СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тазалық - денсаулық кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:  балаларға тазалық туралы түсінік беру, мәдени – гигиеналық  және өз – өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, «Ә» дыбысы, әрпімен таныстыру, пішіндерді, сандарды қайталау, мазмұнды сурет бойынша  әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту, қаламсап ұстау дағдысын қалыптастыру,  АКТ –ні қолдану арқылы түстерді қайталату.

 

 

Просмотр содержимого документа
«Тазалық - денсаулық кепілі»

Сабақтың мақсаты: а) түзете – дамытушылық : балаларға тазалық туралы түсінік беру, мәдени – гигиеналық  және өз – өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, «Ә» дыбысы, әрпімен таныстыру, пішіндерді, сандарды қайталау, мазмұнды сурет бойынша  әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту, қаламсап ұстау дағдысын қалыптастыру,  АКТ –ні қолдану арқылы түстерді қайталату.

ә) тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа, денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке, мазмұнды суреттер, тазалық құралдары

(сабын, тіс щеткасы, тарақ, айна, қол орамал) , әріптер, тазалық құралдары  жапсырылған балықтар, кірпі мен саңырауқұлақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Амандасу.

Жылулық шеңбері.

- Балалар, бір – бірімізге, келген қонақ апайларға жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйлайық. Осы алған күш – қуатымызбен сабағымызды бастайық.

Кәне енді, тілімізді жаттықтырып талайық. Менмен бірге өлеңді қайталайық

2. Тіл дамыту өлеңі.

Таза бала мұнтаздай,

сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

жақсы көреді бар адам.

ІІ. Негізгі бөлім. ПДТ  6 – 7 жас

Түзету тапсырмалары.

  1. 1. Тазалық туралы түсінік беру.

-         Балалар өткен сабақта біздер «Күн тәртібі» туралы білімдерімізді толықтырдық. Мысалы: ұйқыдан ояну, таңертенгілік жаттығу, жуыну, тамақтану, сабақ оқу сияқты.

-         Бүгін біздер сабағымызда тазалық туралы айтамыз, яғни сабағымыздың тақырыбы « Тазалық – денсаулық кепілі». Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы: тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды ұйқыға жатар алдындада соны орындауы керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылану керек.

-         Ал сендер осылай тазалықты сақтайсындарма? ( жақсы)

-         Енді мұқият тындап мына жұмбақтарды бірігіп шешіп көрейікші.

Жұмбақтарды шешу:

  1. Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.

Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)

  1. Шомылған баланы аймалап алады.

Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)

  1. Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)

  1. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.

Қарайды  кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)

-  Жақсы дұрыс шешуін таптық. Бұлардың бәрі тазалық құралдары.

- Міне сондықтанда адам өзінің денсаулығы болу үшін жуынып таза жүру керек.

Дені сау адам көңілді, мықты, жұмысқа қабілеті жақсы болады.

Сонымен адам:

  1. Аптасына бір рет моншаға бару, душ қабылдауы керек.

  2. Аптасына бір рет тырнағын алу керек.

  3. Бірнеше рет шашын тарау керек.

  4. Әркімнің өз тарағы, тіс щеткасы, қол орамалы болу керек.

-         Ал сендер балалар тазалықты сақтайсындарма?

-         Өз тіс щеткаларын, қол орамалдарын бар ма?

  1. 2. Ойын «Сиқырлы қапшық»

Кәзір біздер ойын ойнаймыз мына қапшықтын ішінде заттар бар сол заттардың ішінен тазалық құралдарын тауып алып көрсетулерін керек.

Кәне бастайық!.....

  1. 3. Суретпен жұмыс

-         Суретте кімді көріп тұрсындар? ( Бала)

-         Бала не істеп жатыр? ( Төсегін жинап, бетін жуып, тісін шайып, жаттығу жасап жатыр)

-         Дұрыс яғни бұл бала тазалықты сақтап, денсаулығын күтеді екен.

  1. 4. Дыбыс, әріп « Ә» таныстыру.

-         Балалар бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табуымыз керек, ол үшін сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін тапсақ қонақтың кім екенін білеміз және бүгін қандай әріппен танысатынымызды білеміз.

Ертегі айтып береді.

Сені жақсы көреді.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі. ( Әже)

Әже сөзі « Ә» дыбысынан басталып тұр.

Енді « Ә» дыбысын қайталайықшы Ә –ә-ә созылып айтылады.

Демек бұл дауысты дыбыс. (Әліппе, әріп, әйнек, әке, әтеш).

« Ә» дыбысын әріппен белгілейміз «Ә» баспа түрі – кітапта, журналда, газеттерде кездеседі.

«Ә,ә» - жазба түрін дәптерге жазамыз.

« Ә» туралы өлеңді жаттау.

Іші толы әріпке

Мынау – әйбет әліппе.

 

  1. 5. Ойын « Балық аулау».

Қазір ойын ойнаймыз. Мына балықтардың арттарында әріптер, тазалық құралдары жапсырылған. Балықтарды аулап алып соларды айтуларыңыз керек.

 

ІІІ. Сергіту сәті.

Шыңықтырып денені,

Тісін жуып, тазалап

Мектебіне келеді,

Міне нағыз азамат.

 

  1. 6. Жолды жалғастыр.

« Ә» әрпін дәптерге жазу.

 

  1. 7. Өткен сандарды, пішіндерді қайталау.

Ойын «  Кірпіге көмектесейік»

Саңырауқұлақтардын арттарындағы сандар мен пішіндерді қайталау.

  1. 8. АКТ қолдану арқылы түстерді қайталату.

 

ІҮ. Қорытындылау.

-         Сонымен сабақта не туралы айттық? ( Тазалық туралы)

-          Тазалық құралдары нелер? ( Сабын, орамал, қайшы, тарақ, қол ормал)

-         Қандай әріппен таныстық? (Ә)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!