СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мастер-класс на тему "Технология сборки деталей самолетов"

Категория: Технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цель: Предоставление общей информации о подготовке и сборке деталей самолета.

Просмотр содержимого документа
«Мастер-класс на тему "Технология сборки деталей самолетов"»

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті

Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы


Бекітемін:

оқушылар шығармашылық

орталығы директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары:

______________Қ.Баянғалиев

«___»____________ 2018 жыл



Шебер сынып








Тақырыбы: Ұшақ бөлшектерін дайындау технологиясы



Коныров Асылбек Салимгереевич – «Сұңқар» үйірмесінің жетекшісі










Мамыр, 2018 жыл

Тақырыбы: Ұшақ бөлшектерін құрастыру технологиясы

Мақсаты:

Білімділік: Ұшақ үлгілері бөлшектерін дайындау және оны құрастыру жұмыстары бойынша жалпы мағлұмат беру. Жұмыс барысында пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен материалдардың қасиеттерін таныстыру;

Тәрбиелік: Ұқыпты, үнемді жұмыс жасай отырып, ойлау, болжау қабілеті арқылы барынша жоғары сапалы ұшақ үлгісін дайындау технологиясын көрсету. Осындай жұмыстар арқылы оқушының еңбекке қабілеттілігімен қатар кәсіпке икемділігін қалыптастыруға, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге болатынын дәлелдеу.

Дамытушылығы: Ұшақ үлгілерін дайындау барысында пайдаланылатын терминологияларды таныстыру және теориялық білім мен қатар практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Қатынасушылармен  жұмыс: «Технологиялық карта» «Авиаүлгі өлшемдері» (Ақпарат беру);

Сарамандық жұмыс: «Электрқозғалтқыш арқылы ұшатын авиаүлгіні құрастыру»;

Қорытындылау: Үлгіні сынақтан өткізу.


Үлгі өлшемдері:

Ұшақ ұзындығы: 900 мм

Қанатының ұзындығы: 1220 мм

Биіктігі: 245 мм

Қозғалыс жабдықтары:

Колекторсыз электроқозғалтқыш: 11.1в

Қабылдағыш: dynam 2.4 GHZ

Басқару аппараты: dynam 2.4 GHZ 4СН

Регулятор: Hobbywing 20A 2-3S

Аккумулятор: Li-Po tiger 3S, 2,1А, 11,1 V

Сервомашина: Tower Pro 9g

Пропеллер: 11/6

Шасси: 45*10

Подшипник: 10-15 мм

Үлгіні дайындауға қажетті материалдар:

1. Төбе плитасы – 9 дана;

2. Ағаш таспа (400 см) – 1 дана;

3. Түсті жапсырма (цветной скоч) – қалауына қарай;

4. Қос жақты жапсырма – 1 дана;

5. Әмбебап желім («Мастер» немесе «Титан») – 1 дана;

6. ПВА желімі – 1 дана;

7. 10*3*1350 мм ағаш таспа – 1 дана;

8. 2*300 мм болат сым – 1 дана;

9. 5*300 мм болат таспа – 1 дана;

10. 500*500*3 мм үшқат – 1 дана;

10. Бамбук таяқшалары – 8 дана.

Әуеүлгіні дайындау фюзеляждан басталады. Сызба бойынша 2 дана фюзеляж жақтаулары дайындалады. Көлемінің үлкен болуына байланысты жақтауды 2 төбе плитасын жалғап жапсыру арқылы жасаймыз. Бір жақ жақтауға бекіткіш ішкі қабырғаларды жапсыратын орындарды белгілейміз.

Фюзеляж жақтауының тұмсық бөлігінің ішкі бетіне күшейткіш қима жапсырамыз және қанатты бекітетін таяқшаларды орнату үшін тесіктерін оямыз.

Әуеүлгінің жақтауларын мықтау үшін ішкі қабырғаларды (шпангоут) желімдеп бекітеміз.

Қозғалтқышты бекітетін алдыңғы қабырға (мотошпангоут) фюзеляж тұмсығының ең алдына тақап бекітіледі (себебі: біз пайдаланғалы отырған электроқозғалтқыш фюзеляждың ішінде орналасады). Мотошпонгоут 3 мм-лік үшқаттан жасалып, оған қозғалтқышты салқындату мақсатында тесіктер ойылады.

Сыртқы әсерлерге фюзеляждың төзімділігін арттыру үшін ұшақ шпонгоуттарының астыңғы ортасына ұзына бойы 10*3 мм таспа жүргіземіз. Енді ұшақтың астыңғы табанын желімдеп, жапсырамыз.

Қанатты бекітетін қабырғаларға 2*15 мм ағаш таспа жапсыру арқылы күшейтіліп, қанатты бекітітетін резеңкелерді ілу үшін екі ағаш таяқшалар орнатылады.

Артқы қабырғаға бағытты басқарушыларды қозғалтуға арналған сервомашинкаларды орнатып, оның жалғамаларын (провод) өткізу үшін тесіктер оямыз. Аккумулятор орнататын ұяшықтың астыңғы қабырғасын 2 мм. қалыңдықтағы ағаш таспамен (ағаш сызғышты пайдалануға болады) күшейтеміз. Ұшақ шассиін бекітетін жерді күшейтуге де осындай қалыңдықтағы ағаш таспа пайдаланылады.

