1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі – Ұжым деген не, өз ойларыңды айтыңдар. – Сөздікті ашып, «ұжым» деген терминге қандай түсініктеме берілгенін оқыңдар. Ақпарат көздерімен жұмыс. 3. (Ө) Саралау жұмысы. Саралау . Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Мәтіннің бірінші бөлігін оқу (П) Сұрақты талқылау Бір сыныптың оқушыларына ортақ қандай мақсаттар бар? Қорытынды: Сыныптағы оқушыларды бірге оқу, ойнау, демалу секілді ортақ мақсаттар біріктіреді. 4. (Ұ) Рефлексияға арналған жаттығу. Сөйлемді толықтырыңдар. – Мен өз сыныбымды жақсы көремін, себебі ... – Егер мені ... маған ұнамайды. – Сыныптастарыммен ... жайында сөйлескенді ұнатамын. – Мен өз сыныптастарыма әрдайым ... – Мен ... дос бола аламын. – Менімен дос болуға болады, себебі ... 5. Сергіту сәті Жаттығу жасайық! Көтереміз қолымызды Созыламыз жоғары. Бір, екі, үш Денеңді солға бұр. Қолыңмен көмектесіп Беліңді шынықтыр. 6. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Мәтіннің екінші бөлігін оқу. Өзін-өзі басқару туралы мәтінді оқу және талқылау. Топта жұмыс істей отырып, 3 немесе одан да көп маңызды пункттен тұратын өзін-өзі басқарудың бірыңғай ережесін, дайын шаблонның негізінде өзін-өзі басқарудың меншікті үлгісін құрастыру. Үлгі дегеніміз – заттың немесе үдерістің сызба түріндегі бейнесі. Топтардың жұмыстарды сынып алдында көрсетуі. Оқушыларға қолдау көрсету. Ережелерді талқылау, оны қабылдау және сыныптың көрінетін жеріне ұжым ережесінің қасына іліп қою. Бағалау критерийлері 8. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды – Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? |