Мектептерде web-дизайн негіздерін оқыту әдістемесі

Категория: Информатика

МЕКТЕПТЕРДЕ WEB-ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Просмотр содержимого документа
«Мектептерде web-дизайн негіздерін оқыту әдістемесі»

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Жаратылыстану- математика факультеті


Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы





Бекен Жазира Асылбекқызы






МЕКТЕПТЕРДЕ WEB-ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Курстық жұмыс







Ғылыми жетекші: Айтбенова А.А

аға оқытушы

















Қостанай, 2014

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ..................................................................................................

3




I

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ...............................


4

1.1

Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұны мен әдістемесі.........................................................................


4

1.2

Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.................................................................................................


8

1.3

Информатика сабағында элективті курстарды қолдану тиімділі......

10




ІІ

МЕКТЕПТЕРДЕ WEB-ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ…………….................................................................


12

2.1

HTML Гипертекстік құжаттарды жасау тілі және Front Page бағдарламасы туралы жалпы мәліметтер…………………………….


12

2.2

Веб дизайн негіздері курсы бойынша тақырыптық жоспар.............

17

2.3

Веб дизайн негіздері курсы бойынша практикалық сабақтарды өңдеу әдістемесі………………………….............................................


18





ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………..

26





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….

27























КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

Мектептерде информатиканы оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, информацияның қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы метеп сыныптарында информатиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. 

Жұмыстың мақсаты: орта мектептерде информатика пәнінің Web-дизайн курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру,оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Жұмыстың міндеті: Педагогикалық білімдер жүйесінде информатиканы, соның ішінде Web-дизайн негіздерін оқыту әдістемесімен танысу.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі жиырма жеті беттен тұрады.




I. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) – білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын саласына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл – ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы Мектептерге «Информатика және есептеуііш техника негіздері» пәнінің енгізілуіне байланысты дидактикада информатииканы оқыту әдістемесі атты жаңа сала пайда болды. Информатиканы оқыту әдістемесі информатика ғылымының даму деңгейіне және қоғамның оқыту мақсаттарына сәйкес мектепте информатиканы оқытудың заңдылықтары мен әдістерін зерттейдіі. Информатиканың мектептегі мәселелерін қараастыратын мектеп информатикасы – информатика ғылымының бір саласы ретінде оқу процесіне дербес компьютерлерді пайдалану мен олардың техникалық, программалық, оқу - әдістемелік, т.б. жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Ол өзінің дамуында философия, психология, педагогика, информатика, т.б. ғылымдарының мәселелеріне сүйенеді. Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеліп, іс – тәжірибеден өткізілуде. Информатиканы оқыту әдістемесінің алдында әлі де зерттеуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Атап айтқанда, информатиканың мектепке дейінгі, бастауыш сыныптардағы, төменгі, орта, жоғары буындарда оқыту жағдайларын зерттеу; өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру; қолданбалы программаларды пайдалану; ашық програаммаларды өңдеу секілді көптеген мәселелер жан – жақты зерттеуді қажет етеді.



    1. Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін оқыту мазмұны мен әдістемесі


Информатика пәні мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде оқу жүйесінің барлық басқыштарына енгізілумен бірге, жыл сайын сағат саны артып, пән мазмұны жаңа тақырыптармен толығуда. Оның себебіе, қоғамның немесе бүкіл әлемнің ақпаратқа деген көзқарасымен байланыстыруға болады. Сондықтан информатика негіздерін оның даму болашағын, қолдану салаларын игеру әрбір саналы азаматтың міндетіне айналып отыр. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде «Информатика және есептеуіш негіздері» пәні 7 – 11 сыныптарда, ал лицей, гимназия және жеке мектептерде 2-ші, 5-ші сыныптарда оқыту тәжірибесі жүргізілуде. Бұл курсты оқытуға базистік оқу жоспарында 68 сағат бөлінген. Оқытудың жалпы құрылымы:

- танысу кезеңі (1-6 сыныптар) – дербес компьютермен алғаш танысып, онда жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;

- негізгі курс (7-9 сыныптар) – ЭЕМ – нің архитектурасы және ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру, компьютерді оқу процесіне пайдалануда өзіндік іс - әрекеттері қалыптастыру мақсаты көзделеді. Бұл кезде оқушыларда алгоритм, оның құрылымдары негізінде есептер шығару, программалаудың әдіс – тәсілдерін меңгеруарқылы компьютерді оқу процесіне тиімді пайдалануіскерлігі қалыптасады.

