СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыни т?р?ысынан ойлау модулі бойынша к?ркем ?дебиетке ?ызы?ушылы?ын арттырып,тіл байлы?ын дамыту

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ?дебиеті саба?ында к?ркем шы?арманы о?ытуды? тиімді жолдары.

  

«К?ркем шы?арманы талдамас б?рын оны дауыстап о?ып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ?ана шы?арма бала?а барынша ?сер  етеді.»

М..А. Рыбникова.

 

Елімізді? ?з т?уелділігіне ?ол жеткізіп, саяси - ?леуметтік ж?не экономикалы? дамуды? жа?а кезе?іне ?адам бас?ан уа?ытта тере? білім, сауатты ?рпа? т?рбиелеу - негізгі міндеттерді? бірі.

?лемдік саяси аренада ?аза?стан Республикасыны? ?зіндік салма?ын

пайымдау оны? ?лтты? білім ж?йесіні? жо?ары д?режеде дамуымен байланысты.

?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаев ел хал?ына

Жолдауында «?аза?ты? ел болуы, ?лт та?дыры – оны? келешек мектебіні? ?алай болып ??рылуына тіреледі.» - деп атап к?рсетті. 

 

 

 

О?ушылар?а ?дебиетті? ??діретін, оны? адам баласы жаратыл?аннан бері бірге жасасып келе жат?анды?ын, м??гілік жа?арып, жасарып отыратын ?рдіс екенін айтып, т?сіндіре отырып, сол ?дебиетті жасаушылар, а?ын – жазушылар туралы, оларды? к?ркем шы?армалары жайында айтуымыз керек.

«К?ркем шы?арма - ?дебиетті? ??ндылы?ы. К?ркем шы?арманы о?ыту – о?ушыны? с?з ?адірін т?сінерлік ойлау ?рекетін дамыту, рухани д?ниесін байыту, эстетикалы? тал?амын жетілдіру, адамгершілік ?асиетін ?алыптастыру.» - деген болатын ?дебиет зерттеуші – ?алым, белгілі жазушы, ?ла?атты ?стаз ?ажымЖ?малиев.

О?ушы ?дебиет саба?ында к?ркем шы?арманы ?абылдау керек.Б?л – о?ай ?рдіс емес. ?абылдау деген сіз бере сал?анды ол ала ?оятын зат емес. Ол – о?ушыны? ?зіні? жан ?алауымен, ж?рек сезімімен, рухани ?рекетімен ж?зеге асатын д?ние.

?андай жа?сы к?ркем шы?арма болмасын о?ушы ?абылдау ?шін ?рекет жасамаса, авторды? жай к?йзелісін, шал?ар шабытын бойынан ?ткізіп, к?ркем суретті к?з алдына елестетіп, келтіре алмаса б?рі бос с?з.

О?ушыда?ы осы сезімді ояту – м??алімні? ?олында, я?ни, о?ушы?а ?деби білім беру, ?деби, эстетикалы?, адамгершілік ?асиеттерін дамыту ?шін м??алім ?дебиетті о?ыту барысында ?діс – т?сілдерді орнымен ?олдану ?ажет.

- с?з ?неріні? ерекшеліктерін т?сініп, тану?а, ой к?зімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – да?дылар ?алыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып с?йлеудегі тіл м?дениетін ?алыптастыру ж?не дамыту, ?зіндік ой – пікірін д?йекті, ж?йелі айта білуге баулу.

?дебиет - ?нер, ?дебиет - ?лтты? ?азына, асыл м?ра.

?дебиет – ?лтты? танымны? ?айнар к?зі, сонды?тан к?ркем шы?армадан алын?ан ?зінділерді о?улы??а ендіруде т?мендегідей ?а?идалар басшылы??а алын?ан:

1. Шы?арманы? жанрлы?, композициялы? т?тасты?ы;

2. Оны? ?лтты? ?азына екендігі;

3. М?тіндерді? с?йкестігі мен саба?тасты?ы;

4. ?дебиетті с?з ?нері ретінде таныту;

5. О?ушы тілін дамыту негізінде о?ырманды? біліктілікті ?алыптастыру;

6. О?ушыларды? тілдік ?атынасын коммуникативтік т?рде дамыту;

