СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбие сағатының сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының сабақ жоспары»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер ».

Мақсаты:

А)білімділік – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру;

Ә)дамытушылық – жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра ой қорыта білу қабілеттерін дамыту;

Б)тәрбиелік – қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке, рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, нақыл сөздер, авторлар суреті,


Барысы:

Ұйымдастыру бөлім

Гимн орындалады. Тренинг ойнатылады.

Мұғалім: Оқушылар, сендер білесіңдер, әр елдің өз рәміздері болады. Біздің Республикамыздың рәміздері, олар: Гимн, Елтаңба, Ту. Біз бүгін рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.

Қазақстан Республикасы бүгінде тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ ол мұндай дәрежеге оп - оңай жете қалған жоқ. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Қазақстан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін алуға тырысты. Аңсаған арман жолында ата – бабаларымыз қаншама тер төгіп, қажыр - қайрат көрсетті. Ұлан байтақ жеріміз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жаулардан қорғап, болашақ ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтады. Басқа да халықтармен бейбітшілікте және келісімде өмір сүруге ынталы болуының арқасында Қазақстан төл мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң жарыққа шықты. Осылайша, әрбір тәуелсіз мемлекеттегі сияқты, біздің елімізде де өз мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба,Гимн қабылданды.

Рәміздер – бұл адамдар топтары үшін ерекше мән - мағынасы бар суреттер, белгілер немесе сөздер.

Рәміздер көне замандардан бері бар. Ту, таңба, эмблемалар ру - тайпалардың айырым белгілері ретінде қызмет атқарған. Мемлекеттері пайда болған кезде олардың әрқайсысы үшін өздерінің айырым белгілерін жасау қажеттігі туындады. Ту мен елтаңбаны басты ғимараттарда, қала қақпаларына орналастырды. Ал гимнді мерекелер мен мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындады. Жиырмасыншы ғасырда әр елде заңмен бекітілген өз мемлекеттік рәміздерін міндетті түрде қабылдау дәстүрі орнады.

Біздің бүгінгі саяхатымыздың мақсаты – Рәміздер елінен көп мағлұмат әкелу, олар туралы, авторлары туралы, жасалу тарихы т. б. қызықты мәліметтер жинауымыз керек. Саяхаттан оралған соң кім олжалы болғанын байқаймыз.


II. Сұраққа жауап беру.

1. Отаның қалай аталады?

2. Мемлекетінің президенті кім?

3. Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады?

4. Ата Заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?

5. Мемлекетіңнің тұңғыш ғарышкері кім?

6. Мемлекетіңнің неше астанасы болды, аттарын ата.


III. Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі.

- Міне, балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.

Данагүл: Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады.

Рәміз дегеніміз – түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір сүреміз.

Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан басталуы керек. Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.


Гимннің сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөзін жазған – Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасы Әнұранының авторлары.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінінің авторы, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің, дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.

1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауыты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнында (зауыт ВТУЗ) оқып инженер - металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді.

1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.


Тапсырма.

Оқушылар білімдерін тексеру мақсатында өздері сұрақтар дайындайды.

Ой толғау.

Бекіту

-Тұран даласында, көгілдір ашық аспанымыздың астында бейбіт, бақытты болып өмір сүрудеміз. Әрине ол-тәуелсіздіктің арқасында. Тәуелсіздігіміздің 25 жылға толуы біз үшін үлкен жетістік, мақтаныш. Біз елімізбен мақтанамыз.




























Анықтама


2016 жылдың 14 -қарашасында «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер » тақырыбында тәрие сағаты өтті. Тәрбие сағатында мемлекеттік рәміздер бойынша оқушылар білімдерін толықтырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Оқушылар бір-біріне рәміздер бойынша түрлі сұрақтар қойып, ой толғау жұмыстарын орыдады. Класта -7 оқушы. Қатысқаны -7 оқушы