СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

В.И.Вернадский және оның ноосфера туралы ілімі

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка для студентов и преподавателей биологии

Просмотр содержимого документа
«В.И.Вернадский және оның ноосфера туралы ілімі»

«Абылай хан» атындағы жоғары колледж

Басылым: төртінші

Сапа менеджмент жүйесі

Оқу процесін басқару

Процедурасы

ПРО АБК 705-18







САБАҚ ЖОСПАРЫ


1.Атаулы белгісі

1.1 Мамандығы мен біліктілігінің атауы

а) 1517000 – «Төтенше жағдайда қорғану»

б) 1517033 – «Техник»

1.2Курсы,оқу жылы, тобы

а) Iкурс

б) 2018-2019 жж

в) ТЖН-27 в, г,д

1.3 Оқу модулінің/пәнінің меңгерілетін тараудың атауы

биология

1.4 Сабақтың тақырыбы

В.И.Вернадский және оның ноосфера туралы ілімі

1.5 Сабақтың ұйымдастырушылық формасы

а) Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) Білім алушылардың сабаққа қатысуын қадағалау

в) Оқу – құралдарын тексеру

1.6 «В.И.Вернадский және оның ноосфера туралы ілімі» тақырыбы бойынша жұмысты орындау үшін білім алушылардың білімі мен білігі

*В.И.Вернадский және оның биология ғылымна үлесі туралы кеңінен түсіндіру;

*Ноосфера ұғымы туралы түсіндіру, білім алушылардың бойында қоршаған ортаға сүйіспеншілік, ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыру;

* Жаңа ұғымдарды меңгеру, зерттеу түйсігін ынталандыру, теория мен практиканы ұштастыру.

1.7 Кәсіби икемділікті және еңбекке орналасу үшін икемділікті біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі

а) кәсіби шеберлікті арттыру

б) жаңа білімді меңгере отырып, өз кәсібімен байланыстыра білу


2.Сабақтың мақсаты

2.1 Білім алушылардың дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты ізденудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

* Тыңдай білу;

* Серіктестермен сөйлесе білу;

* Топта жұмыс істей білу;

* Басқалардың пікіріне құлақ салу.

2.2 Білім алушылардың жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету



* Өз орнын дұрыс ұйымдастыра білу;

* Әдебиетпен жұмыс істей білу;

* Топта жұмыс істей алу;

* Логикалық ойлау.


3. Сабақ қорытындысын сипаттау


3.1 Сабақтың соңында білім алушылар білу керек:

1. Аймақтық биоалуантүрлілік туралы кеңінен түсіндіру;

2. Адам әрекетінің қоршаған орта әсеріне сипаттама беру.

3.Зерттеу әдістерімен танысу.

3.2 Сапа белгілері

1. Ноосфера – «Саналылар сферасы» туралы ұғыну;

2. Жаңа ұғымдардың мәнін білу;

3. Адам әрекетінің экологияға әсері туралы ақпарат іздену.

4.Жоспарлау фазасы


4.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет

А.Ф.Ковшарь, А.Р.Соловьева «Биология», Алматы: 2011ж.

Сәтімбеков Р, Әлімқұлова Р., Шілдебаев Ж. «Биология», Алматы: 2013ж.

4.2 Техникалық жабдықтау, материалдар

1. Интерактивті тақта

2. Оқулықтар

3. Үлестірме парақшалары



4.3 Білім алушылардың әрекеттерінің ретін сипаттау

а) білу қажет;

б) сабаққа жан-жақты араласу;

в) әдептілікті сақтау;

4.4. Топ мүшелері арасында рөлдерді тарату

Жеке, жұптық жұмыстар;


4.5. Оқытушылардың рөлі


Білім алушыларға жан-жақты білім беру;


5.Жоспарды орындау

5.1. Сабақ жоспарын, оқытушылар мен білім алушылар әрекетінің мазмұнын – «Оқытушылар мен білім алушылар әрекеттесуінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» кестесін сипаттау

1.Атаулы белгісі

2.Сабақтың мақсаты

3. Сабақ қорытындысын сипаттау

4. Жоспарлау фазасы

Барлығы өз дәрежесінде орындалды


6.Бағалау

6.1.Орындалған тест тапсырмаларының сапасын бағалау

Оқытушылармен бірігіп білім алушылар тобымен сапа белгісі бойынша орындалады


Оқытушы туралы ақпарат


Т.А.Ә.:

Сақытжан Г.Ш.

