СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мәңгі жаса-Отаным» ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мәңгі жаса-Отаным» ертеңгілік 

Просмотр содержимого документа
««Мәңгі жаса-Отаным» ертеңгілік»

«Мәңгі жаса-Отаным» ертеңгілік
Мақсаты :
 
1. Білімділігі: ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын молайту. 2. Дамытушылығы: ән, тақпақтар арқылы балалардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 3. Тәрбиелігі: Отанды сүюге және ерлікке баулу. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Астана суреті, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, жалаушалар. 
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 
Әдіс-тәсілдер: ҚР туралы әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел, тақпақтар айту.
Тәрбиеші:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Біздің тобымыздың «Мәңгі жаса-Отаным» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 
Балалар залға кіреді. ( Күймен кіреді Асылбек Енсепов «Балалық шақ»)

Хормен: Қайырлы таң! 
Қайырлы күн! 
Күліп шықты күн бүгін 
Мерекелі осы күн!

Сәлеметсің бе Алтын күн! 
Сәлеметсің бе Жер ана! 
Сәлеметсің бе көк аспан! 
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Мемлекетіміз-Қазақстан

Тәуелсіз –Қазақстан

Еркіндік-Қазақстан

Жеңіс қанаты-Қазақстан

Е. Хасанғалиев «Атамекен» әні (Есенгелді)

ТәрбиешіСұрақ- жауап.

-Біз кай елде тұрамыз?

-Қазақстан  Республикасында  тұрамыз.

-Қазақстанның  Елордасы  қай қала?

-Елордамыз –Астана.

-Елбасымыз кім?

-Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы  Назарбаев. ( Видео, тақпақ)

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы Елбасы

Нұрсултан Әбішұлы аман болсын!



Менің Отаным Қазақстан,

Жасара бер әрқашан,

Президент ата Нұрсұлтан

Елімізді басқарған.

-Еліміздің мемлекеттерін атаңдаршы?

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

Дидактикалық ойындар «Туды жинау», «Елтаңбаны жинау», «Киіз үйді құрау»

Ән: « Атам, әжем» (Даяна)

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең оқып берсін.

Алан

1)Отан – туған  жеріміз ,

Сүйіп  өскен  еліміз .

Қасиетті  Отанның

Ұланымыз  бәріміз    

Есенгелді                 

2)  Қуат  алған  өзіңнен ,

Туған  елдің  ұлымын .

Бақытты  етіп  өсірген ,

Отанымның  гүлімін

Ән «Біз өмірдің гүліміз»

Аружан.Д

3) Болашаққа  бастаған ,

«Нұлы  жол»  бағыт  бағдары

Жастарға  сенім  тастаған ,

Мәңгі  ел,  мәңгі  тұрағы

Айым

4) Асқақтасын  жыр -  әні !

Әлемге  елін  паш  етіп ,

Тәуелсіз  елдің  ұланы ,

Қазақ  елі  жасасын !

Даяна

5) Айнымайды  аспаннан ,

Біздің  тудың  жалауы .

Оны  халық  қашанда ,

Биікке  іліп  қояды .

Ерқанат

6) Тәуелсіздік  жолында ,

Талай – талай тер  тамған .

Билігім  өз  қолымда ,

Еркіндігім  -  Елтаңбам.

Шынгыз

7) Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

Аружан. Т
8) Көк аспандай  арай  күн ,

Көк  аспанда  жас  қыран .

Естілгендей  біздің  үн ,

Сол  ғарыштың  астынан

Мади

9) Үлкен  аға  бауырлар ,

Ол біздің  Қазақстан .

Отан  өлкең , ата – анаң ,

Ол біздің  Қазақстан

Айым

Біздің Қазақстан Музафар Әлімбай

Отан. Е. Өтетілеуұлы ( Ерқанат)

Би: «Қамажай»

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жауған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Би: «Қара жорға» 

Балалар! Кім Отан туралы мақал-мәтелдер айтып береді?

1.Отан оттан да ыстық. (Мади)

2.Отан үшін отқа түс, күймейсің. (Аружан Т)

3.Өзге елде султан болғанша, Өз елінде ұлтан бол ( Ерқанат)

4.Туған жердің жуасы да тәтті (Даяна)

 5. Отансыз  адам – ормансыз  бұлбұл ( Алан)

 6 Туған  жердің  күні де  ыстық ,  түні  де  ыстық . (Аружан Д)

 7.  Туған  жер  алтын  бесік. ( Шынғыз)

8. Халықтың ортақ үйі-отаны ( Есенгелді)

9. Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас. (Айым)

Хормен «Туған жер» әнін орындайды

Қазақстан әрі қарай бұдан да жақсы көркейуі үшін сендермен мына «Әулие ағашына» өз тілектерінді тілеп, мата қиындысын алып байлайық.

Отаныма тілектер

  1. Екі діннің арасы.

Біреу болса екен-ай.

Аруактыны қолдауы,

Тіреу болса екен-ай. (Есенкелді)

  1. Күз бен құздың арасы,

Көпір болса екен-ай.

Екі елдің арасы,

Тату болса екен-ай. (Аружан.Д)

  1. Қыстан аман ел шығып,

Сәуір болса екен-ай.

Келіндердің қасында,

Бесік болса екен-ай. (Даяна)

  1. Азаматы еліне,

Ғашық болса екен-ай.

Қызмет ету елі үшін,

Әр жігіттің қолында (Ерқанат)

  1. Қоңыр шайдың үстінде,

Сары майды жағатын,

Бауырсақ болса екен-ай.

Туысқанның арасы,

Бауыр болса екен-ай. (Айым)

  1. Жаман, жақсы арасы,

Алшақ болса екен-ай.

Құрбылардың арасы,

Қалжақ болса екен-ай. ( Аружан Т)

  1. Алыстардың арасы,

Жақын болса екен-ай.

Екі көздің арасы,

Нақыл болса екен-ай. (Шынғыз)

  1. Дос пен достың арасы,

Мақұл болса екен-ай.

Дау-дамайдың арасы,

Ақыл болса екен-ай. (Алан)

  1. Жау мен жаудың арасы,

Кепіл болса екен-ай.

Екі намаз арасы,

Напіл болса екен-ай. (Мади)

Тәрбиеші: Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным.

Балалар, сендердің кішкентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерін қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуіміз керек?

М. Әлімбаев «Не үшін?» ( Давлетова Аружан)

Тәрбиеші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 
Сау болыңыздар!

Ән «Балалық бақытты шақ»


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!