СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Планы на каникулы ЖОУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Просмотр содержимого документа
«Планы на каникулы ЖОУ»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 05.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Апталық тақырып: 1.Айналадағы ғажайыптар (өлі табиғат құбылыстары)

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырып: Айналамыздағы ғажайыптар (тақырыптық сабақ)

Мақсаты: айналадағы ғажайыптар әлемі жайлы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік - Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету.

Дамытушылық – білімдерін молайту.

Тәрбиелік - Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: табиғат-природа-nature

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, ағаштар, себеттер мен муляждар

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Кіріспе бөлім



  • Табиғат дегеніміз не?

Т: Дұрыс айтасың Айым!

Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық?


жауап береді


Негізгі бөлім

«Сиқырлы қорапша» қараңдаршы.

Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз олай болса кәзір ашып қараймыз.

Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен.

1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады?

(Көк, жасыл, сары, қызыл)

(Қыс, Көктем, Күз, Жаз)

2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе?

3) Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық.

Жел тұрды гуілдеп,

Ағаш біткен уілдеп.

Аспанды бұлт торлады,

Найзағайлар ойнады.

Жаңбыр жауды себелеп,

Кемпір қосақ көрінді.

Жарқыраған күн шықты.

(Балалар қимылмен көрсетеді)

4) ойын: «Ауа райының өзгерістерін тап»

Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу.

(Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.)

5) «Табиғат туралы мақал мәтелдер айту»

Әлімжан: «Жер қазына, Су гауһар.

Ерасыл: «Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!»

Сәбина: «Судың да сұрауы бар!»

Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға, қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды күтіп, қорғап жүрейік.












Аузы жоқ үреді,

Аяғы жоқ желеді. (Жел)

Жардай дәулер соғысты,

Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай)

Жарқ етсе сабау қамшы

Төгіліп жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр)

Аспанда алып доп,

Жарқырайды жарық боп.(Күн)

(Суреттерін көрсетіп жауап береді)




Қорытынды

бөлім


«Смайлдар» рефлексиясы

Балалар өздерінің көңіл-күйін білдіретін смалды алып тақырыптық сабақтан алған әсері жайлы айтады.

Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: табиғат құбылыстары жайлы

Түсінеді:. Аналаладағы қоршаған орта, табиғаттың құбылыстары туралы білімдерін кеңейтеді

Қабылдайды : табиғатқа қамқор болу керектігін ұғынады



























































Ойын-сауық жоспары

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 06.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Апталық тақырып: 1.Айналадағы ғажайыптар (өлі табиғат құбылыстары)

Тақырыбы: «Көңілді ботақандар» 
(спорттық ойын-сауық) 

