СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 17.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Молекулалық биология медициналық генетика» пәнінен тақырыптар бойынша білімді тексеру тест сұрақтары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Молекулалық биология медициналық генетика» пәнінен "Емдеу ісі" мамандығындағы студенттерінің  бақылауға арналған тесттер  мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы алған білімдерін тексеру 

Просмотр содержимого документа
««Молекулалық биология медициналық генетика» пәнінен тақырыптар бойынша білімді тексеру тест сұрақтары»

«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ




БЕКІТІЛДІ

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_________ Трушкова М.И.





Тест тапсырмаларының жинағы



Пәні : Молекулалық биология, медициналық генетика

Мамандығы: 0301000 Емдеу ісі




ҚАРАЛДЫ



ҚҰРАСТЫРДЫ



Жалпы кәсіби №2 циклдік әдістемелік комиссия отырысында


ТұрмұханбетоваЗ.М


Хаттама

6





«12» 02 2018 ж.


ЦӘК төрайымы




Тұрмұханбетова З.М. __________







МАҚҰЛДАНДЫ




Колледж әдіскері: Коцелл С.О. ________













2018 ж.

ББК52.5Я73
УДК 575

Т88


Құрастырушы:

Тұрмұханбетова З.М -бірінші санатты биология пәнінің оқытушысы


Рецензиялаушы

Сарсенова Б.Б Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ҒЗИ ғылыми

қызметкері, «Экология және табиғатты пайдалану»

кафедрасының доценті,б.ғ.к


Бақылау- бағалау материалдарының жинағы «Молекулалық биология медициналық генетика» пәнінен барлық тақырыптар бойынша білімді тексеру тест сұрақтарын қамтиды. Тапсырманың мазмұны пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына 0301000 мамандығы «Емдеу ісі» бөлімі бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.










Молекулалық биология және медициналы генетика. / Тұрмұханбетова З.М. Бақылау-бағалау материалдарының жинағы.- Ор.: ОМК, 2018.-26б.







Колледж әдістемелік кеңесінде ұсынылған «26» ақпан 2018ж, хаттама №3







©ОМК,2018


Жасушалық және молекулярлы – генетикалық негіздері


  1. Жасуша термині қашан ашылды.

а) 1859;

б) 1809;

в) 1838-1839;

г) 1665;


  1. Жасушаны ашудағы алғашқы ғалымды анықта.

а) Ч. Дарвин;

б) Ж. Ламарк;

в) Р. Гук;

г) Шванн-Шлейден;


  1. Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар.

а) Ч. Дарвин;

б) Ж. Б. Ламарк;

в) Р. Гук;

г) Шванн-Шлейден;


4. Жасуша теориясы қай жылдары қалыптасты

а) 1859;

б) 1809;

в) 1838-1839;

г) 1665;


5. Жасуша қандай жолдармен бөлінеді

а) эндомитоз;

б) политения;

в) митоз;

г) мейоз


6. Қайсысы жасушаның құрылымдық компонеттеріне жатпайды

а) ядро;

б) митохондрия;

в) генотип;

г) рибосома;


  1. Дене жасушалары қандай жолмен бөлінеді

а) бүршіктену;

б) мейоз;

в) митоз;

г) эндомитоз;


  1. Жыныс жасушалары қандай жолмен бөлінеді

а) бүршіктену;

б) мейоз;

в) митоз;

г) эндомитоз;


  1. Жасушаның қандай бөлінуінде хромосома саны тұрақты сол күйінде калады

а) эндомитоз;

б) полителия;

в) мейоз;

г) митоз.


  1. Жасушаның кандай бөлінуінде хромосома саны екі есеге азаяды (кемиді)

а) эндомитоз;

б) политения;

в) мейоз:

г) митоз.


  1. Митоздық хромосомалардың түрлеріне жатпайтыны белгіле

а) метацентрлі;

б) субметацентрлі;

в) акроцентрлі;

г) субцентрлi;


  1. Жасуша циклінің қандай кезеңінде ДНҚ молекуласы екі еселенеді

а) пресинтездік;

б) синтездік;

в) постсинтез;

г) эмбриоидты;


  1. Қалыпты адам кариотипі қанша хромосомалардан тұрады

а) 46;

б) 48;

в) 44;

г) 45;


  1. Адам кариотипінің А тобына кандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Адам кариотипінің В тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Адам кариотипінің С тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


17. Адам кариотипінің Д тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Адам кариотипінің Е тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Адам кариотипінің F тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметцентрлік;

б) ең ірі метацентрлік;

в) ірі субметацентрлік

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Адам кариотипінің G тобына қандай хромосомалар топтастырылады

а) орташа субметацентрлік;

б) ең ipi метацентрлік;

в) ipi субметацентрлік;

г) ұсақ акроцентрлік;


  1. Ер адамдар кариотипінің орташа субметацентрлік хромосомалар саны

қанша?

а) 14;

б) 16;

в) 15;

г) 10.


21. Әйелдер кариотипінің орташа субметацентрлік хромосомалар саны

қанша

а) 14;

б) 16;

в) 15;

г) 12;


  1. Нуклеосомалар дегеніміз:

а) микроскоп арқылы көрінетін хромотин түйіршіктері;

б) гистондық ақуыздар жиынтығы;

в) ДНҚ, молекуласынын бip бөлігі:

г) активсізденген Х-хромосома;


  1. Кариотип дегеніміз:

а) хромосома саны;

б) хромосомалар niшіні;

в) гендер жиынтығы;

г) генотип;

24. Генетикалық инженерия дегеніміз:

а) хромосомаларды зерттеу;

б) ДНҚ нуклеотидтерін анықтау;

в) биологиялық актив заттарды лабораториялық жағдайда өндіру;

г) жасанды тұқым қуалаушылық материалдарын құрастыру;


25. Биотехнология дегеніміз:

а) хромосомаларды зерттеу;

б) ДНҚ нуклеотидтерін анықтау;

в) биологиялық актив заттарды лабораториялық жағдайда өндіру;

г) жасанды тұқымқуалаушылық материалдарын құрастыру;


26. Ақуыздардың 1-ші реттік құрылымы бұзылып полипиптидтік тізбектің

үзілуі?

а) денатурация

б) деградация

в) ренатурация

г) репликация


27. Иммуноглабулин ақуызы қандай қызмет атқарады?

а) каталитикалық

б) қорғаныштық

в) құрылымдық

г) реттеушілік

28. Ақуыздардың түзілуіне қанша аминқышқылы қатынасады?

а) 1

б) 15

в) 20

г) 13

29. Бір полипиптидтік тізбектегі ақпарат тасымалдайтын ДНҚ-ның бөлігі қалай

аталады?

а) ген

б) рибосома

в) эукариот

г) прокариот

30. Мың жұп нуклеотидтерден тұратын аса үлкен бірлік

а) рекон

б) мутон

в) цистрон

г) интрон

31. Актин мен миозиннің атқаратын қызметі қандай

а) энергетикалық

б) рецепторлық

в) тасымалдаушылық

г) қозғалыстық

32. ДНҚ молекуласында нуклеотидтердің саны мен реттілігінде өзгеріс қалай

аталады.

а) репликация

б) транскрипция

в) мутация

г) трансляция

33. 1 гр. ақуыз ыдырағанда бөлінетін энергия мөлшері қанша

а) 20,6 кДж

б) 19,6 кДж

в) 18,6 кДж

г) 17,6 кДж

34. Қайтымды денатурацияның аталауы

а) деградация

б) репликация

в) ренатурация

г) транскрипция

35. Ағзаның тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне қайсысы

құрылым жауапты болып саналады.

а) ядрошық

б) рибосома

в) хромосома

г) ақуыз



36. Ағза мүшелерінің дамуын эпигенез теориясы қалайша түсіндіріледі

а) геннен ақуыз синтезі арқылы

б) формасыз субстанциядан

в) жыныс клеткасындағы дайын мүшелерден

г) энтелехиялық әсерден

37. Генетиканың зерттеу әдістері

а) гибридологиялық, генеологиялық, цитогенетикалық

б) биохимиялық, дерматоглификалық

в) клеткалық, популяциялық, гендік, хромосомалық, генотиптік

г) цитогенетикалық, дерматоглификалық, преформациялық

38. Медициналық генетиканың негізгі мақсаты:

а) адам белгілерінің хромосомадағы орнын табу;

б) ядролық және цитоплазмалық гендердің әрекеттесуін зерттеу;

в) генетикалық аурулар мен кемістіктерді зерттеу

г) гендердің медицинадағы практикалық маңызын зерттеу

39. Тіршіліктің ең қарапайым денгейі;

а) популяциялык- түрлік

б) биогеоценоздык

в) жасушалық

г) молекулалык

40. Барлык ағзалардың құрылымдык және қызметтік бірлігі

а) клеткалык

б) мүшелік

в) биогеоценоздык

г) биосфералык

41. Гетерогенді ядролық РНК дегеніміз не?

а) интрондардан ғана құралған РНК

б) экзон мен эухроматиндерден құралған РНК

в) экзон мен интрондардан құралған РНК

г) қызметі әртүрлі РНК

42. Клетка ядросында РНК-ның синтезделіп гистондар бірігуінен пайда болған

құрылым

а) репликация

б) транскрипция

в) информасома

г) рестриктаза

43. Алғаш қолданыска берілген ген инженериясының өнімі

а) самотропин

б) инсулин

в) гликоген

г) интерферон

44. Гендік инженерия самотропинді қандай мақсат үшін қолданылады

а) диабеттті емдеу

б) ісік ауруына қарсы күрес

в) гипофиздік ергежейлікті емдеу

г) инфекциялық вирустардың алдын алу

45. Локус

а) тіркескен гендер

б) гендік мутация

в) хромосоманың ген орналасқан бөлігі

г) хромосомалық аберрация

46. Жасуша мембранасының құрамына кіреді.

а) нәруыздар мен липидтер

б) нәруыздар мен май қышқылдары

в) көмірсулар мен глицериндер

г) аминқышқылдар мен моносахаридтер


47. Лизосомалар қайда түзіледі

а) рибосомаларда

б) митохондрияларда

в) гольджи аппаратында

г) ядрода


48. Неліктен митохондрияларды «жасушаның энергетикалық станциясы» деп

атайды

а) АТФ синтезі

б) көмірсу синтезі

в) АТФ ыдырауы

г) нәруыз синтезі


49. Жасушадағы темір қай заттың құрамына кіреді

а) хлорофилл

б) гемоглобин

в) РНК

г) ДНК

50. Митохондриялардың кристалары дегеніміз не

а) матрикстегі дәнекер

б) ішкі мембранасының өсінділері

в) ішкі және сыртқы мембраналар арасындағы гранулалар

г) сыртқы мембраналар өсінділері


Молекулалық, жалпы және медициналық генетика негіздері.


  1. Генотип дегеніміз:

а) диплоидтың хромосомалар жиынтығы;

б) диплоидтың хромосомалардагы гендер жиынтығы;

в) гаплоидтың хромосомалар жиынтығы;

г) гаплоидтың хромосомалардагы гендер жиынтығы;

2. Гетерохроматин хромосоманың:

а) центромера айналасында;

б) теломера бөлігінде;

в) ұзын иінінде;

г) қысқа иінінде орналасқан


  1. Эухроматин хромосоманың:

а) центромера айналасында;

б) теломера бөлігінде;

в) ұзын иінінде;

г) қысқа иінінде орналасқан


4. Прокариоттардың гендері

а) тек интрондардан;

б) тек экзондардан;

в) интрон жэне экзондардан;

г) РНК учаскесіненен тұрады.

5. Эукариоттардың гендері

а) тек интрондардан;

б) тек экзондардан;

в) интрон және экзондардан;

г) РНК, учаскесіненен тұрады.

6. ДНҚ синтезі жасуша циклінің:

а) интерфаза;

б) пресинтездік;

в) синтездік;

г) постсинтездік;


7. Процессинг дегеніміз:

а) транскрипция;

б) трансляция;

в) интрондық учаскелердің қиылуы;

г) экзондық учаскелердің жалғануы;



  1. Сплайсинг дегеніміз:

а) транскрипция;

б) трансляция;

в) интрондық учаскелердің қиылуы;

г) экзондык, учаскелердің жалғануы:


  1. Репрессор гені

а) құрылымдық ген;

б) кластерлі ген;

в) реттеушi ген;

г) ақпараттың көшірілуінің басталу нүктесі.


  1. Промотор дегеніміз:

а) құрылымдық ген;

б) кластерлі ген;

в) реттеушi ген;

г) ақпараттың көшірілуінің басталу нүктесі.


  1. Оператор гені:

а) құрылымдық ген;

б) кластерлі ген;

в) реттеушi ген;

г) ақпараттың көшірілуінің басталу нүктесі.


  1. Реттеушi гендерге жататыны

а) репрессор гені;

б) оператор гені;

в) құрылымдық ген;

г) промотор гені.


  1. Кұрылымдық гендер ДНҚ молекуласының:

а) қайталанбайтын;

б) орташа қайталанатын;

в) өте жиі қайталанатын учаскелерінде;

г) гетерохроматин учаскесінде орналасқан.


  1. Нуклеогистонда ДНҚ молекуласы:

а) хроматинге;

б) нуклеосома денешіктеріне;

в) гистонды емес ақуыздарға;

г) цитоплазма ақуыздарына ширатылады.


  1. Хроматиннің кұрамы:

а) РНҚ молекуласынан:

б) ДНҚ молекуласынан;

в) гистонды емес ақуыздардан;

г) гистонды ақуыздардан;


  1. Қандай белгілердің гендерi тәуелсіз тұқым куалайды

а) цитоплазма гендері;

б) ядро гендері

в) әр түрлі хромосомаларда орналасқан гендер;

г) бip хромосомаларда орналасқан гендер;


  1. Қандай белгілердің гендері тіркес тұкым куалайды

а) цитоплазма гендері;

б) ядро гендері

в) әр түрлі хромосомаларда орналасқан гендер;

г) бip хромосомаларда орналасқан гендер;


  1. Мутация түрлері:

а) хромосомалық;

б) генотиптік;

в) геномдық;

г) сомалық.


  1. Гендік мутациялар:

а) ген құрамында;

б) нуклеотидтер алмасуында;

в) анеуплоидияда;

г) транзициялық;


  1. Хромосомалық мутациялар:

а) геннің құрамында;

б) транслокацияла;

в) инверсияда;

г) анеуплоидияда:


  1. Геномдык мутациялар:

а) геннің құрамында;

б) транслокацияларда;

в) инверсияда;

г) анеуплоидияда:


  1. Адам генетикасын зерттеу әдістері

а) гибридиологиялық:

б) цитогенетикалық;

в) эксперименталдық;

г) тарихи;


23. Адам кариотипінің 45 болуы қандай өзгерістерге жатады?

а) мутациялық;

б) гендік;

в) хромосомалық;

г) моносомиялық.

24. Трансгенді ағзалар дегеніміз:

а) гибридтер;

б) мутацияланған өсімдіктер;

в) жасанды генотипке ие ағзалар;

г) мутацияланған бактериялар;


25. Клондау дегеніміз:

а) будандастыру;

б) сұрыптау;

в) будандастыру және сұрыптау;

г) бip жасуша не ағза ұрпақтары;

26. Эукариоттық гендердің ақпаратсыз бөлігі қалай аталады?

а) интрон

б) экзон

в) рекон

г) мутон

27. Нуклеин қышқылдарының молекуласындағы тұқымқуалаушылық

ақпараттың 4 нуклеотид арқылы қысқаша жазылу, сақталу және әрі қарай

жүзеге асу жүйесі қалай аталады?

а) транскрипция

б) трансляция

в) генетикалық код

г) рекомбинация


28. Рибосомдық- жасушадағы барлық РНҚ-ның қанша% құрайды?

а) 20%

б) 5%

в) 85%

г) 10%


29. Геннің экспрессиялануы(активтенуі)

а) трансляция

б) репликация

в) рекомбинация

г) транскрипция



30. Ген түсінігін генетикаға енгізген ғалым

а) Бензер

б) Иогансен

в) Нисше

г) Бецон


31. Генетика терминін ғылымға енгізген кім

а) Мендель

б) Морган

в) Бецон

г) Нисше


32. Ген дегеніміз:

а) көмірсу

б) ақуыз

в) май

г) ДНҚ


33. Полимерия дегеніміз:

а) Жана белгінің дамуы

б) Бірнеше геннің бірігіп тұқымқуалауы

в) Бірнеше аллельді гендердің бір белгіге ие болуы

г) геннің фенотипте байқалуы

34. Мүшелердің өз орнында емес дамуы

а) гиперплазиялар

б) гейпоплазиялар

в) геннің фенотипте байқалуының орташа дәрежесі

г) гетеротопиялар


35. Геном дегеніміз:

а) диплоидты хромосомалар жиынтығы

б) диплоидтың хромосомалардағы гендер жиынтығы

в) гаплоитың хромосомалар жиынтығы

г) гаплоидтың хромосомалардағы гендер жиынтығы

36. Ағза гендерінің жиынтығы

а) гендер банкісі

б) генотека

в) геном

г) генотип

37. Гендері әртүрлі даралар қалай аталады

а) гетерогамета

б) гетеролокус

в) гетерогенді

г) гетерозиготалык

38. Фенотипінде көрініс бермей, генотиптің фенотипке жиі сәйкес келмеуі

салдарынан болатын ақаулықтар

а) бластопатиялар

б) эмбриопатиялар

в) фетопатиялар

г) гаметопатиялар

39. Хориобиопсия дегеніміз не?

а) Ұрық жасушаларын алу

б) Кіндік тамырынан қан алу

в) Харион бүрлерінің кесінділерін алу

г) Ұрық сұйықтығын алу

40. Қай әдістер арқылы, генетикалық талдау қолданған жағдайда гендік аурулар мен хромосомдық аурулардың көпшілігін диагностикалауға болады?

а) Хориобиопсия мен амниоцентез

б) Амниоцентез бен кордоцентез

в) Кордоцентез бен хориобиопсия

г) Тек қана хориобиопсия


41. Қай скрининг бағдарламалары қатерлі топты анықтау үшін фенотипі бойынша сау адамдар популяциясын зерттейді?

а) Таңдамалы скрининг

б) Жаппай скрининг

в) Жаппай неонатальды скрининг

г) Генетикалық скрининг


42. Кейбір зат алмасу ауруларын диагностикалауда қолданылатын жеңіл және жылдам әдістер.

а) Биохимиялық-экспресс әдістері.

б) Цитогенетикалық ідіс

в) Клинико-генеологиялық әдіс

г) Молекулалық-генетикалық әдіс


43. Жиі жүктіліктің қай апта аралығында трансабдоминальды немесе трансцевикальды УДЗ аппаратымен бақылау арқылы жүргізіледі?

а) 1-3 апта

б) 8-11 апта

в) 15-18 апта

г) 2-4 апта



44. Бір нуклеотидтер жұбына сәйкес, рекомбинация кезінде бөлінбейтін ең кіші бөлігі

а) мутон

б) рекон

в) цистрон

г) ген


45. Қызметіне байланысты гендердің жіктелуі

а) құрылымдық, модуляторлық, реттеушілік

б) плейотроптық, модуляторлық, реттеушілік

в) құрылымдық,активтілік, плейотроптық

г) реттеушілік,плейотроптық, активтілік


46. Бірдей аллельге ие болатын дараларда белгінің байқалу дәрежесі.

а) гендердің пенетранттылығы

б) гендердің экспрессивтілігі

в) комплиментарлық

г) гендердің тіркесу күші


47. Бір белгіні дамытатын бірнеше гендер ДНҚ бойында қатарласып транскрипцияланатын гендер

а) Оказаки фрагменттері

б) плеотропиялық гендер

в) тасымалдаушы гендер

г) кластерлі гендер


48. Ағзадағы сомалық жасушалар,гаметалар,зиготаның бастапқы сатыларында пайда болған генетикалық бұзылыстардың жөнделуі

а) гендік инженерия

б) цитоплазмалық тұқым қуалаушылық

в) гендік терапия

г) табиғи механизмдер


49. Рак ісік ауруларының пайда болу процесі.

а) мутагенез

б) информасома

в) репарация

г) канцерогенез


50. Трансверсиялар:

а) пуриндік негіздің пиримидиндік негізбен алмасуы

б) ДНҚ молекуласының мөлшерінің,құрылысының өзгерісі

в) регулятор, оператор гендер

г) гендік мутациялардың геннің химиялық құрамының өзгеруі.


Адамның тұқым қуалайтын аурулары

1. Адам кариотипінің 47 болуы қандай өзгерістерге жатады?

а) фенотиптік;

б) хромосомалық;

в) геномдық;

г) трисомиялық.


2. Полиплоидия:

а) қалыпты кариотип;

б) хромосома санының 1 хромосомаға кемуі;

в) хромосома санының 1 хромосомаға көбеюі;

г) хромосома санының еселеп өcyi.


3. Шерешевский-Тернер синдромына тән кариотипті тап.

а) 46, хх ;

б) 46 ху:

в) 45 хо:

г) 47хху;


4. Даун синдромына тән кариотипті тап:

а) 46. хх;

б) 46 ху:

в) 45 хо;

г) 47-21+.


5. Патау синдромына тән кариотипі тап:

а) 45 хо;

б) 47 ххх;

в) 47-13+;

г) 47-18+;


6. Эдвардс синдромына тән кариотипті тап:

а) 45 хо;

б) 47-13+;

в) 47-18+;

г) 47-21+;


7. «Мысықша мияулау» синдромына тән кариотипті тап:

а) 45 хо;

б) 47-13+;

в) 47-18+;

г) 46-5рд.


8. Клайнфельтер синдромына тән кариотипті тап:

а) 47 ххх;

б) 45 хо;

в) 47 хху;

г) 47-18+;


9. Адамдардың тұкым қуалайтын ауруларының пайда болу жолы:

а) сыртқы орта факторларының әсері;

б) генетикалық факторлар;

в) сыртқы орта және генетикалық фактор;

г) төтенше жағдайлар.


10. Адамдардын мультифакторлы ауруларының пайда болу жолы:

а) сыртқы орта факторларының әcepi;

б) антропогендік факторлар;

в) сыртқы орта және генетикалық фактор;


11. Тератогендік факторларға жатады:

а) физикалық;

б) топырақ;

в) биологиялық;

г) химиялық;


12. Канцерогендік факторларға жатпайды:

а) химиялық;

б) физикалық;

в) антропогендік;

г) биологиялық;


13. Мейоздың профаза сатысындағы гомологтық хромосомалар қосақталып жұптар құрап, биваленттер түзетін саты

а) зиготена

б) пахитена

в) лептотена

г) диплотена


14. «С» - шама

а) ағза гендерінің саны

б) геном құрамындағы гендер жиынтығы

в) ДНҚ-ның гаплоидты геномдағы жалпы мөлшері

г) геннің тұрақтылық деңгейі




15. ДНК-ның генетикалық акпараты жок бөлігінің аталуы.

а) экзон

б) интрон

в) нуклеотид

г) гетерогенді ядролық РНК


16. Аутосомалық-доминантты тұқымқуалайтын, аяқ- қол саусактары қысқа

болатын ауру.

а) Вильсон-Коновалов синдромы

б) гемофилия

в) брахидактилия

г) гиполактазия

17. Ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер

а) бластопатия

б) тератогенді

в) гаметопатия

г) эмбриопатия


18. Генетикалық тұқым қуалайтын аурулардың қоздырушысы

а) вирус

б) аналогия

в) сомалық мутация

г) мутация

19. Аутосомды - доминантты моногендік ауруларға жататындар

а) алкаптонурия, альбинизм, атаксия, Тея-сакс ауруы

б) ахондроплазия, ретинобластома, Морфан синдромы

в ) гемофилия, Леш-Найян синдромы

г) Д витаминге төзімді мешел ауруы, Тея-сакс.

20. Эмбриональдық кезеңде теротогенді факторлардың органогенез әсерінің

салдарынан болатын ақау

а) тұқымқуалайтын

б) мультифакторлы

в) моногенді

г) экзогендік

21. Ұрықтанудан кейін алғашқы екінші аптадағы зиготаның зақымдануы

а) гаметопатиялар.

б) бластопатиялар

в ) эмбриопатия

г) фетопатиялар

22. Филогенездік емес ақаулықтарда мүшелерді немесе олардын бөлігінің болмауы

а) гейпоплазия

б) стеноз

в) аплазия

г) гетеротопия


23. Гендік мутация нәтижесінде гемоглабиннің қалыпты құрлысының өзгеруі салдарынан пайда болатын аурулар

а) орақ пішінді анемия.

б) брахидактилия.

в) гемофилия.

г ) альбинизм


24. Полигенді сипаттағы патологияның орта факторлары әсерінен туындайтын мультифакторлы аурулар

а) гемофилия, альбинизм.

б) нейрофибромотоз

в) диабет, псориоз, шизофрения

г) Моррис, Патау синдромы.


25. Отбасындағы тума туысқандардың арасындағы туыстық байланысты көрсетіп анықтайтын әдіс

а) биохимиялық

б) генеологиялық

в) егіздер

г) молекулалық


26. Ферменттердің жетімсіздігінен анықталатын әдістің түрі

а) егіздік

б) биохимиялық

в) генеологиялық

г) молекулалық


27. Адам белгілерінің көп түрлілігі мутация барысында пайда болатын аурулар

а) жұқпалы аурулар

б) ішкі аурулар

в) тұқым қуалайтын аурулар

г) хирургиялық аурулар

28. Туа салысымен пайда болатын аурулар

а) Ахондроплазия, ихтио

б) Гентингтон, альцгейме

в) Ихтиоз, гентингтон

г) Дюшен- Беккер миодистрофиясы, Морфан синдромы

29. Хромосоманың бірнеше локусындағы мутациясының бірлесіп әсер етуіне байланысты аурулар

а) тұқым қуалайтын аурулар

б) хромосомалық аурулар

в) полигендік,мультифакторлық аурулар

г) митохондриялық және пероксисомалық аурулар

30. Көмірсулар алмасуы аномалияларының тобына жататын,орталық жүйке, бұлшықет жүйесінің, бауыр қызметінің бұзылуы, эритроциттердің аномалиясы, гипогликемиялық жағдайлар тән ауру.

а) Вильсон-Конавалов

б) орақ тәрізді жасушалық анемия

в) галактоземия

г) ахондроплазия

31. Мыс ферментінің алмасуы бұзылуынан бауырда цирроз ауруы пайда болып бүйрек ми жасушаларының жойылуы

а) Тея-Сакс ауруы

б) Вильсон- Коновалов

в) Ретинобластома

г) Ксантоматоз


32. Тирозин аминқышқылы меланин пигментіне айналмай, адамның тері жасушаларында меланин болмағандықтан тері,шаш,кірпік, сақал мұрттың аппақ болуы

а) алкаптонурия

б) галактоземия

в) ахондроплазия

г) альбинизм

33. Аутосомды –доминантты жолмен тұқым қуалайды, гені 4р 1416 орналасқан. Ересек адамның адамның бойының ұзындығы 120-130 см.

а) алкаптонурия

б) галактоземия

в) ахондроплазия

г) альбинизм

34. Хромосоманың бір учаскесінің қиылып, 180 0 қа айналып орналасуы.

а) дупликация

б) транслокация

в) делеция

г) инверсия

35. Глобиндердің мөлшерінің азаюына немесе мүлдем болмауына алып келетін геннің мутациялануына байланысты дамитын аурулар

а) орақ жасушалы анемия

б) муковисцидоз

в) талассемия

г) гемофилия

36. Бойлары, шүйдесі тегіс, бас сүйектері трахицефальды, эпикант, көздері қысыңқы, мұрындары түбі жалпақ, кең кеңсірікті, икемсіз, ақыл естерінің туа біте кем болуы қандай ауруға тән:

а) Клайнфельтер синдромы

б) Шерешевский Тернер

в) Даун синдромы

г) Х трисомия

37. Нәрестелердің салмағы жеңіл,бойлары кішкентай, иектері тегіс, жақтары нашар дамыған, бас сүйегі мен құлақтары кішкентай, көру жүйесінің мүкістігі, 2-5 саусақ тары ерекше орналасқан.

а) Фенилкетонурия

б) Шизофрения

в) Эдвардс

г) Муковисцидоз

38. Ұйқы безінің кистофиброзы, аутосомды рецессивті жолмен тұқымқуалайды, 7 хромосомадағы 7q 2131 генінің мутациясына байланысты ауру.

а) гемофилия

б) галактоземия

в) муковисцидоз

г) альбинизм

39. Балалардың көздерінде болатын,асқынған кезде ісік миға беріліп өлімге әкелетін ауру.

а) Ретинобластома

б) Клайнфельтер синдромы

в) Шерешевский Тернер

г) Даун синдромы

40. Әртүрлі физикалық факторлардың иондаушы ультра күлгін сәулелердің әсерінен пайда болатын мутациялар

а) гендік мутация

б) индукцияланған мутация

в) физикалық радиациялық мутагенез

г) геномдық мутациялар

41. Генетикалық материалдың көбеюіне алып келетін хромосоманың қандайда бір бөлігінің екі еселенуі.

а) дупликация

б) хромосомалық аберрациялар

в) инверсия

г) транслокация

42. Ішкі мүшелердің жетіспеушілігі,қасқыр таңдайлық, ми массасы аз, алдыңғы ми болмайды, мишық жетілмеген, гидронефроз, кистозды бүйрек, несепағардың еселенуі.

а) Патау синдромы

б) Эдвардс синдромы

в) Ретинобластома

г) Клайнфельтер синдромы

43. Х хромосомамен тіркес рецессивті жолмен тұқым қуалайтын зілді гендік ауру; қанның ұйымауы

а) гендердің амплификациясы

б) гемофилия

в) импринтинг

г) дальтонизм


44. Ата- ана жынысына байланысты гомологтік гендердің активтігінің айырмашылығын қалыптастыратын механизм

а) индуктор

б) импринтинг

в) антимутагенез

г) инициация

45. Х – хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалайтын гендік ауру, түстерді ажырата алмау.

а) гендердің амплификациясы

б) гемофилия

в) импринтинг

г) дальтонизм

46. Құрылымдық гендерді бір бірінен ажыратып тұратын ДНҚ молекуласының қысқа учаскелері

а) спейсерлер

б) сплайсинг

в) сибстер

г) епрессор

47. ДНҚ молекуласында тұрақтары орындары жоқ, секіріп жүретін гендер геном паразиттері

а) трансмиссивті аурулар

б) транспозондар

в) экспрессивтілік

г) генетикалық жүк

48. Геннің ең ұсақ, нуклеотидтен тұратын бір амин қышқылын анықтайтын қызметтік бірлігі.

а) колинеарлық

б) кодон

в) онкогендер

г) оперон

49. Белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің бір адамда қатар келуі

а) хромосомалар

б) синдром

в) пробанд

г) теломераза


50. Балалардың дыбыс тембрі ерекше, ақыл есі кем, денесінің дамуы нашар, беті дөңгелек, жүрегінің ақауы бар

а) Даун синдромы

б) Альбинизм

в) Мысық айқайы

г) Клайфельтер





Адамның популяциялық генетика негіздері. Даму биологиясы.

1.Бластула түріне жатпайтын

а) целобластула;

б) бластопора;

в) амфибластула;

г) дискобластула;


2.Гаструланың кұрылысы:

а) энтодерма;

б) эктодерма;

в) бластодерма;

г) гастроцель;


3. Гаструляция жолдары:

а) эпиболия;

б) гомоморфоз;

в) эпиморфоз;

г) бластодерма;


4. Эмбриогенездің жасушалық механизмдері

а) жасушалардың бөлінyi;

б) миграциялану ;

в) таңдамалы іріктелуі;

г) нейруляция;


5. Эмбриондық жасушалар өздерінің дамуында мынадай сатылардан өтпейді

а) тотипотенттілік:

б) детерминациялану;

в) репликация;

г) дифференциация.


6.Эмбриогенез механизмдері:

а) жасушалық;

б) генетикалық;

в) эмбриондық индукция;

г) транскрипция.


7. Пубертаттық секіру қай кезде байкалады:

а) 3—5 жаста;

б) 8—10 жаста;

в) 11—13 жаста;

г) 40—50 жаста.



8. Пубертаттық секіру кезінде:

а) сүт micmepi шығады;

б) тұрақты micmepi шығады;

в) ағзаның өcyi күрт жоғарылайды;

г) ағзаның өcyi тоқтайды.


9. Дамудың туа біткен ақаулықтарына жатады:

а) гендік аурулар;

б) эмбриогенез кезінде пайда болатын тұрақты морфологиялық бұзылыстар;

в) туылғаннан кейін пайда болатын өзгерістер;

г) модификациялар.


10. Бластула кұрылысы:

а) эктодерма;

б) бластодерма;

в) энтодерма;

г) бластоцель;


11. Гаструла кұрылысына жатпайды.

а) гастроцель;

б) бластопора;

в) бластоцель;

г) морула.


12. Жүйке түтігі қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


13. Хорда кандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


14. Tepi эпителиі қандай ұрық кабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


15. Ас қорыту жолдарының эпителийі қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


16. Сезім мүшелері қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


17. Бұлшық еттер қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


18. Қанқа қандай ұрық қабатынан түзіледі.

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


19. Ішкі секреция бездері қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


20. Популяция дараларының бір- бірімен еркін будандасуы

а) панмиксия

б) полимерия

в) генетикалық жүк

г) генетикалық полиморфизм


21. Жүрек-қантамыр жүйесі қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;


22. Жыныс мүшелері қандай ұрық қабатынан түзіледі

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма:

г) мезодерма;


23. Зәр шығару жүйесі қандай ұрық қабатынан түзіледі.

а) эктодерма;

б) энтодерма;

в) бластодерма;

г) мезодерма;

24. Адам жынысының дамуы қандай факторларға байланысты:

а) экологиялық;

б) аутосомдарға;

в) жыныс хромосомаларына;

г) белок-рецепторларға;


25. Генофонд дегеніміз:

а) бip ағзаның гендерінің жиынтығы;

б) популяция дараларының генотиптерінің жиынтығы;

в) популяция дараларының генотиптерi мен фенотиптерінің жиынтығы;

г) популяция дараларының фенотиптерінің жиынтығы.


26. Популяция генофондына әсер ететін факторлар:

а) экологиялық;

б) климаттық;

в) гендердің дрейфi;

г) физикалық;


27. Популяция генофондына әсер етпейтің факторлар:

а) мутация;

б) оңашалану;

в) климаттық;

г) гендердің дрейфi;

28. Популяция генофондының өзгеруі қалай аталады?

а) қарапайым экологиялық құбылыс;

б) қарапайым эволюциялық факторлар:

в) қарапайым эволюциялық құбылыс;

г) miршілік толқындары.


29. Популяцияның экологиялық сипаттамасына жатпайды:

а) генофонд;

б) ареал мөлшерi;

в) жастық құрамы;

г) жыныстық құрамы;


30. Демдерде даралар саны:

а) 1400;

б) 1000;

в) 3500;

г)10000;


31. Изоляттарда даралар саны:

а) 1500;

б) 1000;

в) 4500;

г) 10000;


32. Эмбриогенездің ұрықтық сатысы қай уакытқа дейін созылады?

а) 8 аптаға;

б)10 аптаға;

в) 15 аптаға;

г) 30 аптаға;


33. Эмбриогенездің құрсақтағы бала сатысы кай уакытта басталады?