Тел.:8 775 345 91 78

E-mail: [email protected]












Сабақтың құрылымы


Сабақ барысы

Уақыты

(90 минут)

Сабақтың мазмұны

Оқытушының

қызметі

Білім алушының

қызметі

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут

Білім алушылардың сабаққа қатысуын қадағалау

Білім алушыларды түгендеу

Сабаққа толық дайын отыру


Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру


25 минут

1. Тірі ағзалардың өмір сүру орталарын тізбекте.

2. Сулы, ауалы ортада өмір сүру ерекшеліктері?

3. Аэробионттар дегеніміз не?

4.Бір ағзаның екіншісінде өмір сүру ерекшелігі?

Білім алушылардын үй тапсырмасын жан-жақты сұрау


Жаңа тақырыпты хабарлау

5 минут

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын,

«Ноосфера» дегенді қалай түсінеміз, білім алушылардан қысқаша қандай мәлімет білетіндіктері сұралады.  Содан соң сабақ жоспары назарға беріледі.

Жаңа тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру;


Мұқият тақырып

ты жазу;


Жаңа сабақты түсіндіру


25 минут

«В.И.Вернадский және оның ноосфера туралы ілімі»




Тақырыпты ашу

Мұқият тындап, керек мәліметтерді түртіп алу керек

В.И. Вернадский «биосфера шектері ең алдымен өмірдің бар болу өрісімен қамтамасыз етілген» деп санаған, биосфераны «жер қыртысының өмірмен жанасқан, ұйымдастырылған, анықталған қабықшасы» ретінде анықта-ған және «биосфера геологиялық мәңгі» деген маңызды қорытынды жасаған. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфераны субстанциялардың төрт категория-сы құрайды:

тірі зат – барлық тірі организмдер – микроорганизмдердің, саңырау-құлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы, олардың активті биомассасы;

биогенді зат – өлі органиканың әр түрлі пішіндері, тіршілікті шығу текті шымтезек, көмір, мұнай және газ, сондай-ақ шөгінді карбонаттар, фосфориттер және т.б.;

биологиялық енжар зат – абиогенді шығу текті минералдық жыныстары бар тірі заттың және және биогенді заттардың қоспалары (топырақ, лай, табиғи сулар, мұнайлы тақта тастар, битумды құмдар);

енжар зат – тірі организмдердің қызметімен ешқалай байланыспаған тау жыныстары, минералдар (жер қыртысының атқылама тау жыныстары, магмалық рудалар, олардың абиогенді түрлену өнімдері және т.б.).

В.И. Вернадский бойынша, тірі организмдерге маңызды геохимиялық күш ролі бөлінеді, ол олар қамтамасыз ететін геологиялық құрылымдардың, заттар айналымдарының түзілу және рұқсат етілу, жердің қатты (литосфера), су (гидросфера) және ауа (атмосфера) қабықтарының механизмдерінде бастапқы, «түрлендіруші» рольді атқарады.

Тірі заттың геологиялық ролінің және химиялық активтілігінің себебі келесіде:

- тірі организмдер ферменттерінің арқасында өзінің денесінде азот молекулаларын кәдімгі температурада және қысымда (өнеркәсіпте атмосфера-лық азотты байланыстыру t=5000С және 30…500 атмосфера қысымда мүмкін болады) белгілейді;

- тірі организмдерде заттар алмасу процесінде химиялық реакциялар-дың жылдамдығы бір деңгейге немесе бірнеше деңгейге ұлғаяды (жауын құрттары 150-200 жыл ішінде өздері арқылы топырақтың метрлік қабатын өткізеді);

- тірі организмдер бүкіл бос кеңістікті жылдам алуға (игеруге) қабілетті (1 га өсімдіктер жапырақтарының ауданы 8…10 га құрайды);

- тірі организмдердің қозғалысы енжар ғана емес, сонымен бірге активті (су ағысына, ауырлық күшіне, ауа ағындары қысымына);

- сонымен бірге жоғары физика-химиялық активтілікті сақтап, өмір сүру кезіндегі тұрақтылық және өлген соң жылдам шіру;

- әр түрлі жағдайларға жоғары бейімділік;

- тірі затты жаңартудың жоғары жылдамдығы (ол орта есеппен биосфе-ра үшін – 8 жылды, құрлық үшін – 14 жылды, мұхит үшін 33 күнді құрайды).

