СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы /

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы /»

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы

Жалпы мақсаты: Айтыс өнері туралы ойларын тереңдету. Қазіргі айтыскерлер туралы жан – жақты мағлұмат беру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Шешен сөйлей білуге, сөздік қорларын байытуға үйрету.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері артады.

Негізгі идеялар: Топта бірге жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін – бірі оқытады.

Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық 9- сынып, тақта, бор, дәптер, қаламдар, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.

Оқыту әдістері: Салыстыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, талдау, ой-толғау.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: Ынтымақтастық атмосферасын құрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

Топқа бөлу: Мақал-мәтел жазылған қағаз қиындыларын ортаға тастаймын, соны құрастыру барысында топқа бөлемін.

Ой шақыру. 1) Айтыс өнері дегеніміз не? 2) Айтыстың қандай түрлері бар? 3) Айтыскер ақындарға тән қасиеттер. 4) Қандай айтыскер ақындарды білесіңдер? 5) Қазіргі таңдағы елімізге танымал айтыскер ақындарды атап шығайық. Олар Айнұр Тұрсынбаева, Ақмарал Леубаева, Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашов, Жандарбек Бұлғақов, Ринат Зайытов, Бекарыс Шойбеков, Мэлс Қосымбаев секілді еліміз арда тұтар арқалы ақындарымыз баршылық.

Кітаппен жұмыс: Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ айтыс өнерінің дамуы жолында ақ тер-көк тер болып еңбек еткен зиялылардың бірі де, бірегейі Жүрсін Ерман  екені елге мәлім. Шындық шыңырауға түсіп, тура сөз тұншыққан заманда ақиқатты ақтарған ақындардың аузына қақпақ іздеген адамдарда аз болмады. Осы тұста айтыс өнерінің жолына кесе көлденең болған саясаттың салқын желіне қарсы соққан да Жүрсін Ерман болатын. Аталғандай айтыс жанашыры Ж. Ерман ағамыздың мына сөзін ойымызға арқау етейік: «…Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің қайтадан бағы ашылды. Халықтың беті қайтадан өзінің тіліне, дініне, тегіне қарай бұ­рыл­ған кезде айтыс қайтадан қызуқандылықпен халыққа қызмет ете бастады. Енді осыны дұрыс пайдаланып отырмыз ба, жоқ па? Дұрыс пайда­ланбаған кездеріміз көп. Айтыста ақиқат ай­тыл­маса, шаншу сөз айтылмаса, биліктегілердің   шамына тиетін сөз айтылмаса, ол айтыс қызық болмас еді. Қоғамды қобалжытып отырған ойларды қозғап айта алмаса, айтыс ешкімге қажет бол­мас еді. Әділетті миссиясы арқылы айтыс қо­ғам­ға қажет болды. Бірақ соны біздің мемлеке­тіміз, қоғамымыз әлі де дұрыс пайдалана алмай отыр»

Тәуелсіздікпен бірге сөзімізге де еркіндік келді. Халық болғасын, ел болғасын, еркін ойлы, сауатты, әлемдік жаңалықтардан хабардар ақындардың жас буыны келді де, айтыстың мағынасын, миссиясын мүлдем өзгертті. Айтыс­ты халықтың қызметіне қойды. Енді айтыс билікке қажетті, қоғамдық құрылысқа қажетті сөзді емес, ұлтқа қажетті, халыққа қажетті сөзді айтады. Осыдан айтыстың қадірі артып, ғұмыры ұзарып отыр. Қарапайым халық, бұқара көкейіндегі орындалмай жүрген арман ойларын, санасындағы жүрген шерменді ойларын айтыскерлер жырға арқау еткенде жандары жәй табатыны да ақиқат.

Бүгінде сөзге, ойға жүйрік ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптауларымен, тосын теңеулерімен, жарасымды әзіл-қалжыңдарымен таныла бастады. Бұл жолдағы талмай ізденіс, жасқанбай ойларын ашық айту, толғағы жеткен мәселелерді жұртшылыққа орнымен жеткізу айтыстың пәрменділігін, әсерлілігін арттырады.

Қазіргі айтыскерлеріміз ерекше дарындылығымен, ой-өрістерінің кеңдігімен, ащы шындықты ашып айтуымен жоғары деңгейде көрініп жүр. Олар тыңдарман қауымды рухани жыр азығымен сусындата отырып, ел өміріндегі келелі мәселелерді шешуге өзіндік үлестерін қосуда.

Тапсырма: Әр топқа қағаз қиындылары тапсырылады. Олардың әрқайсысында елімізге танымал айтыскерлердің бейнесі бейнеленген. Сол ақынның суретін құрастырған соң ол жайлы мағлұматтар, айтыстағы мақамдары жайында, сөз саптау шеберліктері жайында ой-қозғау, пікірлерін айтады.

Пікірлесу. Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар? деген сауалға оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы біраз мағлұматтар жинап,жеке өз ойларын ортаға салып, пікіралмасады.

«Венн» диаграммасын құру. Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар.

Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс













Оқушылар бұрынғы айтыс пен қазіргі айтыстың ұқсас жақтарын тауып салыстырады. Мысалы: Демократиялық тақырыптар, көкейтесті мәселелер,халық ауыз әдебиетінің түрі, көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері, жариялылық басым, әлеуметтік мәселелер, елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым, халық мұңын жеткізуші.

Ой қозғау: «Айтыс дегеніміз не?» (Топтастыру әдісі)











Әр түрлі тақырыпты қамтиды, халық ауыз әдебиетінің бір түрі, ұлттық өнер, екі ақынның өлеңмен тартысы, халық өмірінің көрінісі, өнер жарысы, сөз сайысы.



Рефлексия: Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жаздырту.

Бағалау: Топта бірін-бірі бағалайды. Қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Үйге тапсырма: - Жаңа сабақты оқып, мазмұнын баяндау.

  • Ақындардың сөз саптау шеберлігін анықтау.



  • «Мен еліктейтін ақын» тақырыбында шағын эссе жазу

















Хабарландыру!


09.11.2017ж күні 9«ж» сыныбында әдебиет сабағынан «Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы» тақырыбында ашық сабақ болады.


Уақыты: І ауысым 5 сабақ


Кабинет: №311 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті.


Пән мұғалімі: Турганбаева Роза























Оқу - білім азығы,



Білім – ырыс қазығы.



Білім басы - бейнет,



соңы - зейнет.



Оқығаныңды айтпа,



тоқығаныңды айт.



Білімдіге дүние жарық.



Білімсіздің күні кәріп.



Ғылым - теңіз,



білім - қайық.



Алтын алма,



білім ал.



Ұстаздан шәкірт озар.



Оқымаған бір бала,



Оқыса екі бала.



Жеті жұрттың тілін біл,



Жеті түрлі білім біл.


Айнұр



Тұрсынбаева



Балғынбек



Имашов



Жандарбек



Бұлғақов



Сара



Тоқтамысова



Бүгінгі сабақтан алған әсерім:-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Маған ұнады--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Маған ұнамады, себебі-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!