ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру
Ғылыми жетекшісі: Жунисбекова Римма Газизовна
Орындаған: Д-172Б тобының студенті _ИРИСБЕКОВА ЗУЛЬФИЯ
Ақсукент-2019ж.
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................3
Негізгі бөлім.
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру...................................................................................4
Қорытынды...................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................10
Аңдатпа: ғалым-педагогтардың ғылыми еңбектеріне талдау жасап және, өзінің жеке зерттеулер нәтижелері негізінде қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарының құрамына кіретін дәстүрлі көркемөнер мен қолөнердің мәнін, мазмұнын ашып жазған және қоғам өмірінде, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде студенттерді кәсіби даярлау кезіндегі олардың рөлін, сонымен қатар көркемөнер білімі мен өнер арқылы тәрбие беруді ізгілендіруде халықтың көркемөнер-эстетикалық мұрасын пайдалану маңыздылығын көрсетті.
Түйін сөздер: дәстүрлі өнер, рухани-мәдени құндылық, КОЛЛЕДЖ, мектеп, көркемөнер білімін ізгілендіру, рухани-мәдени тәрбие.
Аннотация: на основе анализа исследований, научных трудов ученых педагогов, результатов собственного исследования, автор, раскрывают сущность, содержание традиционного художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в деле воспитания молодого поколения, а также значимости использование художественно-эстетических наследий народа в гуманизации содержание художественного образования и воспитания искусством..
Ключевые слово: традиционное искусство, духовно-культурная ценность, вуз, школа, гуманизация художественное образования, духовно-культурное воспитание.
Abstract: reveals the essence, content of the traditional art and handicraft in the article on the basis of analysis of research, scientific works of scientist teachers, also onthe results of its own research, which is the part of spiritual and cultural values system of Kazakh people and he emphasizes their role in public life, in vocational training of students on issues of educating the young generation, as well as the importance of the use of artistic and aesthetic heritage of people in humanization of the content of art education.
Keywords: traditional art, spiritual and cultural value, HEI, school, humanization of art education, spiritual and cultural education.
Кіріспе
Студенттің мәдениетінің қалыптастырудағы ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі- аталарымыздың өсиетін ұмытпау, аналарымыздың қасиетін дамыту арқылы, ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, мемлекеттік тілімізді, қазақ тілі мен әдебиетімізді, мәдениетімізді т.б. ұлттық кодымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» дегеніміз – Тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жауапты жұмыс деп түсіну керек. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл отбасы мен жеке азаматтарымыз үшін де, қоғам және Қазақ елі үшін де өте маңызды үдеріс. Болашаққа бағдар ретінде Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің әрбір оқытушылар құрамы және осы оқу орнында білім алып жатқан студенттер Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік мақсаттарына енгізе отырып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдеміз. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Жастарды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпы туралы кең көлемді мағлұмат беру. Болашақ мамандарды білім алуға, біліктілігін арттыруға, дағдыларын дамытуға, рухани кемелденуге үйрету. Өз мамандықтарын сүйе білуге, мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын студенттер бойына сіңіру арқылы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Қазақ халқының ұлттық кодын, яғни ұлттық құндылықтарымызды: мемлекеттік тіліміз - қазақ тілін, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттерін бағалау, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз екенін түсіну деді.
Негізгі бөлім. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру
Қазақ халқында ежелден келе жатқан салт-дәстүлері мен әдет-ғұрыптары: дәстүрлі қонақжайлылық, дәм ауыз тию, ерулік беру, ұнаған затын қалау, қымызмұрындық, жұртшылықтың көмек беруі, асар жасау, аман-саулық сұрасу, әдептілік пен сыпайылық белгісі ретінде үлкен кісінің есіміне әке(еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туыстарының атын атамау, күйеуінен үлкен ер адамдарға сәлем салу арқылы амандасу. Жасы үлкен адамның, ер баланың және екіқабат әйелдің алдын кесіп өтпеу. Сыйлықтар - базарлық ала келу. Тойдан сарқыт алау. Сүйінші сұрау. т.б. жайында адамға ой салатын керемет әңгімелер айтылды.
Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, жігіт жағы қыздың қалыңмалын төлеу, беташар, қыздың жасауын беру, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі жөнінде де ой бөлісті.Бата беру. Қазақ халқында той тойлап, тамақ ішіліп болғасын, ас қайырып, бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Алла тағаладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды екі иықтың түсына, өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Еліміздің болашағы болар, тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын сақтай алатын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты. Ал ол үшін болашақ ұрпақтың тұлғалық болмысын қалыптастырып, оның рухани – мәдениетін дамыту басты мәселе. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республикадағы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезіндегі сөйлеген сөзінде былай деген болатын: «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу болып отырғанына баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, отанын сүйе білу сияқты асқақ» сезімдерге тәрбиелеу қажеттілігі өзекті мәселе деді.Бұл мәселеге халық тағылымы салт – дәстүрдің қосар үлесі өте көп.
Сонымен қатар елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Жолдауында «Ұрпақ тәрбиесінде» дана болады, оның саулығына бітіміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. Ол бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманда нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Ол күллі әлемге әрі сыйлы, өз елінің патриоды болады деп атап көрсеткен. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «білім беру жүйесінің азаматтықпен, елжандылық, мемлекеттік рәміздерді сүйіспеншілікпен құрметтеуге, халықтың салт – дәстүрін қастерлеуге, әлемді және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқымен республиканың басқа ұлттарының әдет – ғұрыптарымен салт – дәстүрін зерделеуге» деп айрықша атап көрсетеді. Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет – ғұрып, салт – дәстүрмен тереңірек танысу қажеттігі бірініші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін білу, рухани мұраларымен сусындау адамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны рухани тұрғыдан кемелдендіретін бірден – бір қажетті көрсеткіш болып табылады. Халықтың салт – сана, әдет – ғұрпы қай заманда болмасын ерекше тәрбие құралы болып келді. Бұл жөнінде көптеген ғұламалар пікірлерін білдіріп кеткен. Мәселен, Қазақ халқының салт – дәстүрі арқылы ұлтжанды, рухани – мәдени толысқан ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын М.Жұмабаев атап көрсетсе, дана бабамыз Бұқар жыраудан қалған «Тәлім ал, тәлімді алсаң тәлімгерің ұлтының салт – дәстүрімен, ұлтының қарапайымыдылығымен, мейірімділігімен тәлім берсін»- деп айтып өткен.Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің қажеттілігі туды.
Өйткені халықтық салт – дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез – құлқы, болмысы, дүниетанымы, мәдениеті, тілі мен діні, өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт – дәстүрі арқылы ғана берілмек. Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектер жазып, оны іс – жүзіне асыруды мақсат етіп келеді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа анықтама бермес бұрын, бұл сөздердің шығу тегіне қысқаша тоқталып, бұл сөздердің түпкі мәні нені білдіретінін анықтап алғанымыз жөн.Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Сеййид Хусейн Наср атты түркі ғалымы: «Дәстүр» сөзі уаһи жолымен адамдарға білдірілген қасиетті, әрі осы иләһи хабарлардың адамзат тарихы бойынша тоқтамастан ашыла беруі мағынасында қолданылады. Дәстүр – Иләһи хабар, әрі Негізге жақындататын үздіксіздік мағынада дей келе Аллаға ғашықтық ақиқатына жалғаған тұп-тура байланыс құралы ретінде сипаттайды. Сөйтіп, ол ойын ары қарай былайша тұжырымдайды: «Дәстүр дінді және оның заңдылықтарын қамтыған» дейді. Ал, Дін болса, қалыптасқан дәстүрге айналған Сүннет болып табылады және сопылықтағыдай дәстүрлі өмірдегі ой толғанымдары мен өмірдің әр дәуірін, әр кезеңін және әр ғасырын Негізге жалғайтын шынжыр, тізбек, яғни Силсала. Осы себептер арқылы дәстүрдің тамыры Иләһтан келген уаһида орналасқан. Бұтақтары мен өзегі ғасырлар бойы дамыған алып бір бәйтерекке ұқсатуға болады. Дәстүр ағашының негізінде дін, оның негізінде ағаштың өмір сүруін қамтамсыз ететін уаһидан нәр алып тұрған берекет орналасқан. Дәстүр, киелілік, басы және соңы, ақиқаттары: таусылмайтын хикметі мен ақиқаттың ауыспас принциптерін әртүрлі уақыт пен мекен шарттарында әрқашанда іске асып отырады.» Бұл дәстүрдің пайда болуы жайдан жай емес, Жаратушының әр халыққа белгілеп берген өмір сүру жолын белгілеген қағидалар жүйесі екендігінен хабар береді.