- бағдарлы курс (10-11 сыныптар) – оқушылар болашақ мамандық бағытына сәйкес кәсіптік бағдар бойынша оқиды. Олардың қабілеті, қызығушылығына, ынтасына байланысты ақпаратты саралап оқыту жүзеге асырылады. Мысалы, оқушы жаратылыстану – матемитика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілдері тереңдетіліп оқытылады.

Мектептің қазіргі жағдайында танысу кезеңі жеткіліксіз зерттелген. Өйткені, мұғалімдерді бастауыш сыныптарда және төменгі буын сыныптарында сабақ жүргізуге дайындау; мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізетін мамандар дайындауда әлі де бірқатар мәселелер шешімін тапқан жоқ.

Мектеп информатикасының мазмұнына міндетті түрде информатиканың базалық курсының негізгі бөлімдері кіреді.

  1. Информацияның және информациялық процестер.

  2. Алгоритмдеу және программалау.

  3. Логика және логикалық функциялар.

  4. Информациялық технология.

  5. Модельдеу.

  6. Дербес компьютерді пайдалану.

Әрбір бөлімді оқыту деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігіі, дағдысы және сәйкесіінше оларға қойылатын талаптарды анықтау мемлекеттік стандарт бойынша жүргізіледі. Оқытудың әдістері, пайдаланылатын көрнекіліктер, программалық жабдықтар секілді әдістемелік құралдар жасау мұғалімдердің, педагог – ғалымдардың қызметі болып саналады.

Мектеп информатикасының курсы информатика ғылымын түгелдей қамти алмайды. Сонымен қатар ол оқушыларға ең негізгі білімді жеткізе білуі керек,сонымен қатар жас ұрпақты ақпараттық қоғамға бейімдеуі керек.

Қазіргі кездегі дидактика жалпы білім берудің мазмұнының қалыптасуы принциптерінен оқу пәні мен ғылыми логикасының бірлігі мен қарама-қайшылық принципін бөліп алады. Б.Т.Лихачев бұл жөнінде былай деген: «Кез-келген ғылым қарама-қайшылықта дамиды. Ол өзіне жол іздейді, алға жүреді, бір орында тұрады».

Сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне және тақырыпты қабылдау ерекшелігіне назар аудару керек, білім беруді нақтыға немесе керісінше етіп ұйымдастырады. Мектептегі информатика курсының мазмұнын анықтау өте қиын. Оны анықтау үшін көптеген жұмыс атқарылады.

Теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде 60–жылдардың басында кибернетика білімнің фундаментальді негіздері жалпы білім беру жүйесіне кіру керектігі және бұл сұрақты шешу үшін мектеп пәндеріне жаңа арнайы пән енуі керектігін түсінеді.

Ең басында В.С.Леднев жаңа пәннің атауы ретінде «кибернетика» терминін қолданды, бірақ ол принципке сай болмады.

Кибернетиканың ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылымы ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда үлкен қадам болды. Математикалық жүйелердің осы екі типіне – физикажәне кибернетика байланыстырады. В.С.Леднев ғылымның екі қатарын талдайды:

  • материяның заттай-энергетикалық ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика);

  • сатерияның кибернетикалық (антиэтропиялы) ұйымдасуын зерттейтін ғылымдар (киберентика, биология, комплекс, антропологиялық ғылымдар, қоғамтану, техникатану);

Сонымен қатар физика және киберенетика аспектілі ғылымдар категориясына жатады, яғни нақтылықтың жалпы заңдылықтарын, заттай-энергеитикалық және киберентикалық заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар. Бұның негізінде жалпы білім берудің ортақ қағидасы құрылады. Бұл қағида негізінде қоршаған ортаны зерттейтін жалпы білім беру пәндері екі топқа бөлінеді: заттай-энергетикалық және кибернетика-ақпараттық. Осы әрбір топта жүйе құраушы элементтері болады. Заттай-энергетикалық топта бұл – физика, кибернетика-ақпараттық топта –кибернетика (информатика).

Жоғарыда келтірілген қағидаға және негізгі оқу пәндері екі фактормен - әрекеттің жалпы құрылымының және зерттеу объектісінің құрылымымен анықталатындықтан, В.С.Леднев кибернетиканы негізгі оқу пәндеріне енуі керек деген тұжырым жасайды. Кибернетика пәні ХХ ғасырда пайда болған жалғыз жаңа пән, қалғаны ХІХ ғасырда пайда болған.

Одан кейін мынадай сұрақ туады: информатиканы білім беру жүйесіне жеке пән ретінде ме немесе басқа бір пәнге ендіру керек пе? В.С.Леднев информатиканы жеке курс ретінде келесі аргументтерді берген:

«Егер кибернетиканы басқа ғылымға енгізсек, ол өзінің негізін жоғалтып алады. Бұл оқушылардың кибернетика туралы білімін таяздатады. Сондықтан кибернетиканы жеке оқу курсы ретінде енгізу керек. Кибернетика туралы білімді басқа пәндерді де жалғастыруға болады».

1985 жылы мектеп курсына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні енгеннен кейін, педагогикалық ғылымға жаңа старт берілді, оның объектісі информатикаға оқыту болып табылды. Педагогиканың бұл бөлімі – «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы және әдісі (информатика; білім дәрежесіне байланысты)» деген атау алды. Бұдан информатиканы оқыту теориясын және әдістемесін информатиканы оқыту процесінің түгелдей облыстарына енгізу керек. Біз жалпы білім беру жүйесіндегі орта мектеп бағдарламасындағы информатика пәнін қарастырамыз.

Білім берудің жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі өз алдына мынадай негізгі мақсат қояды:

  • Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарын анықтау;

  • Сәйкес жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау;

  • Орта мектептің оқу жоспарында алатын орны;

  • Информатиканы оқыту құралдарының жиынын қарастыру;

  • Мұғалім жұмысында оларды қолдануға ұсынымдар жасау.

Басқа ғылымдар сияқты информатика да өз алдына мынадай үш сұрақ қояды:

  1. Информатиканы не үшін оқыту керек?

  2. Нені оқыту керек?

  3. Информатиканы қалай оқыту керек?

«Информатиканы оқыту әдістемесі» ғылымы өте жаңа ғылым. Бірақ ол тақыр жерден пайда болған жоқ. Себебі кейбір практикалық тәжірибелер оған дейін болған, мысалы математикада логиканың кейбір элементтері оқытылады, физикада және т.с.с.

Бұл пән ең алғаш педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына 1985 жылы кірді. Одан кейін кітап шықты. 1993 жылы «Информатика» мамандығы шықты.

-Негізгі ақпараттық тәртіп бойынша оқыған оқушыларды білім мөлшерін, ЭЕМ- да тәжірибелік жұмыс жүзіндегі білімін, қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалар арқылы

-Негізгі ақпараттық желіні және телекоммуникацияны қамтамасыздандыру үшін

-Оқыту мекемелеріне және білім беру басқарма жүйесіне іс-қағаздарды автоматтандыру құжаттамасын енгізу.

-Негізгі ақпараттық және коммуникациялық технология және мультимедиа құралдарына оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін.

-Автоматтандыру процесін бақылау үшін керек оқыту шарасы, тестілеу және психодиагностика арқылы түзету нәтижелерін қамтамасыздандыру.

-Педагогикалық жоспарды қамтамасыздандыру, жүзеге асыру және осыған байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарымен қамту.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты информатика пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Осы ерекшелігіне байланысты пән мұғаліміне компьютердің түрі мен программалық жабдықталуын ескере отырып оқушыларға уақыт талабына сай блім беруі қажет.

Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып үйрену барысында жан – жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пән ішілік байланыстың күштілігінен көрінеді.

Мектептегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері » курсының мазмұны «информация – алгоритм - ЭЕМ» ұғымдарына негізделген. Информатиканы оқыту программалық және техникалық құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Компьютерде жұмыс істеу үшін мұғалім оқушыдан алгоритмді, программаны, нұсқауды терең білуін талап етуі тиіс.Бұл оқушыларды компьютерге тәуелді болудан сақтандырады және даралап оқытуға мүмкіндік береді. Мысалы, оқушы команданы немесе операторды компьютерге қате енгізіп болса, онда экранда «қате жібердіңіз» деген хабарлама шығады. Бұл хабарлама оқушыларға «ұнамайды».Осы жағдайдың екіеші рет қайталанбауы үшін оқушы өз әрекетіне ұқыптылықпен қарай бастайды.

Информатиканың негізгі құралы және оқу объектісі- компьютер кез келген басқа оқу құралдарына қарағанда «тәуелсіз» және басқару процесінің компьютерге берілуі оқушының танымын кеңейтеді.

Информатиканы оқыту әдістемесінің тағы бір ерекшелігі – оның алгоритмді «таза» күйінде үйретуді мақсат етуінде. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану,есептің қойылымына сәйкес математикалық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қамтитын іс-әрекеттер инфарматика пәнінде жаңаша сипат алады. Мысалы, математикадағы шамалар ұғымы инфарматикада сандық, литерлік, графиктік түрде беріледі, ал айнымалы шамалардың сандық мәнге ие болатын оқушылардың білімін тереңдетеді.



