СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жай бөлшектерді салыстыруға қысқа мерзімді жоспар

Просмотр содержимого документа
«Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Ю.А. Гагарин атындағы №7 ОМ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Абдираймова Г.М.

Сынып: 5


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.16-жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты

1. Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру ережелерін білу;

2. Оқушыларға белгілі координаталық сәуледе жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру ережесін есептер шығарғанда дұрыс қолдана білу;

3. Мәтінді есепті талдау, шартының орындалуын түсіндіру, тұжырым жасау

Бағалау критерийі

  • жай бөлшектер мен аралас сандар ережесімен танысады және ережені тұжырымдайды;

  • есептер шығарғанда жай бөлшектер мен аралас сандардың салыстыру қасиеттерін қолданады;

- берілген жаттығуды талдайды, орындайды, тұжырымдайды

Тілдік мақсаттар


Бөлшектерді салыстыруды түсіндіреді

Пәндік лексика және терминология: «жай бөлшек», «бұрыс бөлшек», «салыстыру», «координаталық сәуле», «аралас сан»

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: «аралас санның бүтін бөлігі салыстырылады», «аралас санның бөлшек бөлігін салыстыру», «жай бөлшектің алымы», «жай бөлшектің бөлімі», «теңсіздікті қанағаттандыратын мәндері»

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Орындалатын жаттығулар мәтініне сәйкес геометрия пәнімен байланыс

Алдыңғы білім


5.5.3.3-жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың

басы


Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа дайындау.Шаттық шеңбер

Бір-біріне жылы сөздер айту арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Санау арқылы топқа бөлу.

Өткенді қайталау жаңа тақырыпқа көпір салу.

Слайд №1.

Суретте ұзындықтары бiрдей үш кесiндi берiлген. Бiрiншi кесiндiнiң -сi, екiншi кесiндiнiң

-сi, үшiншi кесiндiнiң -сi боялған.

Кесiндiлердiң боялған бөліктерінің ұзындықтарына сәйкесбөлшектерiн салыстырыңдар.

Бөлшектердi өсу ретiмен жазыңдар.





«Ой қозғау» әдісімен жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?

Қай бөлшек үлкен, қай бөлшек кiшi?

Координаталық сәулеге үш бөлшекті жазсақ, үлкен бөлшек пен кіші бөлшек қалай орналасады деп ойлайсыңдар?

Кез-келген бөлшекті қалай салыстырамыз?

Ол үшін біз не білуіміз керек?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Өз алдымызға қандай мақсат қоя аламыз?









презентация

Сабақтың ортасы


15 мин
























5 мин




























7 мин













7 мин


























3 мин

1-тапсырма. (топпен жұмыс)

Мақсаты: «6 Неліктен?» әдісімен оқушыны салыстыру ережелерін өз бетінше тұжырымдауға, ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өздігінен жұмыс жасауға, сынға дұрыс қарау дағдылары дамытылады

Неліктен деп ойлайсыңдар?



Неліктен?



Неліктен?

Неліктен?

неліктен?

Қорытынды: топтар постермен қорғап әр сұрақтың жауабын тұжырымдайды.

Дескриптор:

-жай бөлшектер мен арлас сандарды салыстыру ережесімен танысады;

-бөлшектерді салыстырады;

-жаттығулар арқылы, салыстыру ережесін тұжырымдайды

Қ.Б. «Серпілген сұрақ» әдісімен

Саралау. Дереккөздер тәсілімен орындалады

2-тапсырма. Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстырыңдар. «Форум» әдісі (жеке жұмыс)

Мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, есептер шығарғанда ережелерді дұрыс қолдану

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар слайдтағы дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалайды.

Дескриптор:

-бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді;

-бөлшектерді салыстыру ережесін қолданады;

-бөлшектерді салыстырады

Қ.Б. «Өзін-өзі бағалау»

Кері байланыс: (жеке оқушымен) Қанша дұрыс жауап болды?

Қай тапсырманы орындау қиын болды?

Қиындықты шешу үшін енді сізге не істеу керек?

Жалпы ереже қандай?

Саралаудың «Бағалау» тәсілі. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзету жүргізу.

3-тапсырма. «Қар кесегі» әдісі бойынша

Бөлшектерді қысқартып алып салыстыр

Оқушылар жауаптарын постермен көрсетеді

Дескриптор:

-бөлшектерді қысқартады;

-бөлшектерді салыстырады

Қ.Б. «Шапалақ»

Саралау. Қолдау көрсету

Жалпы сыныппен жұмыс. «Бес сұрақ» әдісі

Мақсаты: Білімдерін жинақтау.

Санды сәуледе ұштары 18 бен 22 және 19 бен 20 болатын екi кесiндi алынды. Бірінші кесінді 6 тең бөлікке, екінші кесінді 10 тең бөлікке бөлінді. Әр кесіндінің ортасына сәйкес келетін жай бөлшектерді жазыңдар және салыстырыңдар.

Дескриптор:

-есеп шартын түсінеді, талдайды;

-координаталық сәуле салады;

-координаталық сәуледе сандарды, жай бөлшектерді кескіндейді, салыстырады;

- қалай орындалғанын талдайды, түсіндіреді, тұжырымдайды

Қ.Б. Жақсы сұрақ негіздері. (жеке)

Неліктен?..

Егер... болса қандай?

Сіз қалай...?

Сіз... түсіндіріп бере аласыз ба?

... не болуы мүмкін?

Саралау. Диалог және қолдау көрсету.


Қорытынды:

«Қас қағым сәт» әдісі Ауызша тапсырма.

1.Сөйлемді жалғастыр:

Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының ...

Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының ...

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар

Координаталық сәуле бойында үлкен сан ... , ал одан ...

Координаталық сәуле бойында үлкен сан ... , ал одан ...

Өздерінің жауап парақшаларын толтырады.

Оқушылар өздерін, бағалау критерийлеріне(жалпы) бағалайды

Бағалау критерийлері

Белгі қою «+, «-»

Салыстыру анықтамаларын білемін


Салыстыру ережелерін қолданамын


Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстырамын


Алымдары бірдей бөлшектерді салыстырамын


Алымдары, бөлімдері әртүрлі бөлшектерді салыстырамын


Аралас сандарды салыстырамын


Салыстырудың жалпы ережесін білемін








Презентация

Таратпа материалдары

















Презентация

Оқулық «Мектеп», Әбілқасымова





























Оқулық «Мектеп», Әбілқасымова









Презентация

Бағалау парақтары


Сабақтың

соңы

3 мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін жоғарыдағы сұрақтар бойынша стикерлерге сурет салып, жапсыру.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Дереккөздер,

бағалау, тапсырма тәсілінің бір-бірін бағалау.

қолдау арқылы әзірленді.

Мұғалім шолуы, өзін-өзі бағалау, кері байланыс, жақсы сұрақ негіздері, күтіңіз және түйіндеңіз

Сабақта түзу отыруын қадағалау






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!