Фюзеляждың екінші жақтауын жабыстырамыз. Оның артқы жағына стабилизаторды орнату үшін тілік жасаймыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін стабилизатор мен кильді фюзеляжға орнатып, кермелерін жалғаймыз.

Келесі кезекте ұшқыш кабинасының артқы бөлігін сызба бойынша дайындап, желімдейміз. Фюзеляждың артқы шпонгоуттарының жоғарғы бөлігіне 5*3 мм-лік ағаш таспа желімдейміз.

Оның бетін төбе плитасына өлшемдері арқылы кесіп алынған жаппаны иіп жабамыз. Фюзеляждың алдыңғы беткі бөлігін 3 қабат төбе плитасынан дайындап, жапсырма арқылы бекітеміз. Электроқозғалтқыш пен регуляторды орналастыруға мүмкіндік болуы үшін алдыңғы қақпағын ашылмалы етіп орналастырамыз.

Сызбаға сәйкес бағыт пен биіктікті басқарушыларды (киль, стабилизатор) дайындаймыз. Олар 2 төбе плитасын қабаттап жапсыру арқылы жасалады.

Олардың рульдерін жапсырма арқылы бекітіп, кильдің бағыттаушысына 2 мм-лік болат сымнан артқы шассидің бағанын бекітеміз. Фюзеляждың артқы бөлігіне осы бағанды өткізетін орын оямыз және астыңғы қабырғасына айналма (подшипник) бекітеміз.

Үлгі арқылы екі қанатының астыңғы бөлігін кесіп аламыз. Лонжерон 3*10 мм қалыңдықтағы таспадан жасалады. Ал қанаттың алдыңғы бөлігі мықты жабысуы үшін төбе плитасынан 10 мм таспа тіліп, жабыстырамыз.

Желім кепкеннен кейін артқы бөлігін, артынан қанаттың шеттерін жапсырамыз.

Элерондарды сызба бойынша екі жағынан мұқият кесеміз. Элеронның шеттерін тегістеп, ішкі бөлігінің астыңғы жағын 45 градуста жонамыз. Оны ұшақ қанатына жапсырма арқылы бекітеміз.

Бұрандалар арқылы мотошпонгоутқа электроқозғалтқышты бекітіп, пропеллерін орнатамыз. Регуляторды екі жақты жапсырмамен бекітеміз және аккумуляторды арнайы ұяшыққа орналастырамыз. Электр желілерін тиісінше жалғап болғаннан кейін қанатты фюзеляжға резинка арқылы бекітеміз.

Ұшқыш орнын (фонарь) пластикалық материалдан «қалыпқа келтіру» арқылы дайындауға болады. Қалыпты ағаштан, гипстен немесе өзге де ыстыққа төзімді материалдардан дайындауға болады. шағын көлемдегі ұшақ фонарьларын шырынның пластикалық ыдыстарынан дайындаған жеңіл болады. Ол үшін пластикалық ыдыстың астыңғы бөлігін кесіп алып, ішіне қалып орналастырылады. Қалыптың астыңғы жағындағы бос бөлігін ағаш кесінділерімен толтырамыз. Осыдан кейін құрылыста қолданылатын кептіргішпен (строительный фен) қалыптау жұмысын жүргіземіз.

Ескерту:

  1. Қалыптау кезінде пластик материалын қолмен ұстауға болмайды;

  2. Жұмыс барысында кептіргішті қолға қарсы бағыттауға болмайды;

  3. Қалыптау фонарьдің жоғарғы бөлігінен бастап жасалады;

  4. Кептіргішті бір жерге ұзақ ұстап тұруға болмайды.

Шасси тіреуіштерін 2-3 мм-лік болат сымнан немесе металл таспадан жасауға болады. Тіреуіш фюзеляждың астыңғы бөлігіне бұрандалар арқылы бекітіледі. Ұлгіге арнайы немесе қолдан жасалған шасси орнатылады.

Ұшақ үлгісін сәндеу үшін оны акрильді бояулармен арнайы шашқыш арқылы бояуға немесе түсті жапсырмалармен қаптауға болады. Жапсырма іргелерін уақыт өте келе ашылып кетпеуі үшін оны үтікпен бастыру қажет.

Ұшақ үлгісін дайындай отырып, оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетеді:

  1. Әуе үлгісін дайындауды үйренеді;

  2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке, шеберлікке, әсемдікке және өнертапқыштыққа тәрбиеленеді;

  3. Ұшақ құрастыру тарихымен тереңірек танысады;

  4. Түрлі спорттық-техникалық және өнертапқыштық сайыстарға қатынаса алады.

Қорытынды:

  • Дайын ұшақты сынақтан өткізу;

  • Ұшақ үлгілерінің ҒАІ ұйғарымы бойынша сыныптарымен таныстыру;

  • Үлгіге қондырылатын электр бөлшектерінің түрлерімен, өлшемдерімен және қасиеттерімен таныстыру.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!