Б?л жерде міндетті т?рде о?ушыларды? п?н бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шы?армашылы? ?рекет ?ажет. ?дістеме аппаратыны? басты функциясы – к?ркем шы?арманы ?абылдату?а ?йрету бол?анды?тан о?ушы мен м??алім арасында ж?йелі байланыс орны?уы керек. Міне, осы ж?йелі байланысты ?з т?жірибемде ?алай іске асырып жат?анды?ымды к?рсету ?шін, к?ркем шы?арманы о?ытуды? ?а?идаларында кездесетін кейбір?иыншылы?ты шешуді? тиімді жолдарын к?рсету ма?сатында «?аза? ?дебиеті саба?ында к?ркем шы?арманы о?ытуды? тиімді жолдары.» атты та?ырыпты та?дап алдым.

 

       ?дебиетті о?ыту к?ркем шы?арманы о?удан басталады. К?ркем шы?арманы о?у ?йде, сыныпта ж?ргізіледі. К?ркем туындыны о?уда м?нерлеп о?у, ?р с?зді ай?ын, т?сінікті о?у, жина?ы о?у, дауыс естіліміні? де ашы? болуы талап етіледі. О?ушыны к?ркем м?тінні? о?у т?рлеріне да?дыландыру керек. К?ркем м?тінді о?у  т?рлерін жіктеп ажыратамыз:

 1)  к?ркем м?тіндегі жазушы ойын м??алім к?мегімен а??ара о?у. Оны? м?н-ма?ынасын т?шына, т?сіне о?у.  ?иын, т?сініксіз образды,  айшы?ты с?здерді ??ына о?у,  я?ни лингвистикалы? т?сіндірмелі о?у;

 2)  та?дап о?у. Белгілі ма?сатпен ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап іздеп, тіл к?ркемдігін д?лелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

 3)  іштен о?у немесе ?здік о?у.   Іштен о?уды? о?ушыны жеке,  ?з бетімен ж?мыс істеуге баулуда?ы  ма?ызы ерекше зор. Ойлану,  ?з бетімен іздену,  жауап табу, дербес белсенділігін арттыруда?ы іштен о?уды? ат?арар р?ліні? ерекше екендігі;

 4) р?лге б?ліп о?у. Р?лге б?ліп о?у таным белсенділігі,  ?ызы?ушылы?ын арттыруда, ?абілеттерін дамытуда,  саба?ты? эмоциялы?,  психологиялы? м?нін н?рлендіруде пайдалы;

 5) хормен о?у. О?у техникасын жетілдіру,  м?нерлі,  ай?ын о?у,  к?ркем м?тінмен ж?мыс істеуге баулу б?кіл сынып о?ушыларын к?ркем о?у?а ?йымдастыруда тиімді;

 6) ?жымды? о?у.  ?сіресе, даралап о?ытуда тиімді. О?у техникасына, м?нерлеп о?уына ?арай, о?ушыларды топ?а б?ле отырып, м??алім ?жымды? о?уды тиімді ?йымдастырса, к?ркем м?тінді тез ме?гертуге ы?пал жасайды,  м?тінді о?у?а деген о?ушы ынтасын  арттыру?а ?сер етеді;

 7) ж?пты? о?у.  Ж?пты? о?уды? тиімділігі,  біріншіден ?з беттерімен о?у техникасын жетілдіру да?дыларын дамытады,  екіншіден ??ыпты ты?дай білуге,  бір-біріні? ж?мысына талдау жасай білуге икемдейді;

 8) м?нерлеп о?у.  М?нерлеп о?у-?дебиетті о?ытуды? басты ?дістемелеріні? бірі.  М?нерлеп о?уды? ма?саты:

а) о?ушылар?а  к?ркем туындыны?  эмоциялы?-эстетикалы? ?серін сезіндіру;

?) к?ркем м?тінге жан беру,  ?р с?зді? м?ні мен ма?ынасын,  с?з бояуларыны? на?ышын сезе білу;

в)к?ркем м?тіндегі айтар ой мен поэтикалы? к?ркемдікті ?здеріне болжату, т?сіндіру, м?тінді талдау да?дыларын дамыту.

