СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: "Қызыл кітап"

Нажмите, чтобы узнать подробности

қызыл кітап                                                                                                          

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Қызыл кітап"»

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 12.11.18

Мұғалім: Абат Асылайым Абайқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қызыл кітап

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Синонимдер мен антонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданып, мәтін құрауда дұрыс қодану.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Ресурстар

Қазақ тілі оқулығы, Алматы «Атамұра» баспасы 2017ж

Дескриптор

Синонимдер мен антонимдерді орынды қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, бағалау

Тілдік мақсаттар:

 Дәйексөз, диалог, тұспалдау, деталь, суреттеу, дикция, т.б.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, география

Қажетті құрал-жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта

Оқыту әдістері

Сөздік,

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Жоспар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Жоспарланған уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Дереккөздер/Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексереді. Оқушыларды түгендейді.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Жасырын оқушы» әдісі

Қорапшада оқушылардың есімдері жазылған қағаз қиындылары жазылады. Қағазды таңдап алып, қай оқушының есімі түссе сол оқушылар үй тапсырмасын айтады. Қағаз қиындылары артында 3 түрлі түсті қағаздар жабыстырылып тұрады.


  • Қара түсті қағаз түскен оқушылар сұрақ қояды.


  • Қызыл түсті қағаз түкен оқушылар жауап береді.

  • Сары түсті қағаз түскен оқушылар



Топқа бөлу: «Түстер сыры» әдісі арқылы топқа бөлу.

  • Оқушылар, Қызыл кітап қандай бөлімдерден тұрады?

  • Оның түстері қандай?

Ия, дұрыс айтасыздар. Ендеше сол түстер арқылы топқа бөлінейік.

І топ. Қаралар тобы.

ІІ топ. Қызылдар тобы

ІІІ топ. Сарылар тобы.

Мұғаліммен амандасып, оқу құралдарын шығарып, сыныптың тазалығына назар аударады.




Оқушылар үй тапсырмасын айтады.















Оқушылар 3 түрлі түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Қызыл кітап: Жануарлар әлемі, өсімдіктер және құстар бөлімінен тұрады.

Оның түстері қара, сары, және қызыл.







Қағаз қиындылары




Суреттер

Сабақтың ортасы


Ойтүрткі

  • «Қызыл кітап» дегенде ойларыңызға не түседі?

  • Қызыл кітапқа нелер енеді?







1-тапсырма.

«БББ» кестесі

Оқушылар сабақ басында берілген кестенің алғашқы екі бағанын толтырады. Ал, үшінші бағанды сабақ барысында, жаңа ақпараттарды білген кезде толықтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім





“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі.

Екінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

1-категория – жойылып бара жатқан;

2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

3-категория – сирек кездесетін;

4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.


ҚБ: «Мөр арқылы бағалау» әдісі


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Еркін микрофон» әдісі арқылы баяндайды.

1-топ. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

2-топ. Мәтін бойынша 5сұрақ құрастырады.

3-топ. Қызыл кітап бойынша постер қорғайды.





3-тапсырма

«Пікір алмасу» (Showdown)

Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен

стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.


Дескриптор:

-Сұрақтарды жүйелі, нақты құрайды.

-Сұраққа мысалдармен жауап береді.

ҚБ: «Отшашу» әдісі

4-тапсырма. Өлеңді оқып, талдаңдар. Қарамен жазылған сөздерге мән беріңдер.

Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.

Қызыл кітап —мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Күрделі кез, күрделі біздің бұл кез!

Жаутаңдайды адамға түзде мық көз.

Қызыл кітап —Шәһит боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Қашқан кезде адамнан, ізін қандап,

Тау текесі өтеді құзыңды аңдап,

Қызыл кітап—тірі жан тимесін деп,

Хайуанатқа берілген қызыл мандат!

Жетіп жатыр жындылар әлі бірақ,

Киік көрсе дол атып, алып ұрад.

Қызыл кітап —кітаптан біз білетін

Тереңірек, мәндірек, қалыңырақ!


Дескриптор:

-Қарамен берілген сөздерге мән беріп, мәнін түсінеді.

-Антоним, синоним, омоним және көп мағыналы түрлеріне ажыратады.

5-тапсырма.

«Қызыл кітап – табиғат қамқоршысы» тақырыбында шағын эссе жаз.


Дескриптор:

- Эссе құрылымын сақтайды.

-Грамматикалық тақырыптарды қамтып жазады. (синоним, антоним, омоним, көп мағыналы сөздер)

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа маериалды түсінеді.

  • Қызыл кітап дегенде ойымызға тыйым салу, қорғау сөздері есімізге түседі.

  • Қызыл кітапқа жоғалып кеткен немесе жоғалу қауіпі бар жануарлар, өсімдіктер және құстар кіреді.





Берілген кестені толтырады. 3 бағанды сабақ барысында толықтырып, жазып отырады.

































































1-топ. Негізгі ақпарат: 3бөлімне тұрады, жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы.

Қосымша ақпарат:құстардың 58 түрі, жәндіктердің 96 түрі бар.

2-топ. Қызыл кітап не үшін керек?

Қызыл кітаптың маңызы қандай?

3-топ. Қызыл кітап – жануарлар, өсімдіктер, құстар енеді. Тәрбиелік мәні зор.





Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.






















Кітап, презентация

































Оқулық











Оқулық, интернет желісі





























Мөр




Микрофон

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау. «Жасырын дауыс» әдісінде көп дауыс жинаған оқушы бағаланады.

Үй тапсырмасы:

«Қызыл кітап – табиғат қамқоршысы» тақырыбында шағын эссені аяқтау.


Кері байланыс: «Білім қоржыны» әдісі

Көп дауыс жинаған оқушылар бағаланады.



Үй апсырмасын жазып алады.





Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады

Қорапша, парақтар.







Скачать

© 2018, 4269 54

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!