СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жан к?йзелісі ж?не одан арылу жолдары

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?йзеліс кезінде симптомдардан арылу ?шін мынаны  пайдалуану ?ажет.

?з ?зіне гипноз жасау

Аутогенді жатты?у

 Жеке к?нделік

Медитация

Дем алу жатты?улары

Ойындар

К?лкі

Музыкалы? терапия

 Д?рыс тама?тану

 

Просмотр содержимого документа
«Жан к?йзелісі ж?не одан арылу жолдары»

Шымкент қаласының №5 бокстан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірмдер мектебі









Баяндама

Тақырыбы: «Жан күйзелісі және одан арылу жолдары»















Орындаған: Бейсенова. З

















Жан күйзелісі және одан арылу жолдары

Ол ежелгі гректің атақты дәрігері, «медицинаның атасы» Гиппократ (б.э.д 460-370ж.ж). Шынын айтқанда, ұлы дәрігер күйзелісті емес, адамның төрт темпераментінің бірін білдіретін мелонхолияны сырқат есебінде зерттеп, емдемек болған. Яғни, ол адам ағзасында қара өттің көбейтіп кетуінен мелонхолия туындайтынын анықтаған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, жан күйзелісті сырқаттардың таралуы жағынан бірінші орында тұр екен. Атағы ХХІ ғасырдың обасы саналатын қылтамақ ауруынан асып түспесе кем емес.

Сонымен жан күйзелісі дегеніміз не десек, ол – адамның мінезінің тұйықталып, өмірге деген қызығушылығының жоғалуы, болашағына сенбеушілік, ұйқысыздық, тамаққа деген тәбеттің жоғалуы, өзің өзі өлімге дайындаушылық. Осындай жаман көңіл күй екі апта бойы байқалса, сол адамның жан күйзелісіне ұшырағанын білдіреді дейді мамандар.

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуындағы аса маңызды кезең екені белгілі. Психологияда бұл кезең «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деп сипатталады. Өмірдің бір дәуірінен екінші дәуіріне өтумен байланысты жастардың даму процесінде күрделілік туындайды. Осы кезеңде жеткіншектердің «Мен» деген қасиетін үлкендердің түсінуі оңайға түспейді. Жеткіншек айналасынан өзімен санасуды талап ете бастайды. Ересектердің өз құқығын үнемі шектеуіне қарсы туындайтын қарсылық бірте - бірте жеткіншекті жан күйзелісіне ұшыратуы мүмкін. Мектептегі оқушылар арасында жиі болатын дағдарыстың себебі осында жатыр.

Күйзеліс көбінесе ең алдымен үлкен қала түрғындарына тән. Көптеген психолог мамандар депрессияның қалалы жерлерде басым екендігін айтады. Үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығы қатар жүреді, оған қала тұрғындары төзіп, қымбатшылықта күнелтуге мәжбүр. Нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүруге, сөйтіп әке-шеше, туған туыстардан, құрбы, дос-жарандардан алыстау арқылы өз-өзінен тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, күйзеліске ұшыратады. Оның ойында сан түрлі сұрақтар туып, пәтерақының уақыты жақындауы, жұмыстың жүрмеуі, үйдің тірлігі, ақшаның жоқтығы, банктегі несие секілді сан сұрақтар туындап, сары уайымға әкеліп күйзелтеді. Қала тұрғындарының отбасын асыру үшін бірінеше жерде жұмыс істеп, кешкі тоғыз, онға дейін жұмыста болып, дұрыс демалмауы да бұған әсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

Зерттеулерге қарағанда, таралуы жағынан бірінші орында күйзеліс сырқаты тұрғандығын айттық. Айта кетерлік жайт, наркологиялық диспансерлер мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың басым бөлігі белгілі дәрежеде дүйке жүйесіеің қызметі ауытқығандар. Демек, депрецияның қауіптілігі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Оның үстіне, суицид деген қасірет адамзатты қынадай қыруда. Бұл қасіреттен қазақстан дүниежүзі бойынша алдыңғы орындардың қатарында тұр.


Өз - өзіне қалай көмек көрсетуге болады.

Күйзелісті жеңу үшін алдына нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды. Күйзеліспен күрестегі басты қару - кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.

Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.

1 қағида: Барынша өз өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.

2 қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс қимыл сізді ашуланудан арылтады.

3 қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздық болуы мүмкін. Балмұздақтың негізігі құрамы сүт пен кілегей, мұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицина қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шлколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.

4 қағида: сергітетін шөптермен, майлар мен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді. Су процедураларын жағымды музыка тыңдау мен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.

5 қағида: қандай да бір күлкілі жақсы кино көріңіз. Ал мұндай кино әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтерір, осы көңіл күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз. Бастысы есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек өз өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес,бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз.

Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:

  1. Өз өзіне гипназ жасау ( бұл күйзелістен арылудың бірден бір тәсілі)

  2. Аутогенді жаттығу

  3. Жеке күнделік бастау

  4. Медитация (Бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)

  5. Йога бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.

  6. Дем алу жаттығулары

  7. Ойындар

  8. Күлкі

  9. Биологиялық кері байланыс

  10. Музыкалық терапия

  11. Жаяу серуендеу

  12. Бау бақшадағы жұмыс

  13. Жақсы көретін музыканы тыңдау

  14. Дұрыс тамақтану

  15. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену.

Алдын ала ескерту! Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға жолығу керек.
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!