Просмотр содержимого документа
«Маркерленген және нөмірленген тізімдер»
6 сынып | | күні | 20.01.2017ж |
Сабақтың тақырыбы: | §4.8. Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. |
Сілтеме: | 6-cынып оқулық |
Жалпы мақсаты: | Мәтіндік редакторда құжаттарды қарапайым нөмірленген тізім және маркерленген тізім түрінде жазуды үйренеді |
Білімділік | Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, нөмірлеу туралы түсінік беру |
Дамытушылық | Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану |
Тәрбиелік | Компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу |
Сабақтың түрі | Жаңаша білім беру |
Сабақтың типі | Аралас сабақ |
Оқу нәтижелері: | Оқушылар нөмірленген және маркерлеген тізімдерді,бағандарда компьютерде жұмыс істей алады. Практикалық жұмыстар орындау арқылы оқушының тәжірибесі артады. |
Түйінді идеялар: | Сыни тұрғыдан тапсырмалар орындату арқылы шығармашылығын дамыту және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,тақырыпты кең көлемде аша түсу |
Жаттығулар: | Үй тапсырмасы бойынша «Сәйкестендіру» кестесі және тест |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: | Берілген тақырыпты оқып, «топпен зерттеу» стратегиясын пайдаланып екі топ бір-біріне сұрақ қою арқылы жаңа сабақты пысықтау. І топ. «Нөмірленген». ІІ топ. «Маркерленген» |
Тапсырмалар | 1 -тапсырма «Сәйкестендіру» кестесі және тест аркылы үй тапсырмасын сұрау 2- тапсырма «Мен- саған,сен-маған» әрбір топ өздеріне берілген такырыпты корғау 3- тапсырма «Өз қолыңмен ұстап көр» тапсырмасы бойынша практикалық жұмыс, жаңа сабақты меңгерту 4-тапсырма «Өзіңді тексер» тест |
Дереккөздер: | Информатика , 6-сынып, Дидактикалық материалдар, Әдістемелік нұсқаулық, |
Көрнекіліктер: | Интербелсенді тақта, кеспе парақша, бағалау парақшалары, А4,маркер, стикер,т.б |
Оқуға арналған тапсырма: | §4.8. Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. |
Рефлексия | Бүгінгі сабақтан менің білгенім... Қызықты болғаны... Қиын болғаны.... .... енді мен орындай аламын. ... мен жасай алады екенмін. Мені таңғалдырғаны.... |
Мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру бөлімі: аттар бойынша топқа бөлу.
Үй жұмысын сұрау: «Сәйкестендіру» кестесі және тест.
Оқушылар паракшаларга жауап береді?
1. MS Word редакторын іске қосу жолы
А. Мәтінді курсивпен жазады
2. Құжатты сақтау командасы
В. Файл – Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не?
С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы
D. пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не?
E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?
F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай?
К
G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 – С
2 – Е
3 – Ғ
4 – В
5 – G
6 – D
7 – А
Тест.
Қайсысы мәтіндік редакторға жатады?
Microsoft Word
Microsoft Power Point
Microsoft Excel
Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?
Пуск - Microsoft Word
Все программы – Microsoft office - Microsoft Word
Пуск - Все программы – Microsoft office - Microsoft Word
Жаңа құжатты құру үшін:
Вид – разметка страница
Файл – создать – новый документ
Файл – создать документ
Құжатты сақтау үшін:
Файл – сохранить как
Файл – сохранить – имя файла – сохранить
Файл – сохранить - сохранить
Қаріп (шрифт) тобында орналасқан құралдар:
Шрифт, размер шрифта, регистр, очистить формат, Ж К Ч,
Ж К Ч, нумерация, маркер, интервал
Шрифт, абзац, стиль
Абзац дегеніміз не?
Аталған белгі құжатты редакциялау
Ентер пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиынтығы
Абзацты туралау үшін қолданылады
Мағынаны тану. Топтық жұмыс
«Топпен зерттеу» стратегисы
І топ. «нөмірленген тізім» тақырыбына талдау жаса.
ІІ топ. «маркерленген тізім» тақырыбына талдау жаса.
Сұрақ | Жауап |
Нөмірленген тізім дегеніміз не? | Нөмірленген тізім дегеніміз бұл нөмірленген абзацтар қатары |
Нөмірленген тізімді құру үшін қандай әрекеттер орындалады? | Негізгі қосымша бетіндегі абзац тобынан нөмірлеу командасын таңда Ашылған тізімнен ұсынылған жеті нөмірлеудің бірін таңда |
Нөмірдің жаңа пішімін анықтау | (определить новый формат номера) пункті арқылы Нөмірдің жаңа пішімін анықтау терезесінен нөмірлерді өзгертуге болады: Нөмірленген тізімнен нөмірлеу түрін таңда Пішімдегі нөмір символды көрсетеді, осылайша келесі нөмірмен жалғаса береді; Нөмірдің түрі үлгі аймағында көрініп тұрады |
Тізім не үшін қолданылады? | Кез келген нәрселерді тізіп жазу үшін қолданылады. Мысалы: адам аттарын, тағам түрлерін, ай аттарын т.б. |
Сұрақ | Жауап |
Маркерленген тізім дегеніміз не? | Әрбір пункті бірдей маркерлермен белгіленген абзацтар |
Маркерленген тізімді құру үшін қандай әрекеттер орындалады? | Негізгі қосымша бетіндегі абзац тобынан маркерлеу командасын таңда Ашылған тізімнен ұсынылған жеті маркердің бірін таңда |
Жаңа маркерді анықтау | (определение нового маркера) терезесінен жаңа маркерді анықтау (определить новый маркер) пункті арқылы маркерді өзгерте аламыз |
Тізім не үшін қолданылады? | Кез келген нәрселерді тізіп жазу үшін қолданылады. Мысалы: адам аттарын, тағам түрлерін, ай аттарын т.б. |
Практикалық жұмыс
ТАПСЫРМА №1.
Мына сөзді септеңдер : нөмірлеу тізім командасын қолданып жазындар.
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
ТАПСЫРМА №2
Информатика сөзін өзің септе: маркерлеу тізім командасын қолданып жазындар.
Атау септік: информатика
Ілік септік: информатиканың
Барыс септік: информатикаға
Табыс септік: информатиканы
Жатыс септік. информатикада
Шығыс септік: информатикадан
Көмектес септік: информатикамен
(сергіту сәті)
Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.


Сабақты қорындылау
Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау
Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауы
№ | Оқушылардың аты жөні | Сәйкестендіру кестесі | Топпен зерттеу стратегиясы | Практикалық жұмыс | Қорытынды баға |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Кері байланыс парағы
Бүгінгі сабақтан менің білгенім..........................................................
Қызықты болғаны.................................................................................
Қиын болғаны........................................................................................
.................................................................. енді мен орындай аламын.
...................................................................... мен жасай алады екенмін.
Мені таңғалдырғаны.................................................................................