СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ә" Дыбысы мен таныстыру. Сауат ашу

Нажмите, чтобы узнать подробности

сауат ашу сабағы мектеп алды даярлық тобы

Просмотр содержимого документа
«"Ә" Дыбысы мен таныстыру. Сауат ашу»

Мектеп алды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 17.03.2020ж

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация

Пән / Предмет: Сауат ашу

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы / Тема: «Ә дыбысы мен танысу»



Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная:Жақсы қылықтарға тәрбиелеу

2.Дамытушылық – развивающая: буын туралы түсінігін кенейту.дауысты,дауыссыз дыбыстармен таныстыру.

3. Оқыту – обучающая :Ә дыбысымен таныстыру . Ә дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Қол жаттықтыру дәптеріне ә әріпінің баспа түрін жазуды үирету. Таныстырылған жаңа дыбысты, сөз ішіндегі басқа дыбыстардан ажырата білуге, атап айтуға жаттықтыру.н

Берілген тапсырмалардағы дауысты дауыссыз дыбыстарды текшемен белгілету. Әріп дыбыстың таңбасы екенің түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : бесік, әлди қуыршақ, Әже, Әсел. Суреттер әтеш, әже..

Көптілділік : табиғат-природа- nature, дыбыс-звук- sound




Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайыпсәт)

2.Негізгі бөлім

 Балалар, бауырсақты қасқыр ұстап алды, енді қасқыр бауырсақты құтқару үшін біздер қасқырдың тапсырмасын орындауымыз керек?
- Мына суретте кімді, нелерді көріп тұрсыңдар? Әже, әтір, әтеш.
- Балалар, әже, әтір, әтеш бұл сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан (тақтаға Ә әрпін ілу).
- Балалар, Ә дыбысын айту кезеңінде жақ кең ашылып, иек төмендейді. (Ә дыбысын бірнеше рет айтқызу).
Тақтамен жұмыс.
Әже, Әке, Әлем, Әріп сөздерін оқыту, буынға бөлу.
Оқулықпен жұмыс:
Суреттер: дәрі, әке, әтеш.
Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Дәрі сөзін буынға бөлейік, 2 буын, әке, 2 буын, әтеш 2 буын. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Ү. Сергіту сәті.
- Балалар, сіздер қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқардыңдар, енді Ә дыбысына байланысты сергіп алайық.
Әжем, әкем әніміз,
Әрқашанда сәніміз.
Енді білдік әдемі,
Ә - әрпінің мәнін біз.

Көптілділік: табиғат-природа- nature, дыбыс-звук- sound


- Ә әрпінің баспа түрін жазып үйренеміз. Қолымызға қалам, қарындаштарымызды алып, ауада жазамыз. Тақтаға үлкен, кіші әрпін жазып көрсету. Енді дәптерге Ә әрпін жазу.
Жаңылтпаш жаттату. (Ә дыбысына байланысты)
Әдемілік - әдеп,
Әумесерлік - әлек.
ҮІІІ. Тіл ұстарту жаттығуы:
Балалар, біздер тапсырмаларды орындап, бауырсақты аюдан құтқардыңдар. Ал бауырсақты қу түлкі ұстап алды. Сіздер оны құтқару үшін тағы да түлкінің тапсырмасын орындауларың қажет.
Ән, ән, ән
Қалта толы дән.
Дидактикалық ойын.
«Буынға буын қос».
Мақсаты: басталған буынға сызық арқылы буынды қосып, сөз құрастырып айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.

Жеке жұмыс:

Айя біз бүгің кімге көмектестік?

Малика немен таныстық?

3.Қорытынды бөлім:

Балалар, бүгін, міне, сіздер бауырсақты ормандағы аңдардан құтқарып, атасы мен әжесіне бауырсақты қайтардыңдар. Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Таныстырар әріппен,
Мынау кітап, Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Ә)
Бұл әліппені 1 - сыныпқа барғанда оқисыңдар. Ә дыбысына сөздер құраңдар.
- Сендерге сабақ несімен ұнады?