       ?дебиет саба?ыны? к?ре тамыры к?ркем м?тінмен ж?мыс істеу деп санаймын. Оны? ерекшелігі сол - ол о?ушыны? ж?регіне, сезім ?ылына ?сер етуі. О?ушылармен бірге к?ркем шы?армамен ж?мыс істей отырып, оларды? ойлауына, тол?ауына,  пікір айтуына ы?пал жасаймын. О?ушылар к?ркем шы?арманы о?ып біткен мерзімде, ауызша,  жазбаша с?ра?тар ар?ылы мазм?нын айт?ызамын, ?зіне ?на?ан бір эпизодты ?ыс?аша баяндатамын, бір кейіпкерді? іс-?рекетінен мысалдар келтірткіземін, е? негізгі деген жерлерден ?зінді жазып,  «Ол ?ай о?и?адан алынды,  кімні? с?зі?» деген с?ра?тар?а жауап аламын, ?р т?рлі  ?деби ойындарын ж?ргіземін.

       К?ркем м?тінді талдау шы?армашылы? ж?мыстарды талап етеді. К?ркем м?тінді о?ыту мен талдауда о?ушыны? м?тін мазм?нын ме?геруіне к??іл б?лу керек. К?ркем шы?арманы о?ы?анда,  о?ушыларды? ол туралы ?зіндік ?сері, пікірі туындайды. О?ушыларды? зейіні, есте са?тау,  ?абылдау ?асиеттеріне ?арай м??алім м?тінді т?тастай емес, е? негізгі басты м?селелерін ?ана мазм?ндатып, оны ме?геруді одан ?рі жал?астыр?аны тиімді болады. ?зіндіні мазм?нда?анда, о?ушыларды м?мкіндігінше жазушы тілімен  мазм?ндату?а икемдеу керек. О?ушыларды ??гімелеу, мазм?ндау кезінде жиі м?тінге  ??ілдіріп, кейбір негізгі м?селелерді м?тінге жуы? айтуды талап етемін. К?ркем шы?арманы  ?йге тапсырма ретінде бергенде, т?сініксіз с?здерді, с?йлемдерді о?ушыларды? алдын ала белгілеп келуін талап еткен ж?н. Саба? барысында шы?арманы? мазм?нына талдау ж?мысын ж?ргіземін. К?рделі, т?сініксіз с?здерге т?сінік беремін. Мысалы: ?ыстау, атан, шам, ру, шари?ат б?йры?ы, ерді? ??ны. Кейбір диалогтерді о?и отырып, е? басты м?селелерді т?сіндіремін.

-  «Арысы?ды,  ендеше,  арыстан жеді» (Б?жейді? с?зі).

-  «А? ?арамды тексермеді? бе,  ??ше? ?ан ж?т?ан ?ара бет?!» (?одарды? с?зі).

?деби талдауды? басты ма?саты-о?ушыларды? ?зіндік ?абылдауларын,  пікірін  ?дебиеттану ?ылымыны? талабына сай ?ылыми арна?а ба?ыттау болып табылады.

       К?ркем шы?арманы талдауды? ?ылыми ж?йесін жаса?ан ?діскер ?алымдар: ?. ?о?ыратбаев, ?.К?шімбаев, ?. Дайырова, Т. А?шола?ов, т.б.  К?рнекті ?діскер, ?алым Т?леутай А?шола?ов к?ркем шы?арманы талдау м?селесіне таза ?деби - эстетикалы? жолмен ?арауды ?сынды ». Біз ш?кірттерді с?з сырына бойлатуымыз керек. Б?кіл кілт - осында. ?йткені,  к?ркем ?дебиетте с?з -мазм?н да, форма да. Ш?кірттерді с?зді? алуан сырына ??іле білуге ?йрету - ?дебиет шы?армасын танытуды? басты жолы. А?ын шы?арма ??рылымында с?здерді ?андай к?десіне жарата білген, с?з кірпіштерін ?аншалы?ты ?иыстыра ?алай білген, шы?арманы? б?кіл бітімін ?алай сомда?ан, ?андай жа?а поэтикалы? жа?алы?тар ?келген, ?андай сом образдар жаса?ан, м??алім осы?ан ?немі, саба? ?стінде, саба?тан тыс уа?ытта шы?армашылы? тапсырмалар беру ар?ылы ?йретіп, баулып отырса, ш?кірттер ?нер туындысыны? ?адыр ?асиетін танумен, астарлы сырына ??іле білумен ?атар,  жазушы стилін,  шы?арма стилін а??арар еді.

       Тегінде, баланы ?здігінен ж?мыс істеуге,  ?здігінен білім алу?а ?йрету -е? ?тымды жол» (1,92бет).