Қазіргі заманғы теориялық амалдар биосфераның құрылымы және функциялары туралы түсініктерге түзету енгізеді. Істің жайы мынада: терең жер қойнауларында (көмір, мұнай және т.б.) жататын биогенді және биологиялық енжар заттардың едәуір бөлігі, олардың қандай да бір мөлшері адаммен биосфера кеңістігіне жасанды шығарылса да, ағымдағы табиғи биотикалық айналымнан іс жүзінде шығарылған. Сондықтан олар осындай сияқты биосфераға жатпайды; оған геологиялық өткен уақытта қалыптасқан және көмілген табиғат компоненттері емес, қазіргі заманғы жаһандық биотаның бақылауында болатын заттар мен процестер, элементтер мен сипаттамалар ғана тән.

Тірі организмдердің биосферада үлестірілуі 1.9-суретте берілген. Басқа геосфералармен салыстырғанда биосфера нақты шекаралары бар тұтас ортаны білдіреді. Қазіргі заманғы биосферада тірі организмдердің барлық жиынтығы және қазіргі уақытта табиғи биотикалық айналымға қатысатын, яғни тірі организмдерді тұтынудың, тасымалдаудың және өндірудің бақылауында болатын литосфераның, гидросфераның және атмосфераның барлық заттары жатады. Әр түрлі деңгейлі биожүйелердің тығыз функционалдық байланысы биосфераны меншікті гомеостазы бар және орта организмдерін (соның ішінде адамды да) қоршаған биотикалық реттеуді жүзеге асыратын, терең шоғырлан-ған және өздігінен реттелетін жаһандық жүйеге түрлендіреді.

Биосфераның тірі заты 98%-ға жер бетіндегі өсімдіктердің, саңырау-құлақтар мен микроорганизмдердің биомассасымен берілген. Жануарлар тірі заттың жалпы массасының 1,4% ғана құрайды. Салыстырмалы түрде аз биомассада жануарлардың саны өсімдіктер түрлерінің санынан төрт есе артық болады. Сонымен бірге құрлықтағы жануарлардың саны түрлердің жалпы санынан 93%-ды құрайды, ал су жануарлары түрлердің тек 3% ғана құрайды. Түр түзілудің құрлықта өте басым болуы басым көпшілігінде омыртқасыздарға – жәндіктерге жатады, ал омыртқалылар арасында ең үлкен түрлік алуан түрлілік балықтарға тән. Биосфераның бүкіл биомассасы 4,9 трлн. жуық тоннаны құрайды.

Адамның техногенді қызметінің нәтижесінде жер биосферасы түпкілікті түрленеді және Вернадскийдің анықтамасы бойынша, ноосфера – «ақыл сферасы» болады.Ноосфера – біздің планетамыздағы геологиялық құбылыс, онда адам алғаш рет ең ірі геологиялық күш болады. Ноосфера – жаһандық ауқымдағы ақылды, ғылыми негізделген әрекеттер әлемі.

В.И.Вернадский ілімінің маңызы Жер шарының келбетін өзгертетін «тірі заттардың» айрықша ролін танудан тұрады. В.И.Вернадский бойынша, «жердің үстінгі қабатында неғұрлым тұрақты әрекет ететін химиялық күші жоқ, сондықтанда тұтастай алғанда тірі организмдерге қарағанда өзінің түпкі зардаптары бойынша аса зор». Дәл осы тірі организмдер күннің сәулелі энергиясын ұстайды және оны басқа түрге айналдырады және жер бетіндегі әлемнің шексіз алуан түрлілігін жасайды.

 Тірі және өлі организмдердің келісімді өзара әрекеті, организм мен ортаның өзара бейімделушілігінен көрінетін биосфераның ұйымдасқандығы туралы ол негіздеп жасаған түсінік В.И.Вернадский ілімінің екінші ең басты аспектісі болып саналады. В.И.Вернадский сондай-ақ заттарға айналу формалары, атомдардың биогенді миграция жолдары, яғни тірі заттардың қатысуы кезіндегі химиялық элементтердің миграциясы, химиялық элементтердің жинақталу, биосфера дамуының қозғалушы факторлары туралы аса маңызды түсінікті негіздеді.

 Оның пайда болуы мен дамуы туралы түсінік В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің аса маңызды бөлімі болып саналады. Қазіргі биосфера бірден емес, биотикалық және абиотикалық факторлардың тұрақты өзара әрекеті процесінде ұзақ эволюция нәтижесінде пайда болды.

 Биосфера эволюциясы туралы В.И.Вернадский идеясын тұжырымды түрде былайша беруге болады:

 1. Қоршаған ортаның алғашқы жаршысы – литосфера, ал содан соң құрғақтағы өмірдің пайда болуымен биосфера қалыптасты.