а) 1 апта;

б) 7апта;

в) 9 апта;

г) 15 апта;


34. Экологиялық апат аймағы:

а) адамдардың mipшілігіне қолайсыз;

б) адамдардың тіршілігіне қолайлы;

в) экологиялық жағдайы төмен;

г) әлеуметтік жағдайлары нашар.


35. Экогенетикалық әсер дегеніміз:

а) мутациялар эсері

б) орта жағдайларының әсері.

в) орта және мутация әсерлері.

г) антропогендік әсерлер;


36. Гомологиялық мүшелер:

а) құрылыстары бірдей;

б) қызметтері бірдей;

в) құрылысы, қызметі әр түрлі;

г) шығу тегі бірдей;


37. Аналогиялық мүшелер:

а) құрылыстары бірдей;

б) қызметтері бірдей;

в) құрылысы, қызметі әр түрлі;

г шығу тегі әр түрлі


38. Рудименттер:

а) қалыпты мүшелер;

б) кішірейген мүшелер;

в) қалдық мүшелер;

г) қайталанған ата-тектерінің белгілері;


39. Атавистік мүшелер:

а) қалыпты мүшелер;

б) кішірейген мүшелер;

в) қалдық мүшелер;

г) қайталанған ата-тектерінің белгілер


40. Рудимент мүшелер:

а) қол-аяқтар;

б) түктер;

в) құйымшақ;

г) құйрық;


41. Атавистік мүшелер

а) құйымшақ;

б) адамда құйрықтың дамуы;

в) соқыр ішек өсіндісі;

г) денені түк басуы;


42. Түр түзілудің қандай жолдарын білесін?

а) филетикалық;

б) эмбриондық;

в) партеногенездік;

г) нейруляциялық;

43. Аталық және аналық особьтардың сыртқы түрі, мінез қылықтары,

белгілері бойынша бір- бірінен ажыратылуы

а) төрт гаметанын түзілуі

б) жыныстық диморфизм

в) гаметалар арасында цитоплазманың біркелкі таралуы

г) редукциялық денешіктердің түзілуі


44. Мүшенің толық жетілмеуі микроцефалия

а) гипоплазия

б) гиперплазия

в) гетеротопия

г) аплазия




45. Ересек ата тектерінің құрылысын қайталайтын белгілердің рет ретімен

дамуы

а) гетерохрония

б) гетеротопия

в) палингенез

г) ценогенез

46. Онтогенез процесіндегі ортаңғы сатыда қалыптасатын мүшелердің

дамуындағы эволюциялық ауытқулар

а) анаболия

б) девиация

в) архаллаксис

г) филогенез

47. Онтогенездің бастамасы:

а) ұрықтану

б) гаметогенез

в) прогенез

г) фетопатия


48. Жұмыртқа жасушасының ішкі сапасының әртүрлілігі

а) ооплазмалық сегрегация

б) бөлшектену

в) жасушалардың миграциясы

г) бағаналық жасушалар


49. Органогенездің басталуы, біліктілік мүшелердің жүйке түтігі, хорда ішектің

қалыптасу процесі

а) компетенция

б) нейруляция

в) эмбриональды индукция

г) амнион

50. Әртүрлі факторлардың әсерінен онтогенезге зиян келтіретін факторлар

а) жасушалардың сұрыпталуы

б) жасушалық факторлар

в) мутагендік факторлар

г) теротогенді факторлар










Ақуыздар мен нуклейн қышқылдары тақырыбына арналған бақылау есептері.


  1. Нәруыз тізбегі мынандай аминқышқылдарынан тұрады: валин—лейцин - гистидин---серин---изолейцин. Нәруыз синтезін бақылайтын геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын анықтандар.

  2. Егер адениннің А саны 600 мыңға, гуаниннің Г саны 2 400 мыңғатең болса, ДНҚ молекуласының еселенуіне бос нуклеотидтердің қандай түрлері және қаншасы жұмсалады?

  3. Егер барлық нуклеотидтедің 22%-ын құрайтын 880 гуанинді нуклеотидтер болса, ДНҚ молекуласының кесіндісінде неше аденинді,тиминді, цитозинді нуклеотидтер бар?

  4. Зерттеушілердің пікірі бойынша адамның бір жыныс жасушасы ядросындағы ДНҚ молекуласының ұзындығы жуықтап алғанда 10,2см болады.Бір жасушаның ДНҚ-сында қанша жұп нуклеотидтер бар?

  5. ДНҚ кодоны қанша әр түрлі аминқышқылдарын кодондайды?

  6. ТГЦ,ЦАГ, ГЦТ, АЦЦ кодондарымен қандай аминқышқылдары кодондалады?

  7. Аспарагин, метионин, тирозин, валин аминқышқылдарын а-РНҚ-ның қандай кодондары кодтайды?

  8. Глицин аминқышқылын ДНҚ-ның кодоны кодтайды. ДНҚ кодонына а-РНҚ-ның қандай кодондары сай келеді?

  9. ЦГУ, АЦЦ, АУГ, ГУА антикодонына қандай аминқышқылдары сәйкес келеді?

  10. Пролинге, триптофонға қандай антикодондар сәйкес келеді?

  11. ДНҚ молекуласының бір тізбегі азотты негіздердің мынандай қатарынан тұрады: А-Т-А-Ц-Г-Г-Т-А. ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құраңдар.

12. а-РНҚ тізбегі мынандай азотты негіздер қатарынан тұрады: А-У-Г-У-Ц-А-Г. Осыған сәйкес ДНҚ молекуласын жазыңдар.

13. ДНҚ молекуласының бір тізбегі мынандай азотты негіздер қатарынан тұрады: А-Т-А-Ц-Т- Г-Ц. а-РНҚ-да осыған сәйкес тізбекті жазыңдар.

14. Рибасомалық-РНҚ мынандай азотты негіздер қатарына тұрады:У-Г-Ц-А-Г-У.ДНҚ молекуласындағы осыған сай кесіндісін жазыңдар.

15. Егер тірі организімдердің химиялық құрамында:

а) 30 аминқышқылы және нуклеотидтердің 4 типі;

ә) 15 аминқышқылы және нуклеотидтердің 5 типі;

б) 25 аминқышқылы жіне нуклеотидтердің 3 типі;

в) 20 аминқышқылы жіне нуклеотидтердің 5типі болса, генетикалық ақпарат қанша кодонмен кодталады?

16. Инсулин нәруызының құрамы 51 аминқышқылының қалдығынан немесе оны анықтайтын геннен тұрады. Аминқышқылдарының орташа молекулалық массасы 110, ал нуклеотидтікі 300- ге тең. Инсулин нәруызы ауыр ма, жоқ оны анықтайтын ген ауыр ма? Осыны анықтаңдар.

17 . 450 триплеттен тұратын геннің молекулалық массасын анықтаңдар.

18. 501 нуклеотидтен тұратынгеннің бақылауында болатыннәруыз молекуласының молекулалық массасын анықтаңдар.

19. т-РНҚ нәруыз синтездлетін рибосомада мынандай;

а) ГУЦ,ЦЦА,ЦГЦ,УГА;

ә) ААЦ, ЦУА,ГАЦ ГУУ антикоондары болған жағдайдағы, а-РНҚ, ДНҚ және нәруыз кесіндісінің құрылымын анықтаңдар.

20. Нәруыздың бір бөлігі мынандай аминқышқылдары қатарынан: пролин-фенилаланин- тирозиннен тұрады. Полипептидті синтездеуге т-РНҚ-ның қандай түрлері қатысады?

21. Метионин-триптофан-тирозин полипептидін кодтайтын ДНҚ кесіндісінің құрылымын анықтаңдар .

22. ДНҚ коды:А, Г, Ц, Т. Екінші тізбекте қандай азотты негіздер тұруы қажет?

23. Егер бір аминқышқылы үш азотты негізбен анықталса, онда аминқышқылының қанша түрін жасауға болады?

24. Бір жасушада РНҚ-ның қанша түрі кездеседі?

25. Екі тізбекті ДНҚ молекуласында цитозиннің үлесі 17% Адениннің санын анықтадар.

26. Бидай жасушасында (Г+Ц) -46.5% бақа жасушасында - 42% тышқанда - 44%. Бидай, бақа,

тышқан жасушасындағы ДНҚ-ның нуклеотидті құрамын анықтаңдар.

27. Нуклеотидтердің құрамына нелер кіреді?

28 . Пуринді негіздерге нелер жатады?

29 . Пиримидинді негіздерге нелер жатады?

30. ДНҚ үшін екінші ретті құрылымының қандай түрі негізгі болып есептелінеді?


Нуклеин қышқылдары және нәруыздар.

Молекулалық биологияға арналған есептерді шығару жолдары оқушыларды жасушадағы биополимерлер - нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі және ақуыз синтезі туралы білімдерін тереңдету мақсатында беріледі.

1-есеп. Мынандай химиялық қосылыстардың: азотты негіздер, фосфор қышқылының қалдығы, рибоза, дезоксирибозалардың қайсысы ДНҚ-ның, қайсысы РНҚ-ның құрамына кіреді?

Шешуі: нуклеин қышқылдары табиғи биополимерлерге жататындықтан олардың

мономерлері-нуклеотидтер. Ал нуклеотидтердің құрамына азотты негіздер фосфор

қышқылының қалдығы және көмірсулар енеді. ДНҚ азотты негізден,

дезоксирибозадан, фосфор қышқылының қалдығынан тұрады.

2-есеп: Мына нуклеотидттердің: адениннің -А, тиминнің - Т, урацилдің -У , цитозиннің - Ц қайсысы ДНҚ-ның, қайсысы РНҚ- ның құрамына кіреді?

Шешуі: нуклеин қышықылдарының құрамына төрт азотты негіз кіреді: ДНҚ-ға

аденин А, тимин Т, гуанин Г жне цитозин Ц; РНҚ -ға аденин А, гуанин Г, урацил У

және цитозин Ц. Ерекше ескертетін жайт:пуринді негіздердің саны пиримиденді

негіздердің санына тең: ДНҚ == (А+Т) + (Г+Ц)=100%: РНҚ=(А+У)+(Г+Ц)=100%.

Бұл Э.Чаргафф ережесі деп аталады.

3-есеп. ДНҚ-ның бір тізбегінің бөлігінде нуклеотитдтер қатары мынандай тәртіппен орналасқан: А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-А-Т-Г.ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құрастырыңдар. Егер әрбір нуклеотидтің ДНҚ тізбегіндегі орны 0,34 нм болса, осы ДНҚ молекуласының ұзындығы қанша?

Шешуі: қос тізбекті ДНҚ молекуласының осы кесіндісі мынандай болады:

А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-А-Т-Г

Т-Т-Ц-А-Г-А-Т-Г-Ц-Т-А-Ц

ДНҚ молекуласынң қос тізбегінің түзілуі азотты негіздердің әр жұбы бір-біріне

комплементарлы, бірін-бірін толықтыру принціпіне негізделген. ДНҚ тізбегінің осы

кесіндісінің ұзындығы анықтау үшін, кесіндіге кіретін 12 нуклеотидті 0,34 нм-ге

көбейтеміз. Сонда 0,34*12=4,08 нм болады.

4-есеп ДНҚ-ның бір тізбегінің кесіндісіне нуклеотидтер қатары мынандай тәртіппен орналасқан: А-А-Г-Т-Ц-Т-А-Ц-Г-Т-А-Г

Т-Т-Ц-А-Г-А-Т-Г-Ц-А-Т-Ц

Нуклеотидтер құрамының пайыздық құрамын анықтау үшін Чаргафф ережесін қолданамыз: (А+Т)+(Г+Ц)=100% Нуклеотидтердің жалпы санын анықтаймыз: А =7,Г=5,Т=7 Ц=5-ке тең. Барлығы 24. Енді бір нуклеотидке қанша пайыз келетінін анықтаймыз.Ол үшін пропорция құрамыз: 24--------------100

1------------х х=100*1:24=4,17.

