Просмотр содержимого документа
«Презентация Абай Құнанбайұлы»
Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбайұлы
Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл қайрат білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне. Зердеме «Мыңмен жалғаз алысқаның» Даланың дара туған данышпаны, Сарайыңның кеңдігі –ау сахарадай, Жүрегіңнен «Қаламқас» ән ұшқаны.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады.
Абай қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
Адамның бір қызығы бала деген
Әжесі -Зере Анасы-Ұлжан
Тегінен Құнанбайдың Абай шықты
Атадан алтау тумас па Атадан алтау туса Ішіндегі біреуі арыстан болмас па
Ақынның өз балалары :
Абай
Талантты балалары:
Әбдірахман,Мағауия,
Тұрағұл,Мекайыл
Ділдәдән
Әйгерімнен
Күлбадан
Ақылбай, Әкімбай
Әбдірахман,Райхан
Тұрағұл, Мекайыл
Ізкәйіл, Кенже
Мағауия
Жазушы
Ақын
Қоғам
қайраткері
Шығармалары
- Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
- Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Шығармалары үш жүйемен өрбиді:
Абайдың шығармалары
- Қансонарда бүркітші шығады аңға
- Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
- Кұлақтан кіріп, бойды алар
- Өзгеге, көңілім, тоярсың
- Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
- Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
- Білімдіден шыққан сөз
- Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
- Сап, сап, көңілім, сап, көңілім
- Ғылым таппай мақтанба
- Интернатта оқып жүр
- Пайда ойлама, ар ойла
- Жасымда ғылым бар деп ескермедім
- Әсемпаз болма әрнеге
- Жазғытұры
- Жаз
- Күз
- Қыс
- Желсіз түнде жарық ай
Іздегенің ақиқат, көтергенің әділет туы болсын!!!
Абайдың тұңғыш жинағы
Ақын еді ол жұртты аузына қаратқан,
Әрбір сөзі құйылғандай болаттан!!!
Ақын еді ол жұлдыз боп жарқырап, қараңғы елдің ой санасын оятқан
Мәскеу қаласындағы ескерткіші
Абай мен Пушкиннің граниттан жасалған скульптуралық компазициясы.Биіктігі 7 м, 40 см.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе (С. Торайғыров)
Сарыар қаның самалы –ай, Самалдап өткен дүние –ай, Қорлықта өткен өмір-ай, Өтті деген осыма-ай.
Тыңдағандарыңызға рақмет!!!