СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жиындардың қиылысуы

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқы мерзімді жоспар жиындардың қиылысуы тақырыбына жаңа бағдарлама бойынша жасалған сабақ

Просмотр содержимого документа
«Жиындардың қиылысуы»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Ю.А. Гагарин атындағы №7 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдираймова Г.М.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жиындардың бірігуі мен қиылысуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.2., 5.4.1.3

Жиындардың қиылысу және бірігу анықтамаларын білу;

Жиындардың қиылысу және бірігуін табу,, символдарын қолоданып жазу

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: Жиындардың бірігуі мен қиылысуын жаза алады

Оқушылардың басым бөлігі: жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтап, бос жиын, ішкі жиын ұғымдарын ажырата алады.

Кейбіреулері: Жиындарға өмірдегі объектілерді пайдаланып, мысалдар келтіріп, талдап, зерттейді.

Бағалау критерийі

- Ішкі жиын ұғымын біледі

- Жиындардың қиылысуы мен бірігуін түсінеді

-Эйлер Венн диаграммасы арқылы жиындардың қиылысу мен бірігуін көрсете алады.

-Жиындарға берілген мәтінді есептің мағынасын түсініп, талдап, зерттей алады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология: «жиын», «бірігу», «қиылысу», «сан аралығы», «бос жиын», «объект», «ішкі жиын», «элемент»

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: «жиындар бірігуі», «жиындардың қиылысуы», «сандар жиынына тиісті», «жиындардың кескінделуі», «Эйлер Венн диаграммасы», «жиын элементтері»

«а элементi N жиынының элементi болады»;

«N жиыны а элементiн қамтиды»;

«а элементi N жиынына тиiстi»;

«а натурал сан».

«0 ∉ N сөйлемiн әртүрлi тәсiлмен оқыңдар».

«F жиыны E жиынының iшкi жиыны»,

«F жиыны E жиынына кiредi»,

«E жиыны F жиынын қамтиды»

Құндылықтарға баулу



Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Академиялық адалдық: Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға, талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жиындардың арасындағы қатынастарды шеңбермен көрсету арқылы геометриямен байланыс

Алдыңғы білім


5.4.1.4., 5.4.1.5.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 ми

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ой түрткі:

Жиын дегеніміз не?
2. Жиын элементтері нені көрсетеді?
3. Жиын арасындағы қатынастар?
4. Ішкі жиын дегеніміз не?
Үй тапсырмасын тексеру

а элементi N жиынының элементi болады;

N жиыны а элементiн қамтиды;

а элементi N жиынына тиiстi;

а натурал сан.

0 ∉ N сөйлемiн әртүрлi тәсiлмен оқыңдар.

Дескриптор: Білім алушы

-сөйлемді әртүрлі тәсілмен оқи алады;

-Сөйлемді оқып, тиісті белгілермен жаза аладыжаза алады;

Бағалау: Жиын ұғымын түсінеді

Элементтің жиынға тиісті екенінің белгіленуін жаза алады.


Сабақтың ортасы

«Қар кесегі» әдісі

10 мин





















7 мин






Жаңа тақырып хабарланып, мақсаты оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері анықталады.

Тапсырма:

1. 1-ден 10-ға дейiнгi жұп сандардан тұратын жиын мен тақ сандардан тұратын жиын құрып, жазыңдар. Осы жиындарға ортақ элементтi атай аласыңдар ма? Жиындар қиылыса ма, әлде қиылыспай ма? Жауапты түсiндiрiңдер.

2. 1-ден 10-ға дейiнгi жұп сандардан тұратын жиын және жай сан­дардан тұратын жиын қиылыса ма? Жауапты түсiндiрiңдер.

F жиынының барлық элементтерi E жиынының элементтерi болады. Жазылуы: F E.

Егер F E болса, онда F жиыны Е жиынының iшкi жиыны деп ата­лады.

Жаттығуды орындау барысында оқулықтағы ережені қолдануы туралы ескеріледі.

Оқушылар жеке тапсырмаларды орындап, презентациямен тексереді.

Бұл кезеңде оқушылар өзарасыйластыққа, ынтымақтастыққа бір бірлерінің тұжырымдарын сыйлау құндылықтары дамытылады.

Сыныппен жұмыс.

Берілген суреттер бойынша не айтуға болады?

Келесіде тапсырма оқушыларды жиындардың қиылысуы мен бірігуін өздері тұжырымдауға бағыттайды. Слайдта сурет көрсетіледі.





Бұл кезеңде оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өздігінен жұмыс жасауға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау дағдылары дамытылады.

Презентация

Таратпа материалдар





















Презентация



5 мин












5 мин












5 мин

Білімдерін бекіту.

Ойлан, жұптас, бөліс

1-тапсырма

1. Жиынның қандай да iшкi жиынын атаңдар: 1) натурал сандар жиыны; 2) құрама сандар жиыны; 3) жай сандар жиыны.

2. Жиынның екi iшкi жиынын көрсетiңдер: 1) 6 санына еселiк болатын сандар жиыны; 2) 24 санына еселiк болатын сандар жи­ыны; 3) екiтаңбалы сандар жиыны.

Дескриптор: Білім алушы

-сандар жиынының элементтерін жаза алады;

-Ішкі жиынды таба алады

Осы кезеңде оқушылардың өмір бойы оқу құндылықтарын дамытылады.

2-тапсырма

Жиындарды Эйлер-Венн дөңгелектерi арқылы көрсетiңдер:

1) А — натурал сандар жиыны, В — жай сандар жиыны;

2) А — натурал сандар жиыны, В — құрама сандар жиыны;

3) А — құрама сандар жиыны, В — жай сандар жиыны;

4) А — жай сандар жиыны, В — жұп сандар жиыны.

Дескриптор: Білім алушы

-А және В жиынын дөңгелектермен салады;

-Жиындардың қиылысуы мен бірігуін тауып, Венн диаграммасымен көрсете алады.

-Жиындардың қиылысуы мен бірігуін ажырата алады

3-тапсырма

Ақиқат және жалған сөйлемдердi көрсетiңдер: 1) сыныптың кейбiр оқушылары музыкалық аспаптарда ойнайды; 2) кез келген жай сан жұп сан болады; 3) бiртаңбалы сандардың арасынан 2-ге де, 3-ке де бөлiнетiн ең болмағанда бiр сан табылады.

Дескриптор: Білім алушы

- Алған білімдерінің өмірлік тәжірибеде қолданалыуын талдап, нәтижесін шығара алады.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындадыңдар ма?

  • Қандай тапсырма қиындық туғызды?

  • Осы қиындықты шешу үшін, қандай жолын таптыңдар?



Таратпа материалдар

Сабақтың

соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- кім біледі, неге үйрендік

- не түсініксіз болды

- әлі немен жұмыс жасау керек

Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады.

Үйге тапсырма беріледі


слайд

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады жақсы оқитын оқушылар көмек алады




Бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Партада дұрыс отыруын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!