Қош бол, даярлығым!
Мақсаты: оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсет,сөздік қорын, тілін, ой-өрісін кеңейту. Отан сүйгіштікке, имандылыққа тәрбилеу.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Мектепалды даярлық сыныбының Қош бол даярлығым атты ертеңгілігіне қош келіңіздер!
Мен ұстаз атты- бағбанмын,менің кішкентай ғана гүлзарымда жұпар иісті нәзікте үлбіреген,әдемі де сүйкімді 17 тал раушан гүлі өсіп,өніп,жайқала түсті. Мен оларға алғашқы күннен бастап күн болып жылуымды төгіп,жел болып маңдайларынан сипап,жаңбыр болып білім нәрімді сеуіп,алақаныма салып аялап, болашақта бұдан да әрі биікке талпынып, өмірге құштар болып өсіп түсу үшін мейірім махаббатымды құйдым. Олар құлпыра түсті,олар еркелей жайқалды,олар сүйкімділіктерімен баурап алды. Ал енді мен осы кішкентай да нәзік гүлдерімді жиып алып, бұдан әрі төрт жыл бойы мәпелеп,баптап өсіретін тәжірибелі,талантты, білімді, Бастауыш дейтін жаңа гүлдер бағбанына табыстамақпын. Менің нәзік гүлдерім күннен күнге құлпыра түсетініне, күннен күнге ажарланып, бойларына жиған барлық нәрімен өз бағбандарының еңбегіне сызат түсірмей жайқалатынына еш күмәнім жоқ. Олай болса, сіздердің құрмет, қошеметтеріңізбен осы кішкентай гүлдерімді ортаға шақырмақпын.
ҚР ның әнұраны айтылады.
Айналайын балалар
Сендерде ой-сана бар
Өздеріңнен шығады
Өнерлілер,даналар
Өтті қызық көп күндер 6 жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті міне ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың- дей келе ендігі кезекті түлектеріме бермекпін.
оқушы: Қарақат
Айтып шаттық өлеңін
Алақай дер күн бүгін!
Басамыз алға бір қадам,
Арқалап ұстаз сенімін
Даярлықпен қоштасып,
Оқулықпен достасып,
Үлгілі шәкірт боламыз
Дәл осындай топтасып.
оқушы: Алихан
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бір жасқа өсіп жасымыз
Біріншіге барамыз
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз
Біздер үшін шаршаған,
Ұстазым сізге мың алғыс!
оқушы: Анэля
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Қаламы ұстап жазуды,
Сандарды қосып,алуды
Үйретті бізге ұстазым
Әдепті бала болуды.
оқушы: Ғалымжан:
Партаға отырып,жазуды,сызуды
Кірсе ұстаз есіктен,орныңнан тұруды
Әндерді жаттауды,әдепті сақтауды
Үйретті біздерге ұстазым мақтаулы
Анамыз деп сізді еркелеп біз келдік,
Қателік жасадық,көрсеттік тентектік.
Бәріңде кешірдің,жыласақ жұбаттың,
Бір күліп, бір жүріп біздерді қуанттың
Арналсын әніміз,өзіңе қымбаттым!
Ән «Ұстазым»
Тәрбиеші: балалар, сендердің даярлықпен қоштасып бірінші сыныпқа баратындықтарыңды естіп ортамызға білім елінің ханшайымы келіпті. Ол сендердің бірінші сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді білгісі келеді екен.
Білім ханшайымы:
Армысыңдар балдырғандар! Мен білім ханшайымы боламын. Мен сендердің 1 сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді білгім келеді. Мен білімге құштар балаларды жақсы көремін, жалқауларды ұнатпаймын. Түрлеріңе қарасам бәрің де білімді, ақылды, алғыр сияқтысындар! Олай болса, сендердің қаншалықты білімді екендіктеріңді сынап көргім келеді, қалай келісесіңдер ме?
Мен сендерге бірнеше тапсырма алып келдім
1 тапсырма: Сұрақтарға жауап беру
2 тапсырма: Сауат ашу сабағынан
3 тапсырма: Математика сабағынан
тапсырма: өз өнерлеріңді көрсет
1 тапсырма:
Біз қай елде тұрамыз?
ҚР ның рәміздерін кім атап береді?
Сіз тұратын қаланың аты?
Сендер қай мектепте оқисындар?
Неше жыл мезгілі бар?
1 аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
2 тапсырма:
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Дауыссыз дыбыстарды ше?
Сөздерді буынға бөліп оқы
Тақтаға өз атын кім жазады?
Әріптерден сөз құра
3 тапсырма:
20 дейін тура және кері сана. Оларды ретімен орналастыр
Берілген суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?
Берілген фигураларды атаңдар.
Қызықты есептер «шешуін кім табады?»
Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу?
Жауабын кім табады? «басы 4 аяғы 8»
Балапанын көгалда
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барық балапан
Санап берші балақан «10»
Құмырсқалар еңбекшіл
Ұйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу санап шық «9»
Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы қанша қалғанын 5+2 7-2
Мама вазаның ішіне салды 8 алма, 2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды «10»
4 тапсырма:
Өнерлеріңді тамашалайық.
Би « »
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өте білімді,алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер! Менің сендерге арнаған сый-сияпатым бар. Сендер өз білімдеріңді ортаға салып мені қатты қуанттыңдар, мен сендерді 1 қыркүйекте Білім елінде қарсы алатын боламын!
Тәрбиеші: Балалар, сендер өздеріңнің 1 сыныпқа дайын екендіктеріңді көрсеттіңдер, олай болса бәріміз Білім ханшайымына «Әліппе»әнін орындап берейік.