1.2 Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері


Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол үкім шығарушы қоры негізінде өзінің жалпы педагогикалық негіздерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған негіз: білім берудің адамгершілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы; азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу. ҚР білім беру салалары мынадай мақсат қояды: мәдениетті, жеке дами алатын, отбасы, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру. Мұның негізінде жалпы білім беретін мектептердің негізгі міндеттері келесідей болады:

  • Оқушылардың қоғамдық және өндірістік құндылықтарымен анықталатын білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;

  • Ғылыми дүниетанымды, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтар мен идеалдарды, шығармашылық ізденісті қалыптастыру;

  • Халықтың ұлттық-мәдени қажеттілігін ескеріп оқушыларды тәрбиелеу;

  • Жастарда азаматтық орынды, адамгершілік қасиетін, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға ұмтылу, өз ісіне жауапкершілігін дамыту.

Жалпы білім беретін мектептің ортақ мақсаттары үш негізгі топқа бөлінеді: білім берушілік және дамытушылық мақсат, тәжірибелік мақсат, тәрбиелік мақсат.

Мектептегі информатиканыоқытудың білім берушілік және дамытушылық мақсаты, бұл – түрлендіру процесстерімен қоса әрбір оқушыға информатика ғылымының бастапқы функционалды білім беру және осының негізінде оқушыларға әлемдік ғылымның қалыптасуындағы ақпараттық процесстердің мағынасын ашу, сонымен қатар қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиялардың және есептеуіш техниканың рөлін түсіндіру.

Мектептегі информатиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты – оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектепті бітіргеннен кейінгі кәсіби білімі іскерліктерімен қаруландыру. Бұл информатика пәнінің баланың ішкі дүниесімен, білімімен қатар оның тәжірибелік бағыттылығын дамытатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл пән оқушыларды компьютерлік техниканың және басқа да ақпараттық және қатынастық технологияларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға дайындау керек.

Мектеп информатикасы курсындағы тәрбиелік мақсат, бұл – оқушылардың есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың қоғам дамуындағы мүмкіндіктері мен рөлін түсіндірулері. Мектептегі информатика курсының оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасына әсері - ақпараттың ғылым негізін салушы 3 ұғымның : зат, қуат, ақпарат бірі ретінде түсінігінің қалыптасуымен анықталады. Информатиканы оқыған кезде оқушыда ой еңбегінің мәдениеті және жалпыадами мінездемесі қалыптасады, яғни мақсаттылық, бағыттылық, өз ісіне жауапкершілік, белсенділік және т.б.

Мектептегі информатика пәні нақтылықты қажет етеді, өйткені ол компьютермен жұмыс істеудегі негізгі құрамдас.

Қазіргі уақытта әртүрлі оқу курстарын өткізу мақсатында көптеген компьютерлік құралдар дайындалуда. Жалпылап алғанда оқу бағдарламасының бағыттары бойынша электрондық оқулықтармен өздігінен оқыту құралдары жасалуда. Осы бағыттағы қызығушылықтың қанат жаюына басты себеп: мультимедиалық текнологиялар сонымен қатар телекомуникация мен интернет желілерінің жетілуі. Ақпарат құралдарының мысалы ретінде гиперссылканы алуға болады. Гиперссылка арқылы берілген тақырыпьың басқа бөліміне өтуге немесе келесі бетіне өтуге, немесе басқа программада жасалған файлды ашуғв болады. Гиперссылканың орны сол компьютерлердің қатты дискісінде немесе компьютерлік желілерде тіпті интернет желілерінде болуы мүмкін.. Мысалы: Гиперссылка бойынша MS Word құжатында жұмыс істеп отырып толық ақпаратқа ие MS Exel дің диаграммасына көшуге болады гиперссылка арнайы сурет немесе мәтін (әдетте көк түске боялып асты сызқылған болады) түрінде болады. Оны қолдану үшін үстінен тышқанмен сырт еткізсе жетіп жатыр. Гиперссылка жасау үшін келесі қадамдардын бірін орындаса жеткілікті:

- бұрыннан бар немесе жаңа құжатқа, файылдын немесе Web-беттің гиперссылкасын қою;

- бұрыннан бар файл немесе Web-тің байланыс жасау;

- жаңа файлмен байланыс жасау.