«Салт» сөзін қазақша мағынасына келер болсақ, қатты, қатты болу, берік болу, төзімді болу дегенді білдіреді. Егерде, осы талдауларға сүйенер болсақ, онда «салт-дәстүр» ұғымының мағынасы – айнымайтын, берік қоғамның тұтастығы үшін жаратушы тарапынан жіберілген қағидалар жүйесі дегенді білдіреді. Араб тілінің сөздіктерінде: «Әдет деген сөз араб тілінде – ‘адат -әдет, бір істі немесе әрекетті жиі қайталау. Бұл сөздің негізгі түбірі «‘ада» – ﻋﺎﺩﺍ – қайта оралу, өз қалпына келу деген мағыналарға саяды. «‘ұрып» сөзі негізінен арабтың «‘арафа» деген сөзінен шығады. Араб тілінде –«‘арафа» сөзінің мағынасы білу, тану, қабылдау, өте жақсы білу. Сонымен «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» деген сөздер түгелдей дерлік діни сөздер. Қазақ халқына араб тілінен еніп, төл сөзімізге айналған. Бұл сөздер халқымыз тұтастай Ислам дінін қабылдаған тұстан бастап қолданысқа енген кірме сөздер.
«Мәдениет» (маданийат) – сөзінің этимологиялық төркіні арабша қала, қоғам, қауымдасу т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет пен дін сөздері бір түбірден (дана/йадину етістігінен) шыққан. Дін арапша – дин, сөздік мағынасында жол, сенім, үкім, қағида т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет қала, қауымды білдіретін «…Тәңір тарапынан белгіленген «жолы», этикалық, әлеуметтік, экономикалық және діни құлшылық ету қағидалары мен сенімдік жүйеге негізделген, Тәңірмен байланыс құруға арналған табыну орны (мешіт, шіркеу, синагога т.с.с.) бар қауымның тіршілік әдісін, тұрағын анықтайтын ұғым (термин). «Маданийат» ұғымы кейіннен уақыт ішінде қала, қалалық, отырықшы т.с.с. сипатқа ие болып, латын тіліндегі «культура» ұғымымен тең мағынаға ие болған». Кәсіби білім беру ұйымдарында студенттердің мәдениетін қалыптастыруда этнопедагогика тағлымдарын пайдалану ерекше орын алады. Болашақ кәсіп иелерінің халықтың рухани құндылықтарын түсінуі арқылы оларды қолдана алуымен анықталатын, кәсіби мәнді, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын құрайтын адамгершілік тұрғыдағы мәдени басқарушы іс-әрекеті болып саналады.
Бұл бағытта ерекше орын алатын студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін колледж ішінде ұйымдастырылатын әртүрлі бағыттағы шараларды атап көрсетуге болады. Солардың ішінен ұлтымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрлерін, өнер туындларын насихаттайтын шаралар ерекше орын алады. Оларды атап көрсететін болсақ «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «Өнер алды-қызыл тіл»-студенттер шығармашылығы, «Жыл басы-Наурыз»-атты топтар мен колледж студенттері арасында өтетін салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын топ сағаттары сияқты шараларды атап көрсетуге болады.
Қорытынды
Бұл шаралар студенттердің ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын оятады, этнопедагогика элементтерінің дұрыс ықпалы бар екенін сезінеді, ұлттық салт-дәстүрлерді, халықтық педагогика элементтерін болмысымен қабылдай алады және жалпы мәдени-ұлттық дүниетаным тұрғысында көрсете білуге ұмтылысы қалыптасады.
Мұндай шараларды ұйымдастыру студенттердің өзін-өзі жетілдіруі мен дамуына, ұлттық дәстүрлерді мәдени мұраларын ұстану біліктілігіне, этнопедагогика материалдарына негізделген жалпы мәдени мұраларымызды көрсете алуына мүмкіндік жасайды.