 2. Жердің бүкіл геологиялық тарихында, өмірді жойған геологиялық дәуірлер байқалған жоқ. Қазіргі тірі заттар генетикалық жағынан өткен геологиялық дәуірлердің тірі заттармен байланысты болады.

 3. Тірі организмдер – жер қабатындағы химиялық элементтер миграциясының басты факторы 90% салмағы бойынша оның заттарының массалары өздерінің белгілері бойынша өмірмен байланысты.

 4. Организмдер қызметінің геологиялық әсері, олардың санының шексіз зор екендігімен және олардың іс жүзінде аса үлкен уақыт аралығында әрекет ететіндігімен байланысты.

5. Тірі заттар энергиясы биосферадағы процестер дмауының негізгі қозғаушы факторлары болып саналады.

 

Тұтастай алғанда В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы және өзара әрекеті туралы қазіргі түсініктердің негізін қалады. Биосфера туралы ілімнің тәжірибелік маңызы аса зор.

 

Табиғаттағы заттардың негізгі үздіксіз айналымының бірі – биогеохимиялық айналым. Мұнда макро және микроэлементтердің, сондай-ақ қарапайым органикалық емес заттардың атмосфера, гидросфера және литосфера заттарымен алмасуын білдіретін биогеохимиялық үздіксіз айналым әрекет етеді. Жекелеген заттардың айналымын В.И.Вернадский биогеохимиялық циклдер деп атады. Циклдің маңызы келесілерден тұрады: организм жұмқан химиялық элементтер абиотикалық ортаға кете отырып, сонан кейін, белгілі уақыттан соң, қайтадан тірі организмге түседі. Мұндай элементтер биофильді элементтер деп аталады. Биосферадағы тірі заттардың аса маңызды функциялары тұтастай түрде осы циклдермен және айналымдармен қамтамасыз ететін бес функцияны В.И.Вернадский бөліп көрсетті:

- бірінші функция – газ – Жер атмосферасының негізгі газдары, азот және оттек, биогендік, барлық жер асты газдары өлген органиканың ыдыраған;

 - екінші функция – концентрациялық – организмдер өз денелерінде көптеген химиялық элементтерді жинақтайды;

 - үшінші функция – тотықтырғыш – қалпына келтіруші;

 - төртінші функция – биохимиялық – тірі заттар кеңістігінде көбею, өсу және орналасу;

 - бесінші функция – адамның биохимиялық қызметі.

 Ноосфера – биосфера дамуының жоғары сатысы. Бұл соның шегінде ақылды адам қызметі дамудың басты, айқындаушы факторына айналатын табиғат мен қоғамның өзара әрекет ету аясы. Ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі, биосфераның және ондағы тірі организмдердің бүкіл алуан түрлілігін жасау мен дамытудағы жер шары процестеріндегі өмірдің, тірі заттардың геологиялық ролін анықтаудан тұрады. Осы тіршілік иелерінің ішінен ол аса қуатты геологиялық күш ретінде адамды бөліп көрсетті. Бұл күш жердегі оның әрекет етуімен қамтылған, биогеохимиялық және өзге де процестер барысында әсерін тигізуге қабілетті. Бүкіл орта адамның еңбегі арқасында өзгереді. Ол оны өзінің түсініктері және қажеттіліктері бойынша қайта құруға, жердің бүкіл геологиялық тарихында қалыптасқан нақты биосфераны өзгертуге қабілетті.

 В.И.Вернадский бойынша ноосфераның қалыптасуы «біздің жершарындағы кездейсоқ құбылыс емес», «еркін парасатты ақылға ие болу», «адамды қоршаған ортада өздерінің салдарынан күрт материалдық тұрғыда байқалатын табиғат құбылысы».




Бекіту

10 минут

Сұрақ-жауап арқылы

Білім алушылармен біріге отырып бекіту

Оқытушымен бірге жан-жақты талқылау

Сабақты қорытындылау:


10 минут

Тізбектеп қорытындылау

Білім алушылармен сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

Өз ойын жеткізу, бүгінгі сабақтан не түсінді


Бағалау:


5 минут

Білім алушылардың барлығын бағалау

Сабаққа жан-жақты атсалысқан әрбір білім алушыларды бағалау

Бағалану

Үй тапсырмасының берілуі.


5 минут

Табиғаттағы тіршілік формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары

Үй тапсырмасын қадағалап беру

Орындап келу

















Скачать

© 2019 1126 0

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!