Тасымалдау оперциясымен және MS Office-тің, программалық құралдары т.б. көмегімен белгілі бір объектіге жылдам гиперссылка жасауға болады.

Бұдан басқа электронды оқулық көмегімен білімді бақылау компьютерлік тестер жүйеге асады.

Бұл жұмыста ашық және өздігінен даму жүйесінің қағидалары енгізілген электронды оқулықтың тұжырымдамасы (принципі) ұсынылады.

Қазіргі заманғы қашықтан оқыту кезеңі әлемдік білімнің беделді формасы болып табылады.бүгінгі күнде қашықтан оқыту әдістемесімен оқытылатын университеттер мен колледждердің торабымен 5 құрлық жабылған. Үш елде – Ресейде, Қазақстанда және Бельгияда бүгінгі күнде тіркелген бұрыннан белгілі Халықаралық Ақпараттандыру Акедемиясының ішінен 1998 жылы құрылған.

Тәжірибе электрондық оқулықтарды қолдану оқушылардың берілген материалды сапалы қабылдайтынын көрсетеді. Осы тұрғыдан ақпаратты құралдарды дамыту, оқу жүйесіне әдістер мен әдістемелер жасауға кең көлемді мүмкіндік беріп, сонымен бірге оның сапасын арттырады.



1.3 Информатика сабағында элективті курстарды қолдану тиімділі


Элективтік курстар – мектептің жоғары басқышында бейіндік оқыту мазмұнына кіретін оқушылар таңдаған міндетті курс болып табылады. Ол пәндер бейіндік курстың «қондырмасы» бола алады. Ол кезде қосылған бейіндік курс толыққанды түрде тереңдетілген болып есептеледі-дағы, ал осы пән оқылатын мектеп (сынып) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын дәстүрлі мектепке айналады.

Екінші жағынан, элективтік курстар жалпы білім беретін минималды минималдық базалық курстардың біреуінің мазмұнын кең арнада дамыта алады. Бұл, біріншіден,аралас пәндердің бейіндік деңгейде оқытылуына тірек болып табылады, және екіншіден, қызығушылық танытқан оқушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мысалы, таңдалған пәннен бейіндік деңгейдегі ҰБТ тапсыру үшін қосымша даярлануына мүмкіндік береді.

Элективтік курстардың үшінші типі жекелеген оқушылардың өздері таңдаған бейіннің шегіне енбейтін, қызығушылық танытқан курстар болып келеді.

Жалпы, элективтік курстар, көп жағдайда, базалық және бейіндік курстардың «ақтаңдақтарын» толықтырады. Аталған функциялардан басқа, олар қосымша білім алу үшін керекті, тұтас дүниетаным картинасын құруға, еңбек нарығында керек болатын білім нәтижелерін алуға бағытталған практикалық міндеттерді шешумен байланысты болатын білік пен амал-тәсілдерді қалыптастыруға арналады.

Мынадай элективтік курстардың типтерін ұсынуға болады:

  1. пәндік элективтік курстар;

  2. оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімін кіріктіруге арналған пәнаралық элективтік курстар;

  3. типтік оқу жоспарына енбейтін пәнер бойынша элективтік курстар.

Келесі кезекте, информатика сабағында элективтік курстардың көмегімен білім мазмұнын саралауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырайық.

Қазіргі әлемдегі ақпарат көлемінің қарқынды өсуі оны жекелеген адамның толық қамти алмайтындығын да көрсетіп отыр. Бұл жағдай адамды белгілі бір сала бойынша мамандануы, ішінде жалпы орта білім беру де бар даярлығын мамандандыру қажеттілігін жетелейді. Білім мазмұнының бейіндік саралануы осы міндетті іске асыруға қарай бағытталған.

Элективтік курстар бейіндікпен бірге, біріншіден, жалпы жән кәсіби ілім беру арасындағы сабақтастықты сақтау тиіс; екіншіден, кәсіби білім мен болашақ кәсібін уәжділікпен таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.

Бірқатар пәндер бойынша - базалық курстар бойынша – базалық білім беру аяқталады.

Бірқатар пәндер бойынша - бейіндік курстар бойынша – дайындық кеңейеді әрі тереңдетіледі.

Информатика сабағындағы элективтік курстарда – оқушылардың дайындық бағыты мамандандырылады, кеңейеді не толықтырылады.