Бұл аталған мәселерді пайдалана отрып болашақ педагогтердің білім мен мәдениетін қалыптастырудың жалпы моделін жасауға болады:
Этнопедагогика материалдарына сай тұлғалық құндылықтарға негізделген мәдени тұлғалық сапасы, ұлттық дәстүрлерді саналы түрде қабылдай алуы, оларға деген қызығушылығы мен жоғары құрметпен қарауы, этнопедагогика материалдарының білім беруде дұрыс ықпалының бар екенін жақсы түсіне білуі, ұлттық салт-дәстүрлердің салаларынан терең білімінің болуы, оларды жалпы мәдени тұрғысында пайдалана білуі және өзінің өмірін мәдени құндылықтарға бағыттай отырып, өзін-өзі көрсете алуы.
Этнопедагогика материалдарын, ұлттық дәстүрлерді эмоционалдық тұрғыда қабылдауға ұмтылуы, оған деген қызығушылығының оянуы, бірақ оны пайдалануға мән бермеуі, өз тарапынан оны түсінуге, талдауға ниеттенбеуі, өзі өмір сүріп отырған ортасында этнопедагогика материалдарын пайдалануға біршама қызығушылық көрсеткенімен, өзінің іштей психологиялық мүмкіндігінің таяздығынан ешбір белсенділік көрсете алмауы. Сондықтан студенттер арасында әлі де болса өзінің жалпы мәдени сапаларын көрсете алмайды.
Этнопедагогика материалдарының жалпы мәдени маңызын түсінбейді. Этнопедагогика мұраларына қызығушылығы мен құрметпен қарағанымен, жалпы мәдени құндылықтарды қалыптасуындағы ықпалын жете түсінбейді.
Осындай модельді пайдалана отырып, оны бірізділікпен іске асыру студенттердің оқу-тәрбие процесінде адамгершілік сезімі, ұлттық санасы, рухани мәденеттілігі, мінез-құлқы, өмірлік ұстанымдарының дұрыс бағытталуына, өзі өмір сүріп отырған ортада ықпалды әрекет жасауға мүмкіндік туғызады.
Педагогикада педагогикалық жүйедегі оқыту мен тәрбие міндеттеріне байланысты ажыратылады. Сондықтан дәстүрлі педагогикалық жүйе мен жаңа педагогикалық жүйе жаңартылған, жетілдірілген оқу-тәрбие процессін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің жетілдірілген формасы болып табылады. Жаңа педагогикалық жүйе білім алушылардың үздіксіз білім алуына, өзін дамытуға үнемі көңіл бөлуіне бағытталған жүйе болып табылады. Ғылым мен техниканың дамыған заманда ескі жүйеде жұмыс жасау студенттердің тұлғалық дамуына, заманауи техникалық құралдармен жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді. Этнопедагогика элементтері мен жаңа педагогикалық технологияларды үйлестіре отырып пайдалану, студенттердің білім сапасы мен мәдени қалыптасуына игі әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Ұстаздар қауымы жастарға тәрбиелік мәні жоғары тағлымдар берумен шектелмей, олардың білімді де білікті кәсіп иесі болуына ықпал жасауы қажет. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Білімсіз берген тәрбие тұл» дегенді басшылыққа ала отырып, студенттердің де біліміне қойылатын негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет.
Студенттердің жалпы білімділігіне қойылатын негізгі талаптар:
Дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылым негіздерін меңгеруі;
Әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық пәндері саласында базалық білімінің болуы;
Заманауи техникалық құралдарды қолдану дағдысының болуы, оны ақпаратты жинақтауда, өңдеуде, беруде қолдана білуі;
Кәсіби қызметіне байланысты ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
Үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында ғылым мен техника жаңалықтарын меңгеру дағдысының болуы;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары "Қазақстан-2050" Стратегиялық саяси бағыты. Президенттің Халыққа жолдауы //Егемен Қазақстан.
2. Қ.Р. «Мәдени мұра" бағдарламасы. – Астана, 2003
3. Қ.Р. «Этномәдениет тәрбие» тұжырымдамасы. – Астана, 2000.
4. Қазақстанның сәулеттік ескерткіштері мен сәндік қолөнері және олардың тәлім-тәрбиелік маңызы //«Қазақ тәлім-тәрбие тарихы» атты кітапта. Жалпы редак. С.Қалиев . Оқу құралы. – Алматы: Алтынсарин ат. ПҒ ҒЗИ, 2002. -
5 Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. 1-2 т. – Алматы: Өнер, 1986. – 256 с.; 1987. – 288 с. С илл.
3