Просмотр содержимого документа
«"??мырс?аны? ?ана?аты " ?лгілі саба? жоспары»
Әдебиеттік оқу 3а-сынып | Сабақ өтілетін күн: 20.04.2016жыл | Тексеруші: |
Сілтеме | Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар. |
Сабақ тақырыбы | Құмырсқаның қанағаты |
Жалпы мақсаттар | 1. Ертегіге сүйене отырып, оқушыға қанағатшылық, үнемшілдік жайында мәлімет беріледі. Құмырсқаның образына кіріп, сипаттауға үйретіледі Құмырсқа жайлы қосымша мәліметтер алады. 2. Рөлге бөліп оқу дағдысы қалыптастырылады. Сабаққа деген құлшынысы арттырылады. 3. Қанағатшыл, көпшіл, үнемшіл төзімді әрі еңбекқор болуға тәрбиеленеді. |
Түйінді идеялар | Қанағат қарын тойғызар. |
Әдіс-тәсілдер | . АКТ, СТО, сахналық қойылым, кейіпкерге хат жазу, деңгейлік тапсырма, |
Көрнекілік | Интербелсенді тақта, суреттер, слайд, видео, А3. |
Дереккөздер | Оқулық, әдістемелік нұсқаулық. |
Оқыту нәтижелері | . Кейіпкерге хат жаза алды. Сахналық қойылым көрсете алды. Деңгейлік тапсырмаларды орындай алды. Өз алды. ойларын жеткізе Сыни ойлады. |
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушыны іс-әрекеті |
Психологиялық ахуал Қызығушы лықты ояту Ой қозғау | 1 мин | Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» арқылы балалар хормен сәттілік тілейді. Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті, Сәттілікке толсын. Бүгін алар бағамыз, Кілең «5»-тік болсын. | Оқушылар шынжыр болып қол ұстасып, хормен сәттілік,тілек тілейді. |
| Оқушылар тапсырма алар алдында топқа бөлінген. 1-топ «Баяндаушылар» 2-топ-«Зерттеушілер» 3-топ- «Талқылаушылар» Топ басшысын сайлайды Жұмбақ жасыру Бір балуан өзі күшті, қайраты мол, Өзінен үлкен затты көтерер ол. Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, Қайқаңдап аса берер бәрінен ол. (құмырсқа) | Оқушылар 3топқа бөлінген Хормен оқиды Жұмбақты шешеді |
Мағынаны ажырату: Ой- толғаныс | | АКТ–ны пайдаланып видео роликтен үзінді көрсету . -Осы видео ролик туралы не айта аласың? Құмырсқалар бойынан адам бойында кездесетін қандай қасиеттерді байқадыңдар? Сендердің бойында осындай қасиет қалыптасқан ба? Қандай мақалмен қорытындылар едіңдер? -Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталады? | Достық,бірлік,еңбекқорлықжанашырлық,көшбасшы лық Балалар өз пікірлерін айтады, талдайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,«Бірлік түбі-тірлік» "Құмырсқаның қанағаты" деп тақырыпты анықтады |
| «Құмырсқаның қанағаты» деген мультфильмді тамашалап көріңдер 1 оқушы автор сөзін оқулықтан оқып тұрады | Мультфильмді көріп тамашалайды. |
| Енді осы көргендеріміз бен үйден ізденіп келген білімімізді ортаға салайық. «Баяндаушылар» тобы Тапсырма: 1-жұп-Шығарманы талдау, Тақтада орындайды Жанр түрі- Ертегінің түрі- Тақырыбы- Негізгі идеясы- Жаңа сөздер- Кейіпкерлер- Түйін- 2-жұп-Композициялық құрылымын талдау Шығарманың басталуы- Байланыс- Дамуы- Шарықтау шегі- Шешімі- «Зерттеушілер» тобы Тапсырма: 1-жұп-құмырсқа жайлы тапқан мағлұматтарымен таныстыру (журналдан,энциклопедиядан, ғаламтордан) 2-жұп Пайдасы, зияны туралы айту «Талқылаушылар» тобына 1-жұп Көрініс көрсету 2-жұп 1оқушыға «Кластер» құру (құмырсқаға мінездеме бер 2-оқушыға Детальдарын қосу «Құмырсқа-...... , ......, ......, ......, жәндік» Қорытынды Интерактивті тақтадан «тірі сұрақ» тыңдау. Сұрақ: Біздің халықта мынадай ырым бар: Малдың құлағына ен салғанда алынған тілігін құмырсқаның илеуіне тастайды. Неліктен олай істейді деп ойлайсың? Жауап: Малың құмырсқадай көбейсін деген ырымды білдіреді Енді 3 топ бір-біріне сұрақ қояды. «Қарлы кесек» 1-топ-2-топқа Құмырсқаға хат жазсаң не айтар едің? 2-топ-3-топқа Құмырсқаның іс-әрекетінен өзіңе не үйрендің? 3- топ-1-топқаҚұмырсқаның орнында болсаң не істер едің? Неге? Адам болам десеңіз Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз.-деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі осы күнімізге де тәубе деп барлығымыз қанағатшыл болуымыз керек. | Топпен және жекелей, жұп болып жұмыс жасап, мәтінді талдады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұраққа жауап береді. |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар | | Құмырсқа туралы 5 жолды өлең құрастырып келу. | |
