СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Эффективность использования конструктивных методов обучения на уроках истории Казахстана

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Эффективность использования конструктивных методов обучения на уроках истории Казахстана»

УДК 14.25.01

Оспанбаева С.О

Қазақ-Америка Университеті жаңындағы ЮНЕСКО мен ассоциациалынған мектебі, Қазақстан, Алматы қ.

[email protected]

Қазақстан тарихы сабағында сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімділігі.

Түйіндеме - Мақалада Қазақстан тарихы пәнің оқыту барысында оқушылардың сындарлы оқыту әдіс – тәсілдерін пайдалану тиімділігі жайлы айтылды. Оқытудың жаңа технологиясы - оқыту үдерісін ұйымдастыру, басқару және бақылау ретінде қарастырылды. Сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, белсенділігін дамыту жолдары көрсетілді. Осыған орай қазіргі кезде оқушының ойлау қабілетін дамытудағы ықпал ететін, жаңаша оқытудың бірқатар технологиялары берілді.

Түйінсөздер – сындарлы оқыту әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, топтық жұмыс, диологтік оқыту, сынақ, өзіндік жұмыс, тарихи диктант.


Қазақстан тарихы - мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз Қазақстан тарих пәні арқылы жақсы біледі. Тәуелсіз демократиялық мемлекетіміздің болашақ тұтқа ұстар ұрпағының білім дәрежесі қандай деңгейде болуы керек екендігі әрбір ұстаздың көңіліндегі түйткіл ой. Қазақстан тарихы - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Қазақстан тарихы ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Қазақстан тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным-әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Мұғалімдер үшін ең басты мәселе боп отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтар.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламалары осы мәселені шешуге бағытталған. Мен де өз сабақтарыма жеті модульді тиімді пайдаланып жүрген ұстазбын.

Өзімнің тәжірибемде Қ.Сарбасованың инновациялық педагогикалық технологияларды сабақ барысында қолдану жолдарын [1], С.Әлкеннің жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу мәселесін [2], Қ. Қарсыбаеваның сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясын [3] және т.б. ғалымдар мен әдіскердердің жұмыстарын пайдаланамын.

Мен түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта өзім сабақ беретін 9 - сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіруді жөн санадым. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек. «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады. «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өздігінен білім алады, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Үштік» әдіс - сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. SWOT талдау  бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі сын тұрғысынан ойлау, ұжымдық оқыту, топтық жұмыс,диологтік оқыту, сынақ, өзіндік жұмыс және тарихи диктант т. б. тәсілдерді қолданамын. Сурет - иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек-сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістерін де қолданамын.

«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі», «ПОПС формуласы», «Шахмат», «Фишбоун» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады.

Заманауи оқытуда оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді [4].

Бұл әдістер СТО әдіс-тәсілдері екені аян.

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады:

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2. Сенімділікке тәрбиелеу.

3. Қиялын дамыту «менің ойымша» деген сұраққа жауап алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7. Топпен, ұжыммен және өз бетінше жұмыс жасауға жағдай жасау

Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, қорытындылайды.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар арқылы өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген, көзі ашық, жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, Қазақстан тарихы сабақтарында сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану, оқушылардың осы пәннен білім сапасын арттырудағы бірден-бір жолы.


Пайдаланылған еңбектер тізімі

1. Қ. Сарбасова Инновациялық педагогикалық т ехнологиялар. 2006 ж.

2. С.Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу. «Қазақстан тарихы» №1 2006 ж

3. Қ. Қарсыбаева. Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі. «45-Минут» №1 2009 ж.

4.  Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 деңгей, 2 басылым, 2014 – жыл



Оспанбаева С. О.

ЮНЕСКО и Ассоциированная школа при Казахско-Американском университете,

Алматы, Казахстан

[email protected]


Эффективность использования конструктивных методов обучения на уроках истории Казахстана

Аннотация - В статье рассказывается об эффективности использования конструктивных методов обучения учеников в преподавании истории Казахстана. Расматриваются новые технологии обучения - как средство организации, управления и контроля учебного процесса. Были продемонстрированы пути развития активности учащихся через использование методов критического обучения. В связи с этим рассмотрены ряд новых технологий обучения, способствующих развитию мышления учащихся.

Ключевые слова - методы-приемы критического обучения, критическое мышление, коллективное обучение, групповая работа, диологическое обучение, испытание, самостоятельная работа, исторический диктант.


Ospanbaeva S. О.

UNESCO and Associated School at the Kazakh-American University,

Almaty, Kazakhstan

[email protected]


The effectiveness of the use of constructive teaching methods in the lessons of the history of Kazakhstan


Abstract - The article describes the effectiveness of using constructive methods of teaching students in teaching the history of Kazakhstan. New learning technologies are considered as a means of organizing, managing and controlling the educational process. The ways of developing students ' activity through the use of critical learning methods were demonstrated. In this regard, a number of new learning technologies that contribute to the development of students ' thinking are considered.

Keywords - method-techniques of critical learning, critical thinking, collective learning, group work, diological training, testing, independent work, historical dictation