СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспар "Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

5.1.2.8  натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9  натурал сандардың еселіктерін табу;

Оқушылардың барлығы:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуды   біледі;

Оқушылардың көпшілігі: натурал сандардың ортақ бөлгіштері мен еселіктерін табады;

Кейбір оқушылар: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін өзгертілген жағдайда қолдана отырып,есептер шығарады.

 - Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды

- Сандардың ортақ   бөлгіштері мен еселіктерін  табады

 - Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін өзгертілген жағдайда қолданады

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспар "Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері"»

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

(бөлім мазмұны)

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері (2сабағы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың барлығы:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуды біледі;

Оқушылардың көпшілігі: натурал сандардың ортақ бөлгіштері мен еселіктерін табады;

Кейбір оқушылар: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін өзгертілген жағдайда қолдана отырып,есептер шығарады.

Бағалау критерийі


- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды

- Сандардың ортақ бөлгіштері мен еселіктерін табады

- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін өзгертілген жағдайда қолданады

Тілдік мақсаттар


Мақсаты:

- натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін анықтауды түсіндіреді

Пәндік лексика және терминология:

- санның бөлгіштері ;

- санның еселіктері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- натурал ... санының бөлгіші ...;

- натурал... санының еселіктері ... сандары болады;

-кез келген натурал санның шексіз көп еселіктері болады


Құндылықтарға баулу

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік.


Пәнаралық байланыс

Биология

Алдыңғы білім


натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын біледі


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

Саралау тәсілдері

Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар


Қызығушылығын ояту

(5 минут)



«Допты лақтыру» ойыны арқылы оқушылар бір -біріне сұрақтар қояды,Өткен сабақты еске түсіреді,

  • Санның бөлгіші санның өзінен кіші бола ала ма?

  • Санның еселігі сол санның өзінен үлкен бола ма?

  • Санның қанша еселігі болуы мүмкін?

  • Санның қанша бөлгіші болуы мүмкін?

  • Қандай сан барлық сандардың бөлгіші бола алады?

  • 20 санының бөлгіштерін ата

  • 14 санының үш еселігін ата



Оқушыларды оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларды 1,2,3,4 сандарына санау арқылы топқа бөліп, әр топқа №1-№6 үлестірме тарату.

Доп лақтыру






















Смайлик арқылы










доп




























Негізгі кезең

(10 минут)


























































(5 минут)




































(8 минут)























(12 минут)









































I-тапсырма Әрбір топқа 1-ден 5-ке дейін нөмірленген тапсырмалар таратылады таратылған тапсырмаларды өзара келісіммен бөлісіп, орындалады оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, талқылағанда, білгендерін өзгелерге қалай үйретуге болатынын да ойластырады.Талқылау соңында әр оқушы өз тапсырмасы бойынша сарапшыға айналады. Мұғалім топтардың талқылауларын қадағалайды, дұрыс шешім қабылдануын басқарады.

Сарапшылар өз топтарына қайтады, бастапқы топ қайта құрылады. Әрбір сарапшы-ойыншы сәйкес нөмірі бойынша кезекпен өзінің білгенін құрдастарына үйретеді.Топтағы әрбір оқушы 5 тапсырманы да игеріп шығады.

№1 9, 12, 24, 18, 75 сандарының ішінен 3-ке де, 4-ке де еселік болатын сандарды тап.

№2 Анасы Талғатқа алма сатып алуға 850 тг берді. Төрт килограмм алма сатып алу үшін ол ең көп дегенде қанша ақша жұмсайды?

№3 Осы сандарды: 7,12,13,18,20, 68,14,27 бөлгіштерінің саны бойынша топтастыру және әр санға үш еселіктен жазу.

№4 Венн диаграммасын қолданып,өзің мысал келтір.

Бөлгіш Ортақ қасиет Еселік






№5 Қалалық автобус жүргізушісі жұмысқа таңғы сағат 7-де кіріседі. Түскі тамақтану үзілісі сағат 12-де басталады. Бір рейстің ұзақтығы 48 минут. Түскі үзіліске дейін жүргізіші неше рейс жасайды?

Оқушылардың алдына мәселе тудырамын. Бөлгіштер саны бірдей ме? Неге олай ойлайсыз? Еселік және бөлгіш туралы не айта аласыз? Ұ



II- тапсырма. Оқушыларға схеманы қарастырып, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңамын.

2 0 санынан төмен орналасқан сандар туралы не айтуға болады?

20 санынан жоғары орналасқан сандар туралы не айтуға болады?

Олардың қандай ерекшеліктері бар? Сандардың қайсысы бөлгіш,қайсысы еселік болатынын талқылаңыз. «натурал санның бөлгіші», «натурал санның еселігі» түсініктерін тұжырымдаңыз.. Оқушыларға жеке-жеке өз бетімен құрауға тапсырма беріледі. одан соң жұптасып бір-біріне сұрақ қою арқылы тексеріледі Дәптерлеріңе кез келген екі таңбалы сан үшін схеманы толтырыңыз.

. Cіз неше бөлгіші бар сан алдыңыз? атап шықсаңыз? Неше еселік көрсеттіңіз? ӨЖ

III- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар таратылады.

1) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік сандарды жазыңдар.

2) 12, 36 және 60 сандарының барлық бөлгіштерін жазыңыз. Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін және бірнеше еселіктерін жазу арқылы ең кіші еселіктерін анықтаңыз.

3)Шарлар тiзбесiн дайындау үшiн 30 қызыл шар, 18 көк шар және 12 сары шар сатып алынды. Шарлар тiзбелерiн дегi әр түстi шарлар санын бiрдей етiп, неше тiзбе да йындауға болады? Әрбiр тiзбеде неше қызыл шар, неше көк шар, неше сары шар бар? Кесте толтырыңдар

Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады Жауабын экранға көрсету арқылы жауаптар екі көрші оқушы арасында дәптер ауыстырып жұппен тексеріледі. ӨЖ

IV-Тапсырма. Оқушыларға тапсырма таратылады..Тапсырманы дескриптор бойынша тексереді. ӨЖ

1) 3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен: a) 21 санының бөлгіштерін;

b) 5-тің еселіктерін анықтаңыз.

2) 15,20 және 30 сандарына еселік болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз. Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін көрсетіңіз.

3)Сатушы 35 түп қалампыр гүлін әкелді,Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін?


Дескриптор:

1)1.Берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды

2.Берілген сандардың еселіктерін таңдайды

2)- берілген сандардың еселіктерін жазады;

- ортақ еселіктерін көрсетеді;

  • ең кіші ортақ еселікті көрсетеді

  • берілген сандардың бөлгіштерін жазады;

  • ортақ бөлгіштерін анықтайды;

- ең үлкен ортақ бөлгішті көрсетеді

3) 1. 35 санының бөлгіштерін жазады;

2. әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл даярлайтынын анықтайды;

3.неше гүл шоғын даярлайды;



Джигсо 1





































































































«Сұхбат» әдісі























































«Ойлан-жұптас-бөліс»






































































































































































Тапсырма бойынша саралау










«Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылардан кері байланыс алынады.



































































































Жұптық бағалау





















































«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды



































Дескриптор бойынша








Үлестірме карточкалар









































































































Слайд 1





















































Үлестірме карточкалар

Слайд 2
































Үлестірме карточкалар

Сабақтың соңы

Кері байл

5минут

« Бағалау ағашы». Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек. Ж


Үйге тапсырма: Оқулық №


« Бағалау ағашы». тәсілі











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!