СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін -өзі тану. Сабақ жоспары: "Ойлы бала озар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

өзін -өзі тану. Сабақ жоспары Тақырыбы: "Ойлы бала озар" Құндылық: Білімге құштарлық. қасиеттер: мейірімділік, ізеттілік,бірлік, ынтымақ

 

Просмотр содержимого документа
«Өзін -өзі тану. Сабақ жоспары: "Ойлы бала озар"»

Мектеп: №33

Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар

Құндылық: Білімге ұмтылу Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып: Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ойлануға, көп ізденуге жетелеу


Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.




Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру




Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру


Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөзге тоқталу

Халық мақалы


Шығармашылық жұмыс:

Ойлы бала Ойсыз бала






Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту:

Ойлан, тап

 

Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі
Әні: Ә.Еспаевтікі

 

Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

 

Қайырмасы:

 

Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.

 

Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.

 

Қайырмасы:

 

Жұмбақтар бар өзен,көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер


Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту


Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.


Оқушылар көздерін жұмып демалады.