СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін – өзі тану пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары - 5 сынып оқушыларына арналған

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін – өзі тану пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары - мұғалімдерге арналған

Просмотр содержимого документа
«Өзін – өзі тану пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары - 5 сынып оқушыларына арналған»

Өзін – өзі тану пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 5 «Б»

Оқушы саны: 19

Тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлігі және олардың маңызы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық, мейірімділік


Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің көптүрлігі және олардың адамға маңызын, адам өміріндегі рөлімен таныстыру

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру

2. Оқушыларды қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарап, табиғатты қорғауға баулу.

3.Қамқорлыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Құралдар, мәліметтер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,топқа бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Бағалау парақшалары беріледі

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тыныштық сәтi (баяу музыка қойылады)

«Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес

үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Қандай сезімде болдыңыз?


Үй тапсырмасын тексеру.


Дәйексөз.

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар»

(Ш. Уәлиханов)

Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  1. Сіздер табиғатқа жауапкершілікпен қарап, қамқорлық танытып жүрсіздер ме?

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Жаратылыс тану пәні бойынша: Өсімдіктердің көптүрлігі және олардың маңызы тақырыбын түсіндіру.

Жаңа сабақ

Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Қазіргі кезде жер бетінде шамамен 0, 5 млн өсімдік түрлері бар. Қазақстанда шамамен 6000 өсімдік түрі кездеседі. Ал өсімдіктер бір – бірінен немен ерекшеленеді ? Олар бір - бірімен пішіні, құрылысы, өмір сүру ұзақтығы, көбею ерекшелігімен, таралу аймағы жағынан ажыратылады. Өсімдіктер айырмашылығына қарай екі сатыға бөлінеді. Төменгі және жоғарғы сатылы өсімдіктер.

Өсімдіксіз адамдар мен жануарлар өмір сүре ала ма? (Оқушылар өз ойларын айтады)

Өсімдіктер қай аймақтарда тіршілік етеді?

Сексеуілдің суретін слайдта көрсету ( ассоциация)

Иә, бұ сексеуіл өсімдігі. Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдік.

Сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.

Көріп тұрғандай, сексеуілдің түрі сүйкімсіз, тартымсыз болып келген, және де бұл өсімдікті жай алған жоқпын, себебі кейбір адамдардың да түрі тартымсыз, сүйкімсіз болса да, ішкі жан дүниесі сұлу болады. Сондықтан біз адамның сыртқы келбетіне қарамай, ішкі жан дүниесін танып білуіміз қажет. Балалар, табиғатымызға, адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық, жанашырлық танытып, қуаныштарымызды әрқашан сақтауға тырысайық.

Келесі бөлме өсімдіктеріне тоқталайық.

Өсімдіктер мен бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділк береді. Үй ішінде өсімдіктер өсіру жылдық маусымдар ауысып отыратын елдерден шықты. Яғни адамдардың ең болмағанда бөлмесінде жазғы атмосфераны қалыптастыруға деген талпынысы. Өсімдіктерді жыл бойы өсіру үшін арнайы оранжерея салынады. Кезінде апельсин және лимон ағаштарын өсіру кеңінен қолданылып, оларға ерекше көңіл бөлінген. Лимонды бөлме өсімдігі ретінде де өсіруге болады. Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайда өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдығы және температуралық режим керек. Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді. Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек. Егер терезенің алдына қойсаңдар, әйнекке тимегені жөн.

Сол сияқты, баланы да кішкентай сәби кезінде, оған өсу үшін қолайлы жағдай жасап, жылылық танытсақ,жақсы сөздер айтып, бойында мейірімділік, жанашырлық, жүрегінде адамгершілік қасиеттерін дарытсақ, ол да болашақта өзге адамдарға сүйіспеншілікпен қарап, мейірімі мол және басқаларға да қиянат жасамайтын азамат бөліп өседі.

Сабақ барысын талқылау:

Шығармашылық жұмыс Ойын «Гүлдер теру»

Оқушылар басында үш топқа бөлінді: стикер бойынша, стикерда үй өсімдіктері,дәрілік өсімдіктер, мәдени өсімдіктер. Қабырғада өсімдіктердің түрлері ілініп тұрады, балалар өздерінің өсімдіктерін тауып, постерға жабыстырады. Және әр топ қысқаша өз постерлерін қорғайды.


Бағалау

Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.


Үйге тапсырма беру

§ 25 Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы « Өсімдік — жердегі тіршіліктің негізі » атты реферат жазу.


Сабақтың қорытынды сәті. Рефлексия

Баяу музыка қойылады

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.