СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саба? жоспары"Дыбыс" 9-сынып

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-шы сыныпта "Дыбыс" тарауын ?ткен кезде компьютерлік ба?дарлама к?мегімен жасау?а болатын зерттеулер. Саба?ты жа?а та?ырыпты т?сіндірген кезде ?ткізуге болады. О?ушыларды ?ызы?тыру ?шін зерттеулер дыбыс шы?аратын ?р т?рлі заттармен жасалады.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары"Дыбыс" 9-сынып»

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ КӨКШЕТАУ қ

Физика пәнінен сабақ жоспары

Мұғалім: Кажкенова Дина Муратовна

9 сынып

Тақырып: Зертханалық практикум № 10. Дыбыстың қаттылығының тербеліс амплитудасына және дыбыс тонының биіктігінің тербеліс жиілігіне тәуелділігін зерттеу.

Мақсаты:

Білімділік: Практикалық жұмыс арқылы өздігінен білім алуға бейімдеу.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикада қолдануға үйренуге жағдай жасау.

Тәрбиелік: Зертханалық жұмыс жасау мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Компьтерлік бағдарлама Audacity 1.3 Beta (Unicode),музыкалық аспаптар(домбра, шертер немесе гитара, ысқырғыштар), камертондар, ыдыстар(бүтін және жарылған кесе, шойын қазанның қақпағы), презентация,«Доплер эффектісі» бейнефильм.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Зертханалық практикум № 10.

ІІІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезені.

БІЛІМДІ АКТУАЛЬДЕУ. МӘСЕЛЕНІ БЕЛГІЛЕУ.

«Доплер эффектісі» бейнефильмдегі көрініс бойынша сұрақ қою: дыбыс таратқыш немесе қабылдағыш қозғалған кезде дыбыс толқындардың жиілігі өзгергендей болып естілетінінің себебі неде?

Осы сұраққа жауап беру үшін, дыбыстың қаттылығы және дыбыс тонының биіктігі неге тәуелді болатынын зерттеу қажет.

ІІ. Зертханалық практикум № 10.

Дыбыстың қаттылығының тербеліс амплитудасына және дыбыс тонының биіктігінің тербеліс жиілігіне тәуелділігін зерттеу.

Жұмыс мақсаты: Audacity 1.3 Beta (Unicode) компьютерлік бағдарлама көмегімен дыбыстарды зерттеу, дыбыстың қаттылығының тербеліс амплитудасына және дыбыс тонының биіктігінің тербеліс жиілігіне тәуелділігін дәлелдеу.

Құрал- жабдықтардар: Компьтерлік бағдарлама Audacity 1.3 Beta (Unicode), микрофондар, музыкалық аспаптар, камертондар, ыдыстар.

Жұмыс жоспары:

1. Audacity 1.3 Beta (Unicode) компьтерлік бағдарламамен жұмыс жасау туралы нұсқаулықпен презентация көмегімен танысу.

2. Компьютердегі «Стандартные» бағдарламасындағы «Звукозапись» бағдарламасы көмегімен дыбыстарды жазып алу.

3. Audacity 1.3 Beta (Unicode) компьтерлік бағдарлама көмегімен жазылған дыбыстың графигін зерттеу.

4. Графиктегі масштабты өзгерте отырып, қандай да бір уақыт аралығындағы тербеліс сандары арқылы дыбыс толқындарының жиілігін анықтау.

5. Алынған нәтиже бойынша сурет салу.

6. Жұмыстың қорытындысын жасау.

Зерттеу жұмысының түрлері.

1. Домбыра көмегімен әр түрлі музықалық ноталарға сәйкес келетін дыбыстарды зерттеу.



Жұмыс қорытындысы: Тоны төмен дыбыстарға сәйкес келетін тербелістердің жиілігі аз, ал тоны жоғары дыбыстарға жиілігі үлкен тербелістер сәйкес келеді.


2. Шойын қазанның және мыс қоңыраудың дыбысын зерттеу.



Жұмыс қорытындысы: дыбыстың қаттылығы азайғанда, графикте тербеліс амплитудасы кемітіні анық көрінеді. Ал тербеліс жиілігі графиктің барлық бөлігінде өзгермейді. Дыбыс қаттылығы амплитудаға тәуелді, тербеліс жиілігіне тәуелді емес.


3. Жарығы бар және бүтін кеселердің дыбысын жазып алу және салыстыру.



Жұмыс қорытындысы: бүтін кесенің шығарған дауысы анық, графигі біркелкі, тек амплитудасы дыбыс қаттылығы азайған соң кемиді. Ал жарылған кесенің графигі өте тез өшеді: себебін кесенің екі жартысының тербелістері бір-бірін бәсендетуімен түсіндіруге болады. Бұл эксперимент бізге музыкалық аспаптардың шанағын жарып алмай, ұқыпты ұстау керек екенін көрсетеді.


4. Камертонның дыбысын зерттеу.

5. Ағаштан және қабыршақтан жасалған ысқырғыштардың дыбыстарын зерттеу.

6. Ер баланың және қыздың дауысымен до,ре,ми,фа,сроь, ля, си ноталарына сәйкес келетін дыбыстарды жазып алу және салыстыру.

7. Әр түрлі дыбыстарды ( а-ә, о-ө, и-ы т.б. ) жазып алу және зерттеу.

ІІІ.Қорытындылау.

Практикалық жұмыс барысында алған білімдердің көмегімен сабақ басында қойылған сұраққа жауап берейік.


1. Дыбыс шығаратын дене қабылдағышқа жақындыған кезде дыбыс тоны биік болып естіледі.

Себебі: кез келген келесі толқын өркеші қабылдағышқа тезірек жетеді, өйткені, ол жақындау жерде шығарылады. Тербелістер жоғары жиілікті болып көрінеді.

2. Таратқыш алыстаған кезде дыбыс тоны төмендеген болып естіледі.

Себебі: қабылдағышқа секунд сайын жететін толқындар саны азаяды, тербелістер жиілігі

азайған болып көрінеді.

Үйге тапсырма: Доплер эффектісінің қолданылуы туралы презентация жасау.

Қолданылған әдебиеттер мен дерек көздері:

1. Физика және астрономия.9 сынып.Р.Башарұлы,Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар.Алматы «Мектеп»

2. dic.academic.ru

3. realfacts.ru























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!