Енді нуклеотидтердің санын анықтауға болады:

24-----------100

7--------------х х=100*7:24=29,17(А және Т).

24--------------100

5---------------х х=100*5:24=20,83 (Г және )

Немесе басқа жолмен анықтауға болады:

7*4,17=29,17 (А және Т)

5*4,17=20,83 (Г және Ц)

5-есеп ДНҚ молекуласының кесіндісі 20,4 нм-ге тең. Осы кесіндіде қанша нуклеотидтер бар?

Шешуі: көптеген организімерде, кейбір вирустарды есептемегенде ДНҚ молекуласы қос тізбекті, ал бір нуклеотидтің мөлшері 0,34нм болады. Сондықтан 20,4:0,34=60 нуклеотид.

Жауабы: ДНҚ кесіндісі 60 нуклеотид қатарынан тұрады.

6-есеп. Инсулин бақылайтын геннің а-РНҚ кесіндісінің құрамында мынандай нуклеотидтер бар: УУУ-ГУУ-ГАУ-ЦАА-ЦАЦ-УУА-УГУ-ГГГ-УЦА-ЦАЦ. Осы генің кесіндісіндегі (А+Т):(Г+Т) негіздердің арақатынасын анықтаңдар.

Шешуі: а-РНҚ құрамы: УУУ-ГУУ-ГАУ-ЦАЦ-УУА-УГУ-ГГГ-УЦА-ЦАЦ

ДНҚ-ның сол тізбегі: ААА-ЦАА-ЦТА-ГТТ-ГТГ-ААТ-АЦА-ЦЦЦ-АГТ-ГТГ

ДНҚ-ның оң тізбегі: ТТТ-ГТТ-ГАТ-ЦАА-ЦАЦ-ТТА-ТГТ-ГГГ-ТЦА-ЦАЦ

ДНҚ-дағы нуклеотидтеодің саны есептейміз: А=18, Т=18, Г=12, Ц=12.

(А+Т): (Г+Ц)=(18+18): (12+12 ) =36:24.

Жауабы: 36 (А+Т): 24 (Г+Ц).

7-Есеп. ДНҚ молекуласының бір тізбегінің кесіндісінің құрамы АГТ-ЦЦЦ-АЦЦ-ГТТ нуклеотидтерден тұрады. Осы ақпаратқа сүйеніп, екінші тізбекті құрыңдар және кесіндінің ұзындығын анықтаңдар.

Шешуі: АГТ-ЦЦЦ-АЦЦ-ГТТ

ТЦА-ГГГ-ТГГ-ЦАА

ДНҚ-ның бұл кесіндісінің ұзындығы:0,34*12= 4,08нм.

8-есеп. Бір генің бөлігі мынандай нуклеотид қатарынан тұрады:ТТТ-ТАЦ-АЦА-ТГТ-ЦАГ. Ақпараттық-РНҚ нуклеотидтер қатарын және осы геннің бақылауымен синтезделетін нәруыздағы аминқышқылдар қатарын анықтаңдар.

Шешуі:

ДНҚ Тізбек а-РНҚ Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдар

Т А

Т------------- А --------------------------- Лизин

Т А

Т А

А------------ У-----------------------------Метонин

Ц Г

А У

Ц------------ Г---------------------------- Цистеин

А У

Т А

Г----------- Ц------------------------------Треонин

Т А

Ц Г

А------------ У-------------------------------Валин

Г Г


9-есеп. Егер инсулин нәруызының молекуласы 51 аминқышқылынан тұрса,ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің арақашықтығы 0,34 нм болса, онда инсулинді бақылайтын геннің ұзындығы қандай?

Шешуі: ген дегеніміз-инсулиннің синтезі жөнінде ақпараты бар ДНҚ-ның бөлігі.

ДНҚ-ғы үш нуклеотид бір аминқышқылын кодтайды. Енді инсулинді кодтайтын

ДНҚ нуклеотидтерінің санын анықтаймыз: 51*3 =153 (нуклеотид). Осы геннің

ұзындығын есептейміз: 0,34*153 =52,02( нм.)

Жауабы: геннің ұзындығы 52,02 нм-ге тең.

10-есеп: Нәруыз 100аминқышқылынан тұрады делік. Егер ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің арақашықтығы 0,34нм болса, осы нәруызды синтездейтін геннің ұзындығы қандай?

Шешуі: осы нәруызды кодтайтын нуклеотидтердің санын анықтаймыз:3*400= 1200

нуклеотидтер.

Геннің ұзындығын есептейміз:0,34*1200=408 нм.

Жауабы: геннің ұзындығы 408 нм-ге тең.

11-есеп. Егер 5 аминқышқылынан тұратын инсулинді синтездеуге 7,3 с уақыт кетсе, онда жоғары сатыдағы организмдерде нәруыз синтезі қандай жылдамдықпен жүреді?

Шешуі: 51:7,3= 7. Секундына 7 аминқышқылы синтезделеді.

Жауабы: 1 секунда 7 аминқышқылы байланысады.

12-есеп. ДНҚ қос тізбегінде 500,25 және 48 аминқышқылдарынан тұратын нәруыздарды синтездейтін гендер қанша нуклеотидтерден тұрады?

Шешуі: бір аминқышқылы ДНҚ молекуласындағы үш нуклеотидпен триплитпен

кодондалады.

500 аминқышқылын кодондау үшін: 3*500*2 =3000;

25 аминқышқылын кодондау үшін: 3*28*2 =150;

48 аминқышқылын кодондау үшін 3*48*2= 288 нуклеотид керек.

Жауабы: ДНҚ молекуласының қос тізбегі 3000;150;288 нуклеотидтерден тұрады:

13-есеп. ДНҚ молекуласының бір тізбегі мынандай нуклеотидтер қатарынан тұрады: ААГГЦТЦТАГГТАЦЦАГТ.

  1. комплементарлы тізбектегі нуклеотидтер қатарын анықтаңдар;

2 ) комплементарлы тізбекте синтезделетін а-РНҚ кодонының қатарын табыңдар;

3 ) комплементпрлы тізбекте сақталған полипиптидтегі амин қышқылдар қатарын

анықтаңдар.

Шешуі. ДНҚ молекуласындағы азотты негіздердің комплементарлық қағидасына

сәйкес А---Т, Ц---Г молекуланың екінші тізбегін құрамыз:

ААГГЦТЦТАГТТАЦЦАГТ - ДНҚ-ның бірінші тізбегі;

ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА - ДНҚ-ның екінші тізбегі.

  1. ДНҚ және РНҚ молекуласындағы азотты негіздердің комплементарлық

қағидасына сәйкес А---У, Ц---Г, а-РНҚ тізбегін құрамыз

ТТЦЦГАГАТЦЦАТГГТЦА - ДНҚ-ның екінші тізбегі;

ААГГЦУЦУАГГУАЦЦАГУ -а-РНҚ молекуласы; ---транскрипция.

  1. Генетикалық кодтын триплетті екенін ескере отырып , а-РНҚ тізбегін жеке

триплеттерге бөлеміз. Содан соң полипепитте аминқышқылдарының қатарын генетикалық кодтың кестесі арқылы белгілейміз:

ААГ ГЦУ ЦУА ГГУ АЦЦ АГУ –а -РНҚ триплиттері

Лиз – ала – лей ---глей - тре--- сер---полипептид ---трансляция

14-есеп. Нәруыз молекуласының құрылысы бойынша ДНҚ құрылысые анықтау. Миоглобин нәруызының молекулалық кесіндісінде аминқышқылдарының орналасу реттілігі мынадай:валин-аланин-глутамин қышқылы-терозин-сирин-глутамин. Осы реттілікті кодтайтын аминқышқылдарының (ДНҚ молекуласының бөлігіндегі) құрылысын жазыңдар.

Шешуі: кестеден әрбір аминқышқылын кодондайтын триплетті анықтаймыз.

Олар: валинді УУГ, глицинді-ГУГ,т.б. кодондайды. Синтезге тек а-РНҚ қатысады,

ДНҚ қатыспайды. Егер аминқышқылын бірнеше триплетпен кодондасақ, біреуін ғана алуға болады. Бұдан ретімен барлық аминқышқылдарын кодондайтын триплетті жазып шығамыз. Алынған полипептитті тізбек а-РНҚ құрылысын анықтайды: УУГ---ЦУГ---ГУГ....

1.Бұдан кейін а-РНҚ құрылысын кодондаған ДНҚ тізбегінің құрылысын

анықтаймыз. Ол үшін а-РНҚ молекуласы кодондаған триплеттің қарсысына ДНҚ молекуласының кодонын жазамыз:

УУГ---ЦУГ---ГУГ... а-РНҚ бірінші тізбегінің кодоны.

ААЦ---ГАЦ---ЦАЦ... ДНҚ

2. ДНҚ молекуласы екі тізбектен тұратындықтан 1- тізбектің кодонының астында комплементарлы 2-тізбектің кодонын түсіреміз:

1-тізбек: ААЦ---ГАЦ---ЦАС

2-тізбек: ЦТГ---ГТГ

1-тізбекті және 2-тізбекті тік сызықша арқылы жалғастырып, ДНҚ

молекуласының (бөлігінің) құрылысын анықтаймыз:

А-Т А-Т Ц-Г Г-Ц А-Т Ц-Г Ц-Г А-Т Ц-Г

15 есеп. .ДНҚ молекуласының кестесі мынадай реттілікпен орналасқан нуклеотидтерден тұрады: ТТА----АЦТ---ГЦГ---ААА----ТЦТ---ГАА---ГЦТ. Геннің кодондалған бөлігінің полипиптиті тізбегіндегі аминқышқылының құрамын және реттілігін анықтаңдар.

Шешуі 1.ДНҚ-дағы нуклеотиттерді жазып, оларды триплетке бөлеміз ДНҚ молекуласының тізбегінің кодонын аламыз:АТТ---ГАЦ---ТАТ

2. Бұдан кейін ДНҚ кодонына комплементарлы а-РНҚ триплетін құрамызда астына жазамыз:

ДНҚ: ААЦ---ГАЦ---ТАТ

А-РНҚ: УУГ---ЦТГ---АУА.

  1. Кесте бойыншаа -РНҚ-ның әрбір триплетін қандай аминқышқылы кодондағанын анықтаймыз.

  2. Нәруыздың құрылысы:

Валин---алаин----лизин, т.б

ДНҚ: ААЦ---ГАЦ—ТАТ.

А - РНҚ: УУГ---ЦУГ---АУА

Жауабы: Нәруыздар: валин, аланин, лизин. 16-есеп Фанкони синдромымен (сүйек ұлпасы құрылымының бұзылуы) ауыратын науқастардың зәрі арқылы бөлінетін аминқышқылдарының а-РНҚ-сының триплеттері мынадай:

ААА; ЦГУ; ГАА; АЦУ; ГУУ; УУА; УГУ; УАУ

Фанкони синдромына тән зәр арқылы бөлінетін аминқышқылдарын анықтау керек.

Жауабы: Лизиз---аргенин---глутамин қышылы ---трионин---валин—лейтин---цистейн---тирозин.

17-есеп. Адам жасушасының ядросындағы ДНҚ мөлшері 6 10-12 г-ға жуық. Ұзындығы 0,1 нм-ге жуық ДНҚ қос тізбегі үлескісінің массасы, сутектің 190 атомының массасына тең болады. Осы нәтижеге сүйеніп:

а) ядродағы ДНҚ- ның жалпы ұзындығын;

б) бір хромосомадағы ДНҚ- ның орташа массасын;

в) хромосомалары бірдей болған жағдайда, бір хромосомадағы ДНҚ ұзындығын анықтау керек. Хромосома ДНҚ- сынының ұзындығын метафазалық хромосоманың мөлшерімен салыстыру қажет.

Шешуі:

а) ұзындығы 0,1 нм ДНҚ массасы сутек атомының массасынан 190есе көп. Бір сутек атомының массасы 1\6.1023г- ға тең. 0,1 нм ДНҚ массасы 190/ 6.1023г-ға тең. Сонда ядролық ДНҚ- ның жалпы ұзындығы 6. 10-12/190 /6.1023= 1,9.109нм =1,9м.

