«Жігіт сұлтаны-2016» сайысы
Мақсаты:
ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу; танымын байытуға, мықты болуға талпындыру;
жігіттерндің ептілігін байқау;
балалардың ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттыру.
1 - жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,
Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.
Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,
О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.
2- жүргізуші:
Болғалы жатыр сайыс көптен күткен
Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,
Мектебіміз жастардан үміт күткен,
Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.
3-жүргізуші:
Секемдеу көріне ме жүрістері,
Мектепке аян еді-ау мың істері.
Ассалаумағалейкум келе жатыр,
Ағайын мектебімізің дүлділдері.
жүргізуші:
Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
жүргізуші:
Арайлап атса келешектің ақ таңы.
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны
халқымыздың әдет ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»- деп ерекше оны бақыт санаған.
3-жүргүзуші Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым!
Ұлттың болашағы ұрпағыңда болса, ұрпақ тәрбиесі - біздің қолымызда. Демек, ата тегін қадірлеу, ер жігітке жарасар «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізгелі отырмыз.
1 жүргізуші Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
2 жүргізуші: Арыстандай бабалар жолын қуған
«Баба жолын – ұлылық» деп ұғындырған
Сұлтандарға қарасаң елестейді
Айбарлы да айбатты Абылайхан,-
деп құрметті көрермен қауым, бүгінгі сайысқа түсетін жігіттерімізді таныстыруға рұқсат етіңіздер.
3-жүргүзуші
Қуантады біліммен бізді Елсиар
Қол соғып қарсы алайық,оны біз
Білімнің серікболсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
1-жүргүзуші
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Әділет
Көрінген күштің басынын
2-жүргүзуші
Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын ол Нияз
3-жүргүзуші
Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Аслан
1-жүргүзуші
Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Ақылбек
2-жүргүзуші
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Мұратбек
3-жүргүзуші
Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Алмас
7 ә сынып Оразымбетов Елсиар
8 а сынып Қожа Нияз
8 ә сынып Дайраш Әділет
9 а сынып Садық Алмас
9 ә сынып Елеусизов Алтынбек
10 сынып Жақсыбаев Алмас
10 сынып Мырзағұл Мұратбек
3 жүргізуші: Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін
Сезімтал мен зерегін таразылап көретін
Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің
Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.
Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Республикалық Жігіт сұлтаны байқауының қатысушысы Серікбай Сұлтанбек
2. Алғашқы әскери дайындық пәннінің мұғалімі Айнұр апай
3.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Құралбек ағай
1-жүргізуші :
Қазақ халқы ежелден ер — азаматын сыйлап, әр сапарға аттанарда ақ жол тілеп, ақ батасын, қымызы мен шұбатын беріп, сәт-сапар тілеп отырған. Сондықтан да сайыскер сарбаздарымыз алдарына келген ақ дәмнен татып ішіп, кесенің түбіндегі бақытты сандар арқылы өз реттік санын біледі. Сол реттік сандар арқылы кезекпен шығып, бүгінгі сайыста өз өнерлерін көрсетеді.
2 жүргізуші Енді бүгінгі сайыстың өтілу ретімен таныстыра кетейін:
1Таныстыру.
2Білім сайысы
3Өнер сайысы
4Қазақ батырын насихаттау
Бүгінгі сайысымыздың ұпай саны 5 - тік жүйемен белгіленеді.
3 – жүргізуші I бөлім. Таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға
Жігіттеріміз өздерін таныстырып өт
1 - жүргізуші
Бастайық, сынайық біз тарландарын
Әр сыныптың сымбатты арландарын
Таныстыру ретімен бола берсін
Кезек күтіп, дайындал, қалғандардың!,- деп жігіттерді сахнадан қошеметтеп шығарып саламыз.
2 жүргізуші
Таныс болдық бәрінің тегіменен,
Туып өскен мекені, жеріменен.
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді.
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең, —
Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.
7 ә сынып Оразымбетов Елсиар
8 а сынып Қожа Нияз
8 ә сынып Дайраш Әділет
9 а сынып Садық Алмас
9 ә сынып Елеусизов Алтынбек
10 сынып Жақсыбаев Алмас
10 сынып Мырзағұл Мұратбек
3- жүргізуші: II бөлім. Білім сайысы «Білімді мыңды жығады».
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріне еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Ал таласып көріңдер!
(Оқушылар Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап береді).
1- жүргізуші «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек.
Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру
2 -жүргізуші Ортаға білім сайысына түсуге барлық сайыскерлерді шақырамыз.
/Конверт таратылады/.
Ойлануға 1 минут уақыт берілді.
3 жүргізуші Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:
1. Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
1-жүргізуші Сайысымыздың келесі кезегі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.
1. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
2. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
3. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
4. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
5. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
6. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
2жүргізуші 2-жургізуші: Жігіттер өз білімдерін көрсетті. Әділқазылар қандай баға береді екен?
Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.
7 ә сынып Оразымбетов Елсиар
8 а сынып Қожа Нияз
8 ә сынып Дайраш Әділет
9 а сынып Садық Алмас
9 ә сынып Елеусизов Алтынбек
10 сынып Жақсыбаев Алмас
10 сынып Мырзағұл Мұратбек
3-жургізуші: IIІ бөлім. Өнер сайысы «Талантты болу – тәңірден».
Талаптың мініп тұлпарын
Келіңдер міне жарысқа
Белгісіз кім ұтары
Түсіңдер өнер сайысқа.
1-жүргізуші Тарландарымыз келесі сайысқа түсуге дайындала берсін, құрметтеп шығарып салайық.
2-жүргізуші Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді – өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?
3 жүргізуші Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер
Жүйрік ат өрге салсаң өрмеленер,- деп сайысымыздың келесі бөлігінде жігіттер өз өнерін көрсетеді.
1-жургізуші:
Талаптың мініп тұлпарын
Келіңдер міне жарысқа
Белгісіз кім ұтары
Түсіңдер өнер сайысқа.
2- жүргізуші: Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік
3 -жүргізуші: Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын.
Сахнада 1 – нөмірлі
1 жүргізуші
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік дара үні бар, —
дегендей, әділқазы төрелерге кімнің өнері ұнады екен, қане, көрейік!
жүргізуші: Енді қазылар алқасы сұлтандардың бағасын берсе.
7 ә сынып Оразымбетов Елсиар
8 а сынып Қожа Нияз
8 ә сынып Дайраш Әділет
9 а сынып Садық Алмас
9 ә сынып Елеусизов Алтынбек
10 сынып Жақсыбаев Алмас
10 сынып Мырзағұл Мұратбек
жүргізуші: ІV бөлім.Қазақ батырлары
«Батыр болған бабамнан
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші: Сұлтандарымыз Қазақ батырларын таныстырырып өтсін.
1-жүргізуші:
Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр,
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.
2-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Осыменен қоштасамыз сіздерменен,
Сайысы жігіттердің аяқталды.
2- жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жігіттері кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетсе деймін нағыз мықты,- дей келе әділ-қазылар ақылдасқанша өлеңге кезек берейк.Мектебіміздің жезтаңдай әншісі Оразымбетова Сабираны ортаға шақырамыз
3 жүргізуші:
Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!
1 жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
Меруерт:
Құрметті өнер сүйер қауым,қадірлі қонақтар, ата-аналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы осымен аяқталды