СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұманбай Молдағалиев Гүлдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Гүлдердің түрлеріне байланысты топтарға бөлінеді. Топтық,жұптық тапсырмалар бар. 

Просмотр содержимого документа
«Тұманбай Молдағалиев Гүлдер»

Пәні:

Әдебиеттік оқу 4-сынып

Уақыты: 15.02.2018

Кабинет:7

Мұғалім: Нұрланбек Ж.Ж

Сабақтың тақырыбы

Гүлдер. Тұманбай Молдағалиев

Жалпы мақсаттар

Өлеңдегі негізгі ойды таба білуге, өзіндік ой қорытындысын шығаруға үйрену

Оқыту нәтижесі

Өлеңдегі негізгі ойды таба біледі, түйінді ой қорытындысын шығарады.

Негізгі идеялар

Гүлдің адам өміріндегі маңызы мен ролі.Гүл-әсемдік символы

Сабақтың жабдығы

Суреттер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың жүру барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-ірекеті

Топқа бөлу

4 топқа бөлу. Әр түстегі гүлдерге бөлу.

Қолдарына алған гүлдер бойынша орындарына отырады.

Психологиялық ахуал

«Гүл сыйлау» тренингі

Оқушылар гүлді бір-біріне сыйлай отырып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Өткен тарауды пысықтау

Қандай бөлімді аяқтадық?

Кімдердің шығармаларымен таныстық?

Мәуелі бақ


Ой қозғау

-Балалар, қазір қай мезгіл?

-Көктемнің келгенін неден білеміз?

-Көктемнің алғашқы гүлі қалай атайды?

Қандай гүлдердің атауын білесіңдер?

-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

-Бүгін Т.Молдағалиевтің «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.

Қыс

Көктем мезгілінде далада, қырда әдемі гүлдері шыға бастайды.

Бәйшешек


Бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ, жауқазын, т.б

«Гүлдер»

Жаңа сабақ

Автор туралы мәлімет беру.Видеоролик көрсету.

Тұманбай Молдағалиев — ақын, аудармашы. 20. 03. 1935ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. “Балдырған” журналының редакторы болды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында”, "Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем” (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.Ақын атамыздың шығармаларының бірі «Гүлдер» өлеңі


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.

2.Оқушыға мәнерлеп оқыту. Топ арасында талдау.

Оқушылар тыңдайды.

Оқығандары бойынша талдайды.

«Полиглот» әдісі

Гүлдер атауын 3 тілде айту

Бәйшешек-подснежник-snowdrop

Қызғалдақ-тюльпан-Tulip

Сарғалдақ-лютик-carp

Жауқазын-шафран-tulips

3 тілде айтып шығады.

Топтық тапсырма

(ауызша)

1-топ.Гүлдер қайда өседі?

2-топ. Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

3-топ. Гүлдерге қатысты мақалдар айту.

4-топ. Гүлге теңеп қыздарға қандай есім қойған?

Далада,бөлмеде, алаңда, орманда.

Топырақ, күннің көзі, су қажет.

  1. Гүл-өмір қызығы.

  2. Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар

  1. Гүл қайда болса, көбелек сонда.

  2. .Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас.

  3. Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе –жердің көркі.


«Сен білесіңбе?»

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды ,ол гүлдің аты – Титан Арум. Базел қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2метрден асады,ал салмағы 100кг екен.т.б.

Оқушылар өздері ізденіп, ойланып гүлдер жайлы қызықты мәліметтер айтады.

Оқулықпен жұмыс

Өлеінің құрылымына талдау жасау.

1-шумақта қайталанып тұрған сөз.гүлдер,гүлдер

2-шумақта қайталанып тұрған сөз.гүлдер,гүлдер, екен,екен.

3-шумақта қайталанып тұрған сөз.гүлдер,гүлдер, тұра берші, тұра берші. Ұнайды, ұнайды.

Қайталау әдісін түсіндіру.

Қайталау-сөз әсерін күшейту. Ақын белгілі бір құбылысты немесе сөзді бірнеше мәрте қайталау арқылы оқырманның назарын өзіне аудару үшін қолданады.


Сергіту сәті

Т.Молдағалиевтің әндерін тыңдату

Оқушылар сергіп алады.

Шығармашылық тапсырма

1-топ. Өлең мазмұнына сай гүлдің суретін сал

2-топ. Гүл, көктем туралы білетін өлеңдер орындау.

3-топ. Гүлдер туралы тағы қандай мәлімет білесіңдер?

4-топ. Өлеңдегі етістіктерді теріп жаз.

Топтар тапсырмаларын орындайды.

Деңгейлік тапсырмалар

Дарынды баламен жұмыс.

Ұйқас сөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастырады.

................ ........................... гүлдер ,


...................... .................... гүлдер.


...................... ..................... балаға ,


...................... .................... далаға.


...................... .................... біреуін


...................... .................... анаға.


Үлгерімі төмен балалармен жұмыс.

Гүлдің суретін салыңдар.

Оқушы өлең құрастырады.

«Қырдағы әсем гүлдер» ойыны

Гүлдер таратып беру.

Әр топтан 2-3 оқушыдан шығып өзі қалаған гүлді таңдап, гүлге байланысты теңеу айтады.

Қорытынды.

-Балалар, сонымен біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық.?

-Өлеінің негізгі идеясы неде екен?


Үйге тапсырма

«Гүлдер»өлеңін жаттау , «Менің сүйікті гүлім» тақырыбына эссе жазу

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Белсене, жақсы қатысып отқан оқушыларды бағалау.


Рефлексия


Стикерді толтырады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!