б) бір хромосомадағы ДНҚ мөлшері 6. 10-12/46=13.10-13.

Бір хромосома ДНҚ- сының ұзындығы 1,9.109/ 46= 4,75.10.7 нм =4,75 см.

Жауабы: Интерфазадағы хромосоманың ұзындығы метафазадағы хромосоманың ұзындығынан 40000 есе артық болады.

18-есеп. А – а мутацияның жиілігі 10-6 ға тең, мұнда кері мутация болмайды. 10, 1000, 100000 ұрпақтан кейін А аллелі қандай болады?

Шешуі: бұл мынандай формуламен шығарылады: pt= po ( 1-и ) мүнда : pt ұрпақтағы мутацияның жиілігі, t ұрпақ.

Жауабы: егер бастапқы жиілік po=1,00 болса,онда 10 ұрпақтан кейін р 10 = (1-10-6) 10 =0,99999; р1000= (1-10-6)1000 = 0,999; Р!00000=» (1-10-6)100000 = 0,905

Бақылау есептері.

1. Инсулиннің В полипептидтік тізбегінің бір бөлігі 8 аминқышқылын құрайды. Олар:глицин........изолейцин.......валин.......глутамин......глицин......цистеин......аланин.Полипептидті тізбекті кодондайтын ДНҚ молекуласы үлескесіндегі кодонның құрамын және орналасу ретімен жазыңдар.

2. Нәруыздың құрамына аминқышқылы кіреді. Егер ДНҚ молекуласындағы екі нуклеотидтің арақашықтығы 34.10 -4мкм болса, оны бақылайтын геннің ұзындығы қандай болмақ.

3. 400 аминқышқылынан тұратын нәруыз түзілуді бақылайтын геннің молекулалық массасын анықтаңдар. Нуклеотидтердің орташа молекулалық массасы 300 .

4. Геннің үлескісі мынандай нуклеотидтер құрамынан тұрады.: ТГГ ТУГ ЦАГ ГАГ ГГГ ТТТ. Егер: а) сол жағынан оныншы нуклеотид жоғалса; ә) 10- 11 12-нуклеотид жоғалтса, радиацияның әсерінене аминқышқылдар қалай өзгереді? Олардың кодондайтын аминқышқылдарының құрамы қалай өзгеретінін анықтаңдар.

5. Нәруыз тізбегі мынандай аминқышқылдарынан тұрады: валин.......лейцин. .......гистидин.....серин......изолейцин. Нәруыз синтезін бақылайтын геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын анықтаңдар.

6. ДНҚ кодоны қанша әртүрлі аминқышқылдарын кодондайды?

7. Аминқышқылдарында қанша ДНҚ әртүрлі кодондарымен кодондалады?

8. ТГЦ, ЦАГ,ГЦТ,АЦЦ кодондарымен қандай аминқышқылдары кодондалады?

9. Аргинин, пролин, лейцин аминқышқылдарын ДНҚ ның қандай кодондарын кодтайды?

10. ЦГУ, АЦЦ, АУГ, ГУА антикодонына қандай аминқышқылдары сәйкес келеді? 11. ДНҚ молекуласының бір тізбегі азотт негіздердің мынандай қатарынан тұрады: А-Т- А- Ц- Г- Г- Т- А. ДНҚ молекуласының екінші тізбегін құрыңдар.

12. аРНҚ тізбегі мынандай азотты негіздер қатарынан тұрады: А- У- Г- У- Ц- А-Г. Осыған сәйкес ДНҚ молекуласын жазыңдар.

13. Егер тірі организмдердің химиялық құрамында:

а) 30 аминқышқылы және нуклеотидтердің 4 типі

ә) 15 аминқышқылы және нуклеотидтердің 5 типі

б) 25 аминқышқылы және нуклеотидтердің 3 типі

в) 30 аминқышқылы және нуклеотидтердің 5 типі болса,генетикалық ақпарат қанша кодонмен кодталады ?

14. Егер нуклейн қышқылының құрамында:

а) нуклеотидтің 3 түрі болса, генетикалық код триплетті;

б) нуклеотидтің 2 түрі болса, генетикалық код триплетті;

в) нуклеотидтің 4 түрі болса, генетикалық код диплетті;

г) нуклеотидтің 5түрі болса, генетикалық код диплетті десек, генетикалық ақпарат қанша кодонмен кодталады?

15. Инсулин нәруызының құрамы 51 аминқышқылының қалдығынан немесе оны анықтайтын геннен тұрады. Аминқышқылының орташа молекулалық массасы 110 , ал нуклеотидтікі 300- ге тең Инсулин нәруызы ауырма, жоқпа оны анықтайтын ген ауыр ма? Осыны анықтаңдар.

16. 450 триплеттен тұратын геннің молекулалық массасын анықтаңдар.

17. 501 нуклеотидтен тұратын геннің бақылауындаболатын нәруыз молекуласының молекулалық массасын анықтаңдар.

18. ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің пайыздық мөлшерін анықтаңдар Оның құрамында : а) 23% гуанинді нуклеотидтер;

б) 16% аденилді нуклеоидтер;

в) 10% цитидинді нуклеотидтер

г) 20% тимидинді нуклеотидтер бар

19. Егер бір аминқышқылы үш азотты негібен анықталса, онда аминқышқылының қанша түрін жасауға болады?

20 ДНҚ үшін екінші ретті құрылымның қандай түрі негізгі болып есептеледі?

21. ДНҚ-дағы барлық нуклеотидтердің 10% аденинді нуклеотидтер болса, онда ДНҚ-дағы цитозинді нуклеотидтердің пайызы қанша?

22. Балаға әкесі жағынан әжесінің барлық 23хромосоманың берілуінің ықтималдығы қандай?.

23. Аспарагин, метионин,тирозин,валин аминқышқылдарын аРНҚның қандай кодондары кодтайды?

Жасушаның құрылысы. Организмдердің көбеюі мен дамуы.

1. Жасушалар пішіні және атқаратын қызметі жағынан әртүрлі. Барлық жасушада бірдей органоидтар бар, оны қалай түсіндіруге болады?

2. Жасуша пластидтерінде және митохондриясында өздерінің ДНҚ сы болады. Неге?

3. Жұмыртқа жасушасының және сперматозоитің ядросында хромосома саны тең, бірақ жұмыртқа жасушасында цитоплазманың көлемі үлкен және цитоплазмалық органоидтардің саны сперматозоидпен салыстырғанда көп. Осы жасушаларда ДНҚ мөлшері бірдей ме?

4. Прокариоттардың ДНҚ сының молекулалық массасы неге тең және ол қанша құрылымдық генге сәйкес келеді?

5. 46 хромосомадан қанша комбинация түзуге болады?

6. Прокариоттарда қанша хромосома бар?

7. Табиғи геномдарда ДНҚ және РНҚ қандай күйде кездеседі?

8. ДНҚ репликация процесінің негізі қандай принципке негізделген

9. Прокариотты және эукариотты жасушаларда ДНҚ-полимеразаның қандай түрлері бар?

10. Гаметогенездің көбею және өсу кезеңдерінде хромосомалар саны неше?

11. Гаметогенездің пісу және қалыптасу кезеңдерінде хромосомалар саны неше?

12.Айгүлді шешесі 23 жасында, ал Нұрланды 26-сында туған. Сонда Айгүл мен Нұрлан үшін 1- қатардағы овоцит және 2- қатардағы овоцит қанша уақыт дамыған

13. Қатты бидайдың жасушасында 28 хромосома бар. Мейоздық бөліну кезінде гомологтық хромосомалардың жұптарының алмасуы жүрген. 8 ядролық ұрық қапшығында ядроның қанша түрі болады.?

14. Жылқыда 64хромосома, ал есекте 62 хромосома бар. Осылардың буданының гаметасында қанша хромосома болады? Ұрықтану нәтижесінде

15. Жүгері өсімдігінің дене жасушасында 20 хромосома бар.  Ұрықтану нәтижесінде 200 дән байланған. Дәндердің түзілуіне қанша сперматозоид қатысқан?

16. Дрозофилиа шыбынының жасушасында 4 жұп хромосома бар. Аналық шыбынның гаметасында барлық аналық хромосомалардың болуының ықтималдығы қандай?

17. Егер жануарларда түзілген жалпы сперматозоидтардің саны 1000, диплоидты жасушада хромосоманың саны 2-ге тең болса, онда сперматозоидтердің неше түрі және осы 1000 сперматозоидте қанша болады?

18. Адамның дене жасушасының ядросында 23жұп хромосома бар.Кроссинговерді есептемегенде түзілетін гаметалардың түрлері қандай болады?


Жауаптары:

1.Шыққан тегі бір екенін көрсетеді

2. Бұрын пластидтер мен митохондриялар жеке жасуша ретінде болған. Эволюция барысында бұлар бірігіп,жоғары дәрежелі жасушаға айналады. Осы жасушалардан пластидтер және митохондриялар түзілген.

3. Жұмыртқа жасушасында митохондриялық ДНҚ есебінен ДНҚ мөлшері артық болады.

4. ДНҚ молекуласының массасы 2,5.109 +0,5 .109- ға тең, 2000генге сәйкес.

5. 2 23 комбинация

6. Бір хромосома ,сақина тәрізді ДНҚ

7.Екі тізбекті ДНҚ, бір тізбекті РНҚжәне прокариоттарда сақина тәрізді ДНҚ

8.Жартылай консервативті.

9.Эукариоттарда полимеразаның төрт түрі, прокариоттарда бір түрі болады.

10.Диплоидты 2п 4с

11.Гаплоидты 1п 2с

12.Айгүл үшін -22 жыл, Нұрлан үшін 25- жаста. Айгүл мен Нұрлан үшін 2-қатардағы овоцит -12 сағат .

13.Біреу

14.Гамета түзілмейді, сондықтан ұрпақ бермейді.

15.400.

16.1\16

17.2 түрі

18. Гамета,а гомологты жұп хромосоманың біреуі ғана түседі. Бірінші жұп хромосоманың, екінші жұп хромосомамен қосылуы варианттар санын екі есе арттырады. Сонда 2х 2х 2х = 223=8х.106 гаметалардың варианттары болады.

Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі.

Оқушыларға генетикалық терминдер мен таңбалар туралы, будандастырудың түрлерін, генетика ның негізгі заңдылықтарын түсіндіріп болғаннан кейін есептер беріп олардың шығару жолдарын түсіндіру қажет.

Генетикалық таңбалар.

Р- будандастыруға арналған ата-аналық даралар.

Г- гаметалар.

F 1.2.3 - алынған ұрпақ жанына қойылатын индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді: F1-бірнші ұрпақ,F2-екінші ұрпақ,т.б.

Х - будандастыру белгісі.

- аналық дараның жыныстық белгісі.

- аталық дараның жныстық белгісі.

Гендерді латын алфавитінің әріптерімен белгілейді:

А - доминантты ген, а - рецессивті ген.

АА- доминатты гомозиоталы, Аа - гетерозигота, аа-рецессивті гомозигота. Өткен материалды қайталауда, жаңа тақырыптарды бекітуде есеп шарты жазылған үлестірме қағаздар, тест-есептер, сурет тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеруге болады. Мысалы, үлестірме қағаз үлгілері:

1. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда, қара түсті тұқымды өсімдіктер алынған. Алынған аналық және аталық өсімдіктердің генотипін анықтауға бола ма?

Жауабы: аталық өсімдіктің генотипі рецессивті гомозигота - аа,себебі алынған өсімдікте ол белгі көрінбейді. Ал алынған өсімдіктің генотипі гетерозигота – Аа, себебі оған аналықтан қара белгі, аталықтан ақ белгі беріледі.










Тест есептер.

1. Екі сұр дрозофила шыбынын будандастырғанда екінші ұрпақта F2 1392 сұр шыбын, 467 қара шыбын алынған. Аталық және аналық қара шыбындардың генотипі қандай?

