СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамның бойындағы бұлжымас нәрсе - өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі. Ыдысқа о баста сіңген иіс қирап қалса да кетпейді. Өсіп келе жатқан жас ағаш та әуел баста бұтақтарын жан-жаққа қалай жайып таратқан болса, жүздеген жылдар бойы, қашан оны шауып құлатқанша, солай тұра береді.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»

Тақырыбы: Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы


Адамның бойындағы бұлжымас нәрсе - өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі. Ыдысқа о баста сіңген иіс қирап қалса да кетпейді. Өсіп келе жатқан жас ағаш та әуел баста бұтақтарын жан-жаққа қалай жайып таратқан болса, жүздеген жылдар бойы, қашан оны шауып құлатқанша, солай тұра береді. Адам бойында да алғашқы әсерлер тап солай берік орнап қалады, ал егер өзгеріп жатса, бұл бір керемет болар еді, сондықтан даналықтың шынайы талаптарына сәйкес ақылға қонымды нәрсенің бәрін олардың балғын жас шағында бойына дарыту керек.

Халқымыздың арғы – бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларын біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің құнарлы топырақ, нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттілігі, адамзаттың перзенттік парызымыз. Бүгінгі ұрпағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастерлеп келген ап-намыс, ождан, атамекен, ата-ана тіліне сүйіспеншілік, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді және ата-ананы сыйлау, құрметтеу қасиетін дарыту – олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұра – халық педагогикасын оқу тәрбие процесіне енгізіп, соның нәтижесінде ізгілікті тәрбие беру аса маңызды міндет деп білуі керек. Халықтық педагогика кешегі өткен данагөй қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, батырлар мен ақын-жыраулардан, бақсы-билерден, сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, халық тәлімі жөніндегі ой тәжірибенің жиынтығы. Ол даналыққа толы мақал-мәтелдер, ол түн ұйқысын төрт бөлген анасының ыстық махаббатқа толы әлдиі, бесік жырлары, думаны мол балалық шақтың қызығы – ұлттық ойындар, мерекелер мен тойлар.

Халықтың тәлім-тәрбиесін, асыл қағидаларын жан тәнімен сезініп, өмірге енгізіп жатқандар – қатардағы педагог тәрбиешілер. Баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу бұл жауапты да күрделі міндет, оны іске асыру бала туғаннан бастап, отбасы, балабақша, мектеп болып, үздіксіз іске асатын процесс. Сондықтан біздің мақсатымыз «қазақ балабақшасындағы тәрбие тұжырымдамасын негізге ала отырып балабақшалардан жұмыс мазмұнын қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып кележатқан ұлттық дәстүріне, тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, әдебиетіне, өнеріне лайықтап құру. Оқу-тәрбие жұмыстарын халықтық тәлім-тәрбие негізінде жүйелі түрде жоспарлау, халықтық педагогиканың элементтерін пайдалана отырып баланы өз тілінде сөйлеуге, ізгілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке баулу, эстетикалық сезімін оятып, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттерді ажырата, сезіне білуге үйрету. Ойлау, сөйлеу, қабылдау процестерін дамыту.

«Тәрбие–бесіктен басталады» деп бағалаған халқымыз бала дүниеге келген күннен бастап-ақ өзінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным- сенімдерін, кәсіби шаруашылықтарын құлағына құя отырып, оның ақылды, еңбек сүйгіш, адамгершілігі мол, мәдениетін, ел намысын қорғайтын ер азамат болып өсуін қалап, осы қасиеттерді бүлдіршіннің бойына дарытуды борыш міндет санаған.

Тілі жаңадан шыққан сәби тілін ары қарай жетілдіру мақсатында балабақшаның ішінде басты тұлға тәрбиешінің алдында жауапты да күрделі міндет тұрады. Осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы да бар» деп халық ең озық дәстүрлерді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырған.

Халқымызда ұл балалар, ер адамдар үлкендермен қол ұсынып «ассалаумағалейкум» дей амандасқан, екі бейтаныс адам кездессе кішісі сәлем берген, үлкені сәлемін алып жөн сұрайтын. Үлкен кісі тұрғанда дауыс көтеріп сөйлеуге, сөзін бөлуге болмайды. Асты оң қолмен ұсынған. Осы сияқты әртүрлі дәстүрлерді балаларға балабақшадан үйреткен жөн. Әрбір балғын бөбектің кішіпейілділікке, жинақылыққа, әдептілікке, сөйлеу үлгісіне, ізеттілікке тәрбиелеуде әрбір педагог халық эстетикасының маңызды екенін, содан туындайтындай болуы үшін халықтық педагогиканың үлгілерін пацдалана білсе, көздеген мақсатына жете алатынын терең түсінуі керек. Балабақшада «инабатты», «ибалы» деген сөздер айналасында әңгіме, ойын ұйымдастырылады, ертеңгілік өткізіледі. Көшеде жүру, көпшілік ортасында өзін-өзі ұстау, үлкенге орын беру, кішіге қамқор болу, қарт адамды қадірлеу, ата-ананы ардақтау, жолдастық қарым-қатынас, сәлемдесу, табиғатты қорғау тақырыптарына тәрбиешілер жоспарлы түрде тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Біздің балабақшада да инабаттылық тақырыбына «Сүттен жасалатын тағамдар сабағы»,«Үлкенді сыйлай білесің бе?» тақырыптарына қалалық ашық сабақтар өткізілді. Күнделікті өткізіліп жатқан сабақтарда да, ойындарда да адамгершілік тақырыбы негізге алынып отыр. Балабақшаның өткен жыл басынан бері алға қойған міндеті адамгершілік, еңбек тәрбиесі болды. Үлкенді сыйлау, ардақтау, еңбегін дәріптеу, қазақтың салт-дәстүрлерін сыйлау, әдет-ғұрыптарын бала бойына сіңіре білу басты мақсат болып отыр.

