Балалар, бүгін бізге қонақтар келген екен.Бәріміз қонақтармен амандасайық. -Сәлеметсіздер ме! Тосын сәт. Әуен шығады. Сиқырлы таяқшапайда болады. - Балалар мынау сиқырлы таяқша ғой! Шынымен де сиқырлы ма? Тексеріп көрейік. (Солкезде сиқырлы таяқшаны балалардың басына тигізіп, Тәрбиеші: -О, балалар біз ертегілер еліндегі «жеті лақ пен қасқыр» ертегісіне тап болыппыз. Ешкі: -Лақтарым, шырақтарым мен орманға сендерге азық әкелуге кетемін. Сендер есікті ешкімге ашпаңдар! (кетеді). Есік қағылады. Тәрбиеші: -Балалар, естідіңдерме, есікті біреу қағып тұр! -Азамат, барып қарашы. Тәрбиеші: -Балалар қасқырға есік ашамыз ба? -Неге? -Дұрыс, лақтарым. Ол бізге қауіпті. -Бөтен адамға есікті ашуға болмайды. Есік қағып ешкі: -Лақтарым, шырақтарым аналарың келді, есікті ашыңдар! Тәрбиеші: -Ешкі келді, оған есікті ашамыз ба? Ешкі: - Жарайсыңдар! Лақтарым, мен сендерді енді үнемі жалғыз қалдырамын. Сендер, үйдегі тұрмыстық заттарды дұрыс қолданбасандар, қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Бүгін біз осындай жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренеміз. -Қауіпті жағдайлар дегеніміз ол: қолын пышықпен кесіп алу, ұтікке күйіп қалу, сіріңкемен ойнап өрт шығару. Әңгімелеу: -Газға жолауға болмайды, дәріні де аналарың берсе , ауырғанда ғана ішесіңдер, өздерің алмаңдар. -Баспалдақтан жүргенде бір-бірін итермей, секірмей жүріндер. -Терезеге ойыншық лақтыруға болмайды, алдына шығуға болмайды. Ешкі: -Мен сендерге орманнан ойыншықтарды алып келдім. Олардың арасында қауіпті заттар бар. Мен сендерге әкелген заттарды көрсетемін, ал сендер маған ол қауіпті, әлде қауіпсіз екенін айтасыңдар. Қауіпті заттарды біз қызыл үстелге, ал қауіпсіз жасыл үстелге реттеп қоямыз. Тәрбиеші балаларға бірнеше заттарды көрсетіп оның ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады, және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды. (Балаларды бір-бірден шақырып сұрақ қояды). Дидактикалық ойыны. «Қауіпті және қауіпсіз». Балалаларды мақтау. -Жарайсыңдар , ақылдыларым сол! Сендер шаршаған шығарсындар, демалып алайық. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Иелеміз оңға бір, Иелеміз солға бір. Жоғары қолды созамыз, Біз тынығып отырамыз. Тәрбиеші: -Ал енді балалар бірінгі іс-әрекетімізден не үйрендік соны мына суретті реттеп екі түске бояу арқылы қонақтарымызға көрсетеміз. -Маған назар аударып, қараңдар: Осы суретте қауіпті және қауіпсіз заттар бейнеленген. Қауіпті заттарды біз шеңбер бойынша қызыл түспен бояп шығайық, шеңберден шықпаймыз. Ал қауіпсіз заттарды жасыл түпен бояп шығамыз, шеңберден шықпауды ұмытпандар. Орындықтарды аламыз, жұмыс орнына отырып сурет салуға кірісеміз. Шеңбер бояу. Жарайсыңдар балалар. Ал енді саусақтарымызға жаттығу жасаймыз. «Алақан, жұдырық, қабырға» Бояғаннан кейін балаларды суреттермен ортаға шақыру. Тәрбиеші: -Ой, балалар балабақшамызға қайтатын уақыт болыпты. (Осы кезде сиқырлы өлеңді қосу.) -Сиқырлы таяғымыз қайда? (Балалардың басына тигізіп, шешіп тастау.) |