СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок Планирование "Трамвай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка для дошкольного учереждение 

Просмотр содержимого документа
«Урок Планирование "Трамвай"»

«Күншуақ» ортаңғы топтың ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім береу саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Трамвай (қалдық материалдармен жұмыс)

Мақсаты: балаларға жалпы көліктер туралы түсінік беру. Көліктердің ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде,суда,әуеде) атқаратын өызметіне қарай салыстыра білуге үйрету, маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Әр түрлі бөлшектерден трамвайды құрастыруға үйрету адамгершілікке еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

  • үлгіні қарастыра отырып, бөлшектерін анықтап, дұрыс құрастыруға үйрету;

  • әдептілікке тәрбиелеу;

  • танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Слайд, ойыншық көліктер, шырын қораптары және түтікшелері, ермексаз,қайшы, түрлі түсті қағаздар, желім, сүрткіш, қылқалам, тұғыр.

Билингвалды компонент: қорап- каробка-, теміржол – железная дорога,

трамвай-трамвай

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Саламатсызба,

Здраствуйте,

Good morning

Шаттық шеңбер: 
Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң балалар

Күліп шықты күн бүгін.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілін кім сипаттап, әңгімелеп береді?

Жарайсыңдар балалар!

Қыс мезгілінде үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Амандасады




шаттық шеңбер жасайды




қыс

қыс мезгілінде күн салқын болады,

қар жауады,

балалар аққала жаса

Ұйымдастыру-іздестіру

Ғ.С: Дымбілмес келеді топқа

Д:- Саламатсындарма балалар мен сендермен ойнайын деп келдім, мен де көп машина ойыншығым бар

Т:- Дымбілмес сен біздің оқу қызметімізге қатысқын келеме? бүгін біз трамвай жасап үйренеміз

Д: -Ия

Т: Олай блса Дымбілмес сен біздің оқу қызметімізге қатыс балалармен бірге отырағой.



Балалар тақтаға назар аударайық

Жерде жүретін көліктерге:

Жеңіл көлік,велосипед, поезд,

автобус,троллейбус, жүк көлігі.



Аспанда ұшатын көлік түрлеріне:

Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.



Суда жүзетін көлік  түрлеріне:

Кеме,қайық жатады.

Билингвалды компанент: Машина- жеңіл көлік-car, ұшақ-самалет-air,

кеме-корабль-ship, трамвай-трамвай-tramway.



Пайдалы  жағы:

адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.

Зиянды  жағы:

көліктерден шыққан түтін,улы газдар  қоршаған ортаның ауасын ластайды,

адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді.



Балалар сендер жұмбақ шешекенді жақсы көресіңдерме ?

Ендеше жұмбақ жасырамын мұқият тындандар.



Арқасында ауыл жүр, 
Ала тайым жауып жүр



(Автобус) 


Төрт аяқты ,екі көзді,
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жемі бар,
Құрыш болат жүрегі.



(Жеңіл машина) 


Қанаты бар, жаны жоқ

Табаны бар, аяғы жоқ,

Өзі ұшады, аспанда жүреді,

Теңізден де, таудан да өтеді.



(Ұшақ) 



Өзі пілдей батыр, 
Керек кезде, су бүркіп жатыр 


(Өрт сөндіру машинасы) 


Үлкен темір балық, 
Суда жүзер шалқып



(Кеме) 



Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар.

(Трамвай)



Трамвай көлігін көрсетеді.

трамвай колігіне жеке назар аударып айтып өтеді

Трамвай ол қоғамдық көлік.

Трамвай бір немесе екі вагоннан тұрады, трамвай көлігі электр қуатымен жүреді. Трамвай көлігінің дөңгелектері поезд дөңгелектерімен ұқсас олар да темір жолмен жүреді. Трамвай сөзі ағылшын тілінде

Tram-вагон деген way-жол деген мағынаны білдіреді, трамвай 1828 жылы Америка құрама штаттарында Джон Стефасон деген ғалым ойлап тапқан.

Бұл қоғамдық көлікке жатады.

трамвай көлігі жер көлігіне жатады.

Бұл көліктер біздің үлкен қалаларымызда бар.

Басқа елдерде жаңа заманауй түрлері бар.

–Бұл көліктерді не үшін пайдаланады?