Информатика сабағындағы элективтік курстар – оқушылардың таңдауы бойынша қатысуы міндетті курстар болып саналады, олар мектептің жоғары басқышындағы бейіндік оқыту құрамына кіреді. Элективтік курстар жоғары сыныптардағы білім мазмұнының вариативтік бөлігінің компонентті болып табылады және әрбір оқушының жеке білімдік қызығушылығын, сұранысы мен қабілеттерін қанағаттандыруға қызмет етеді. Олар жеке білім бағдарламаларын құрудың маңызды құралы болып саналады, өйткені әрбір оқушының өз қызығушылығын танытып, болашақ өмірлік жоспарларымен байланысты болатын информатика пәні негізге алынады. Осылай, элективтік курстар, жоғары сынып оқушыларының әр алуан білімдік сұраныстарына жауап беретін базалық және бейіндік курстардың мүмкіндіктерін толықтырады және дамытады. Ұсынылатын












бейіннің құрамындағы элективтік курстардың саны оқушы таңдайтын курстардың санынан асып жығылуы керек.

Информатика сабағында элективтік курстар мынадай міндеттерді шешеді:

  • бейіндік оқу пәнінің мазмұнын тереңдету;

  • базалық пәндердің бірінің мазмұнын кеңейту;

  • оқушылардың информатика сабағы бойынша танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру.





































ІІ. Мектептерде Web-дизайн негіздері оқыту әдістемесі


2.1 HTML Гипертекстік құжаттарды жасау тілі және Front Page бағдарламасы туралы жалпы мәліметтер.


HyperText Markup Language (HTML)– WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокноттекстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегіжәне аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

Құжат тақырыбы

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( /) болуында.Бұл мысалда TITLEтегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал TITLEтегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы,

(абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

  • TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

  • Міндетті емес элемент CAPTION –кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.

  • TR тегтері– кесте жолдарын спецификациялайды.

  • THтегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

  • TD тегтері–кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.


Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін(бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:

1 0





0 1

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.


Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.

Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:

  • Кестенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

  • Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

  • Жақтау (рамка, borders)– кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN менVALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH–Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды және т.б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Front Page программасын іске қосу үшін орындалатын команда: Пуск-Программы- Microsoft Front Page. Программа іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі ашылады.

Front Page программасында қолданылуына байланысты әртүрлі түймелер жиынтығынан тұратын көптеген аспаптар тақтасы бар. Қандайда бір жұмыс режиміне көшкенде программаның негізгі терезесінде қажетті аспаптар тақтасы пайда болады. Мысалы, Web-түйінді көру режимі мен есеп құруға өткен Reporting тақтасы қосылады, ал графикпен жұмыс істегенде Pictures тақтасы қосылады. Аспаптар тақтасын экранға шығару үшін View(Түр) мәзіріндегі Тoolbars (Аспаптар тақтасы) командасын орындау керек. Бұл команда орындалғанда Front Page программасының барлық тақталар тізімі шығады.

1-кесте. Front Page программасының аспаптар тақтасы.

Аспаптар тақтасы

Қызметі

Standart

Стандартты аспаптар тақтасы

Formatting

Форматтау тақтасы.

DHTML Effects

Web-бетте динамикалық HTML эффектісін құрады.

Navigation

Навигация тақтасы, Navigation режимінде жұмыс істеуге арналған.

Pictures

Суреттермен жұмыс істеуге арналған аспаптар тақтасы.

Positioning

Обьектілерді позициялауға мүмкіндік беретін түймелерден тұрады.

Reporting

Web-түйіндегі құрастырылатын есеп типтерін жасауға мүмкіндік беретін аспаптар тақтасы.

Style

Безендіру стилін жасауға арналған аспаптар тақтасы.

Table

Кестелерді құру мен модификациялауға арналған түймелерден тұрады.

 Мәзірдегі керекті тақтаны таңдағанда оның сол жағында белгі (V) пайда болып, қажетті тақта негізгі терезеде көрінеді. Экрандағы керек емес тақтаны алып тастау үшін мәзірдегі сәйкес келетін команданы қайта таңдау қажет, сонда ол Front Page программасының негізгі терезесінде көрінбей қалады.Аспаптар тақтасының тізімін экранда көру үшін курсорды Front Page программасының негізгі терезесінде орналасқан кез келген аспаптар тақтасына Жұмыс режимі тақтасы. Front Page программасында Web-түйінді көру мен құрудың 6 түрлі режимі бар. Осы режимдердің біріне өту үшін негізгі терезенің сол жағында орналасқан 6 батырмасы бар Views жұмыс режимі тақтасы қолданылады (2-кесте).

2-кесте. Жұмыс режимі тақтасының түймелері.

