АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Директордың оқу-әдістемелік Директордың оқу-ісі
ісі жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары
________А. Хасенова ________Ж. Кусаинова
2021 жылдың 09 желтоқсан күні Google Meet платформасында
on-line режимде колледж оқытушыларына өтілетін
шеберлік сыныбының жоспары.
Оқытушы: Мусаева М.Е.
Физика және информатика
пәндері бірлестігі отырысында қарастырылды
Хаттама №4 «25» қараша 2021 жыл
ПБК төрайымы _____А. Картаева
Нұр-Сұлтан - 2021 ж.
Тақырыбы: Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мүмкіндіктері.
Мақсаты: оқытушыларды сабақта интерактивті тапсырмаларды қолдану мүмкіншіліктерімен таныстыру.
І кезең. Теориялық
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. Тәуелсіз елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, өздерінің сабақтарында қолданады.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқытуды интерактивті деп атайды. Мұндай қарым-қатынас оқушылардың қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету.
Оқушылар арасында апробациядан өткен интерактивті оқытудың бір түрі – LearningApps.org
LearningApps.org деген не? Ол:
интерактивті оқыту;
интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;
модульдерді жылдам құру және өзгерту;
тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;
онлайнда оқу, жаппай тегін қолдану.
Оқытушы LearningApps.org платформасында жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады. Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады. Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті жасырын статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді ұсынады. Модуль құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, тапсырма түрі, мәтін, сурет, аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады.
Оқытушы модульдерге тапсырма енгізіп, сақтау арқылы «Менің жаттығуларым» базасын толықтырады. Барлық жеке оқу модульдерінің шифрленген веб-сілтемелері болады. Оқушылар іздеу жүйелері немесе LearningApps.org оқу модулінің авторы шифрланған веб-сілтемесі арқылы өтеді немесе бағдарламаны белгілі бір аудитория үшін қолжетімді ету үшін кірістіру кодын пайдалана алады. Оқу модулінің авторы тапсырмаларды сайтта жариялай алады.
Білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сөзжұмбақ, топтастыру, сәйкестендіру тапсырмаларын ұсынуға болады.
Материалды меңгерту мақсатында тапсырманы сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын осы модульдер арқылы берген жөн.
LearningApps.org. платформасы оқу үдерісіне келесі мүмкіндіктерді береді:
оқушылар тілдік және анализ, синтез, бағалау дағдыларын жетілдіре алады;
оқу материалын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгереді;
студент алған білімін жүйелейді;
студент шешімді тез қабылдауына мүмкіндік алады;
студент тапсырманы бірнеше рет орындау арқылы жақсы нәтижеге жетеді;
жалпы оқуға деген мотивация пайда болады;
кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды;
оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады.
ІІ бөлім. Практикалық бөлімде LearningApps.org бос орынды толтыру, викториналық сұрақтар, пазл, аудио/видео контент модульдерін жасау.
Қорытынды:
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті технологияларды тиімді пайдалану жауапкершілік пен шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.