СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаһандық жаңа үрдістерге сай жаңғыру – заман талабы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кеукенова Раушан Мырзагалиевна ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Просмотр содержимого документа
«Жаһандық жаңа үрдістерге сай жаңғыру – заман талабы.»

Жаһандық жаңа үрдістерге сай жаңғыру – заман талабы.

Қазіргі таңда Қазақстанға біздің тәуелсіз мемлекетімізге – түбегейлі жаңғырумен жаңа идеялар арқылы болашағын баянды етудің мүмкіндігі беріліп отыр. Дамудың ең басты қағидасы – жаңа жағдайда жаңғыруға деген ұмтылыс екендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы тайға таңба басқандай айқындап берді. Елбасы жаңғыру жөніндегі ұсыныстарының маңызды екенін барша көкірегі ояу елжанды қазақстандықтардың пайымдай білетініне сенімді. Жаһандық жаңа үрдістердің өмірден өз орнын алып жатқан кезінде соған сай жаңғыру керек екенін, заман ағымына саналы түрде бейімделу керек екенін барша қазақстандық зерделеуде. 25 жылдық тарихы бар тәуелсіз әр қазақ азаматтарының жүрегінен Елбасымыздың халыққа жолдауы орын алуда. Жолдауда тұтас қоғамның, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Олар: Бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы. Сондықтан мақсатқа жету жолында ұлттық құндылықтарымызды, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Бұл орайда, атап көрсетілген бағыттарда әркім өз саласы бойынша болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білуі айрықша маңызды. Кез келген нәрсенің екі жағы болатыны сияқты қай ғасырда да тарихымыз ақтаңдық беттерді де, игілікті құнды істерді де еншіледі. Біз 25 жылдық тарихымызда қаншама жетістіктерге жеттік, қалайша жеттік деген сұраулардан әр адам өзіндік ой түйуі шарт. Біз жоғары оқу орнының оқытушылары мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беріп келеміз. Біздің алдымызда білім саласында жаһандық бәсекеге бейімделген маман даярлау мақсаты тұр. Болашақтың негізі білім ордаларында қаланатын болғандықтан әрбір жұмысты мұқият ойластырып, дұрыс түсінік беруіміз керек. Қылқалам шеберлері болғандықтан «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табатын картиналарды сонымен бірге қалың көпшілік біле бермейтін тарихи оқиғаларды сипаттайтын картиналарды, оларға қатысты тұлғалардың портреттерін әр жанрда бейнелеп, мемлекетіміз үшін әр суретші өз қолтаңбасын қалдыруы керек екендігіне баса көңіл бөлемін. Қазіргі студент жастарымыз мемлекетіміздің нақты қамқорлығын көріп отыр. Сондықтан осы қамқорлыққа лайықты үн қосуға ұмтылатыны анық. Әлемде жаһандану атты құбылыстың жүріп жатқан кезеңінде біздің міндетіміз – ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру. Біздің бүгінгі бұл міндетіміз – ертеңге деген зор үмітіміз. Үміттің ақталуы үшін рухани жаңғыру жолындағы әр қадамымыз нық болғай!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!