М.И.Берсимбаев атындағы Жазотыр орта мектебі
Жаӊғырсын
са лт-дәстүріміз
«БЕСІКТІҢ ПАЙДАСЫ»
Мақсаты: халқымыздың игі дәстүрлерін,ізгі қасиеттерін, инабаттылық,іскерлік дағдыларын,салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру.
Білімділік: ата- бабаларымыздан қалыптасып келе жатқан салт- дәстүрлерді ұғындыру;
Дамытушылық : қазақ тіліне, дәстүріне деген қызығушылықтарын арттырып, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік : қазақ халқының салт- дәстүрі мен әдет- ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
МАҚСАТЫ:
бесікке салу дәстүрінің танымдық, тәрбиелік маңызын, бесіктің құрылысы және оның пайдасын ашу.
МІНДЕТТЕРІ:
1.«Бесікке салу» тарихына зер салу.
2. Бесікке салудың пайдасын білу.
3. Бесікке қатысты ырым – тыйымдарды бойына сіңіру.
4. Ата-бабамыздың дәстүрлерін оқушыларға насихаттау.
ӨЗЕКТІЛІГІ:
Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.
Болжамы:
егер баланы бесікке бөлейтін болса, онда бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы зор, бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болар еді.
Кіріспе:
Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл әрі ықшам көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі - жиі ауыстырып отырады.
Негізгі бөлім:
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке – шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын- шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбау және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп, тон, шапан жабады. Ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі. Көз тимесін деп тұмар тағады. Бұдан кейін тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады.
Тыштырма - сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.
Бесік жыры – осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады .
Бесіктің жабдықтары:
Көрпе
Жөргек
Түбек, шүмек
Қолбау
Бесіктің
жабдықтары
Құс жастық
Тізе бау
Тізе жастық
Құс төсек
Бесіктің құрылысы :
Артқы басы
Алдыңғы басы
Белағаш
Бесіктің
құрылысы
Тақтайша
Қайқы табан
Жақтау
Бесіктің пайдасы:
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Мұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың
жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Зерттеу жұмысы:
- Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін (алғашқы кигізілген жейдесі) шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.
Зерттеу жұмысы
Сараптама нәтижесі:
0-13 жас бесікке бөленбегендер 14-35 жас толык бөленбеген 35 жастан жоғары бәрі бөленген
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Қорытынды:
Қазақ ұлын ұяға,қызын қияға қондыру ата-ананың парызы деп санаған.Қазіргі таңда ата-бабаларымыздың бесікке салу,яғни жөн-жоралғысын толық орындамасада бүтіндей ұмыт қалған жоқ. Осы әдет-ғұрпымызды той – думандарда, жиындар мен мерекелерде жаңғыртып отырсақ дұрыс болар еді. Әдет-ғұрыпты, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен бала нағыз қазақ баласы.
Назарларыңызға
рақмет!