«Мың рет айтқаннан, бір рет көрген артық» дегендей, балаларға арнап музей ретінде қазақ қолөнер түрлерін, киіз үй ішінің жабдықтарын көрнекті етіп, арнайы демалыс бөлмесіне орналастырып қойдық. Сол бөлмеде арнайы сабақтар болып тұрады. Туған жердің табиғатынан таныстыру мақсатында Маңғыстаудың жартасы, қазба байлықтары туралы мәліметтер жинақталған альбомдар, көрнекілік бұрыштары бар. Осы методикалық құралдар арқылы балаларды туған жерін сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге баулимыз.

Туған республикамыз Қазақстанмен кеңірек таныстыру мақсатында, еліміздің егемендігіне арналған бұрышта республикамыздың туы, елтаңбасы, әнұраны кең көлемде бейнеленеді. Жергілікті жер есімдерінен жинақталған гербарий, аң-құстардың суреттері балалардың жұмбақ дүниені танып білуіне көп көмегін тигізеді. Салт-дәстүр, қолөнер бұйымдары туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жинағы альбомдарын күнделікті сабақта кеңінен қолданылады.

Бұл қолданған методикалық құралдар негізінен сол өскелең ұрпақ бойына адамгершілік, инабаттылық, ибалық қасиеттерін сіңіру үшін жұмсалды. Салт-дәстүрдің қай-қайсысы да болмасын, мысалы: бесік жырымен сусындаған бала өз анасын, өз тілін тұтпауы мүмкін емес. «Бала–артта қалған із, бақыт–ұзатылған қыз» дегендей, болашақ–ертеңгі ізбасарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың дейді халық. Ең қарапайым қазақтың ежелден бойына сіңірген жақсы қасиеті – амандасу, көрісу, қонақты сыйлау, күту, кішіге қамқор болу.

Балаларды осы бағытта тәрбиелеуде мақал-мәтелдердің орны ерекше. Халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына «Мақал–сөз мұнарасы» дап баға берген екен. Мұнара–биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына меңзейді. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге сыйғыза білген.

Мына бір мақалды алып қарайықшы:

«Тәрбие–жалқауды да адам етер,

Еркелік жақсыны да надан етер.»

Бұл мақалада ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелесең ғана, баланы баулығанын, ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Тәрбие–бала тумай басталуы тиіс. Халық сондықтан да «Бала тәрбиесі басынан, еңбек тәрбиесі жасынан»- дейді.

Ата дәстүрін ардақтау қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «жеті атасын білмейтін жетесіз» деп кінәлайды, айыптайды, жазалайды, жазғырады. «Шыншыл, әділетті, иманды болу арғы ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп, кейінгі ұрпақтан ата салтын бұзбауын талап етеді. Әлеуметтік тағылымдар ата дәстүрі бойынша ең әуелі екені, содан соң атаны, ата-бабаны құрметтеп одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ ең азы жетінші ата-бабасына дейін аталарының аты-жөнін, олардың жақсы қасиеттерін, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі өнеге тұтуға тиіс.

Қонқжайлылық қазақ халқының тарихи өмірінде, әлеуметтік, географиялық тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрі. «Қонақ десе кенетін кесіп берген қазақпыз» деп халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу, күту, шығарып салу дәстүрін халық ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде үйретіп, оны тәрбиенің бір саласы деп қарады.

Қонақ қабылдауда халық ешкімді жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарай алаламаған. Қонақты қарсы алуға отбасы әулетінің бәрі дайын тұрып, ең кішісі ат байлауға, ең үлкені қонақты төрге шығаруға тиіс болған.

Қонақты күту кезінде астың дәмдісін оның алдына қою, қолына су құйып, сүлгі ұсыну т.б. игі іс-әрекеттерді орындау көбінесе балаларға жүктелген. Қонақ кәде жасау, яғни ауылдың алты ауызын айтып, күй тартып, қонақтың көңілін көтеру, қонақтың өзін де өнер көрсетуге қосу – халқымыздың өнерпаздығын дәлелдейді. Қонақты шығарып салу, осының бәрін де салт-дәстүрге байланысты қонақ күте білуге балаларымызды үйрете білуіміз керек.

Бұл адамгершілік тәрбиесі.

Қазақтың халық педагогикасында сәлем беру мен сәлем алу ізеттілікті, инабаттылықы, имандылық пен мәдениеттілікті көрсетеді. Егер жасы үлкен кісі кездессе, оны танысын танымасын сәлем беру жас адамның адамгершілік міндеті. Балабақшада сәлем берудің мән-мағынасын, сәлем беру жөнін балаға түсіндіріп, ол дәстүрді талап етіп отыру тәрбиешілердің борышы.

Басқаға жақсылық істеп, табиғатқа қамқорлық жасау, Яғни сауап жасау, қазақ дәстүрінде «сауап жасау», «сауабын алу» әрбір адамның адамгершілік борышы болып табылады.

Қазақ халқының халықтық педагогикасы жаңаша дәстүрлер мен тамаша салт-саналармен дами береді. Біз оның тәрбиелік мәнін тиімді жан-жақты пайдаланып, ұлттық тәрбиені өркендете беруге міндеттіміз.

Қазақ халқының игілікті дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып елдің елдік мәдениетіне кір келтірмеу баршамыздың борышымыз.