Түйме

Аталуы

Қызметі

 

Page

Беттерді көру және редакциялау. Берілген режимде  Front Page программасының жұмыс облысында бұрыннан бар  Web-беттерді редакциялауға немесе жаңасын құруға болады.

 

Folders

Web-түйінде құрылған бумалардың құрылымын көру.

 

Reports

Есептерді көру. Бұл режим  Web-түйіндегі есептерді құру мен көруге арналған.

 

Navigation

Web-түйін құрылымын жобалау.

 

Hyperlinks

Web-түйін гиперсілтемелерін көру.

 

Tasks

Web-түйін жасау кезінде тапсырмаларды құру және көру режимі.

 

 

 

 











Front Page программасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Программаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.

Page режимінде жұмыс облысының төменгі жағында Web-беттерді түрлі режимде көруге мүмкіндік беретін 3 қосымша орналасқан (3-кесте).

 3-кесте. Web-беттерді көру режимі.

Қосымша

Қызметі

Normal

Қарапайым жұмыс режимі, беттерді құруды WUSIWSIG («не көріп тұрсаң, соны аласың?») режимі көмегімен қамтамассыз етеді. Бет мәтіндер, сызықтар, түймелер, сілтемелер және т.б. мәзір мен аспаптар тақтасы пайдаланылып құрылады, бұл жағдайда HTML-кодын білу міндетті емес.

HTML

Беттерді HTML-кодын көру және құру. Бұл режимде қарапайым жұмыс режимінде құрылған беттің HTML-кодын көруге және де кодтар көмегімен бет құруға болады. Бұл жағдайда беттің бір бөлігі қарапайым режимде, ал қалғаны кодталып жазылуы мүмкін.

Preview

Беттердің Интернет серверінде қалай көрінетінін алдын ала көру.

Front Page программасындағы Web-түйін. Web-түйін біртұтас информациялық блок болып табылатын, өзара байланысқан Web-беттер қорларынан тұратын жиынтық (мысалы, энсиклопедиялық томдар сияқты). Көбіне Web-түйін бір серверде орналасады, бірақ бұл міндетті талап болып саналмайды. Web-түйіннің негізгі беті (home page)- нақты бір файлдың атын көрсетпей, желіге қосқан кезде өзі автоматты түрде ашылатын бет. Мысалы, www.okmu.kz ОҚМУ-і сайтының негізгі беті болып саналады.

Front Page программасында Web-түйін құру. Web-түйін құру үшін One Page Web шаблоны пайдаланылады. Бұл шаблон Front Page программасының мүмкіндіктерін оқып үйренушілерге ыңғайлы. Берілген шаблонда Web-түйіндер құрылымы жасалып, кейіннен информациялармен толықтырылатын бір таза бет қосылады. Бұл жағдайда бет үшін қандайда бір арнайы безендірулер мен форматтаулар көрсетілмейді. Барлық қажеттіліктер өз бетінше орындалады.

Бір беті Web-түйін құру үшін орындалатын әрекеттер:

  1. File(Файл) мәзірінен New(Жаңа) командаларын таңдап, ашылған ішкі мәзірден Web (Web-түйін) командасын орындау. Экранда New сұхбат терезесі пайда болады.

  2. New сұхбат терезесінің Specifu the location of the new Web (Жаңа Web-түйіннің орналасуын көрсетіңіз) жолында құрылатын Web-түйіннің орны мен атын беру.

  3. One Page Web белгісін екі рет шерту. Түйін құрылу процесі басталады. Біраз уақыттан кейін Front Page программасының негізгі терезсінде жаңадан құрылған және оны жетілдіруге болатын Web -түйін ашылады. Folder _List облысында Private және Images екі бумаларынан, Index.htm бетінен тұратын құрылым көрініп тұрады. Folder List облысындағы Index.htm функциясын екі рет шерткенде Front Page программасының жұмыс облысының оң жағында берілген бос Web-бет ашылады. Оған обьектілерді орналастыруға кірісе беруге болады.

Бетке мәтін орналастыру. Web-беттің негізгі мақсаты – бұл Web-түйіндерді қолданушыларды өздерін қызықтыратын информациялармен таныстыру. Информацияны жеңіл түсіну үшін, оны мынадай түрде жеткізу керек: безендіру бірыңғай болмай, көзге тартымды болуы керек. Осыған байланысты Front Page программасы Web-түйін құрушылар үшін, символдар мен абзацтарды форматтау, шрифтердің әртүрлі параметрлерін, символдар аралығын, шегіністерді орнату, символдарды жоғарғы және төменгі индекстер түрінде кішірейтіп жазу және т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы әрекеттерді пайдалана отырып, беттегі маңызды жерлерді белгілеп, информацияны оңай оқуға мүмкіндік жасауға болады. Бұдан басқа құжатпен жұмыс істегенде арнайы шрифт символдарын пайдаланып бетке түрлі безендірулер енгізуге де мүмкіндік бар.



