптарға байланысты орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйелі енгізілген. Білім берудің компьютерлік-ақпараттық моделі - бұл дәстүрлі оқыту әдістері жүйесінен қазіргі заманғы ашық білім беру жүйесіне ақпараттық қоғамға өту кезеңі. Бұл келесі компьютерлік технологияларды қолдану арқылы: виртуалды кітапханалар, білім беру бағдарламалық құралдарын құру (электрондық кітапханалар, электрондық оқулықтар, сөздіктер), университеттер мен мектептердің ақпараттық базаларын құру, мультимедиялық бағдарламалар, виртуалды пікірсайыс клубтары, консультациялық орталықтар, әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріне арналған барлық оқу курстарын қамтитын бағдарламалар.

Компьютермен жұмыс - белгілі бір жүйелік білім мен дағдыларды игеруді көздейді, олар қазір компьютерлік сауаттылық деп аталады. Компьютерлік сауаттылықтың екі түрі бар: тұрмыстық және кәсіби. Шетел тілі мұғалімдері үшін кәсіби компьютерлік сауаттылық: (1) компьютерлердің техникалық және дидактикалық мүмкіндіктерін білу; 2) білім беру процесінде бағдарламалық жасақтама сценарийлерін құру мүмкіндігі; 3) бағдарламалық жасақтама инженері ретінде проблеманы түзету мүмкіндігі; 4) қолданбалы бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігі (оқыту және қолдау). Қазіргі даму кезеңінде шет тілдерін оқыту процесінде компьютерлік технологияларды -мультимедиялық технологияларды, коммуникациялық технологияларды (бейнеконференциялар, телеконференциялар, форумдар және т.б.) дамытуға, виртуалды шындық технологиясын құруға орасан зор көңіл бөлінуде. Шетел тілін үйрену процесінде компьютер лингвистикалық немесе коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін қажет функцияларды орындай алады:

1) диалог режимінде оқыту мен тестілеуді қамтамасыз ету;

2) тілдік ортамен байланыс эффектісін жасай отырып, диаграммалар, анимация және видео көмегімен нақты сөйлеу жағдайларын модельдеу;

3) сөйлеу жағдайын бейнелеу, оны білім беру диалогы процесінде ынталандыру, қолдау ретінде пайдалану;

4) компьютерлік желілерді қолдана отырып, оқылатын тілде қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы компьютерлік құралдар білім беру, оқыту және басқару ретінде жаңа компьютерлік бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалар арнайы білім беру мақсатында құрылады, шет тілін үйренуде жағымды әсер етуде. Ағылшын тілі сабақтарын оқушыларға қосымша ретінде және мұғалім сабақты жоғарғы әрі көңілді деңгейде өткізгі келсе, виртуальды түрде, Class Dojo білім беру бағдарламалық компаниясы ұсынған компьютерлік оқыту бағдарламасын ұсынуға болады. Бұл бағдарламада виртуальды оқыту негізделген.

ClassDojo - бұл мұғалімдер, оқушылар мен отбасылар күнделікті үйде сыныпта үйренгендерін фотосуреттер, бейнелер мен хабарламалар арқылы бөлісу арқылы біртұтас қоғамдастықтар құру үшін пайдаланатын мектептік коммуникация алаңы. Мұнда мұғалімдер оқушыларға хабарлама жазу арқылы түрлі тапсырмалар бере алады және оқушылар берілген тапсырманы арнайы бекітілген уақытқа дейн орындап шығуы тиіс, сонымен қатар осы бағдарлама арқылы оқушылар топппен және жеке жұмыс жасауға болады. Осы айтылып отырған виртуальды сыныпта оқытушы оқыту технологиясының барлық түрін жүзеге асырады. Мұғалім оқушыларға баға немесе мадақтау сөздері арқылы кері байланыс жасайды. Бұл дегеніміз шет тілін оқушыларға үйретіп және оларды қызықтыруға үлкен мүмкіндік

Шетел тілдерін оқытудың дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда компьютерлік бағдарламалардың кейбір артықшылықтары бар екенін ескеру қажет. Олар сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін үйретуге мүмкіндік береді және оларды әр түрлі үйлесімді байланыстырады, тілдік құбылыстарды жүзеге асыруға, лингвистикалық қабілеттерді қалыптастыруға, коммуникативті жағдайлар туғызуға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін жаттықтыруға көмектеседі, сонымен қатар оқушылардың жеке жұмысының жүзеге асуы мен өзіндік жұмысының күшеюін қамтамасыз етеді.

Шетел тілі сабағында компьютерлік технологияларды қолдану түрлі келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • айтылымды жақсарту;

  • оқу дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

  • жазу қабілеттерін жетілдіру;

  • білім алушылардың лексикасын байыту;

  • оқыту грамматикасы;

  • шет тілін оқудың тұрақты мотивациясын қалыптастыру.

  • тыңдап түсіну қабілетін жақсарту

Оқушылар мультемедиялық бағдарламаларды пайдалану оқып жатқан құбылыстармен обьект жайында толық танысады және дәл ақпарат береді. Компьютерлік бағдарлама шетілін білумен жетілдірудің сапасын арттырады және оқушылармен жұмыс істеу қарқынды болады, оқу матиралын үйренуде жылдамдығын арттырады, оқушының сабақта және сабақтан тыс өз бетінше жұмыс істеуі үшін жұмыс көлемін ұлғайтады.

Шет тілі сабағында компьютерлік бағдарламаларды қолдану сабақтың мазмұнды әрі қызықты болуына көмектеседі, оқушылардың зерттелетін пәнге деген қызығушылығын, мұғалімдерді оқыту шеберліктерін арттыруға итермелейді. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын осы жаңа ғасырдың талабы десек қателеспейміз. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру-оқу-таным іс-әрекетінің мотивациялық-тұлғалық, мазмұнды-амалдық, процессуалды-еріктік бөліктерін қамтитын бүтіндей жүйе болып және виртуальды стенд, интернет жүйесі, электрондық оқу құралдары, мультимедиа және т.б. оқушының танымдық белсендігін қалыптастыратын, шығармашылық ізденіске баулитын оқыту ортасы ретінде қарастырылады.

Қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламалар мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді, оқушылардың дербестігіне ықпал етеді және олардың өздерін көбірек сенімді болуына көмектеседі және оқушылардың шет тілін тиімді үйренуге деген ынтасын арттырады.






























Əдебиеттер тізімі

  1. Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік — білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — — № 2. — 34-б.

  2. Modern information technologies in education. Robert IV -Moscow School Press, 1994.-215.

  3. The use of electronic information and educational resources to support scientific research of young scientists.// Vestn. Tomsk State. Ped. Zap (Tomsk State Pedagogical University Bulletin). Galtsova NP, Mezentsev TI, IA Shvadlenko B.10. Series: Pedagogy 2006. — 13 to -18.

  4. Baytak, A., Tarman, B., & Ayas, C. (2011). Experiencing technology integration in education: children’s perceptions.

  5. International Electronic Journal of Elementary Education, 3(2), 139-151.

  6. https://www.iejee.com/index.php/IEJEE/article/view/233. Date accessed: 17 June 2018.

  7. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. — 2001. — № 3.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!