Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле.»
Жүсіп Баласаұғын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, сақтауға үйрету;
Дамытушылық: Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Тәрбиелік- Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу , топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру.
ІІ. Үй тапсырмасы
Өтілген тақырыптар жазылған 10 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
Microsoft Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
Microsoft Word таңбашасы қандай?
Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал Форматтау тақтасына ше?
Жаңа Word құжаты қалай құрылады?
Қалып-күй жолының құрылымы мен негізгі мүмкіндіктерін сипаттаңыз.
Word құжатын қалай сақтауға болады?
Мәтінді енгізудің негізгі ережелерін атаңыз?
Символдар және сөздерді жою әдістерін сипаттаңыз.
Мәтінде сөздерді, жолдарды, мәтіннің кез келген фрагментін қалай ерекшелейді?
Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?
ІІІ.Жаңа сабақ
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады. пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.

1-әдіс:
Мәтіннің бөлігін айқындап алып, оны алмасу буферіне орналастырамыз
2.1 Орын ауыстыру үшін: Түзету Қию ( Вырезать) командасын орындаймыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасы шертеміз:
2.2 Көшіру үшін: Түзету Көшіру ( копировать) командасын орындаймыз немесе Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасы шертеміз:
3. Курсорды керек ( бөлікті қойғыңыз келген) жерге апарыңыз
4. Түзету Қою (всавить) командасын орындап Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасы шерткеннен кейін бөлік құжат мәтінне алмасу буферінен қойылады.
2-әдіс:
1. Мәтіннің бөлігін айқындап аламыз
2. Бөлікке тышқаннның сілтемесін апарыңыз
3. Тышқаннның сол жақ батырмасын басып тұрып, сол басулы күйінде жібермей ұстап, бөлікті жаңа орынға жылжытамыз (егер орын ауыстыру кезінде Ctrl пернесін басулы күйінде ұстаңыз, ол кезде бөлікті көшіру орындалады)
4. Тышқаннның сол жақ батырмасын жіберіңіз
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндау мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.

1.Буындардан сөйлем құрастыр:
2.Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі
14-қаріппен теріңдер.
Буындар жазылған қатарды алдын-ала жазып, - көшіру, - қою батырмаларын пайдаланып, көп нүктенің орнына буындардан сөздерді құрастырып орналастырыңдар.
Тасбақа
------------------
------------------
------------------
-------------------
------------------
Тас ме қа
Өр геу ші
Қыз ба ре
Не ғал ші
Тер мек дақ
"ҚАТЕНІ ТАП
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар
І топ ІІ топ
Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын.Суретке мәтін қосуға болмайды. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.
Жауабы: 5қате жіберілген Жауабы: 5қате жіберілген
Word графикалық редактор емес
Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес
3. Суретке мәтін қосамын.
1.Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады.
Сергіту сәті:
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам, қағазсыз. Пернетақта
Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана «F» әріптерінен басталады. Функционалдық пернелер
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер,
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер. Бит
Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. Меңзер
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. Сызғыш
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан. Жүйелік блок
Сабақты бекіту.
1.Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?
2.Мәтін қайдан теріледі?
3.Enter пернесінің қызметі?
4.Мәтіннің бүтін бөлігін қандай перне арқылы өшіреміз?
Бағалау
Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:§18 Мәтіндік құжатты редакциялау.