Мақсаты: Балалардың денсаулығына, дене түзелісінің дұрыс жетілуіне назар аудару. Ерік күш жігер қасиеттерін қалыптастыру. Ойын түрлерімен, мазмұнын, ережелерін түсіндіру. Өз мақсатына жете білуге үйрету. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, ойындар ойнату. 
Қолданылатын көрнекіліктер: балмұздақ , кішкене доптар, кеглилер, шығыршықтар, гимнастикалық таяқшалар, шелектер, құрастырмалы сақина салғыш, алма, кірпі киімі, геометриялық пішіндер, шарлар, интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
Жүру барысы: Марш әуенімен балалар залға кіреді. 
Тәрбиеші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткізгелі тұрған «Көңілді ботақандар» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер. Денсаулық -ол біздің басты байлығымыз. Өмірдің жалғастырушы- сәулесі. Әр адам баласы салауатты өмір салтын ұстану керек.
Балалар бір-біріңе сәлем жолдаңыздар. 
- Өте тамаша балалар. 
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін. 
1. «Балмұздағым еріп кетпе» ойыны. 
2. «Кім мерген» ойыны. 
3. «Допты ұяшыққа сал» ойыны. 
4. «Кім тез» ойыны. 
5. «Кірпіні тамақтандырайық» ойыны. 
- Балалар ойын кезеңдерімен таныс болдық ендеше алғашқы сайысымызды бастайық. 
Ι-кезең. «Балмұздағым еріп кетпе». Ойын шарты: балмұздақты қолдарыңа ұстап жүгіріп, кедергілердің арасымен өтіп, межені айналып келіп, келесі топ мүшеліріне жылдам беруі тиіс. 
- Жарайсыңдар балалар! 
Денсаулығың зор болар, 
Рухыңда өр болар. 
Сендердей шымыр балалармен, 
Ел намысы қорғалар!- деп «Кім мерген» ойынын бастайық. Шарты: гимнастикалық таяқшалардан секіріп, содан соң қатты доппен геометриялық пішіндерге дәл тигізу. 
- Ой балалар сендер неткен мерген едіңдер! Сендердің күштерің көп екен. 
Әділ қазы алқасы бағаларыңызды көрсетсеңіздер. 
Көкшіл, ала, қызыл доп, 
Басайықшы топ-топ-топ. 
Шынығамыз әрқашан, 
Ауырмаймыз жоқ-жоқ-жоқ- дей отыра ендігі ойынымыздың аты «Допты ұяшыққа сал». Ойын шарты: бірінші бала қолына шелекті алып, шығыршық ішіндегі кішкене доптарды шелегіне тез салады. Екінші бала керсінше шелекке салып алып келген кішкене доптарын шығыршықтың ішіне кері орналастырады. 
- Бәрекелді ботақандарым! 
Әділ қазы әділ баға берсеңіздер. 
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?» -демекші келесі «Кім тез» ойыны. Шарты: балалар жүгір келіп құрастырмалы таяқшаға сақиналарын дәл салу. 
- Балалар сендер неткен ширақ әрі шапшаңсыңдар! 
Әділқазы алқасы ұпай санын көрсетсеңіздер. 
Тосын сәт: Есік қағылады: Залға домалап екі кірпі келеді. 
Тәрбиеші: Ой, бұл не балалар? 
Балалар: - Кірпі 
Кірпілер: кішкеден соң бастарын шығарып, жылайды. 
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Кірпі? Неге жылайсың? Кім тиді саған? 
Кірпілер: Сәлеметсіңдер ме сүйкімді балалар! Біз далаға ойнауға шыққанбыз, көп ойнағымыз соншалық қарынымыз ашты,- деп тағыда жылап жібереді. 
Тәрбиеші: Кірпі жан жыламаңдар біз сендерге тамақ береміз. Балалар кірпілерге көмектесеміз бе? 
Балалар: - иә 
Ендеше қорытынды ойналатын ойын «Кірпіні тамақтандырайық». Ойын шартымен таныстырайын: балалар бірінің артынан тізбектеліп жанына қарап тұрады, қатардың соңында тұрған бала алманы алып келесі балаға жалғайды, осылайша балалар алманы бірінен соң бірі алманы жалғап қатардың басында тұрған балаға алманы береді, ол бала алманы кірпіге береді, кірпі алманы жеп тауысуы керек, қай кірпі алманы бірінші жеп тауысса сол топ жеңімпаз болып табылады. 
Кірпілер: Ммммм балалар қандай тәтті алмалар, тойып қалдық. Сендерге көп-көп рахмет. Біз үйімізге оралайық анамыз іздеп тауа алмай жатырған шығар. 
Балалар: Сау болыңыздар! 
- Өте тамаша балалар! Сендер бүгінгі спорттық ойын-сауыққа бар күш жігерлеріңді салдыңдар. Қиын кезеңдерден жеңілмей, белсене қатыстыңдар. Мен барлығыңызды мақтан тұтамын.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 07.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Апталық тақырып: 1.Айналадағы ғажайыптар (өлі табиғат құбылыстары)

Білім беру саласы: Әлеумет

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта. Экология.

Тақырып: Суға зерттеу (тәжірибе жасау)

Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Сұйық, сусымалы.

Полилингвальды компонент: су-вода- water

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, Су, құм колбалар, сүт, мұз ғаламшар, термометр, термос, жайпақ табақ.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Кіріспе бөлім



  • Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?

  • Тәрбиеші: Табиғат қандай болады?

  • Тәрбиеші: Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

  • Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.


  • Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.

  • Тірі табиғат және өлі табиғат.

Негізгі бөлім


Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.


Жалт – жұлт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не?

( Су )

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бұл не?

( Жаңбыр )

Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы су туралы суға байланысты айтамыз.

Жанерке: Суды ластамайық.

Арайлым: Мен біздің аймақта апат болмаса

деп тілеймін.


Ерасыл: Бізді қоршаған ортамыз әдемі, әсем, сұлу болса екен деп тілеймін.

Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда ғаламшар.

Ғаламшар деген не?

Ғаламшар – жердің мекені.

Қандай денеге ұқсайды?

Шарға ұқсайды.

