Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның геосаяси жағдайын талдау
Оқу мақсаттары
- Қазақстанның халықаралық саясаты (ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат) және оның артықшылықтары туралы білімдерін қолдана отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау.
- Өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізу– толығымен дербес оқушы болу
Жаңа сөздер
- Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік халықаралық үдерістеріндегі орны мен нақты тарихи ықпалын түсіндіретін теория
- Кеден – шекарадан өтетін тауарларды тексеретін және осы тауарлардан салық алып тұратын мекеме
- Интеграция – шоғырлану, бірігу мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы
ҚАЗАҚСТАН ГЕОСАЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ:
Аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту
Мәдени-гуманитарлық, ғылым-білім және басқа шектес салалардағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру
Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту
Азаматтарымызды құқықтық қорғауды, олардың шетелдердегі жеке, отбасылық, іскерлік мүдделерін қорғауды күшейту.
Қазақстанның геосаяси жағдайы
1. Құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы). Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа көлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік-Батыс , Оңтүстік (Пәкстан) Азия.
2. Әр түрлі мәдениеттердің, атап айтқанда - ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы.
3. Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпір тәрізді. Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда.
4. Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүктелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан (халықаралық террор, есірткі саудасы)
Қазақстанның геосаяси ерекшелігі
Минералдық ресурстар байлығы. Пайдалы қазбалардың құны бойынша ҚР дүние жүзінде алтыншы орында. Бұл - біздің еліміздің үлкен артықшылығы,оның әлемдік позициясының негізі. Бұл ірі шетелдік компаниялардың келуіне әсерін тигізді.
Жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көл емде болуына әсерін тигізеді
Қазақстанның геосаяси ерекшелігі
Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана. Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді.
Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін
саяси құралдар арқылы шешуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, көптеген халық аралық ұйымдарға қатысуда.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Ислам
ынтымақтастық ұйымы
Еуропалық одақ
ТМД
Шанхай
ынтымақтастық ұйымы
Экономикалық
ынтымақтастық ұйымы
БҰҰ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІК
ТҮРКИЯ
ТМД
РЕСЕЙ
АЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН ЕНГЕН ТҰҢҒЫШ ҰЙЫМ.
ҚР-ның ПРЕЗИДЕНТІ ТМД-ның ТӨРАҒАСЫ
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ;
- ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІН ИГЕРУ;
- ЖАҢА ТИПТЕГІ ӘСКЕР ЖАСАҚТАУ;
- АЗАМАТТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
- ҚЫТАЙ
- ҮНДІСТАН
- ВЬЕТНАМ
- АСЕАН ЕЛДЕРІ
- ИНДОНЕЗИЯ
- ПӘКСТАН
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ
ДЕЛЕГАЦИЯ АЛМАСУ
МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ
ХАЛЫҚАРЛЫҚ ҰЙЫМДАР
БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ЕО
Сұрақтар
- Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның геосаяси мүддесі қалай көрініс тапқан?
- Қазақстанды геосаясат субъектісі ретінде қарастырудың маңызы қандай?
- Геосаяси интеграцияда Қазақстанның алатын орны қандай?
Қазақстанның геосаяси жағдайына SWOT талдау
- Экономикалық жағынан
- Географиялық жағынан
- Этнодемографиялық жағынан
- Діни сенімі жағынан
Қазақстанның геосаяси жағдайына SWOT талдау
Өзендік коммуникацияны,
теңізге шығу мүмкіндігінің бар – жоғын,
елдің теңіз жағалауына немесе аралда орналасу жағдайына,
көршілермен қатынасты дамыту үшін табиғи кедергілердің (таулар, батпақтар, шөлдер немесе көлдер) бар – жоғына,
мұндай қатынас мемлекеттердің әртүрлі көзқарасы бойынша ұзындығы,
мемлекеттерге көрші елдерге қатысты оның кеңістіктегі жағдайы және олардың әрқайсысымен шекараның ұзындығы,
халық саны,
шет елдік көршілеріне қатысты тарихи қалыптасқан мақсаттары
Геосаяси жағдайды бағалауға арналған критерийлер
- көлемі
- климаты
- топографиясы
- демографиясы
- табиғи ресурстары
- экономикалық және технологиялық дамуы
- саяси тұрақтылығы
- әскери индустриалды әлеуеті
Эссе
- «Қазақстанның геосаяси жағдайына баға бер»