СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "«Ауған асуында от кешкендер» " 8-11 сыныптар

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

жүргізуші: Қош келіпсіздер қадірлі қонақтар! 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағының әскерлері Ауғанстан жерінне шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткізілетін «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ертеңгілігімізді бастаймыз.

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "«Ауған асуында от кешкендер» " 8-11 сыныптар»

1989 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағының әскерлері Ауғанстан жерінне шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткізілетін «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ертеңгілігінің сценарийы.

жүргізуші: Қош келіпсіздер қадірлі қонақтар! 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағының әскерлері Ауғанстан жерінне шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткізілетін «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ертеңгілігімізді бастаймыз.


жүргізуші: 1979 жылы 25 желтоқсан бұрынғы Кеңес Одағында 10 жылға жуық соғыс жүргізілді. Бұл соғыс интернацоналдық көмек ретінде бағаланды.Соғысқа Қазақстаннан да қаншама боздақ аттанды.Олар жалындаған жастық жылдарында өлім мен өмір арасында жүрді.Оңтүстік өңіріде бұл соғыстан тыс қалмады.

жүргізуші:Тарих беттерінде өзіне жетерлік қасірет таңбалары мен ізі қалған бұл оқиғаға мемлекеттік тұрғыдан айтар болсақ, қарның ашиды. Ауған соғысын тарихын әділетті соғысқа жатқызбайды.


жүргізуші: Барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Гимн орындаймыз.

Ендігі кезекте сөз кезегін мектебіміздің директоры Алшынбекова Ақмарал апайға береміз.


жүргізуші: Ал, енді ертенгілігіміздің қадірлі қонағымызды таныстырып өтейік:Бердібай ата мен Қыдырбай атамыз

жүргізуші: Өтер жылдар,уақыт тағы алыстар,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар.

  • деп ақындар жырлағанды, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауған жауынгерлеріміздің бейбіт өмірдегі жарқын істері, ерен еңбектері ел есінде...

Ауған соғысы туралы видое ролик

жүргізуші:Он жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс барша адамның жанында мәңгілікке жатталды.

Ән: «Туған жер» орындайтын Сәдуаақас Ақерке (Слайд)

жүргізуші: «Ерлік -жан дүниенің ұлы қасиеті» - деген екен бір дана қария. Құрбан болған ауған ардагерлерін еске алып бір минуттық үнсіздік жариалаймыз.

жүргізуші: Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімдері мәңгілікке өшпейді.

жүргізуші: Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп естеліктерін тыңдау біз үшін ғанибет.

Балнұр жүргізуші: Бердібай аға, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырыңыз. Балалардың сізге қойяр сұрақтары бар екен. Соғыста ең қиын тапсырма орындаған кезіңіз болды ма?

Соғыстың алғашқы күндерінде қандай әскери техникалар қолданылды?

Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың ерлігі жайлы әңгімелеп беріңізші?

Сіз соғысқа аттанғанда жасыңыз қаншада еді?

Қазақстандықтардың арасында соғыстан бас тартып кері тартушылар болды ма?

Ауған соғысында Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі?

Майдандағы ержігіттердің бинесі?

Ауған соғысында қандай қызмет атқардыңыз?

Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандар болды ма?

Қазіргі таңда Ауған соғысы ардагерлерімен жұмыс істейтін ұйымдар бар ма?

Ауған соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапыннан қандай қамқорлықтар көрсетіліп жатыр?

Қазіргі жастарға, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қандай үлгі – өнеге, тәлім – тәрбие айтқан болар едіңіз?

жүргізуші: Азаттық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген.Өткені, әр бір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынына алып келді, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды.

Ән:Ауылымды сағындым» орындайтын Сәдуақас Ақерке

жүргізуші: Құрметті майдангер аға! Сұрапұл соғыстағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып уақыт жылжыған сайын сіздің жасаған ерліктерінің шоқтығы биіктей бермек. Біз сіздерді мақтан тұтамыз.

жүргізуші: Ауғаныстаннан Кеңес әскерлеріне шығарылғанына 31 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыстың жан жарасынан айыға алмай келеді.

Ән: «Мен қазақпын» орындайтын Сәбит Нұртаза (дамино орындайтын: 10 сынып оқушылары)

Балнұр жүргізуші: «Соғыстан қайтқан солдаттар».

Жаутаңдап қарап дала тұр,

Көз жасын сұртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға,

Жолыңды тосып ана жүр.

Ердәулет жүргізуші: Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісі көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде өзімізбен бірге Мақтааралдың керегесін көтеруге атсалысып жүрген аудандық ардагерлерді қадірлеп – құрметтеу біздің борышымыз.

Келесі кезекте 10 «А» сынып оқушыларының Калашников автоматын шашуы.

Ердәулет жүргізуші: «Үстімде сұр шинелім»

Үстімде сұр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін,

Қанды қырғын қызыл от,

Қаптап жүр ажал дегенің.

Балнұр жүргізуші: Құрметті қонақтар! Сабактан тыс ертеңгілігімізді қортындылауға ортаға М.Мақатаев атындағы орта мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары:Шакенова Перуза апайға сөз береміз.

Ердәулет жүргізуші:Қорта келгенде, 9 жылдан астам, яғни 110 айға созылған Ауған соғысы соңғы кезде өз ақиқатын тауып, күннен – күнге соғыстың әкелген зардабы мен шығыны, тағы да басқа қырлары анықталуда. Осы жылдардың бәрінде «Ауғаныстан » халқымыздың жанын сыздатқан және алаңдатқан мәселе болды.

Ердәулет жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен ертеңгілік кешіміз аяқталды, сіздерге көп рахмет.










































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!