Бағалау | | «Басбармақ» арқылы Топ басшысының, мұғалімнің бағалауы | Оқушылар өзінің қай деңгейде екенін байқайды |
Рефлексия | | «Таңдау әдісі» бойынша | |
Өз сабағымды талдау
Әдебиеттік оқу пәнінен 3- сыныпқа «Құмырсқаның қанағаты» тақырыбында өткізген сабағымның мақсаты:
Ертегіге сүйене отырып, оқушыға қанағатшылық, үнемшілдік жайында мәлімет беріледі. Құмырсқаның образына кіріп, сипаттауға үйренеді. Құмырсқа жайлы қосымша мәліметтер алады.
2. Рөлге бөліп оқу дағдысы қалыптастырылады. Сабаққа деген құлшынысы арттырылады.
3. Қанағатшыл, үнемшіл ,төзімді , әрі еңбекқор болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың құрылымын сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша құрдым. Олар:
-қызығушылықты ояту
-мағынаны ажырату
-ой толғаныс
Сабақ барысында кезеңдерге жеті модульді де ықпалдастыруға тырыстым.
Жаңа білімді меңгерту сабағы 6 кезеңнен тұрады.
Бұл сабақта жаңа материал түсіндіріледі. Сабақтың негізгі мақсаты – терең де тиянақты білім беру.
1. Ұйымдастыру
Жұмыстың нәтижелі болуы ұйымдастырылуына байланысты болғандықтан «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін психологиялық ахуал қалыптастырдым.
4. Мақсат қою кезеңі.
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттерінің бірі- оқушыны шығармашылыққа дамыту болғандықтан тіл байлығын арттыру үшін «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланып
- жұмбақ шешкіздім,,бейнеролик көрсетіп , « тірі сұрақ» қойғыздым. АКТ мүмкіндігін пайдаландым(3-модуль) Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға тырыстым.(1-модуль)
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
Бастауыш сынып оқушылары естігеннен гөрі көргенді тез ,әрі ұзақ есте сақтайды. Сондықтан ертегіні оқулықтан оқытпай, мультфильм ретінде көрсеттім.
Диалогты оқыту арқылы оқушыларға сұрақ-жауап әдісін «бейнероликті» талдау кезінде қолдандым.
6. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
Оқушылармен топпен, жұппен жұмыс жүргізе отырып, балалардың сахналық көрініс арқылы таланттарын ашуға тырыстым (4-модуль)
Кластер құру»- (құмырсқаға мінездеме беру)
«Детальдарын қосу» (Құмырсқа- жәндік.)
«Рөльдік ойындар» әдісі бойынша көрініс көрсету арқылы жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетті.
Тапсырмалар беруде оқушылардың жас ерекшелігін ескердім.(5-модуль)
7. Бекіту кезеңі.
(2-модуль)Оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту үшін «Қарлы кесек» әдісін пайдаландым. Сонымен қатар оқушыларға қазақтың ырымдарынан да хабардар ету мақсатында сұрақ қойғыздым. Өз пікірлерін айтуда көшбасшылық қасиеттерін анықтауға тырыстым.(7-модуль)
8. Үйге тапсырма беру, Оқушының шығармашылығын дамыту үшін «Бес жолды өлең» құрастырып келуге бердім.
оқушылар білімін бағалау кезеңі.
4 түрлі әдіспен- бас бармақ, топ басшысының бағалауы, мұғалімнің бағалауы,кері бай»ланыс- «Таңдау әдісі » арқылы жүзеге асырылды.(6-модуль)
Күтілетін нәтижем:
Кейіпкерге хат жаза алды. Сахналық қойылым көрсете алды. Деңгейлік тапсырмаларды орындай алды. Өз ойларын жеткізе алды. Сыни ойлады.
Сол себептен мен мақсатыма жеттім деп ойлаймын.