       Ахмет Байт?рсын?лы шы?арма тілін а?ын тілі ж?не ?ншейін тіл деп жіктей келіп: «Б?л екі тілді? арасында?ы айырмасы мынау: ?ншейін тіл к?бінесе  с?зді? д?рысты?ын, аны?тылы?ын,  тазалы?ын д?лдігін тал?айды. А?ын тілі с?зді? д?рысты?ыны?, тазалы?ыны?, д?лдігіні? ?стіне к?рнекті,  ?уезді болу жа?ын тал?айды» деп жазады (2,127бет).

      

       К?ркем  м?тінді  талдауды?  жолдары мен ба?ыттары  Р?би?а Сызды?ова мен  Бердібай  Шалабай  е?бектерінде  жан-жа?ты сараланады.  ?алымдар к?ркем м?тінді талдауды? жолы мен ж?йесін ай?ындайды.

       К?ркем м?тінні? негізгі белгілеріне байласым, т?тасты? ж?не эмотивтілік жатады.  Байласым- лингвистикалы? ??ым,  ал т?тасты?-психолингвистикалы? ??ым.  Байласым к?мегімен  м?тін ??рылысыны? феномендері талданады, ал т?тасты? ??ымы ар?ылы м?тінні? тере? ?абатында?ы орналас?ан ?рекеттері т?сіндіріледі (3, 8 бет).

К?ркем шы?армаларды о?ытуды? тиімді де ?німді жолдарын іздеудегі ?йгілі ?стаз, ?діскер ?анипа Омар?али?ызы Бітібаеваны? е?бегі зор.  ?діскер ?стазды? ?аламынан М.?уезов шы?армашылы?ын о?ыту м?селесіне байланысты ?ш кітап жазыл?ан.  «О?улы?та... талдауды? бір т?рі-образды? талдау ж?йесі негізге алын?ан».  К?ркем шы?арманы талдау ж?йесі,  е? алдымен алдымен к?ркем туындыда жазыл?ан,  баяндал?ан о?и?аларды? тарихи негізіне назар аудартады. М??алімні? т?сіндірме ??гімелерінен кейін, м?тінді м?нерлеп о?ып, мазм?нымен танысу,  м?тінді б?лшектерге б?ліп, ат ?ою, ?р б?ліміне жоспар ??ру, ??рыл?ан жоспар бойынша  тірек с?здерді ?олданып мазм?ндату, шы?арманы? басталуы, шы?арма ішіндегі уа?и?аларды? байланысы, уа?и?аны? шары?тау шегі, шешімі ай?ындалады. ?р шы?армада?ы адам та?дыры жеке кейіпкерлер ар?ылы пайымдалып,  іс-?имылы, мінезі, ?ылы?ы, ?рекеті ай?ындала т?седі. Кейіпкерді танытатын,  ай?ындап,  даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-?имыл ?рекеті, тілдік к?рінісі, к?ркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкерді? ?зара ?арым-?атынасы, ?а?ты?ысы,  к?ресі т.б.  Кейіпкерді талдап, тану барысында о?ушы к?ркем шы?армада?ы кейіпкерді? ж?йесін на?тылайды, ?зара байланысын,  жазушыны? ?р кейіпкерге ?андай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлерді? диалогтары ар?ылы оларды? мінезін ерекшелеп ай?ындап, негізгі орталы? т?л?аны аны?тайды (4, 62 бет).

   О?ушы  к?ркем   м?тінді талдай білу ар?ылы на?ты, д?лелді с?йлеуге да?дыланады, с?з ??діреті мен ?асиетін ??ынады.  Сол себептен, е? алдымен к?ркем тілмен с?йлеуге талаптандыру керек.  ?р с?йлемні? негізінде на?ты ой, сол ойды аны?,  ай?ын кестелейтін с?з оралымдары болу керек.  К?нделікті пайдаланатын тілді жа?сы ме?герген баланы оны кестелеп, ?демілеп ?олдану?а да?дыландыру керек. Ма?ынасыз с?здер, ш?бала??ы с?йлемдер, айтатын ойын на?тылап беруге шор?а?ты? к?ркемдеп с?йлеуге зиянын тигізеді.  Сонды?тан к?ркемдеп с?йлеуді ?р саба?та ж?йелі т?рде ж?ргізген тиімді болма?.  К?ркем с?йлеу о?ып отыр?ан к?ркем шы?арма?а да тікелей байланысты.  О?ушыларды ??гімелеу, мазм?ндау кезінде жиі м?тінге ??ілдіріп, кейбір негізгі м?селелерді м?тінге жуы? айтуды талап ету-осы к?ркемдеп с?йлеуге баулуды? басты жолы. К?ркем с?йлеуді? негізгі белгілері топтар,  фигуралар т?рін ме?герту,  те?еулер мен баламаларды с?йлемде жиі ?олдану болма?. К?ркем м?тінді о?у барысында керекті д?йектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды теріп алу?а баулу. К?ркем шы?арма тілін талдауда жазушыны? суреткерлік шеберлігін, эстетикалы? м?мкіндігі, тілдік ??ралдарды поэтикалы? де?гейге сай ?олданылуы,  с?зді?,  фразаны? ??діретін д?рыс танытады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланыл?ан  ?дебиет

1. Т. А?шола?ов,  Шы?арманы? к?ркем айшы?тарын таныту, А.,  «Жазушы», 1998.

2. А. Байт?рсын?лы,  Тіл та?ылымы,  А,  «Жазушы», 1992.

3.Р. Сызды?ова,  Б. Шалабаев,   К?ркем тексті лингвистикалы? талдау,  А., «Мектеп», 1989.

4.?. Бітібаева. ?дебиетті о?ытуды? тиімді жолдары, А.,  «Жазушы», 1990.

5.?. Бітібаева.  М. ?уезов шы?армашылы?ын мектепте о?ыту  А.,  «Жазушы», 1

 

Просмотр содержимого документа
«Сыни т?р?ысынан ойлау модулі бойынша к?ркем ?дебиетке ?ызы?ушылы?ын арттырып,тіл байлы?ын дамыту»

Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.

  

«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді.»

М..А. Рыбникова.

 

Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі.

Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын

пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына

Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі.» - деп атап көрсетті. 

 

 

 

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.

«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.

Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:

1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;

2. Оның ұлттық қазына екендігі;

3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;

4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;

5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;

6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;

Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек. Міне, осы жүйелі байланысты өз тәжірибемде қалай іске асырып жатқандығымды көрсету үшін, көркем шығарманы оқытудың қағидаларында кездесетін кейбірқиыншылықты шешудің тиімді жолдарын көрсету мақсатында «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.» атты тақырыпты таңдап алдым.


Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.

Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.

- «Арысыңды, ендеше, арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі).

- «Ақ қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі).

Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады.

Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә.Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т.б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби - эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт - осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді.

Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен білім алуға үйрету -ең ұтымды жол» (1,92бет).

Ахмет Байтұрсынұлы шығарма тілін ақын тілі және әншейін тіл деп жіктей келіп: «Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтылығын, тазалығын дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді болу жағын талғайды» деп жазады (2,127бет).

Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.

Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады. Байласым- лингвистикалық ұғым, ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым. Байласым көмегімен мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі (3, 8 бет).

Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор. Әдіскер ұстаздың қаламынан М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазылған. «Оқулықта... талдаудың бір түрі-образдық талдау жүйесі негізге алынған». Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады. Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу, мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату, шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындалады. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындала түседі. Кейіпкерді танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, күресі т.б. Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылайды, өзара байланысын, жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтайды (4, 62 бет).

Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады. Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек. Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем сөйлеу оқып отырған көркем шығармаға да тікелей байланысты. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап ету-осы көркемдеп сөйлеуге баулудың басты жолы. Көркем сөйлеудің негізгі белгілері топтар, фигуралар түрін меңгерту, теңеулер мен баламаларды сөйлемде жиі қолдану болмақ. Көркем мәтінді оқу барысында керекті дәйектемелерді ала білуге, бейнелі оралымдарды теріп алуға баулу. Көркем шығарма тілін талдауда жазушының суреткерлік шеберлігін, эстетикалық мүмкіндігі, тілдік құралдарды поэтикалық деңгейге сай қолданылуы, сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танытады.







Пайдаланылған әдебиет

1. Т. Ақшолақов, Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.

2. А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.

3.Р. Сыздықова, Б. Шалабаев, Көркем тексті лингвистикалық талдау, А., «Мектеп», 1989.

4.Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.

5.Қ. Бітібаева. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы», 1























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!