-Қайда жүреді екен?

-Балалар, трамвай қандай көліктерге жатады?

Жерде жүретін көлікке нелер жатады?

Оларды кім жүргізеді?



1.Үстел үсті орталығы:

«Жүреді, жүзеді, ұшады» ойыны

Жол, теңіз, теміржолдың, бұлтты аспан, әуежайдың суреттерін бөліп алдында қояды.

«Домино» ойыны

1.Әуе көлігі

2.Жер көлігі

3.Су көлігі


2 Құрастыру орталығы

Үлгі суретпен жұмыс

Жұмыс барысын көрсетеді:

Үлгі бойынша орындалу ретін түсіндіреді.

  • Шырын қорабын түсті қағазбен айналдыра желімдейді;


  • трамвай бейнесінің сыртын бір сыртын әшекейлейді, терезелерін, есіктерін, ток жалғауышы мен дөңгелектерін, шамдарын жасайды.

Дербес жұмыс

Балалардың ұқыпты жасауына көңіл аударады. Жұмыс соңында үлгімен салыстыра отырып, жұмыстың дұрыстығын тексереді. Жұмыс барысында, әсіресе, жалғастыру кезінде суретті үлгімен салыстырып отырады.


3 Әдебиет орталығы

Мнемо кестесі арқылы Орыс тілінде "Грузавик" тақпағын жаттаймыз А.Борто

4 Құм мен су орталығы:

Ылғал құм мен сулы құмға көлік, ұшақ, поезд пішінін шығарамыз.


5 Желілі рөлдік орталығы:

1.жүргізуші

2.Кассир

3.Жолаушылар

керекті заттар: билет тиын акша.

Мақсаты балалардың қоғамдық көлігінде өзін өзі ұстауды кассирден жол билетин сатып алу керектігін,алдыңғы есіктен шығады артқы есіктен кіру керек екенін біледі.


6 Өнер орталығы

Көліктердің суретіне желім жағып оған түрлі түсті құм сеуіп суретімізді жасаймыз.


7 Зерттеу орталығы

Көліктерді зерттейміз

1Олардың ұқсастықтарын ажыратамыз

ерекшелігі не, де ?

автобуста көп адамдар отырады

ал жеңіл көлікте аз адам сияды бірақ екеуіде көлік өйткені оларда екеуін де де руль бар олар жермен жүреді дөңгелектері бар олардың барлығын да қозғалтқыштары бар және жанар маймен жүреді т.б


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.


екінші айналым.

балалар амандасады






Дымбілмеспен амандасады қызығушылықпен қарайды.


үш тілде қайталап айтады




тақтаға назар аударады.











тындайды













Ия

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар бүгін біз қандай көлік түрімен таныстық ?

Кім қай орталықта жұмыс жасады?

Құрылыс орталығында не жасадық?

Дымбілмес саған оқу қызметі ұнадыма?

Дымбілмес: ия ұнады

Балалар көліктер туралы тақпақтар айтайықшы

.

 Машина- Алихан

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.



Ұшақ -Жаннұр                                    

Бұлттар менен көктегі,  

Мен боламын туысқан.  

Озып шығам құстарды,  

Қанат қақпай ұшамын.   

 

Кеме Аянат

Теңізді жүздім балықтай,

Дүниені кездім жалықпай

Көліктердің бір түрі,

Мен боламын қайықтай.

Балалар Дымбілмеспен қоштасайық

Дымбілмес: Сау болыңдар балалар

Балалар осымен оқу қізметіміз аяқталды қонақтармен қоштасайық



























Сау бол

Сау болыныздар, Досвидания,

Good bay

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Бөлшектерін анықтап, дұрыс құрастыруды.

Нені игереді

Бөлшектерін бір-біріне сәйкестендіре отырып, көлік түрін құрастыруды.

Нені біледі

Пішін мен көлемді, заттың бейнесін анықтай отырып, оны дұрыс таңдауды.


































ҚББ №31 Алтын кілт балабақша МҚҚК




Кеңейтілген оқу қызметі

Тақырыбы: Трамвай

Тобы: «Күншуақ» орта топ

Білім бөлімі: «Таным» Құрастыру

Тәрбиеші: Абдукаликова Гульназ






Қызылорда 2016-2017 оқу жылы

















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!