Просмотр содержимого документа
«Модель нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.»
Сынып: Күні:
Сабақтың тақырыбы: Модель нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға модель және модельдеу туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру.
Көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, қима қағазда жазылған тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу;
ә) түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру (ауызша, сұрақ-жауап)
III. Жаңа сабақ
Модель нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Модель - бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды - модель деп атаймыз.
Модель - нақты нысанды, құбылысты немесе үрдісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
Нысанның түпнұсқасы
Модельдеу
Шешім қабылдау
26-сурет. Зерттеу нысанның сызбасы
Модельдеу кезеңдері
I. Есептің қойылымы
есептің сипаттамасы
модельдеу мақсаты нысанды талдау
II. Модельді құру
ақпараттық модель
таңбалық модель
компьютерлік модель
III. Компьютерлік модель
модельдеу жоспары
модельдеу технологиясы
компьютерлік модель
IV. Модельдеу нәтижесін талдау
Нәтиже мақсатқа сәйкес келеді
Нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді
27-сурет. Модельдеу кезеңдері
IV. Бекіту:
Тапсырма 1. Үстел нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер. Найзағай нысанын модельдеуге мысал келтіріңдер.
Тапсырма 2. Графикалық редактор құралдарының көмегімен сынып бөлмесінің моделін ұсыныңдар. Геометриялық модельді қолдануға мысал келтіріңдер.
V. Қорытынды: Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік? Модель дегеніміз не? Құбылыстан, үрдістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде? Бір нысанның көптеген моделі болады, бұны қалай түсіндіресіңдер?
VI. Бағалау
VII. Үй тапсырмасы: Модель және модельдеу. Өз үйінің моделін құрып дәптерге сызып келу.