1) Аа хАа

2) АА хаа

3) АА хАа

4) Аа х аа

Жауабы: мұнда есептің бірнеше жауабы беріледі. Оқушы дұрыс жауаптың тұсына «+» белгісін қояды. Дұрыс жауап біреу: Аа х Аа

Есептерді шығару барысында мынандай мәселелерді ескеру қажет:

а) есептің шартын мұқият оқып шығып, тұқым қуалайтын белгілерді анықтау ә) осы белгілерді бақылайтын гендердің аллельдерін белгілеу;

б) есептің шартында көрсетілген ата-ананың және ұрпақтың генотипін біліп, оны генетикалық формуламен немесе хромосомалық үлгімен көрсету;

г) пеннет торын сызып, оға н жұмыртқа жасушаларының типтерін сол жағындағы тік бағытқа, сперматозоидтердің типтерін жоғарыдағы көлденең бағытқа жазады;

ғ) Пеннет торын толтырғанада ұрапақ дараларының генотипін жазып, ондағы әр түрлі фенотиптер мен генотиптердің сандық қатынасын көрсету қажет.

Есептерді құрастыру.

Есептерді құрастыру алдында оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Өсімдіктерде, жануарларда, адамда кездесетін тұқым қуалайтын белгілердің доминантты, рецессивті, аралық қасиетін көрсететін кестелер, екінші ұрпақта будандастырудың типіне қарай белгілердің сан жағынан ажырауын анықтайтын кестелер, аллельді, аллельді емес гендердің өзара әсерін көрсететін суреттер, хромосомалардың құрылысы, терминдердің анықтамалары мен таңбаларының үлгісі. Есептерді шығару жолдары туралы мәліметтер берілуі тиіс.

Есептерді құрастырудың үш әдістемелік нұсқасы бар:

1) белгілер тұқым қуалаудығ қай типіне жататынына байланысты құрастыру;

2) кестеде берілген тұқым қуалайтын белгілерді тағдап, есептің шартын енгізу;

3) есептің мазмұнын құрастырып,сұрақтарды тұжырымдау;


Генетика есептері.

Генетикалық есептердің үш типі болады:

1.ата –анасының генотиптері белгілі болған жағдайда ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтау;

2.ата-анасының және ұрпағының фенотипі арқылы ата - анасының генотипін анықтау;

3. белгілердің тұқым қуалау ерекшелігін анықтайтын есептер.


1.Ата анасының генеотиптері белгілі болған жағдайда ұрпағының генотипін және фенотипін анықтауда, есептің шартында ата ананың генотипі, белгілердің тұқым қуалау типтері туралы деректер берілуі тиіс.

Есеп шартында обьект ретінде ұрпағы аз болатын организмдер келтірілсе, онда сұрақты мынандай тұрғыда тұжырымдаған тиімді. Фенотипі (генотипі) .............. болатын ұрпақтың туу ықтималдығы қандай? Есептердің сұрақтарына берілетін жауаптар, қорытындылар дәл, дұрыс, қысқа тұжырымдалуы тиіс.

Талдаушы будандастыруға арналған есептердің сұрақтарына көпшілік жағдайда «Отбасында бір бала сау, екінші бала ауру болып туады » немесе «Бірінші бала ауру, ал екіншісі сау болып туады» деп қорытынды жасау мүлдем дұрыс емес, себебі ерлі зайыптылардың қанша, қандай балалары болатынын болжау қиын.

Сондықтан ықтимал ұғымды қолданып, «Аурубала тууының ықтималдығы 50%-дай болады », деп жауап қайтарған дұрыс.

2. Ата-ананың фенотипі және ұрпақтардың генотипі белгілі болған жағдайда, ата –анасының генотипін анықтау. Екі доминантты белгісі бар жұп даралардан рецессивті белгісі бар ұрпақ алынса, онда ата – анасының генотипі гетерозиготалы екенін көрсетеді.

Белгілердің тұқымқуалау ерекшелігін анықтайтын есептер. Мұндай есептердің шартында ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілердің тек фенотипі ғана айтылып, осы арқылы балама белгілердің қалай берілетінін анықтайды. Мұнда ата анасының фенотипінен басқа ұрпақтарының сан және сапа жағынан ерекшеліктері көрсетіледі.

Оқушы білуі тиіс:

  1. Белгілердің ұрпақтан- ұрпаққа берілуіне ата ананың бірдей қатысы болады.

  2. Бір ұрпақ бойына дараларда гендер гетерозигота күйінде бірге болғандықтан, олар өзгермейді.

  3. Әртүрлі хромосомада орналасқан жұп гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.

  4. Бір хромосомада орналасқан екі жұп гендер сол хромосома арқылы келесі ұрпаққа бірге өтуге ұмтылады. Олар кроссинговердің нәтижесінде ажырауы мүмкін.

  5. Ір дарада бір локуста гендер жұп, ал жұмыртқа жасушасында және сперматозоидте бір локуста ген бір – бірден болады.

  6. Ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтің қосылу комбинациясы ықтималдық теорияға сәйкес кездейсоқ жүреді. Бірдей гендері бар гаметалардың арасында бір- біріне тартылуы немесе тебілуі болмайды.












Ситуациялық есептер шығару тапсырмалары

  1. Дрозофила денесінің сұр түсі, қара түсінен басым. Денесі сұр түсті екі шыбынды бір бірімен шағылыстырғанда, ұрпағында 1200 сұр түсті және 400 қара түсті шыбындар алынған

А. 1) 100 2) 200 3) 300 4) 400 5) 600

Б. 1) 200 2) 400 3) 600 4) 800 5) 1080

  1. Ерлі зайыптылардың екеуі де альбинизм белгісі бойынша гетерозиготалы. Олардан әртүрлі жұмыртқалы егіз бала дүниеге келген. Олардың екеуінің де альбинос болуының ықтималдығы қандай?

1) 25 2) 50 3) 4

  1. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдығы қандай?

  1. 25% 2) 50% 3) 75% 4) 100% 5) 12,5%

  1. Ерлі – зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?

  1. ия 2) жоқ

  1. Бір жұмыртқадан пайда болған екі қыз, өздері сияқты егіз жігітке тұрмысқа шықса, олардан туылған балалар өздері сияқты бір-біріне ұқсас бола ма?

  1. Ия 2) жоқ

  1. Қара көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Қара көзді белгі көк көздіден басым. Олардан қара көзді 8 бала туады. Осы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.

  1. АА 2) Аа 3) аа 4) Аааа 5) АААА


  1. Гетерозиготалы организмдер (АаВв; АаСс; АаDd) қандай типті гаметалар түзеді?

  1. 2 2) 4 3) 6 4) 8 5) 10

  1. Қой көзді оңқай ер адам көк көзді оңқай әйелге үйленеді. Олардың бірінші баласы көк көзді солақай болды. Осы баланың генотипі қандай?

  1. АаВв 2) ААвв 3) ааВВ 4) ааВв 5) аавв

  1. Балаларының қанының топтары І, ІІ, ІІІ және ІҮ болса, ата-анасының генотиптері қандай болады?

  1. АО х ВО 2) ВВ х ВО 3) АВ х АВ 4) АО х АВ 5)АВ х ОО

  1. Балаларының қанының топтары І, ІІІ және ІҮ болса, ата-анасының генотиптері қандай болады?

  1. АО х АА 2) ВВ х ВО 3) АВ х АВ 4) АО х АВ 5) АВ х ОО

  1. Отбасында ата-анасының қанының топтары ІІІ, олардың бір жұмыртқалы екі ұлы және екі жұмыртқалы егіз қызы бар. Егіздердің осы белгі бойынша генотиптері қандай?

  1. АО х ВО 2) АА х ВВ 3) ВВ х ВВ 4) ВВ х ВО 5) АО х АА

  1. Егер ата-анасының қанының топтары ІІІ және ІҮ болса, олардан ІІІ топты бала тууының ықтималдығы қандай?

  1. 25% 2) 50% 3) 75% 4) 100% 5) 12,5%

  1. Шешесі және әкесінің резусы оң (Rh+) отбасында резусы теріс (rh+) бала туса, ата-анасының генотиптері қандай болғаны?

  1. Rh+ Rh+ х Rh+ Rh+ 2) Rh+ rh- x Rh+ Rh+ 3) Rh+ rh- x Rh+ rh-Rh+ rh- x rh- rh-5) rh- rh-x Rh+ Rh+

  1. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек, сау әйелге үйленеді. Олардың 8 баласы: 4 қызы және 4 ұлы бар. Қыздарының барлығы ауру, ұлдары сау болған. Ауру белгі қалай тұқым қуалайды.

  1. Аутосомалы – рецессивті;

  2. Аутосомалы – доминантты;

  3. Х – хромосоманың тіркескен;

  4. Доминантты Х – хромосомамен тіркескен;

  5. Рецессивті Х – хромосомамен тіркескен;

  1. Адамда түнде көрмейтін ауру доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Шешесі сау, әкесі ауру отбасында ауру бала тууының ықтималдығы қандай?

  1. 25% 2) 50% 3) 75% 4) 100% 5) 12,5%

  1. Даун ауруымен ауыратын адамдардың хромосомалар санында қандай өзгерістер бар?

  1. Трисомия 22 2) трисомия 13 3) трисомия 18 4) трисомия 21

5) трисомия 17

  1. Шерешевский – Тернер ауруымен ауыратын адамдарда хромосомалар саны неше?

  1. 44 + ХО 2) 44 + ХХХ 3) 44 + ХХХХ 4) 44 + ХХХХХ 5) 44 + ХҮ

  1. 47 хросомасы бар ерекшелік кімдерде кездеседі және ол қалай аталады?

  1. Әйелдерде

  2. Еркектерде

  3. Клайнфельтер синдромы

  4. Даун синдромы

  5. Леша – Найяна синдромы

  1. 9 : 7 немесе белгілердің ажырауы 9 : 6 : 1 гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады?

  1. Комплементарлық

  2. Полимерлік

  3. Плейтропты

  4. Эпистаздық

  5. Кодоминанттық

  1. 13 : 3, 12 : 3 : 1 қатынасында белгілердің ажырауы гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады?

  1. Комплементарлық

  2. Полимерлік

  3. Плейтропты

  4. Эпистаздық

  5. Кодоминанттық

  1. Жыныс гаметаларында әр белгілердің қанша аллельді гендері болады?

  1. 1 2) 2 3) 3 4) 4 5) 5

  1. Моногибридті будандастыруда организмдер қанша белгілермен ажыратылады?

  1. 2 2) 3 3) 1 4) 4 5) 6

  1. Қызан өсімдігінің жемісінің дөңгелек пішіні, алмұрт тәріздісінен басым. Ұрпақтарында дөңгелек және алмұрт пішінді жемістері теңдей алынған өсімдіктердің ата-анасының генотипі қандай болмақ?

  1. Аа х Аа 2) аа х аа 3) АА х АА 4) Аа х аа 5) Аа х АА

  1. Қызан өсімдігінің қызыл түсін анықтайтын ген сары түсін анықтайтын генге қарағанда басым. Гомозиготалы қызыл жемісті қызанды сары түсті түрімен будандастырғанда F1 - де алынатын жемістің түсі қандай болмақ?

  1. Сары 2) қызыл 3) қызғылт 4) ақ 5) жасыл

  1. Қызан өсімдігінің жемісінің түсін анықтайтын А гені, сары түсін анықтайтын а геніне қарағанда басым. Мына будандастыруда алынған ата-аналық өсімдіктердің қайсысының екеуінде рецессивті белгісі бар?

  1. АА х аа 2) аа х аа 3) Аа х Аа 4) Аа х аа 5) Аа х АА

  1. Жемісі ақ түсті асқабақ өсімдігін будандастырғанда алынған ұрпақтың 3\4 – і ақ, 1\4 – і сары жемісті болған. Ата-ана түрлерінің генотиптері қандай?