Тәрбиеші: Ғаламшарды айналдырсақ бірақ түсті ғана болып көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан, картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі. Мұхиттардың, теңіздердің, өзен–көлдердің түсі көк.

1) Сылдыр – сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.

1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?

1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме?

Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған тяқшалар арқылы суды балалар бояйды.

Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге болама екен?

2. Менде екі түрлі ыдыс бар, пішіндері әр түрлі. Бұлардың ішінде су бар. Судың пішіні қандай?

Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.

- Су қандай зат екен?

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз саябақ.

3. Ал, балалар, ыдысқа құм саламын. Ол да ыдыстың пішініндей пішінге айналады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?

Осыны тексеріп көз жеткізейік.

Суды жайпақ табаққа төгеміз, су жайылып кетті. Яғни, су – сұйық зат.

Ал, енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр. Олай болса, құм сұйық зат емес екен, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құм - сусымалы зат. Су – сұйық зат.

4. Тәжірибеміз мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.

Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бұл бу су тамшыларына айналады.

























Балалар: Көрінеді.




Балалар: Жоқ көрінбейді.

















Балалар: Болады.





Балалар: Әр түрлі.



Балалар: Су – сұйық зат екен.




Қорытынды

бөлім


Қорытындылау.


өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді.

Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Өлі табиғат жайлы

Түсінеді: Судың сұйық зат екенін біледі

Қабылдайды : Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады



















Суреттер көкрмесінің жоспары

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 08.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Апталық тақырып: 1.Айналадағы ғажайыптар (өлі табиғат құбылыстары)

Тақырыбы: «Көңілді қылқаламдар» 
(суреттер көрмесі) 

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қиялын дамыту, талғамын тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдері: ойнату, жеке –дара жұмыс. 

І. Сұрақ-жауаптар:

- Балалар, қараңдаршы мен даладан мына қорапшаны тауып алдым. Қорапшада қылқаламдар мен бояулар бар. Осы заттармен не істеуге болады?

Қандай сурет салғыларың келеді?

Бүгінгі сайысымыз бірнеше бөлімнен құралады.
ІІ. «Аппликациялық сурет»
Түрлі - түсті қағаздан балапан бейнесін жабыстыру.
ІІІ. «Өсімдіктерді құрастыр»
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесі. Өсімдіктерді түр – түріне қарай құрастыру.

  • Өсімдіктер өлі табиғат па?

IV. «Айырмашылығын тап»
Екі топқа сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, айту керек.
V. «Шебер - фломастер»
Фломастерлермен суретті анық бояп шығады.

VI. «Қыс қызығы»
Балалар өз бетінше қыс мезгілінің бейнесін қағаз бетіне салады.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.
















Ойын-сауық жоспары

Тәрбиешінің аты-жөні: Жанбырбаева С.А. Күні: 09.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : Бізді қоршаған әлем

Апталық тақырып: 1.Айналадағы ғажайыптар (өлі табиғат құбылыстары)

Тақырыбы: КВН «Кішкентай данышпандар»  (танымдық сайыс) 

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қадағалау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, ойындар ойнату. 
Қолданылатын көрнекіліктер: тапсырмалар бойынша слайдтар, суреттер, есеп амалдары жазылған карточкалар, әуенді музыкалар,


Жүргізуші:
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.

Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
І бөлім «Бәйге»
ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл.»
ІІІ бөлім «Қызықты тоғыздық.»
ІV бөлім «Көкпар»
V бөлім «Жорға»
VІ бөлім «Жүзден жүйрік»
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

І бөлім: «Бәйге»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп, бәйге сайысына кезек береміз.

Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,
Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Берілген сұраққа жауапты білсеңіздер алдарыңызда тұрған тетікті басып жауап бере алатындарыңызды білдіресіңдер. Тетіктерді баспай жауап қабылданбайды. Жауап бере алмаса, келесі бала жауап бере алады. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)
7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)

8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)
9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 - таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)
11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)
12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)
13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)
14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)
15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)
19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
21. Адамның көру мүшесі? (көз)
22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
24. Тудың түсі қандай? (көк)
25. Нанды қайда пісіреді? (наубайханада)

2 тур. «Жеті жұрттың тілін біл».

Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
Келді кезек жұмбақты шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт соған несібе.
Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.
(Қазақша, орыс, ағылшын) Ойыншылардың есіне жауап тетікті баспай қабылданбайды. Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала – 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала – 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз.

Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!