СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары 5 сынып

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл 5 сыныптарға арналған сабақ жоспары және сол сабаққа жасалған слайд. . Сабақтың тақырыбы "Программалық жабдықтама". Бұл сабақта программа, программалық жабдықтама, қолданбалы жабдықтама туралы айтылады. Сонымен қатар қызметтік программалар және утилиттер, интерфейс туралы мәліметтер бар. Деңгейлік тапсырмаларда бар, программаның сақталуы.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары 5 сынып»

Пәні: информатика

Мектеп: Көктал орта мектебі


Күні: 19.12.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кобекова М.К.

Сынып: 5 «Ә» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Программалық қамтамасыз ету

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

5.1.2.1 «Программалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Программалық жабдықтамасы туралы біледі. Программалық жабдықтаманың қызметімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі: Программалық жабдықтаманың түрлерге бөлінетінін құрылымын, қызметін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: ОЖ-ні іске қосуды, тапсырмалар тақтасының таңбаларын пайдалануды, қосымшаларға мысал келтіре алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар: Программалық жабдықтаманың түрлерін атау.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ОЖ, ЖПЖ,ҚПЖ,ПЖ, қосымшалар

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Қалай ойлайсыңдар, неге ОЖ-нің біреуі кең тараған?

Компьютерден басқа қандай құрылғыларда ОЖ бар?

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Компьютердің программалық жабдықтамасы деген не?

2.ОЖ қашан жүктеледі?

3.Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған?

4.Қосымшаларға қандай программа жатады?

5.Программалық жабдықтаманың қандай түрін өздеріңе құруға болады?

Бағалау критерийлері

Программалар қалай сақталатынын анықтайды.

Операциялық жүйенің басты қызметін сипаттайды.

Программалық қамтамасыз ету қалай жіктелетінін түсінеді.

Программаның жұмыс істеу схемасын құрастырады.

Арнай мақсаттағы программаларға мысал келтіреді.

Жалпы мақсаттағы программалар мен арнайы мақсаттағы программаларды бір - бірімен салыстырады.

Құндылықтарды анықтау

Программалық қамтамасыз ету тақырыбын түсіндіре отырып оқушыларды ойлау ,есте сақтау ,және алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету .

Жоспар

Жоспарлаған

уақыт

Жоспарлаған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Өткенді қайталау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал туғызу

Ғылымның сырын ұғамыз,

Шығамыз білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізсін бізді биікке.

ІІ. Өткенді қайталау «Зымыран сұрақтар» әдісі

-Ақпарттың қандай өлшем бірліктері бар? Бит,байт, Кб, Мб, Гб,Тб.

-Хабарламаның ақпарттың көлемі деген не?Хабардың ұзындығы, яғни символдар саны.

-Бит дегеніміз не? Бит (ағыл. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;

-Ақпартты жеткізу жылдамдығы дегеніміз не? Бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны.

-Не үшін компьютерде ақпараттар 0 мен 1 сандары арқылы беріледі? Компьютерге ақпарат сигнал түрінде беріледі, яғни 0 мен 1 түрінде.

-Неліктен жыл өткен сайын әлемдегі ақпарттар саны жылдам көбейуде? Оқушылардың барлық ойлары дұрыс деуге болады.

қ/б: «Жақсы, жарайсың»

Оқушылар гүл күлтелеріне жазылған термин сөздерді тақтаға іледі және осы сөздер арқылы 3 топқа бірігеді, топтаса отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

І топ. Қазақ тілі

  1. Программалық жабдықтама

  2. Операциялық жүйе

  3. Драйверлер

  4. Утилиттер

ІІ топ. Орыс тілі

  1. Программное обеспечение

  2. Операционная система

  3. Драйверы

  4. Утилиты

ІІІ топ. Ағылшын тілі

  1. Software

  2. Operating system

  3. Drivers

  4. Utilities
























Гүл күлтелерін жинау арқылы топқа бөлу




Сабақтың ортасы

20 минут




















































































Деңгейлік практикалық тапсырмалар

10 мин




Сабақтың соңы

3 мин




Синтез(бағалау)




Рефлексия

2 мин


ІІІ. Жаңа тақырып:

Жаңа сабақта «Білімленд» сайытында видео көріп, тапсырмаларды орындайды.

қ/б: «Бағалау терезесі»

«1 сурет 3 сөйлем» әдісі.

1-топ: программалық жабдықтама

Программа-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе деректерді өңдейді.

Программалық жабдықтама-компьютердің негізгі жұмыс істеуге арналған ақпараттық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. 

2- топ: қолданбалы программалық жабдықтама

Қолданбалы программалар-белгілі бір салада қолданылатын программалар жиыны. Олардың көмегімен құжаттар құруға,әртүрлі есептеулер жүргізуге, графикалық нысандар дайындауға болады.Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Арнайы программалар нақты бір мамандық иелері пайдаланатын программалар жатады. Мс: бухгалтерлік программалар, медицина саласында және т.б.

Әмбебап программалар мәтіндік және графикалық редакторлар, электронды кестелер және т.б. жатады.

3-топ: программалау жүйелері және операциялық жүйе

Программалық жүйелер дегеніміз — программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. 

Операциялық жүйе-компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды программалық жабдықтама.

Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 7,8,10, WINDOWS NT, WINDOWS HP, WINDOWS Vista OS/2, UNIX, MacOS және т.б.жатады. 
Драйвер-компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программа.

Қызметтік программалар-әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау жэне жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту жэне кеңейту үшін қолданылады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. 

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты ашады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Дискриптор

- Программалық қамтамасыз етуді түсінеді.

- Жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түйіндейді

қ/б: «Смайликтер»

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

«Адасқан құрылғылар» жұптық жұмыс

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.

  1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
    2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі;
    3. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады.

Дискриптор:

-Мәтіндік программаны аша алады.

-Адасқан сөздерді орнына қоя біледі.

-Мәтіндік редакторда мәтін тере біледі.

қ/б: «Жетістік баспалдағы» әдісі

V. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  1. Бізге программалық жабдықтар қажет пе?

  2. Өмірмен байланысы бар ма?

VI. Үйге тапсырма:Программалық қамтамасыз ету


https://bilimland.kz/kk/

courses/informatika










Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

суреттер













Үлестірме қағаздар




Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық жұмыс барысында оқушылардың қосымша қолдауы.

Жақсы қабілеттілер қызықты болып/ басқалаға күрделілеу болып көрінген өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Саралаудың түйінді қағидасы – тереңдеу.

Басты тапсырмаларды орындаған кезде сұрақтарды пайдалану.

Оқушылардың тапсырмаларды орындағандағы нәтижелерін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану.


Компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру. Көзге арналған сергіту жаттығуларын жасау