  1. АА х аа 2) аа х аа 3) Аа х Аа 4) Аа х аа 5) Аа х АА

  1. Қандай будандастыруда белгілер екінші ұрпақта 1 : 1 қатынасында ажырайды?

  1. Кері будандастыру

  2. Тура будандастыру

  3. Талдаушы будандастыру

  4. Аутбридинг

  5. Инбридинг

  1. Қандай будандастыруда белгілер фенотип бойынша 3 :1 қатынасында ажырайды?

  1. Тура будандастыру

  2. Кері будандастыру

  3. Моногибридті будандастыру

  4. Дигибридті будандастыру

  5. Талдаушы будандастыру

  1. Қандай будандастыруда белгілер генотипі бойынша 1 : 2 : 1 сандық қатынаста ажырайды?

  1. Тура будандастыру

  2. Кері будандастыру

  3. Моногибридті будандастыру

  4. Дигибридті будандастыру

  5. Талдаушы будандастыру

  1. Қандай будандастыруда белгілер фенотип бойынша 9 : 3 : 3 : 1 сандық қатынаста ажырайды?

  1. Тура будандастыру

  2. Кері будандастыру

  3. Моногибридті будандастыру

  4. Дигибридті будандастыру

  5. Полигибридті будандастыру

  1. Қандай будандастыруда белгілер генотип бойынша 1 : 1 қатынасында ажырайды?

  1. Кері будандастыру

  2. Тура будандастыру

  3. Моногибдирті будандастыру

  4. Дигибридті будандастыру

  5. Талдаушы будандастыру


  1. Көк қаракөл қойын қара қошқармен шағылыстырғанда бір көк қошақан туған. Оның гетерозиготалы екенін білу үшін қандай шағылыстыру жүргізу керек?

  1. Кері шағылыстыру

  2. Тура шағылыстыру

  3. Моногибридті шағылыстыру

  4. Дигибридті шағылыстыру

  5. Талдаушы шағылыстыру

  1. Гетерозиготалы организмдер (Аа, СС, ВВ) қандай типті гаметалар түзеді?

  1. 2 2) 1 3) 4 4) 3 5) 5

  1. Дигетерозиготалы организмдер (АаВв) қанша типті гаметалар түзеді?

  1. 2 2) 3 3) 4 4) 5 5) 6

  1. Қандай будандастыруда белгілер 1 : 1 : 1 : 1 сандық қатынасында ажырайды?

  1. Кері будандастыру

  2. Тура будандастыру

  3. Моногибридті будандастыру

  4. Дигибридті будандастыру

  5. Талдаушы будандастыру

  1. Түсі қызыл түнсұлу гүл өсімдігін ақ гүлді өсімдігімен будандастырғанда бірінші ұрпағының фенотипі қандай болады?

  1. Қызыл 2) ақ 3) қызғылт 4) жасыл 5) сары

  1. Екі қызғылт түнсұлу гүл өсімдігін будандастырғанда F2 – нің қанша бөлігі қызыл түсті болады?

  1. 1 бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

  1. Екі қызғылт түнсұлу гүл өсімдігін өзара будандастырғанда F2 ұрпақтың қана бөлігі ақ түсті болады?

  1. 1 бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

39. Екі қызғылт түнсүлу гүл өсімдігін ақ гүлді өсімдігімен будандастырғанда F 2 ұрпақтың неше бөлігі қызғылт болады?

1) Бір бөлік 2) екі бөлік 3) үш бөлік 4) 4 бөлік 5) бес бөлік

40. Дрозофилла шыбынының денесінің сұр түсті қара денеге қарағанда доминантты. Егер сұр мен қара шыбынды бір – бірімен шағылыстырса бірінші ұрпағының фенотипі қандай болады

1) сұр 2) қара қошқыл 3) қара 4) ақ 5) сары

41. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда F 2 кезінде ұрпағының қанша бөлігі гетерозиготалы болады?

1) 1 бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

42. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда кезінде ұрпағының неше бөлігі рецессивті гомозигота болады?

1) 1бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

43. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда F 2 кезінде бөлігі доминантты гомозигота болады?

1) 1 бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

44. Сұр шыбын мен қара шыбынды шағылыстырғанда 217 сұр және қара шыбын алынған аталық және аналық шыбынның қанша бөлігі рецессивті болады?

1) 1 бөлігі 2) 2 бөлігі 3) 3 бөлігі 4) 4 бөлігі 5) 5 бөлігі

45. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда 1492 сұр және 567 қара шыбын алынған сұр шыбындардың ішінде неше гетерозиготалы шыбындар бар?

1) 1492 2) 497 3) 994 4) 567 5) 300

46. Екі сұр шыбынды шағылыстырғанда 1492 сұр және 567 қара шыбын алынған сұр шыбындардың ішінде неше доминантты гомиозиготалы шыбындар бар ?

1) 1492 2) 497 3) 994 4) 567 5) 300

47. Екі сұр шыбынды шағылыстырғанда екінші ұрпақта белгілер 3/1 қатынасында ажырайды. Ата-анасының генотипі қандай?

1) гомозиготалы 2) гетерозиготалы 3) фенотип 4) генотип

48. бұршақ өсімдігінің гүлінің сары түсі ақ түсінен басым, ал тұқымның тегіс белгісі бұдыр белгісінен басым, егер осы белгілер бойынша екі гетерозиготалы бұршақ өсімдігін будандастырса екінші ұрпақ кезіндегі белгілер 9: 3: 3: 1 қатынасында ажырайды. Осы 16 өсімдіктің ішінде болмаған даралар қанша?

1) 9 2) 6 3) 1 4) 4 5) 12

49. Қай заң белгілердің Тәуелсіз тұқым қуалауын дәлелдейді? 1) Мендельдің І заңы 2) ІІ заңы 3) ІІІ заңы 4) биогенетикалық заң

5) гаметалардың тазалығы

50. Хромосома құрамына кіретін зат?

1) нәруыз 2) көмірсулар 3) нуклейн қышқылдар 4) майлар 5) дәрумендер

51. Әйелдердің кариотипінде хромосома саны қанша? 1) 23 2) 69 3) 46 4) 92 5) 48

52. Адамда У хромосомасы хромосоманың қандай типіне жатады?

1) метацентрлік 2) субметацентрлік 3) акроцентрлік 4) сақиналық

53. Қан топтары қанша аллельді гендер анықтайды

1) 1 2) 2 3) 3 4) 4 5) 5

54. Адамда жыныспен тіркесіп тұым қуалайтын белгіні анықта

1) қан тобы 2) дальтонизм 3) резус фактор 4) Даун ауруы

55. Адамның кариотипінде неше тіркісу тобы болады?

1) 23 2) 46 3)92 4)22

56. Нуклеотидтің құрамына не кіреді?

1) нәруыз 2) көмірсу 3) фосфор қышқылдығының қалдығы 4) азоттық негіз

57. Тернер синдромымен ауыратын адамдардың хромосома жиынтығында қандай өзгерістер болады?

1) 21 –жұптағы 1 хромосома жетпейді

2) 21 жұп хромосамада 3 хромосома бар

3) 21 жұптағы хромосоманың екеуіде жетпейді

4) 23 –жұпта 1 хромосома жетіспейді.

58. Харди- Вайнберг заңы популяцияның қандай ерекшелігін анықтайды?

1) 1 жұп аллельдері бойынша түзілген генотиптер тұрақты

2) тұрақсыз

3) 1- жұп аллельдердің қатынастары тұрақты

4) тұрақсыз

59. Прокариотты организмдердің жасушасында не болмайды?

1) қабықша 2) көмкерілген ядро 3) цитоплазма 4) рибосома

60. Жануарлар жасушасында өсімдіктер жасушасымен салыстырғандаи қандай органоидтар болмайды?

1) ядро 2) цитоплазма 3) хлоропласт 4) хромосомалар

61. Жасушасыз организмдер

1) бактериялар 2) көк- жасыл балдырла 3) ашытқылар 4) вирустар

62. Жасушада энергия бөлінуі арқылы жеңіл ыдырайтын молекула

1) жасунық 2) нәруыз 3) нуклейн қышқылдары 4) моносахаридтер

63. Қуыстарында қапшықтарында нәруыздар майлар көмірсулар жиналатын бір бөлігігің жасушаның қажетіне жұмсайтын органоид

1) митохондрия 2) хлоропласт 3) гольджи жиынтығы 4) лизосома

64. Эукариотты организмдер

1) шіріту 2) сүт бактериясы 3) түйнек бактериясы 4) балдырлар



Тест тапсырмаларының жауаптары


1

Г

26

Б

1

Г

26

А

1

Г

26

Б

1

В

26

Б

2

В

27

Б

2

Б

27

В

2

Г

27

В

2

Б

27

В

3

Г

28

В

3

Б

28

В

3

Г

28

А

3

В

28

Г

4

В

29

А

4

А

29

Г

4

В

29

В

4

А

29

А

5

ВГ

30

В

5

Б

30

Б

5

Г

30

В

5

Г

30

В

6

В

31

Г

6

В

31

В

6

В

31

Б

6

В

31

А

7

В

32

В

7

В

32

Г

7

В

32

Г

7

Г

32

А

8

Б

33

Г

8

В

33

В

8

Г

33

В

8

В

33

В

9

Г

34

В

9

Г

34

Г

9

Б

34

Г

9

В

34

Б

10

В

35

В

10

В

35

Б

10

В

35

В

10

Б

35

В

11

Г

36

В

11

Г

36

Г

11

ГАВ

36

В

11

БГ

36

Г

12

Б

37

Б

12

В

37

В

12

Г

37

В

12

ВГ

37

Г

13

А

38

Г

13

В

38

Б

13

Б

38

В

13

А

38

В

14

Б

39

Г

14

А

39

Б

14

В

39

А

14

Б

39

Г

15

В

40

А

15

Б

40

А

15

Б

40

В

15

А

40

Б

16

А

41

В

16

Б

41

Б

16

В

41

А

16

Б

41

БГ

17

Г

42

В

17

В

42

А

17

В

42

А

17

Г

42

А

18

Д

43

Б

18

Г

43

Б

18

Г

43

Б

18

Г

43

А

19

В

44

В

19

В

44

Б

19

Б

44

Б

19

Г

44

А

20

Г

45

В

20

В

45

А

20

Г

45

Б

20

А

45

В

21

В

46

А

21

А

46

Б

21

Б

46

А

21

Б

46

Б

22

Б

47

В

22

Г

47

Г

22

В

47

Б

22

Г

47

В

23

Б

48

А

23

Б

48

В

23

А

48

Б

23

Г

48

А

24

Г

49

Б

24

В

49

Г

24

В

49

Б

24

Г

49

Б

25

В

50

Б

25

Г

50

А

25

Б

50

В

25

ВГ

50

Г





Қолданылған әдебиеттер:


1. Медициналық генетика негіздері. Б.К Бегімқұл, С. Төлегенов Астана -2008ж

2. Медициналық генетика негіздері Е.О Қуандықов. Алматы- 2009 ж

3. Жалпы және медициналық генетика негіздері Е. О. Қуандықов; Әлиева Алматы -2009ж

4. Медициналық биология. А.А. Төребеков. Ақтөбе – 2003ж

5. Медициналық биология және генетика терминдерінің түсіндірме сөздігі

Қуандықов Е.Ө. ; Төлебаев Р.К.; Әбілаев С.Л. Алматы, 1996.

6. Жалпы биология есептері мен тапсырмалары. А. Сартаев Алматы – 2007ж

7. Генетика есептері А.У. Отаубаева Орал -2002 ж


Қосымша әдебиеттер:

1.Заяц Р. Г.; Бутвииловский В.Э. ;Рачковская К.В.; Давыдов В.В.

«Общая имедицинская генетика» Ростов на Дону, 2002

2.МушкамбаровН.Н. Кузнецов С.Л.«Молекулярная биология» Москва,2003

3. Фогель.Ф. Мотульский А. «Генетика человека» Москва,1989




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя