Просмотр содержимого документа
«Жұқпалы ауру: "Бруцеллез".»
Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық Колледжі
Тақырыбы :Бруцеллез(Сарып)
Тексерген:Бисариева.М.С
Орал2019
Жоспар Этиология-қоздырғышы эпидемиология-аурудың көзі клиникалық белгілері диагноз қою Емдеу
Бруцеллез -зоонозды жұқпалы, аллергиялық ауру.Ол науқастың буын сүйектерін нерв және жыныс мүшелерін зақымдайды. Этиология-қоздырғышы Бруцеллалардыңбүгінгі тағда түрі белгілі.Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып келеді.Атап айтқанда: Brucella melitensis-қойешкі бруцелласы, адамға ең вируленттісі және күші жоғары. Br. Abortus bovis-ірі қара мал бруцелласы Br.Abortus suis-шошқа малының бруцелласы. Бруцеллалар өте майда спорасы жоқ эндотоксин бөледі,сыртқы ортада әсіресе төменгі темп-да өте төзімді.Сүт,ет тағамдарында 10-45 күнге дейін,суда 70 күе, топырақта малдың қиында 6 айға дейін сақталады.
Эпидемиология- аурудың көзі. ауру көзі - ауылшаруашылық жан-жануарлары.Ауру адамға қой,ешкі,сиыр,шошқа малы арқылы жұғады.Бруцеллалар сыртқа ортаға сүтпен малдың зәріменкейде нәжісімен сыртқы орта ластанады. Таралу жолдары : тағамдар арқылы сүт,ет,су арқ, қарым-қатынас арқылы,ауру малды күткенде,сойғанда жүнін қырқығанда және шаң-тозаң арқылыыда жұғуыда мүмкін.Бұл ауруға шалдыққан мал түсік тастайды.
Клиникалық белгілері Жасырын кезеңі:1-4 апта дан 2 айға дейін созылуы мүмкін.Аурудың жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел түрінде ауру тез басталады.Науқастың қызуы көтеріліп, қатты терлейді,әлсіздік пайда болады, басы ауырып,сүйек буындары қақсайды және бұлшық еттері ауырады.Науқастың қызуының көтерілуі 1-3 аптаға созылады.Ол бірде көтеріліп, бірде төмен түседі.Оның негізгі белгілерінің бірі- бұлшық еттердің және буындардың қабынуы болып табылады.Ауруларда жыныс органдары қабынады, әйелдерде етеккір келу кезеңі өзгереді, сальпингит,метрит, түсік тасату,ер адамдарда орхит,эпидимит зақымданады.Жедел түрінде 6 айдан асқаннан кейін жедел түрінен созылмалы түріне ауысады.Кемтарлыққада әкелуі мүмкін. Диагноз қою 1.Эпидемиологиялық анамнез жинау 2.Бактериологиялық зерттеуге науқастың қаннын және буристің ішіндегі сұйықтығын аламыз. 3.Серологиялық зерттеулер:Райта,Хеддельсона,Кумбса,ИФА 4.Теріге-аллергиялық байқау жүргізу.
Емі Тағам №15 стол, қоздырғышқа қарсы антибиотиктер-тетрациклин,стрептомицин, антигистаминдік дәрілер(демедрол,супрастин )қолданылады.Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу керек.Қабыну процесіне қарсы ибупрофен,вольтарен сияқты дәрі дәрмектер қолданылады.Тыныштандыратын, ауырғанға қарсы дәрілерді берген дұрыс, қосымша симптомдық дәрілер, дәрумендер беріледі. Алдын алу шаралары Малды ветериналдық тексеру,қадағалау.Медициналық-санитарлық шараларды жүзеге асыру.Малмен, мал шаруашылығында жұмыс жасайтын адамдардың жеке бас гигена ережелерін сақтап,арнайы киім киіп,зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалануын қадағалау.Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.
Назарларынызға рахмет