----Баланы өмірге әкеліп, бағып- қағып, өсіріп, тәрбиелеп, жақсылығына сүйеніп, жаманына күйенетін, баласы үшін отқа да,суға түсуге даяр тұратын әрине ардақты ата-аналар. Олар ең алғаш мектепке өз бөбектерін жетелеп келіп тұрып, ұстазға жетектете тұрыа олардың болашағынан үлкен үміт күтеді. Ендеше келесі бөлімімізді ата-анларға арнайық.
Амир:
Құрметтейміз әкелерді,ананы,
Біздер үшін қымбат ана жанары
Мақтанады ата-анасы әрдайым,
Әдепті боп,жақсы оқыса баласы
Дамир:
Әке шуақ күніміз,ана жұпар гүліміз.
Аман –есен әрдайым қасымызда жүріңіз
Мақтанатын боласыз «менің балам қандай » деп,
Біріншіге барғанда,озат болса ұлыңыз.
Мадина:
Қос бәйтерек-әке,ана,қамқорымыз өздерің,
Жанымызға қуат берер жылы-жылы сөздерің.
Біздің әрбір қадамымыз жалын құйып жаныңа,
Көп болсыншы қуанышты кездерің.
Алмаз:
Өсті ой мен санамыз,
Біздер алғыр баламыз.
Әке,ана деп біз енді
Өзіміз жаза аламыз
Рысты:
Мектеп- ана,ұстаз-ана және бар өз анам,
Тәрбие алып соо анадан өсті бір жас-ой санам
Қабыл алшы аналарым бұл қуаныш тойымды
Әсем ән – жыр өздеріңе арнаған.
Ән «Ай дидарлы анашым».
Келесі кезекті ойынға берейік: «оқу құралдарын тез жина»
Самира:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпенен
Мекепке кетіп барамыз
Жаздық,сыздық,оқыдық
Жақсыны бойға тоқыдық
Бір сәт өмір белестің
Жол ашқан бізге даярлық.
Дархан:
Түрлі ойын үйреткен,
Ән салдырып, билеткен
Мереке сайын біздерді
Қалдырмаған дүрмектен
Гульжан апай еңбегіне
Алғыс дейміз құрметпен.
Диляра :
Қуантып әрі қинайды
Даярлықтан кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім
Достарыммен бірге боп,
Биік шыңға жеткенім
Адам болу үшін де
Ащы терді төккенім
Әліби:
Қош бол, даярлық!
Басайық алдыға қадам нық
Есейтіп бір жасқа өсірдің,
Біздерді мінеки адам ғып.
Айкеш:
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке енді аштық жол
Әрдайым есте ұстаймыз
Даярлығым ,қош сау бол!
Малика:
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Даярлыққа мың алғыс!
Шынар:
Биыл алты жастамын,
Кітап оқи бастадым
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.
Біз балауса баламыз,
Жетілді ой санамыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз!
Ән « Оқуда озат боламын»
Ойын «ия,жоқ» баларамен:
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Танертен ерте тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймыз ба?
Оқушы біз боламыз ба?
Ата- аналармен ойын
Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
Сабақ оқып есепке сіз жүйріксіз бе?
Тамағын уақытылы бересіз бе?
Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
Сериал көріп жатасыз ба?
Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
Сен оқыт,мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
Бала үшін асулардан асазыз ба?
Құрметті менің түлектерім!
Әрқайсысың өзгешесің,дарасың
Бүгінене бастап алыстап менен барасың
Білім деген теңіздің шығып бетіне
Өріне жүзіп,тұнығына қанасың!
Еркелікті бәрінде енді қоясын,
Білімнің шәрбат сусынына тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсан,
Өмірде мынау толық адам боласың!- дей келе бала біздің болашағымыз,еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп,бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз. Міне біздер бүгін осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап,шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,ата-аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
Айналайын Анашым!
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
1 бала: Дүниенің ең қымбаты ана екен.
Ананың ең тәттісі бала екен
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек парыз деймін
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін.
2бала: Мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі
Ақын жырындай
3 бала: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашанда ардақтап
Анаға бас иеміз!
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық
Ән: « Ай дидарлы анашым!
Жүргізуші: «Өз баласын дауысынан танып білу » ойынын ойнайық. Ойынға аналарда қатысады
4 бала: Ел жатқанда жатпаған
Біз деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман- сау жүр ақ мамам!
5 бала : Жүре берсең қасымда
Әйбат анам, ай мамам!
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам!
6 бала:Ана біздің күніміз!
Ана біздің гүліміз!
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті ... сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ!
2. Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Ойын : « Кім жылдам» 5 қыз 5 бала шығып аяқкиімдерін тауып беру.
Келесі кезекті өлеңдерімізге берейік:
7 оқушы: Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсын!
8 оқушы: Ақ жүректі сақтаған
Жарқын күлкі бақ маған
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам!
9 оқушы: Өзің маған ниет күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ мамамның айқайы
Айналайын сияқты
10 оқушы: Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен!
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «гүлдер биін»
Би: «Гүлдер»
11 бала : Анам үшін күнде де
Отынға ағаш жарамын
Су құямын гүлге де
Дүкенге де барамын!
12 бала: Сыпырамын үй ішін
Жуам аяқ-табақты
Анам бірақ мен үшін
Оқымайды сабақты
13 бала : Жоқтатпаймын анамды
Қоям шайын қайнатып
Жылай қалса бөпемді
Жұбатамын ойнатып
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз
Ән: «Аяулы анашым»
14 бала: теңдесі данасын
Арқа тұтар панасын
Еңбегіңді ақтайтын
Аман болшы анашым!
15 бала : мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсындай
Құлпыра өсім дем алам.
Құшағыңды қысылмай!
Жұргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ қыздардың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар
Ән « Мама»
Келесі кезекті ойынға береміз. Ойын Кім жылдам?
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Би Вальс.
Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық.