СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Гүлдене бер, Қостанай!"

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қала күніне орай "Гүлдене бер, Қостанай!" мерекелік концертінің сценарийі

Просмотр содержимого документа
«"Гүлдене бер, Қостанай!"»

"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ "МИРАС" ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ

1-филиалы

Қала күніне орай «Гүлдене бер –Қостанай!» атты мерекелік концерттің өтілу сценарийі


13.08.2024 18:30

Жүргізушілер: Индира Төленқызы, Исхужина Г.Х.


/хабарлаусыз сахна төріне «Арулар» бишілер тобы «Тентек» биі/


ФАН - ФАР

/Ортаға жүргізушілер шығады/


Жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Биыл сүйікті қаламыз Қостанайға 145 жыл толып отыр. Тарихы мен табиғаты, сәулеті мен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі, күйіміздің күмбірі, тарихымыздың түндігі, көңіліміздің жыр-гүліне айналған жас қаламыз Қостанай күн өткен сайын еңсесі биіктеген калаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, баршы халықты тамаша көркімен тамсандыруда.

Мереке құтты болсын ағайын!!! Қаламыздың туған күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!!


Жүргізуші: Добрый вечер, уважаемые гости и жители города! Мы рады приветствовать вас на этом замечательном празднике – День Города Костанай! Которому исполнилось -145 года!! С праздником Костанайцы!


«Шашу» под музыку /текст под шашу/


Жүргізуші: Қостанай - сан тармақты, алуан сипатты ұлт мәдениеті мен өркениетінің алтын құндағына айналған киелі өлке. Қостанай қазақ елінің алтын тәжі, рух пен иманның күретамыры, қамбасы астыққа толы, тарихи - мәдени дәстүрлерге қанық, жаңаша құбылыстар мен жақсылықтың ұясына айналған құтты мекен. Мереке құтты болсын!

Алғашқы мерекелік ән шашуымызды қабыл алыңыздар


Ән: «Қостанай әні». Орындайтын: Жеңіс.

Номер: Песня «В Кустанае» исп. Ибраева Бибігүл.


Жүргізуші: О происхождении слова «Костанай» ходят легенды.
Одна из них связывает название урочища Кос-Танай с памятью о погибших сестрах-красавицах Кос и Танай.


Жүргізуші: Қостанай бүгінде сұлулық пен әсемдіктің, тарих пен мәдениеттің, өнер мен салт-дәстүрдің, достық пен татулықтың ордасына айналған құтты өлке, Ажары күннен-күнге құлпырып, жаңарып келе жатқан қаламыздың туған күнін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналып келеді.

Тарих беттерінде саф алтындай орын алған алаш көсемдері, ел батырлары, ел данышпандары, көсемдері шыққан, әр топрағы тарих қойнауынан сыр шерттетін киелі мекен – ҚОСТАНАЙ – ТУҒАН КҮНІҢМЕН!!!


Ән: «Қостанай». Орындайтын: Қамбаев Жеңіс.

Номер: «Мой Казахстан» исп: Арай Жасұлан.

Танец «Детство» исп: танцевальный коллектив «Арулар».

Ән: «Теріскей». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз.


Жүргізуші: В нашем городе есть знаменитая библиотека имени Льва Толстого, детские библиотеки имени Ыбрая Алтынсарина и Александра Сергеевича Пушкина. Культурные места, которые любят посещать костанайцы это казахский театр драмы Имени Ильяса Омарова и русский драматический театр имени Горького.


Жүргізуші: Бүгінде Қостанай – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени - тарихи орталығына айналсын деген ниетте қанат жайып келеді. Бүгінгі таңда қаламыз күннен - күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Қостанай барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, көз алдымызда өсіп келеді. Тарихы бай, көрікті Қостанайымыз ұлттық рухани құндылықтардың ұйтқысына айнала берсін. Мереке құтты болсын!!!


Ән: «Жаным қалайды». Орындайтын: Төленқызы Индира.

Номер: Песня: «Казахстан» исп: Соболева Русалина.

Ән: «Отан әні». Орындайтын: Айару

Ән: «Ақмаралым». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз.


Жүргізуші: Қостанай – бағы биiк асқарымсың.

Қостанай- мәңгі жарық аспанымсың.

Қостанай — пейіш кала, ел арманы,

Қостанай — қайда жүрсем мақтанышым.

Қостанай – ғасырлар бойы қалыптасқан, ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған өлке. Алқабы алтын астыққа толы мекеннің келешекте дамып, гүлденіп, жарқырап жайнай беруіне тілектеспіз. Біз, өнер адамы ретінде Қостанай жұртшылығын әсем әнімізбен тербеп, әрдайым жоғары көңіл-күйде жүрулеріне өзіндік үлесімізді қоса береміз. Мерекелеріңізбен Қостанайлықтар!

Жүргізуші: Костанай знаменит и гордится своими спортсменами как Иван Дычко – Заслуженный мастер спорта, дважды бронзовый призер Олимпийских игр,а так же трехкратный чемпион мира. Турсынай Кабыл чемпионка Азии по пауэрлифтингу среди людей с ограниченными возможностями, Александр Колядин – чемпион параолимпийских игр по лыжам, на зимних играх в Южной Корее. Спраздником Костанайцы!!!


Номер: «На деревне» исп: вокальная группа «Кружева».

Номер: Песня «Любимый край» исп: вокальная группа «Кружева».

Номер: Танец «Девчата» исп: танцевальный коллектив «Арулар».


Жүргізуші: На территории области проживает более ста национальностей и народностей. Мы толерантный народ! Мы уважаем каждую национальность проживаюшую на нашей земле и мы гордимся, что живем мирно! Давайте же продолжать любить и уважать друг друга! С Днем Города вас, дорогие друзья!


Жүргізуші: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Осы үлкен Отанның ішінде әр адамның өзі туған, өзіне өте жақын ауылы, қаласы, көшесі бар. Менің Қостанайымның әр көшесі, мен жұтқан әр ауасы мен үшін ең қымбат. Өйткені бізге алтын бесік болған менің атамекенім – ол ҚОСТАНАЙ.


Ән: «Қызымын елдің». Орындайтын: Төленқызы Индира.

Ән: «Туған жер». Орындайтын: Бакыт Маженов.

Номер: Песня: «Желаю» исп: Ибраева Бибигул


Жүргізуші: Моя родина Казахстан. Родной город Костанай. Мы гордимся тем, что являемся частью этой страны.


Жүргізуші: Ах, Костанай, ностальгия моя!

Небо, трава, горизонт и дорога,

Степи, пустыни, без края земля

Вдаль расстилающаяся полого...

С яблоней рядом растёт здесь урюк,

Здесь карагач породнился с берёзой.

Сколько осталось мне встреч и разлук,

Что нашептали мне низкие звёзды?

С днем рождения Костанай!!!






Жүргізуші: Жалғыз жұғым ауаңды бер, Қостанай,

Жанға шипа, дауаңды бер, Қостанай.

Жар исіндей жұпарыңмен ес тандыр,

Жалаңаяқ даламды бер, Қостанай, - деп Ғафу Қайырбеков атымыз жырлағандай Қостанай – бар қазақтың алтын бесігі, ел қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арманымыз бар.


Ән: «Қостанай вальсі» орындайтын: Құрымбаев Ерік.

Ән: «Қостанай әні» орындайтын: Таңатқанова Алтын, Құрымбаев Ерік.

Номер: «Ликуй и пой земля» исп: вокальная группа «Кружева».



Жүргізуші: На этом наш концерт посвященный Дню Города подошел к концу! Желаю каждому жителю нашего замечательного города счастья, благополучия и добра! Пускай наш город процветает день за днем, развивается и становится только лучше во всех смыслах этого слова! Пусть все жители и гости нашего города наслаждаются каждой минутой, прожитой здесь!
Жүргізуші: Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, өмірдің әр сәтін, қуанышын бағалай біліңіздер, еліміз тыныш болсын, жастарымыз жалын жүректі, өршіл намысты болуы тиіс, өйткені біз мәңгілік елдің ұрпағымыз! Тағыда қала күнімен Құттықтаймыз! Мереке құтты болсын ағайын! Қош Сау Болыңыздар!























Қала күніне орай «Гүлдене бер - Қостанай!» атты мерекелік концерт


  1. «Арулар» бишілер тобы «Тентек» биі.

  2. Фан-фар. Выход вед.

  3. «Шашу» фон.

  4. Ән: «Қостанай әні». Орындайтын: Жеңіс.

  5. Песня «В Кустанае» исп. Ибраева Бибігүл.

  6. Ән: «Қостанай» Орындайтын: Қамбаев Жеңіс.

  7. Песня: «Мой Казахстан» исп: Арай Жасұлан.

  8. Танец «Детство» исп: танцевальный коллектив «Арулар».

  9. Ән: «Теріскей». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз.

  10. Ән: «Жаным қалайды». Орындайтын: Төленқызы Индира.

  11. Песня: «Казахстан» исп: Соболева Русалина.

  12. Ән: «Отан әні». Орындайтын: Айару

  13. Ән: «Ақмаралым». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз.

  14. Песня: «На деревне» исп: вокальная группа «Кружева».

  15. Песня: «Любимый край» исп: вокальная группа «Кружева».

  16. Танец «Девчата» исп: танцевальный коллектив «Арулар».

  17. Ән: «Қызымын елдің». Орындайтын: Төленқызы Индира.

  18. Ән: «Туған жер». Орындайтын: Бакыт Маженов.

  19. Песня: «Желаю». Исп: Ибраева Бибігүл.

  20. Ән: «Қостанай вальсі» орындайтын: Құрымбаев Ерік.

  21. Ән: «Қостанай әні» орындайтын: Таңатқанова Алтын, Құрымбаев Ерік.

  22. Песня «Ликуй и пой земля» исп: «Кружева».