2.2 Веб дизайн негіздері курсы бойынша тақырыптық жоспар


Тақырыбы

1

Дизайн негіздері. Дизайн тарихы және түсініктемесі. Форманың құрылуы. Композиция және оның негізгі ережелері.

2

Web-сайтты құру. Web-сайт туралы түсінік. Сайтты жоспарлау. Web-сайттың логикалық және физикалық құрылымдары. Web-сайтты жариялау.

3

WWW – дүниежүзілік өрмек. Internet тарихы. Гипермәтін, гиперсілтеме, мультимедиа. HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы. Ақпараттық ресурстар көрсеткіші (URL). FTP-файлдарды тасмалдау хаттамасы. 

4

HTML гипермәтіндік тілі көмегімен веб-беттерді құру. HTML тіліне  кіріспе. Тілдің  атқаратын  қызметі, командалары. HTML құжатының құрылымы.

5

 

Мәтінді форматтау. Құжаттың функциональдық бөлігі мен  негізгі бөлігі. Қаріп стильдерін  басқару. Логикалық  стильдер. HTML  тілінің   негізгі  мүмкіндіктері.

6

HTML  тілінде тізімдер  жасау  тегтері. Қабаттастырылған  ішкі  тізімдер.

7

HTML  құжатында графиканы қолдану. HTML  құжатындағы  мультимедиялық  объектілер.Сурет, фотобейнелер, иллюстрациялар қою

8

Гипермәтіндік сілтемелерді  ұйымдастыру.

9

HTML құжатында кестелерді  қалыптастыру. Кесте шекарасы, бояу. Кестенің ұяшықтарын біріктіру, бөлу.

10

HTML  құжатында  формаларды  өңдеу:  аустырып қосқыштар, жалаушалар.

11

Фрейм  құрылымы.

12

Шығармашылық жұмыс

Жеке сайтты құрастыру

13

FrontPage бағдарламасы. FrontPage бағдарламасының интерфейсі. FrontPage бағдарламасы көмегімен веб-беттерді құру.

14

Шығармашылық жұмыс

Microsoft FrontPage программасының көмегімен сайт жасау

15

Тестілеу

Жалпы курс теориялық және практикалық сабақтардан тұрады. Теориялық сабақтардың жалпы саны он бір болса, практикалық сабақ жиырма үш сабақтан құралады. Мұндағы шығармашылық жұмыс сабағына төрт сағат беріліп, қалған күндерге 1-2 сағаттан беріледі. Сонымен, жалпы дәріс сабағына он бір сағат, зертханалық жұмыс сабағына жиырма үш сағат беріледі.


2.3 Веб дизайн негіздері курсы бойынша практикалық сабақтарды өңдеу әдістемесі


1-жаттығу.

Жұмыстың мақсаты: Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып

1-суреттегідей HTML –құжат жасау.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Тапсырма1.html деген атпен сақтаңыз.

  2. Құжаттағы алғашқы тег тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына деп теріңіз.

2-сурет –HTML құжат үлгісі

  1. Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

HEAD

TITLEМысал

TITLE
HEAD

  1. Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны – сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.

  1. Ары қарай тағы да теріңіз:

H1Үлкен шрифтH1

H2Кішкентай шрифтH2

Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.

  1. Енді нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасауды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

    Нөмірленген тізім бойынша мысал

  1. Бірінші элемент

  2. Екінші элемент

  3. Үшінші элемент

    Нөмірленбеген тізім бойынша мысал

  • Бірінші элемент

  • Екінші элемент

  • Үшінші элемент

  1. Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

Бұл курсив

Бұл қалың шрифт

Бұл сызылған мәтін

Бұл жоғарғы индекс

Бұл төменгі индекс


Бұл жаңа абзацтың басы

Бұл үлкен шрифт

Бұл кішкентай шрифт

Бұл сызылғаншрифт

  1. Келесі жолға

    деп теріңіз.Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter »клавишасын басқанды білдіреді).

  2. Келесі жолға теріңіз:Бұл жүгіртпежол . Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.

  3. HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан тегін жабу керек , ол үшін


Скачать

Рекомендуемые курсы ПК и ППК для Вас